1. "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 494 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 95 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17896 болып тіркелген) (бұдан әрі – бірлескен бұйрық) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағы бекітілсін.";
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
2- тармақ мынадай редакцияда жазылсын
"2. Осы өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;
2) бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілер (объектілер);
3) болмашы бұзушылықтар – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың бұзылуы, сондай-ақ өрескел және елеулі бұзушылықтарға жатқызылмаған бұзушылықтар;
4) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;
5) елеулі бұзушылықтар – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың аншлагтардың болмауы, қаражатты, материалдық-техникалық жарақтандыруды, өсімін молайтуды және ғылымды жоспарлау бойынша шарттардың орындалмауы, аңшылық шаруашылығы субъектілері беретін мәліметтерде толық емес және дұрыс емес ақпараттың болуы, расталған шағымдар мен арыздардың болуы бөлігінде бұзылуы;
6) өрескел бұзушылықтар – "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – ӘҚБтК) көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкелетін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың бұзылуы, зоологиялық коллекциялар жасау тәртібінің сақталмауы, жануарлар дүниесін пайдалануға белгiленген шектеулер мен тыйым салулар мерзімдерінің сақталмауы, қолайсыз оқиғалардың орын алуы, браконьерлік фактісінің болуы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізетін мемлекеттік инспекторлар актілерінің орындалмауы;
7) тәуекел – бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижесінде оның зардаптарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;
8) тәуекел дәрежесін бағалау – бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындау және жүргізу мақсатында бақылау және қадағалау органы өткізетін іс-шаралар кешені;
9) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (ары қарай – объективті өлшемшарттары) – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесіне байланысты бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) таңдау үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
10) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
11) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары - бақылау және қадағалау субъектісінің тікелей қызметіне, салалық даму ерекшеліктеріне және осы дамуға ықпал ететін факторларға байланысты, бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;
12) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру үшін бақылау және қадағалау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау және қадағалау субъектісін (объектісін) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату процесі;
13) тексеру парағы – бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар тізбесі;
14) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың нақты саласында бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Объективті критерийлер бойынша бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) үш тәуекел тобына бөлінген:
1) тәуекелдің жоғары дәрежесіне - аңшылық шаруашылығын жүргізумен, айналысатын бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері);
2) тәуекелдің орташа дәрежесіне - әуесқойлық (спорттық) аң аулауды ұйымдастырумен айналысатын бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері);
3) тәуекелдің төмен дәрежесіне - жануарлар дүниесі объектілерін қоршау және жартылай еркін ұстаумен, өсірумен, бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері), сондай-ақ азаматтарды аңшылық минимумға оқытумен айналысатын ұйымдар, зоологиялық коллекциялардың иелері, хайуанаттар бағы, биологиялық орталықтар.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Талаптарды бұзу дәрежесі осы өлшемшарттардың 1-қосымшасына сәйкес аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы талаптарды бұзу дәрежесі айқындалады.
Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығы және субъективті критерийлер көрсеткіштерінің маңыздылығы осы өлшемшарттардың 4-қосымшасына сәйкес аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қатысты субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті өлшемшарттар тізбесіне сәйкес белгіленеді.";
мынадай мазмұндағы 4-тараумен толықтырылсын:
"4-тарау. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жедел ден қою шаралары
18. Осы өлшемшарттар шеңберінде қолданылатын жедел ден қою шараларына бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру шеңберінде – бақылау және қадағалау субъектісінің қызметін немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру жатады.
19. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру шеңберінде – бақылау және қадағалау субъектісінің қызметін немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұруға тыныштық сақтау аймақтарында және өсімін молайту учаскелерінде жануарлар дүниесі объектілерін аулауға жол бермеу талаптарын бұзу негіз болып табылады, тоқтата тұру мерзімі 60 (алпыс) жұмыс күн.".
2, 3 және 5-қосымшалар алып тасталсын;
4-қосымшасы осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
бірлескен бұйрыққа 3 және 4-қосымшалар алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
________С. Жумангарин |
|
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі |
_________Е. Нысанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитеті
Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабының 22) тармақшасына сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті критерийлер тізбесі
№ | Субъективті критерий көрсеткіші | Субъективті критерий көрсеткіші бойынша ақпарат көзі |
Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (сомасы 100 балдан аспауы тиіс), | Шарттар / мәндер, xi | ||
1-шарты / мәні | 2-шарты / мәні | 3-шарты / мәні | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Бару арқылы профилактикалық бақылау үшін | ||||||
1 | Есептілікті уақтылы және (немесе) сапасыз ұсыну | Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері | 40 | 0 | 1 | 2 |
0 | 100 | - | ||||
2 | ҚР ӘҚБтК-нің 382, 385, 389, 390-баптары (2-бөлім) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілерінің саны | Бақылау және қадағалау субъектісінің кінәсінен туындаған қолайсыз оқиғалардың болуы. | 60 | 0 | 1-5 | 6+ |
0 | 50 | 100 | ||||
3 | Бақылау нәтижелері бойынша келусіз анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдардың белгіленген мерзімде орындалмағаны туралы мәліметтердің болуы |
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген қорытынды құжаттар | Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу | 0 | 1 | - |
0 | 100 | - | ||||
