Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарын топографиялық және арнайы карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 3 маусымдағы № 46 және "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарын топографиялық және арнайы карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 3 маусымдағы № 46 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 4 наурыздағы № 12/қе бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2025 жылғы 8 қазандағы № 92/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 13 қазанда № 37104 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарын топографиялық және арнайы карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 3 маусымдағы № 46 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11558 болып тіркелген);

      2) "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарын топографиялық және арнайы карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 3 маусымдағы № 46 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2019 жылғы 4 наурыздағы № 12/қе бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18369 болып тіркелген);

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Е. Сагимбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      _________________________

      20___ жылғы "___"________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады