Асыл тұқымды малды және тірі ірі қара малды мәжбүрліктен сою қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 1 қазандағы № 345 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 2 қазанда № 37034 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 508-бабы 3-тармағы үшінші бөлігінің 1) тармақшасына және 509-бабы 5-тармағы үшінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Асыл тұқымды малды және тірі ірі қара малды мәжбүрліктен сою қағидалары бекітілсін.

      2. "Асыл тұқымды жануарларды және тірі ірі қара малды амалсыз сою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 1 ақпандағы № 45 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31879 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 1 қазандағы
№ 345 бұйрығымен бекітілген

Асыл тұқымды малды және тірі ірі қара малды мәжбүрліктен сою қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Асыл тұқымды малды және тірі ірі қара малды мәжбүрліктен сою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 508-бабы 3-тармағы үшінші бөлігінің 1) тармақшасына және 509-бабы 5-тармағы үшінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және асыл тұқымды жануарларды және тірі ірі қара малды мәжбүрліктен сою тәртібін айқындайды.

      2. Асыл тұқымды жануарларды және тірі ірі қара малды мәжбүрліктен сою деп осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген жағдайлар бойынша оларды импорттау кезінде қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген асыл тұқымды жануарларды және тірі ірі қара малды сою түсініледі.

      3. Асыл тұқымды жануарларды және тірі ірі қара малды мәжбүрліктен сою:

      1) осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген) (бұдан әрі – Бұйрық) бекітілген Профилактикасы, диагностикасы мен жойылуы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) енгізілген жануарлардың аса қауіпті аурулары болған.

      Бұйрықпен бекітілген Жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою жүргізілетін жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне енгізілген жануарлардың аса қауіпті аурулары болған кезеде жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою жүргізіледі;

      2) экономикалық тұрғыдан тиімсіз немесе емдеу мүмкін болмаған, сондай-ақ "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 17-3) тармақшасына және 1-1-тармағының 32-2) тармақшасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекітетін профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесіне енгізілген жануарлардың энзоотиялық аурулары кезінде асыл тұқымды жануарлар мен тірі ірі қара малдың сақталуын (өлім-жітімге жол бермеу) қамтамасыз ету мақсатында;

      3) улану, ауыр жарақаттар алу, сынықтар, күйіктер және асыл тұқымды жануарлар мен тірі ірі қара малдың өміріне қауіп төндіретін және де ұзақ мерзімді, экономикалық тұрғыдан ақталмаған емдеуді қажет ететін ауыр жарақаттар болған кезде жүргізіледі.

      4. Асыл тұқымды жануарларды және тірі ірі қара малды:

      1) сау жануарларды;

      2) қажетті кондицияға дейін бордақылауға келмейтін жануарларды;

      3) өсу мен дамудан артта қалған жануарларды;

      4) өнімділігі төмен, қысыр жануарларды;

      5) дүлей зілзала салдарынан өлу қаупі төнген сау жануарларды мәжбүрліктен сою жүргізілмейді.

      5. осы Қағидалардың 3-тармағы 1) тармақшасының негізінде асыл тұқымды жануарларды және тірі ірі қара малды мәжбүрліктен сою кезінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы "Нұсқама нысандарын, оларды жасау және беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 16-07/333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8662 болып тіркелген) сәйкес ауру жануарларды санитариялық тазалауды, санитариялық союды жүргізу туралы және/немесе жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөптік қоспаларды залалсыздандыру (зарарсыздандыру), өңдеу туралы тиісті нұсқама береді.

      Асыл тұқымды жануарларды және тірі ірі қара малды бір уақытта Тізбеге және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 18-03/127 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7590 болып тіркелген) бекітілген Жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды алып қоймай-ақ міндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу жүргізілетін жануарлар ауруларының тізбесіне енгізілген жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша мәжбүрліктен сою кезінде Бұйрықпен бекітілген Жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай міндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу қағидаларына сәйкес асыл тұқымды жануарларды және тірі ірі қара малды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты алып қоймай міндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу жүргізіледі.

2-тарау. Асыл тұқымды жануарларды және тірі ірі қара малды мәжбүрліктен сою тәртібі

      6. Асыл тұқымды жануарларды және тірі ірі қара малды мәжбүрліктен сою кезінде жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты ветеринариялық-санитариялық бағалау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға (бұдан әрі – Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады және жануарлардан алынатын өнім мен шикізат айналымы оларды ветеринариялық-санитариялық бағалау ескеріле отырып, жүзеге асырылады.

      Мәжбүрліктен сою кезінде асыл тұқымды жануарлар және тірі ірі қара мал Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың 101-тарауында белгіленген сойылатын жануарларды союр алдындағы ветеринариялық тексеріп қарау және сойылғаннан кейін ұшалары мен ішкі ағзаларын ветеринариялық-санитариялық сараптау, оларды санитариялық бағалау тәртібіне сәйкес сояр алдындағы ветеринариялық тексеріп қаралуы және сойылғаннан кейін ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өтуі тиіс.

      7. Асыл тұқымды жануарларды және тірі ірі қара малды мәжбүрліктен союға жіберу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, жануарлардың түрін, санын, тұқымын, кроссын, жасын және жеке нөмірін (асыл тұқымды құстарды қоспағанда), сондай-ақ өңдеуші кәсіпорнының, сою пунктінің, сою алаңының (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңының) атауын, орналасқан жерін, мәжбүрліктен сою себептерін көрсете отырып, асыл тұқымды жануарларды және тірі ірі қара малды мәжбүрліктен союға жіберу актісімен (бұдан әрі – жіберу актісі) ресімделеді.

      Асыл тұқымды жануарларды және тірі ірі қара малды мәжбүрлітен сою кезінде жіберу актісінде мыналар көрсетіледі:

      1) осы Қағидалардың 3-тармағы 1) және 2) тармақшаларының негізінде мәжбүрліктен сою кезінде – зертханалық зерттеулердің нәтижелері, сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) күні мен нөмірі, зертханалық зерттеулердің нәтижелерін берген зертхананың атауы мен мекенжайы;

      2) осы Қағидалардың 3-тармағы 1) тармақшасының негізінде мәжбүрліктен сою кезінде – ауру жануарларды санитариялық тазалауды, санитариялық союды жүргізу туралы және/немесе жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, азық пен азықтық қоспаларды залалсыздандыру (зарарсыздандыру), өңдеу туралы нұсқаманың күні мен нөмірі, нұсқама берген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың аты, әкесінің аты (бар болса), тегі;

      3) осы Қағидалардың 3-тармағы 3) тармақшасының негізінде мәжбүрліктен сою кезінде – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған ветеринариялық қарап-тексеру актісінің күні мен нөмірі, ветеринариялық қарап-тексеру актісін берген ветеринариялық дәрігердің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі.

      Жіберу актісіне осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген құжаттар қоса беріледі.

      8. Жіберу актісін өндірістік бақылау бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері немесе ауыл шаруашылығы құралымдарының, шаруа, фермер қожалықтарының ветеринариялық дәрігері немесе жеке, заңды тұлғаларға қызмет көрсететін ветеринариялық дәрігер асыл тұқымды мал мен тірі ірі қара мал иесінің – заңды тұлғаның/жеке тұлға басшысының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның ветеринария саласындағы маманының қатысуымен екі данада жасайды және оған барлық қатысушы тұлғалар қол қояды.

      Жіберу актісі осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген мәжбүрліктен сою анықталған сәттен бастап күнтізбелік 1 (бір) күннен кешіктірілмей жасалады.

      Жіберу актісінің бірінші данасы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның ветеринария саласындағы маманына беріледі, екінші данасы өндірістік бақылау бөлімшесінің ветеринариялық дәрігерінде немесе ауыл шаруашылығы құралымдарының, шаруа, фермер қожалықтарының ветеринариялық дәрігерінде немесе асыл тұқымды жануарлар мен тірі ірі қара мал иесінде қалады. Жіберу актісі 3 (үш) жыл бойы сақталуға тиіс.

      9. Кейіннен өткізуге арналған асыл тұқымды жануарларды және тірі ірі қара малды мәжбүрліктен сою мал сою пункттерінде, ет өңдеу кәсіпорындарында немесе Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10466 болып тіркелген) бекітілген Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларына сәйкес есептік нөмірлері бар сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 7-1/370 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11591 болып тіркелген) бекітілген Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру қағидаларын сақтай отырып, жүзеге асырылады.

      10. Асыл тұқымды жануарларды (асыл тұқымды құстарды қоспағанда) және тірі ірі қара малды мәжбүрліктен сою туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6321 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді-көшірмелер беру қағидасына (бұдан әрі – № 367 Қағидалар) сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға енгізіледі.

      Асыл тұқымды құстарды ветеринариялық қарап-тексеру нәтижелері "Ветеринариялық есепке пен есептілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 16-07/114 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9342 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша жануарлар ауруларын тіркеу журналына енгізіледі.

      Мәжбүрліктен сойылған асыл тұқымды жануарлар (асыл тұқымды құстарды қоспағанда) мен тірі ірі қара малдың иелері № 367 Қағидаларға сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме алады.

  Асыл тұқымды жануарларды
және тірі ірі қара малды
мәжбүрліктен сою қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Асыл тұқымды жануарларды және тірі ірі қара малды мәжбүрліктен союға жіберу актісі

      № _____________ 20_____ жылғы "_____" ________________

      Мен______________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы, жұмыс орны)

      мал иесінің_________________________________________________________,

      (жеке тұлғаның/заңды тұлға басшысының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      ___________________________________________________________________

      сондай-ақ ветеринария саласындағы маманның

      ___________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы, жұмыс орны)

      қатысуымен 20__ жылғы "____" ___________ ауыл шаруашылығы жануарларын

      бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарының (асыл тұқымды

      құстарды қоспағанда) жеке нөмірі бар

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (жануардың түрі, саны, тұқымы, кроссы, жасы) диагнозы (себебі) бойынша:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ______________________________________ мәжбүрліктен союға жібердік.

      "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы"

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы

      № 7-1/559 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу

      тізілімінде № 9891 болып тіркелген) бекітілген Профилактикасы, диагностикасы мен

      жойылуы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті

      ауруларының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) енгізілген жануарлардың аса қауіпті

      аурулары бойынша мәжбүрліктен сою кезінде зертханалық зерттеулердің нәтижелері,

      сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) күні мен нөмірі, зертханалық зерттеулердің

      нәтижелерін берген зертхананың атауы мен мекенжайы, жануарларды санитариялық

      тазалауды, санитариялық союды жүргізу және/немесе жануарлар мен адамның

      денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен

      шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды

      залалсыздандыру (зарарсыздандыру), өңдеу туралы нұсқаманың күні мен нөмірі,

      нұсқама берген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың аты,

      әкесінің аты (бар болса), тегі көрсетіледі __________________________________

      ____________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Экономикалық тұрғыдан тиімсіз немесе емдеу мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 17-

      3) тармақшасына және 1-1-тармағының 32-2) тармақшасына сәйкес профилактикасы

      мен диагностикасы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың

      жергілікті атқарушы органы бекітетін бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын

      жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесіне енгізілген жануарлардың

      энзоотиялық аурулары кезінде асыл тұқымды жануарлар мен тірі ірі қара малдың

      сақталуын (өлім-жітімге жол бермеу) қамтамасыз ету мақсатында мәжбүрліктен сою

      кезінде зертханалық зерттеулердің нәтижелері, сараптама актісінің (сынақ

      хаттамасының) күні мен нөмірі, зертханалық зерттеулердің нәтижелерін берген

      зертхананың атауы мен мекенжайы көрсетіледі _____________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      Улану, ауыр жарақаттар, сынықтар, күйіктер және асыл тұқымды жануарлардың және

      тірі ірі қара малдың өміріне қауіп төндіретін және ұзақ, экономикалық тұрғыдан

      ақталмаған емдеуді қажет ететін ауыр жарақаттар жағдайларында мәжбүрліктен сою

      кезінде ветеринариялық қарап-тексеру актісінің күні мен нөмірі, ветеринариялық

      қарап-тексеру актісін берген ветеринариялық дәрігердің аты, әкесінің аты (бар болса),

      тегі көрсетіледі_________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      Мәжбүрліктен союды өткізу орны _________________________________________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      (өңдеуші кәсіпорнның, сою пунктінің, сою алаңының (ауыл шаруашылығы

      жануарларын сою алаңының) атауы, орналасқан жері) Асыл тұқымды жануарларды

      және тірі ірі қара малды мәжбүрліктен сою себебін растайтын мынадай құжаттар қоса

      беріледі:

      1.______________________________________________________________

      2. _____________________________________________________________

      3.______________________________________________________________

      Осы акт екі данада жасалды. Актінің бірінші данасы облыстың, республикалық

      маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы құрған мемлекеттік

      ветеринариялық ұйымның ветеринария саласындағы маманына беріледі, екінші

      данасы өндірістік бақылау бөлімшесінің ветеринариялық дәрігерінде немесе ауыл

      шаруашылығы құралымдарының, шаруа, фермер қожалықтарының ветеринариялық

      дәрігерінде немесе асыл тұқымды жануарлар мен тірі ірі қара малдың иесінде қалады.

      Жіберу актісі 3 (үш) жыл бойы сақталуға тиіс.

      Қатысушылардың қолдары:

      1. _______________________________________________________ _________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы) (қолы)

      2. _______________________________________________________ _________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы) (қолы)

      3. _______________________________________________________ _________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы) (қолы)

  Асыл тұқымды жануарларды
және тірі ірі қара малды
мәжбүрліктен сою қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Ветеринариялық қарап-тексеру актісі

      № _____________ 20_____ жылғы "_____" _____________

      Мен ___________________________________________________________

      (ветеринарлық дәрігердің аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)

      ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда ауыл

      шаруашылығы жануарының (асыл тұқымды құстарды қоспағанда) жеке нөмірі

      бар_________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (жануарлардың түрлері, саны, тұқымы және кроссы, жасы)

      20___ жылғы "___" __________ ветеринариялық қарап-тексеруді жүргіздім.

      Ветеринариялық қарап-тексеру нәтижелері бойынша:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ________________________________________________________анықталды

      ___________________________________________________________________

      Ветеринариялық қарап-тексеру нәтижелері бойынша ұсынымдар (тағайындау)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      _______________________________________________________ _____________

      (ветеринариялық дәрігердің аты, әкесінің аты (бар болса), (қолы) тегі, лауазымы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады