"Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 және "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 3 қазандағы № 103 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 6 қазанда № 37061 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 50-1-тармақпен толықтырылсын:

      "50-1. Табиғи монополия субъектісі сатып алуды Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараттық жүйесімен және (немесе) мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланған электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесі (Бірыңғай сатып алу платформасы) арқылы жүзеге асырады.".

      2. "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:

      208-86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "208-86. Бірінші реттеу кезеңінің бірінші жылындағы персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар субъект персоналының нормативтік саннан аспайтын нақты санына және өтінім берудің алдындағы жылға статистика деректері бойынша қалыптасқан экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес субъект қызмет көрсететін өңірдегі (облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) орташа айлық номиналды жалақыны негізге ала отырып айқындалады.

      Бұл ретте, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополия субъектілері үшін бірінші реттеу кезеңнің бірінші жылындағы персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар субъект персоналының нақты саны, бірақ нормативтік санынан аспайтын және өңірдегі (облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, субъект реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілері үшін көзделген экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес қызметтер көрсететін субъект, өтінім берудің алдындағы жылдағы статистика деректері бойынша қалыптасқан электр энергиясын беру, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) өткізу салаларында айқындалады.";

      374-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "374-3. Тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті органның ведомствосының атына субъект ұсынған, тарифтік сметаның және инвестициялық бағдарламаның бекітілген нұсқасына өзгерістер енгізу туралы алдын ала келісім алу үшін берілген өтініш осы Қағидаларға және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-2-бабының 10-42) тармақшасына, сондай-ақ Заңның 8-бабының 33-1) және 33-2) тармақшаларына сәйкес, өтініш келіп түскен сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қаралады.

      Уәкілетті органның ведомствосы өтінішті алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 374-4-тармағында көзделген материалдардың толықтығын тексереді және субъектке өтінішті қарауға қабылдау немесе ұсынылған материалдардың толық болмауына байланысты оны қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.

      Алдын ала келісім берілгенге дейін өтініш тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы техникалық оператормен келісуге жатады.

      Тарифтік смета мен инвестициялық бағдарлама жобасын қарау барысында уәкілетті органның ведомствосы олардың тариф мөлшеріне ықтимал әсерін бағалауды жүзеге асырады.

      Қарау нәтижелері бойынша мынадай ақпаратты қамтитын алдын ала келісім беріледі:

      қаржыландыру жоспарлары бойынша ұсынымдар;

      шығындардың экономикалық негізділігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар;

      көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігін қамтамасыз ету шаралары;

      инвестицияларды тиімді пайдалану мен олардың тұтынушыларға арналған тарифке әсерін барынша азайту жөніндегі ұсыныстар.

      Қарау қорытындылары жаңғырту бойынша сатып алулардың электрондық платформасында көрсетіледі.";

      601 және 602-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "601. Тарифті өзгерту уәкілетті орган ведомствосының бастамасы бойынша жылына екі реттен асырмай және субъектінің бастамасы бойынша жылына бір реттен асырмай жүзеге асырылады.

      Уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифті қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгертуге:

      1) стратегиялық тауарлар түрінің және құнының және (немесе) мемлекеттік реттеуге жататын стратегиялық тауарларды тасымалдауға арналған тарифтердің (бағалардың) өзгеруі;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төтенше жағдайдың жариялануы;

      3) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мөлшерлемелерінің өзгеруі;

      4) мемлекеттік бағдарламаларды және (немесе) ұлттық жобаларды, сондай-ақ Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыруға байланысты бекітілген инвестициялық бағдарламаның және (немесе) жасалған қарыз шарты жағдайлары, бекітілген инвестициялық бағдарламада көзделген шығындардың өзгеруі;

      5) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің ұлғаюы;

      6) газдың және (немесе) оны тасымалдау бағасының өзгеруіне байланысты жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен өткізу жөніндегі және сумен жабдықтаудың реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсыну кезінде атом-энергетикалық кешен пайдаланатын, өзі өндіретін электр энергиясының және судың өзіндік құнының өзгеруі;

      7) реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерінің сақталмауы;

      8) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның ақпараты негізінде электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынатын субъект қызметінің "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;

      9) субъектілер қызметінің тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізбеу;

      10) Заңның 5-бабы 1-тармағының 10), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъекттерін қоспағанда, субъекттер реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті жергілікті атқарушы органдардан, Заңның 5-бабы 1-тармағының 10), 12) және 13) тармақшаларында көзделген мемлекеттік мүлікті, оның ішінде басқа энергия беруші ұйымдардың электр желілерін басқару, мүлікті өтеусіз пайдалануға алған кезде оны балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарына сәйкес;

      11) осы тармақтың 11-1) және 11-2) тармақшаларында көзделген жағдайды қоспағанда, статистика деректері бойынша өңірдегі (қаладағы) экономикалық қызмет түрлері бойынша бір жылда қалыптасқан бір жұмыскерге жұмсалатын орташа айлық номиналды жалақының өзгеруі;

      11-1) Заңның 5-бабы 1-тармағының 14) тармақшасында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополия субъектісінің бір жұмыскерінің орташа айлық номиналды жалақысының өзгеруі.

      Бұл ретте, Заңның 5-бабы 1-тармағының 14) тармақшасында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополия субъектілері үшін өңірдегі (қаладағы) экономикалық қызмет түрлері бойынша бір жұмыскердің Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілері үшін көзделген, жыл ішіндегі статистика деректері бойынша қалыптасқан орташа айлық номиналды жалақысының өзгеруі өзгерту үшін негіз болып табылады.

      11-2) статистика деректері бойынша өңірдегі (қаладағы) экономикалық қызмет түрлері бойынша бір жылда қалыптасқан қол жеткізілмеген жағдайда, республика бойынша экономикалық қызмет түрлері бойынша бір жұмыскердің орташа айлық номиналды жалақысының деңгейі Қазақстан Республикасы бойынша экономикалық қызмет түрлері бойынша тиісті деңгейге жеткенге дейін бекітілген тарифтік сметада жылына жиырма пайыздан аспайтын ұлғайту есебі қолданылады.

      Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін субъектілер үшін көзделген жыл ішіндегі статистика деректері бойынша қалыптасқан өңірдегі (қаладағы) экономикалық қызмет түрлері бойынша бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысының өзгеруі өзгертуге негіз болып табылады.

      12) "Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана" бағыты бойынша магистральдық газ құбырын субъектіге мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру негіз болып табылады.

      Қағидалардың осы тармағының 10) тармақшасында көзделген негізде, оның ішінде субъектілері басқа энергия беруші ұйымдардан реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға алған жағдайда, оның қолданылу мерзімі өткенге дейін бекітілген тарифтік сметаға өзгерісті уәкілетті орган тиісті жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы деңгейінен аспайтын, деңгейде жүзеге асырады.

      602. Тариф оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін өзгерген жағдайда, осы Қағидалардың 601-тармағының 4), 5), 7), 8),10), 11), 11-1), 11-2) және 12) тармақшаларында көзделген негіздерді қоспағанда, шығындардың тиісті бабы өзгереді.

      Бұл ретте электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алу-сату бағасының айырмасына байланысты алынған алдыңғы аяқталған кезең (жыл) үшін нақты шығыстар немесе кірістер пайда болған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық органы электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру, сондай-ақ жылу энергиясын беру және бөлу салаларындағы субъектiлерi үшін, тариф осы Қағидалардың 601-тармағының негізінде өзгерген кезде электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы бойынша шығыстарды қоспағанда, тарифтің шығындық бөлігін негізсіз алынған немесе толық алынбаған кіріс сомасына өзгертеді.

      Тариф қолданылу мерзімі өткенге дейін оны өзгерген кезде осы Қағидалардың 601-тармағының 9) тармақшасына сәйкес бекітілген тарифтік сметадан осы Қағидаларда айқындалған инвестициялық шығындар (пайда, амортизациялық аударымдар, негізгі құралдар құнының өсуіне алып келетін күрделі шығындар) алып тасталады.

      Уәкілетті органның ведомствосы осы Қағидалардың 601-тармағының 5) тармақшасында көзделген себеп бойынша:

      1) бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есептің;

      2) тұтынушының растайтын құжаттармен қоса, тұтынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің жоспарланатын ұлғаюы туралы ақпараттың негізінде оның қолданылу мерзімі өткенге дейін тарифті өзгертуге бастамашылық жасайды.

      Осы Қағидалардың 601-тармағының 5), 10) және 12) тармақшаларында көзделген себептер бойынша тариф оның қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерген жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы осы Қағидалардың 604-тармағына сәйкес ұсынылған есептер мен материалдарға талдау жүргізеді.

      601-тармақтың 5) тармақшасының негізінде өтінішпен ұсынылған есептеулер мен материалдарды талдаудың нәтижелері бойынша уәкілетті органның ведомствосы шартты-ауыспалы шығындар мен көрсетілетін қызметтердің көлемін түзетеді немесе егер мұндай өзгеріс бекітілген тарифтің жоғарылауына әкеп соқтырса, субъектінің тарифті өзгертуге өтінішін қараусыз қалдырады.

      Уәкілетті органның ведомствосы ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді және ұлттық электр желісін пайдаланғаны үшін көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілері үшін Заңның 15-бабының 1-тармағына сәйкес субъектінің дамуы мен тиімді жұмыс істеуі үшін осы Қағидалардың 11-тарауына сәйкес есептелген шартты-ауыспалы шығындарды, көрсетілетін қызметтердің көлемін және пайданы (қарыз қаражатын қаржыландыруды және қарыз ресурстарын өтеуді жабуға (қаражатты, сондай-ақ оларды орналастырудан түскен сыйақы сомасын (облигациялармен және басқа да құнды қағаздармен, банктерде және/немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы депозиттердегі) облигациялық қарыздың толық құнын өтеген күнге дейін) және/немесе инвестициялық бағдарлама сомасының өсуі жағына қарай), рұқсат етілген деңгейінен аспайтын пайданы түзетеді.";

      630 және 631-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "630. Тарифтің шығын бөлігі өндірістік шығыстары тарифтің шығын бөлігінде былайша қамтылады:

      1) тарифтiң шығын бөлiгiнде қамтылатын материалдық шығыстар тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтердің негізінде жасалған өнiмнiң (көрсетілетін қызметтердiң, тауарлардың, жұмыстардың) бiрлiгiн шығаруға арналған шикізат, материалдар, отын, энергия (бұдан әрi – материалдық ресурстар) қажеттіліктерінің және Заңның 23-бабында белгіленген қағидалармен тарифті бекітуге өтінім бергенге дейін күніне жүргізілген сатып алулардың нақты нәтижелері бойынша айқындалған материалдық ресурстар бағаларының нақты, бірақ олардың есептеулерінен аспайтын көрсеткіштерге сүйене отырып айқындалады.

      Тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтердің негізінде жасалған техникалық ысыраптардың есептеріне сәйкес нормативтік техникалық ысыраптар деңгейімен байланысты шығыстар.

      2) тарифті қалыптастыру кезінде өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар субъект персоналының нақты, бірақ нормативтік санынан, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін (инфляция) ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыдан аспайтын шығыстарды немесе субъект персоналының нормативтік санынан аспайтын нақты санына және субъект қызмет көрсететін өңірдегі (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) берілетін бір жылдағы немесе жылдың басынан бастап қалыптасқан төртінші тоқсандағы статистика деректері бойынша қалыптасқан экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес орташа айлық жалақысына сүйене отырып қамтиды.

      Бұл ретте, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополия субъектілері үшін тарифті қалыптастыру кезінде өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар субъект персоналының нақты, бірақ нормативтік санынан, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін (инфляция) ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыдан аспайтын шығыстарды немесе субъект персоналының нормативтік санынан аспайтын нақты санына және субъект қызмет көрсететін өңірдегі (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) берілетін бір жылдағы немесе жылдың басынан бастап қалыптасқан төртінші тоқсандағы статистика деректері бойынша қалыптасқан экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес орташа айлық жалақысына сүйене отырып қамтиды.

      Өтінім берудің алдындағы жылдың басынан бастап қалыптасқан бір жылдағы немесе төртінші тоқсандағы статистика деректері бойынша қалыптасқан экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес субъект қызметтер көрсететін өңірдегі (облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) өндірістік персоналдың орташа айлық жалақысы негізге алына отырып айқындалған өндірістік персоналдың жалақысы асып кеткен жағдайда субъект қызмет көрсететін өңірде (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) орташа айлық атаулы жалақы, өтінім берудің алдындағы жылдағы статистика деректері бойынша қалыптасқан, субъект өтінім берудің алдындағы жылдағы статистика деректері бойынша қалыптасқан қызметтер көрсететін өңірдегі (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) орташа айлық атаулы жалақы ескеріледі.

         Қуаты аз табиғи монополиялар субъектілері үшін өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар жыл сайын тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленетін ең төменгі жалақының екі еселенген мөлшерінен төмен емес деңгейде айқындалады.

        Жаңа объектілер, қуаттар енгізілген және инвестициялық бағдарламада көзделген өзге де іс-шаралар іске асырылған жағдайда, тарифті қалыптастыру кезінде жаңа объектілерге өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар өндірістік персоналдың нормативтік саны негізге алына отырып, айқындалады.

        Бұл ретте, персонал санының, шикізаттың, материалдардың, отынның, энергияның қажеттілігін есептеу және техникалық ысыраптарды есептеу тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтердің негізінде жүргізіледі.

      Субъект екі және одан да көп өңірлерде (облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада) реттелетін қызметтер көрсеткен және бірыңғай тариф бекітілген жағдайда, тарифті қалыптастыру кезінде өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар нақты санына қарай, бірақ субъект персоналының нормативтік санынан аспайтын, қолданыстағыларда қабылданған орташа айлық жалақыға қарай тарифтің шығыс бөлігіне енгізіледі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының (инфляция) көрсеткіштерін ескере отырып немесе нақты санына қарай тарифтер, Заңның 5-бабы 1-тармағының 3), 4) және 14) тармақшаларында көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін субъектілер үшін көзделген экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес реттеліп көрсетілетін өңірлерде (облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада) көрсетілетін персоналдың нормативтік санынан және орташа айлық жалақының орташа өлшенген көрсеткішінен аспайтын, өтінім берудің алдындағы бір жылдағы немесе төртінші тоқсандағы статистика деректері бойынша қалыптасқан және формула бойынша айқындалады:

     


      Wcp – Заңның 5-бабы 1-тармағының 3), 4) және 14) тармақшаларында көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін субъектілер үшін көзделген экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақының орташа өлшемді көрсеткіші;

      Wp1, Wp2, – өтінім берудің алдындағы бір жылдағы немесе жылдың басынан бастап қалыптасқан төртінші тоқсандағы статистика деректері бойынша І өңірдегі (облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақы;

      Pp1, Pp2 – өтінім берудің алдындағы i - өңірдегі (облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) бір жылдағы немесе жылдың басынан бастап қалыптасқан төртінші тоқсандағы субъектінің нақты іске қосылған саны.

      Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыны негізге ала отырып айқындалған өндірістік персоналдың жалақысы Заңның 5-бабы 1-тармағының 3), 4) және 14) тармақшаларында көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсететін субъектілер үшін көзделген экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес субъект қызмет көрсететін өңірдегі (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) өндірістік персоналдың орташа айлық жалақысынан асып кеткен кезде, өтінім берудің алдындағы бір жылдағы немесе жылдың басынан бастап қалыптасқан төртінші тоқсандағы және (немесе) осы Қағидаларда айқындалған орташа айлық жалақының орташа өлшенген көрсеткішінен жоғары статистика деректері бойынша қалыптасқан Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін (инфляция) ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыны негізге ала отырып айқындалатын өндірістік персоналдың жалақысы есепке алынады.

      Субъектінің қолданыстағы тарифтік сметасында экологиялық апат және радиациялық тәуекел аймақтарында тұрғаны үшін қосымша төлемдер болмаған жағдайда орташа айлық жалақыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тиісті қосымша төлемдер қолданылады.

      Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің өндірістік персоналының Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының (инфляция) көрсеткіштері ескеріле отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыны негізге ала отырып айқындалған жалақысы жыл сайын тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленетін жалақының ең төмен мөлшерінің екі еселенген деңгейінен асып кеткен кезде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының (инфляция) көрсеткіштері ескеріле отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыны негізге ала отырып айқындалатын, өндірістік персоналдың жалақысы есеп алынады;

      3) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациялық аударымдары;

      4) субъектiнiң негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін және бағыттайтын жөндеуге қаражаты мұндай жұмыстың қажеттілігі туралы растаушы құжаттардың негізінде тарифтің шығындық бөлігіне енгізіледі;

      5) реттеліп көрсетілетін қызметке тікелей жататын басқа өндірістік шығындар салалық ерекшелікті ескере отырып, растаушы құжаттардың негізінде тарифтің шығын бөлігіне енгізіледі.

      631. Кезең шығыстары тарифтің шығындық бөлігінде былайша есепке алынады:

      1) әкімшілік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар субъект персоналының нақты санына, бірақ нормативтік санынан аспайтын және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін (инфляция) ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыға немесе субъект персоналының нормативтік санынан аспайтын нақты санына және субъект қызмет көрсететін өңірде (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) төлемақы, өтінім берудің алдындағы қалыптасқан бір жылдағы немесе жылдың басынан бастап төртінші тоқсандағы статистика деректері бойынша қалыптасқан экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес айқындалады.

      Бұл ретте сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополия субъектілері үшін тарифті қалыптастыру кезінде өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар субъект персоналының нақты, бірақ нормативтік санынан, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін (инфляция) ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыдан аспайтын шығыстарды немесе субъект персоналының нормативтік санынан аспайтын нақты санына және субъект қызмет көрсететін өңірдегі (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) берілетін бір жылдағы немесе жылдың басынан бастап қалыптасқан төртінші тоқсандағы статистика деректері бойынша қалыптасқан электр энергиясын беру, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) өткізу салаларында қызмет көрсететін орташа айлық жалақысына сүйене отырып қамтиды.

      Өтінім берудің алдындағы жылдың басынан бастап қалыптасқан бір жылдағы немесе төртінші тоқсандағы статистика деректері бойынша қалыптасқан экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес субъект қызметтер көрсететін өңірдегі (облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) әкімшілік персоналдың орташа айлық жалақысы негізге алына отырып айқындалған әкімшілік персоналдың жалақысы асып кеткен жағдайда субъект қызмет көрсететін өңірде (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) орташа айлық атаулы жалақы, өтінім берудің алдындағы жылдағы статистика деректері бойынша қалыптасқан, субъект өтінім берудің алдындағы жылдағы статистика деректері бойынша қалыптасқан қызметтер көрсететін өңірдегі (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) орташа айлық атаулы жалақы ескеріледі.

      Субъект екі және одан да көп өңірлерде (облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада) реттелетін қызметтер көрсеткен және бірыңғай тариф бекітілген жағдайда, тарифті қалыптастыру кезінде әкімшілік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар нақты санына, бірақ субъект персоналының нормативтік санынан аспайтын, қолданыстағыларда қабылданған орташа айлық жалақыға сүйене отырып, тарифтің шығыс бөлігіне енгізіледі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының (инфляция) көрсеткіштерін ескере отырып немесе нақты санына қарай тарифтер, Заңның 5-бабы 1-тармағының 3), 4) және 14) тармақшаларында көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін субъектілер үшін көзделген экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес реттеліп көрсетілетін өңірлерде (облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада) көрсетілетін персоналдың нормативтік санынан және орташа айлық жалақының орташа өлшенген көрсеткішінен аспайтын, өтінім берудің алдындағы жылдың басынан бастап қалыптасқан бір жылдағы немесе төртінші тоқсандағы статистика деректері бойынша қалыптасқан және формула бойынша айқындалады:

     


      Wcp – Заңның 5-бабы 1-тармағының 3), 4) және 14) тармақшаларында көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін субъектілер үшін көзделген экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақының орташа өлшенген көрсеткіші;

      Wp1, Wp2 – Заңның 5-бабы 1-тармағының 3), 4) және 14) тармақшаларында көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін субъектілер үшін көзделген экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақы өтінім берудің алдындағы І өңірдегі (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) бір жылдағы немесе жылдың басынан бастап қалыптасқан төртінші тоқсандағы статистика деректері бойынша;

      Pp1, Pp2 – өтінім берудің алдындағы i-өңірдегі (облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) бір жыл немесе жылдың басынан қалыптасқан төртінші тоқсан үшін субъектінің нақты іске қосылған саны.

      Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыны негізге ала отырып айқындалған әкімшілік персоналдың жалақысы Заңның 5-бабы 1-тармағының 3), 4) және 14) тармақшаларында көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін субъектілер үшін көрсетілген экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес қызметтер көрсететін субъект өңірдегі (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) әкімшілік персоналдың орташа айлық жалақысынан асып кеткен кезде бір жылдағы немесе жыл басынан бастап қалыптасқан төртінші тоқсандағы статистика деректері бойынша өтінім берудің алдындағы және (немесе) осы Қағидаларда айқындалған орташа айлық жалақының орташа өлшенген көрсеткішінен жоғары Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыны негізге ала отырып айқындалатын әкімшілік персоналдың жалақысы (инфляция) ескеріледі;

      Субъектінің қолданыстағы тарифтік сметасында экологиялық апат және радиациялық тәуекел аймақтарында тұрғаны үшін қосымша төлемдер болмаған жағдайда орташа айлық жалақыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тиісті қосымша төлемдер қолданылады.

      2) кезең шығыстарында ескерілетін міндетті сақтандыру түрлеріне, салықтарға, алымдар мен төлемдерге арналған шығыстар Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық заңнамасы бойынша белгіленген мөлшерлемелерге сәйкес айқындалады:

      3) негізгі құралдардың және өндірістік емес сипаттағы материалдық емес активтердің амортизациялық аударымдары;

      4) өзге де әкімшілік шығыстар салалық ерекшеліктерді ескере отырып, растайтын құжаттардың негізінде тарифтің шығындық бөлігіне енгізіледі.

      Өзге де әкімшілік шығыстар консалтингтік, маркетингтік көрсетілетін қызметтердің және мердігерлік тәсілмен жүргізілетін жөндеу жұмыстарының шығыстарын және бөгде ұйымдар жүзеге асыратын салалық ерекшеліктерге байланысты басқа да көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ іссапар шығыстарын және әкімшілік персоналдың байланысқа, мерзімдік баспасөзге, қызметтік автокөлікті ұстауға, ақпараттық, консультациялық көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстарын қамтиды.

      Табиғатты қорғауға арналған шығыстар, табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төлемақы өзге де шығыстарға қосылады және мөлшерлемелер мен алымдар мөлшерін ескере отырып айқындалады.

      Өндірістік қажеттілікке байланысты әкімшілік персоналдың біліктілігін арттыруға арналған шығыстар мұндай қажеттілікті растайтын құжаттарды ұсынған кезде кезең шығыстарында ескеріледі.

      Өндірістегі өнертапқыштыққа және өнертабыстыққа байланысты шығыстар реттеліп көрсетілетін қызметтердің шеңберінде экономикалық негізделген материалдар болған кезде кезең шығыстарына қосылады.

      4-1) инвестициялық бағдарламаны іске асыру үшін өз қаражатынан және жеңілдікті кредиттеуден тартылған сыйақылар мен негізгі борышты төлеуге арналған шығыстар тарифті есептеу кезінде ескеріледі.

      5) субъектінің инвестициялық жобасын іске асыру үшін қарыз қаражаттары үшін сыйақы төлеуге арналған шығыстар субъект банкпен жасалған шартты ұсынған кезде кезең шығыстарына (негізгі борышты және пайыздарды өтеу графигін қоса бере отырып) қосылады және былайша анықталады:

      инвестициялық жобаны іске асыру үшін ұлттық валютада алынған қарыз қаражаттары бойынша сыйақы төлеуге арналған шығыстар тарифті есептеу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2,5 еселік базалық мөлшерлемесі қолданыла отырып есептелген сома шегінде ескеріледі.

      инвестициялық жобаны іске асыру үшін шетелдік валютада алынған қарыз қаражаттары бойынша сыйақы төлеуге арналған шығыстар тарифті есептеу кезінде Лондон банкаралық нарығының төрт еселік мөлшерлемесі қолданыла отырып есептелген сома шегінде ескеріледі.

      Шетелдік валютада алынған қарыз қаражаттары үшін сыйақы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі көрсеткіштерінің және Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің болжамды көрсеткіштерінің негізінде шетелдік валютаға теңге бағамының болжамды өзгеруі ескеріле отырып, тарифтің шығындық бөлігінің кезең шығыстарында ескеріледі.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесі мен Лондон банкаралық нарығының мөлшерлемесі субъектінің тарифін және тарифтік сметаларын бекіту жөнінде шешім қабылданған күніне қолданылады.".

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және
ирригация министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады