БҰЙЫРАМЫН:
1. "Толысылған шарап (шарап материалы), сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра және сыра сусыны өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 498 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12219 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Толысылған шарап (шарап материалы), сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра және сыра сусыны өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидаларында:
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Арақтарды, айрықша арақтарды және тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтарды, бал арақтары, жүзім арақтары, жеміс арақтары, спирт сусындары және дистиллятарды, толысылған шарап (шарап материалы) және өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден жоғары сыра қайнату өнімін қоспағанда алкоголь өнімін өндіру барысында есептеу үшін технологиялық желілерде ЕАБА, мыналардан:
1) тұтыну ыдысына құйылған алкоголь өнімдерінің данасын есептеу есептегіші;
2) есептеу-бақылау таңбаларын сәйкестендіру үшін техникалық көру жабдығы;
3) бақылау-өлшеу аспаптарынан алынған деректерді қайта оқитын екінші құрастырушы (бақылау жабдығынан);
4) ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу және беру үшін бағдарламалық қамтамасыз ету және компьютерлік жабдықтан;
5) инфрақұрылымдық жабдықтардан (үздіксіз қоректендіру көзі, серверлік шкафтан, бейне бақылау камерасынан);
6) алкогольсіз сусындар, шараптар өндіру үшін алкоголь өнімін өндіру үшін ғана пайдаланылатын меншік құқығындағы технологиялық жабдықты пайдаланған жағдайда этил спиртінің концентрациясын айқындау үшін өлшеу құралдарынан (алколайзер-тығыздық өлшегіш немесе спирттік рефрактометр) тұруы тиіс.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |