БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ оны беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10702 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрыққа 1-1-қосымша алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолдама беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Жолдама беру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1 тармағы 14) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзiрлендi және аңшылық шаруашылығы субъектiлерiнің жолдама беру тәртiбiн анықтайды.";
5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) аңшылық шаруашылығы субъектісінің дербес деректерін жинау және өңдеу, сондай-ақ оларға "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабына сәйкес қол жетімділігін;";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Жолдама аңшылық шаруашылығы субъектісінің жеке тұлғаларына олардың өтініші бойынша (ауызша немесе жазбаша) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты болған кезде жануарлар дүниесі объектілерін аулау мақсатында бекітілген аңшылық алқаптарға бару үшін беріледі.
Жолдама аңшылық шаруашылығы субъектісінің жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты болған кезде қағаз немесе электрондық нысанда жеке тұлғаларға олардың өтініші бойынша ауызша, сондай-ақ жануарлар дүниесін алып қою мақсатында бекітілген аңшылық шаруашылықтарына бару үшін қағаз немесе электрондық нысанда беріледі.
Жеке тұлға электрондық форматта жолдама алуға өтініш білдірген жағдайда ол бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша автоматты түрде қалыптастырылады және оның жеке кабинетіне жіберіледі. ";
8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Аң аулауға жолдама беруден:
1) аңшылық шаруашылығы субъектілерінің Заңның 9-бабы 1-тармағының 56) тармақшасына сәйкес бекітілетін жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларына сәйкес жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квотаның болмауы немесе толық игерілуі;";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Аңшылық шаруашылығы субъектілері жолдамаларды қағаз жеткізгіште берген жағдайда оларды осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша журналға тіркейді. Журнал нөмірленеді, тігіледі және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің мөрімен куәландырылады.
Аңшылық шаруашылығы субъектілері жолдамаларды электрондық форматта берген жағдайда олар осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша автоматты түрде тіркеледі және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы инспектордың жеке кабинетіне жіберіледі.";
Жолдамаларды беру қағидаларына 1 және 2-қосымша 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі |
Е. Нысанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
| Қазақстан Республикасының | |
| Экология және табиғи ресурстар | |
| Министрі 2025 жылғы 6 қазандағы № 269 бұйрығына 1-қосымша Жолдама беру қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Аңшылық шаруашылығы субъектілері берген жолдамаларды тiркеу журналы ___________________________________________________
(аңшылық шаруашылығы субъектiсiнiң атауы)
№ | Аңшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) | Аңшының тұрғылықты жерінің мекен–жайы | Жолдаманың нөмiрi | Құстың, жануарлардың түрi | Аң аулау - мерзiмдерi | Жолдаманы алғаны туралы қолтаңбасы |
________________________________________________
(аңшылық шаруашылығы субъектісінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
қолтаңбасы)
| бұйрығына 2-қосымша Жолдама беру қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің берген жолдамалар тізілімі ___________________________________________________________________ (аңшылық шаруашылығының атауы)
№ | Жолдама түрі (бір реттік, маусымдық) | Жолдаманың нөмірі | Берілген күні | Жануарлардың түрі | Саны (бас) | Аң аулау мерзімдері | Аң, аулау құралының түрі | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) жеке сәйкестендіру нөмірі | Тұрғылықты жерінің мекенжайы |
