"Қауіпті өндірістік объектіде өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 24 маусымдағы № 315 бұйрығына және "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 20 қыркүйектегі № 463 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 2 қазандағы № 433 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 3 қазанда № 37043 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қауіпті өндірістік объектіде өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 24 маусымдағы № 315 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23276 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қауіпті өндірістік объектіде өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қауіпті өндірістік объектіде өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 114) тармақшасына сәйкес әзірленді және қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдардың (бұдан әрі – ұйым) және қауіпті техникалық құрылғыларды өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауына өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін нақтылайды.";

      4-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.".

      2. "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 20 қыркүйектегі № 463 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24449 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттау қағидаларында:

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтері аттестаттауға жатады.

      4. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтері бастапқы, кезеңдік және кезектен тыс аттестаттауға жатады:

      1) бастапқы аттестаттауға жаңадан құрылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтері жатады;

      2) кезеңдік аттестаттау бес жылда бір рет жүргізіледі;

      3) кезектен тыс аттестаттау орындайтын жұмыстардың түрі немесе түрлері өзгерген жағдайда жүргізіледі.";

      6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қауіпті өндірістік объектілерге қызмет көрсетуге арналған шарттары бар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметін кезеңдік және кезектен тыс аттестаттау кезінде жедел бөлімшелердің саны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 27 шілдедегі № 360 бұйрығымен бекітілген "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жеке құрамына қойылатын талаптарды және олардың штат санын есептеу нормативтерін, оларды жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" талаптарында белгіленген нормативтерге сәйкес есептеледі (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23812 болып тіркелген).";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Аттестаттаудан өткен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтеріне Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына аттестат (бұдан әрі – Аттестат) беріледі.

      9. Аттестаттың қолданылуы мынадай жағдайларда тоқтатылады:

      1) Аттестаттың берілген мерзімі аяқталған соң;

      2) Аттестатан айыру (кері қайтарып алу);

      3) заңды тұлғаның атауын немесе меншік нысанын өзгерте отырып, оны тарату немесе қайта ұйымдастыру;

      4) Аттестатта көзделген жұмыстардың белгілі бір түрін немесе түрлерін жүргізу құқығынан заңды тұлғаның бас тартуы;

      5) заңды тұлғаның Аттестатың қолданылуын тоқтату туралы ерікті өтініші.

      Аттестатың қолданылуы тоқтатылған жағдайда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі хабарлайды:

      1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға;

      2) қызмет көрсетілетін объектіге.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар мен мәліметтерді олар келіп түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, не болмаса оны алмастыратын тұлғаға жібереді, ол жауапты орындаушыны тағайындайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар мен мәліметтерді олар келіп түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, не болмаса оны алмастыратын тұлғаға жібереді, ол жауапты орындаушыны тағайындайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар мәліметтерінің дұрыстығын тексереді және ұсынылған құжаттар мәліметтерінің дұрыс емес фактісі анықталған жағдайда осы Қағидаларға 3-қосымшаға (бұдан әрі - Дәлелді бас тарту) сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

      Ұсынылған құжаттардағы мәліметтер дұрыс болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – аумақтық департамент) негізгі талаптар тізбесіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушының талаптарға сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы қорытынды алу үшін сұрау салу жолдайды.

      Аумақтық департамент көрсетілетін қызметті алушының "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына сәйкес негізгі талаптар тізбесіне сәйкес қойылатын талаптарға сәйкестігіне рұқсат беру бақылауын жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының негізгі талаптар тізбесіне сәйкес қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды жасайды.

      Көрсетілетін қызметті алушының қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды алған кезде жауапты орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3 немесе 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді.";

      16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.

      Осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жібереді.

      17. Аттестаттың қолданылу мерзімі бес жылды құрайды.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2025 жылғы 2 қазандағы
№ 433 Бұйрыққа
1-қосымша
Өнеркәсіптік қауіпсіздік
саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттау
қағидалары мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
1-қосымша
нысан

[Заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]

  [Мемлекеттік органның атауы]
  басшысына

      Өтініш нөмірі: [Нөмірі]

      Өтініш күні: [Күні]

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу

құқығына куәлік алуға ӨТІНІШ

      _____________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы)

      "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы

      Заңының 27-1-бабын басшылыққа ала отырып, Сізден мыналарды жүргізуді сұраймын

      __________________________________________________________________

      (аттестаттау түрін көрсету (бастапқы, кезеңдік және кезектен тыс)

      аттестаттауды өткізу және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында авариялық-құтқару

      жұмыстарын жүргізу құқығына Аттестат мынадай жұмыс түрлеріне беру:

      __________________________________________________________________.

      (жұмыс түрін (лерін) көрсету)

      Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі мүлкінің

      орналасқан жері (мүлік бірнеше өңірде орналасқан жағдайда, барлық өңірлер

      көрсетілсін)________________________________________________________________

      (облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

      Ұсынылған ақпараттың анықтығын растаймын және анық емес мәліметтер ұсынғаным

      үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы

      хабардармын.

      _____________________________

      [Тегі, аты, әкесінің аты (болған

      жағдайда), электрондық

      цифрлық қолтаңбасы]

  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2025 жылғы 2 қазандағы
№ 433 Бұйрыққа 2-қосымша
Өнеркәсіптік қауіпсіздік
саласындағы кәсіби авариялық-
құтқару қызметтерін аттестаттау
қағидалары мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсету негізгі талаптар тізбесі:

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" Веб-порталы www.egov.kz. (бұдан әрі – портал)

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

13 (он үш) жұмыс күні

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына аттестат (бұдан әрі - Аттестат) немесе дәлелді бас тарту

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7.

Жұмыс кестесі

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті тұтынушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Кодекске сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1. Аттестаттау кезінде тау-кен құтқару жұмыстарына:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
"Құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 507 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17233 болып тіркелген) сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіптік авариялық-құтқару қызметіне жұмысқа ресімделген, оның ішінде "құтқарушы" мәртебесін берген жұмыскерлер мен мамандар туралы мәліметтер;
"Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жеке құрамына қойылатын талаптарды және олардың штат санын есептеу нормативтерін, оларды жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 27 шілдедегі № 360 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23812 болып тіркелген) сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіптік авариялық-құтқару қызметтерін жарақтандыру нормалары көрсетілген мәліметтерді қамтитын электрондық құжат;
"Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 21 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10261 болып тіркелген) сәйкес тәулік бойы кезекшілік өткеруді, бос ауысымның демалысын, байланыс (телефон, факсимильдік, радиобайланыс), жеке құрамды құлақтандыру жүйесін қамтамасыз ететін үй-жайлар мен жабдықтардың, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметінің орналасу схемасына сәйкес мүлікке және материалдық құралдардың белгіленген қорларына арналған үй-жайлардың (авариялық-құтқару құралдары, жабдықтар мен керек-жарақтар, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету құралдары, нысанды киім-кешек) бар екендігі туралы мәліметтерді қамтитын электрондық құжат.
2. Аттестаттау кезінде газдан құтқару жұмыстарына:

3. Аттестаттау кезінде бұрқаққа қарсы жұмыстарына:

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

9.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) жеткіліксіздікті анықтау;
2) аумақтық департаменттің көрсетілетін қызметті алушының қойылатын "Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10261 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 21 бұйрығы, "Құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17233 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 507 бұйрығы және "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жеке құрамына қойылатын талаптарды және олардың штат санын есептеу нормативтерін, оларды жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23812 болып тіркелген) Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 27 шілдедегі № 360 бұйрығының талаптарына сәйкес еместігі туралы қорытындысы;
3) көрсетілетін қызметті тұтынушыға қатысты мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
4) көрсетілетін қызметті тұтынушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болса, оның негізінде көрсетілетін қызметті тұтынушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылады;
5) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті тұтынушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) қызмет көрсетушінің интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz. порталында.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: "1414", +7 (800) 080 7777.

  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2025 жылғы 2 қазандағы
№ 433 Бұйрыққа
3-қосымша
Өнеркәсіптік қауіпсіздік
саласындағы кәсіби авариялық-
құтқару қызметтерін аттестаттау
қағидалары мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
4-қосымша
нысан

[Мемлекеттік органның
атауы]

[Наименование
государственного органа]

[Мемлекеттік органның деректемелері]

[Реквизиты государственного органа]

Нөмірі: [Құжат нөмірі]

[Заңды тұлғаның атауы]

Өтініш нөмірі: [Нөмірі]

[Заңды тұлғаның деректемелері
(мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру
нөмірі, телефоны)]

Берілген күні: [Күні]

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу

құқығына АТТЕСТАТ

      [Мемлекеттік органның атауы], "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы

      Заңының 27-1-бабына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық

      департаментінің қорытындысын ескере отырып

      __________________________________________________________________

      (аттестаттау түрін көрсету (бастапқы, мерзімді, кезектен тыс)

      аттестаттау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында авариялық-құтқару жұмыстарын

      жүргізу құқығына мынадай жұмыс түрлеріне Аттестат берілді:

      __________________________________________________________________.

      (жұмыс түрін (лерін) көрсету)

      Ерекше шарттар: осы Аттестат қолданылу мерзімі – берілген күнінен бастап 5 жыл.

[Қол қоюшының лауазымы]

[Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),
электрондық цифрлық қолтаңбасы]

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады