Білім алушы адамның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған іс жүзіндегі шығыстардың нормаларын белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 3 қазандағы № 101 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 3 қазанда № 37053 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 337-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және 366-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес салық төлеушіге салық салынатын табысты азайту кезінде қолданылатын, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде білім алатын жеке тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған іс жүзіндегі шығыстардың нормалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес салық төлеушіге салық салынатын табысты азайту кезінде қолданылатын, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын Қазақстан Республикасының шегінде білім алатын жеке тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған іс жүзіндегі шығыстардың нормалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның табысы болып табылмайтын, жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысты мамандық бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберілген жұмыскердің тұруына арналған жұмыс берушінің іс жүзіндегі шығыстарының нормалары;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның табысы болып табылмайтын, жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысты мамандық бойынша Қазақстан Республикасының шегінде оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберілген жұмыскердің тұруына арналған жұмыс берушінің іс жүзіндегі шығыстарының нормалары белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамсыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары
– Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 3 қазандағы
№ 101 бұйрығына
1 қосымша

Салық төлеушіге салық салынатын табысты азайту кезінде қолданылатын, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде білім алатын жеке тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған іс жүзіндегі шығыстардың нормалары

Р/с

Ел

Күніне іс жүзіндегі шығыстардың нормалары
(АҚШ долларымен)

Ақша сомасын төлеуге

тұруға

1

Америка Құрама Штаттары, Канада, Жапония, Қытай Халық Республикасы, Батыс және Шығыс Еуропа

80-ге
дейін

30-ға
дейін

2

Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, Израиль, Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Бахрейн, Бруней, Оман, Кипр, Австралия, Египет, Тайланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Африка Республикасы, Филиппин

70-ке
дейін

25-ке
дейін

3

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері

50-ге
дейін

10-ға
дейін

4

Басқа елдер

60-қа
дейін

15-ке
дейін

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары
– Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 3 қазандағы
№ 101 бұйрығына
2 қосымша

Салық төлеушіге салық салынатын табысты азайту кезінде қолданылатын, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын Қазақстан Республикасының шегінде білім алатын жеке тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған іс жүзіндегі шығыстардың нормалары

Р/с

Оқу орны

Күніне іс жүзіндегі шығыстардың нормалары (айлық есептік көрсеткіш – бұдан әрі АЕК)

ақша сомасын төлеуге

тұруға

1

Облыс, аудан орталықтары

6 АЕК-ке дейін

4 АЕК-ке дейін

2

Республикалық маңызы бар қалалар, астана және Атырау қаласы

6 АЕК-ке дейін

5 АЕК-ке дейін

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары
– Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 3 қазандағы
№ 101 бұйрығына
3 қосымша

Жеке тұлғаның табысы болып табылмайтын, жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысты мамандық бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберілген жұмыскердің тұруына арналған жұмыс берушінің іс жүзіндегі шығыстарының нормалары

Р/с №

Ел

Күніне тұруға арналған іс жүзіндегі шығыстардың нормалары
(АҚШ долларымен)

1

Америка Құрама Штаттары, Канада, Жапония, Қытай Халық Республикасы, Батыс және Шығыс Еуропа

30-ға дейін

2

Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, Израиль, Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Бахрейн, Бруней, Оман, Кипр, Австралия, Египет, Тайланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Африка Республикасы, Филиппин

25-ке дейін

3

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері

10-ға дейін

4

Басқа елдер

15-ке дейін

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары
– Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 3 қазандағы
№ 101 бұйрығына
4 қосымша

Жеке тұлғаның табысы болып табылмайтын, жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысты мамандық бойынша Қазақстан Республикасының шегінде оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберілген жұмыскердің тұруына арналған жұмыс берушінің іс жүзіндегі шығыстарының нормалары

Р/с

Оқу орны

Күніне тұруға арналған іс жүзіндегі шығыстардың нормалары
(айлық есептік көрсеткіш – бұдан әрі АЕК)

1

Облыс, аудан орталықтары 

4 АЕК-ке дейін

2

Астана, Алматы, Атырау қалалары

5 АЕК-ке дейін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады