БҰЙЫРАМЫН:
1. "Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-262/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21810 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 152-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану қағидалары "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 152-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және химиялық кастрация түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану тәртібін айқындайды.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚК) 91-бабы 1-тармағының 3), 5) тармақшаларына сәйкес кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасаған, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде (бұдан әрі – ҚАЖ мекемелері) жазасын өтеп жатқан 18 жастан асқан адамдарға қатысты химиялық кастрациялау түрінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы күшіне енген сот шешімінің негізінде қолданылады.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы бас бостандығынан айыруды өтеу орнында, ал өзге де жаза түрлеріне сотталғандарға қатысты амбулаториялық психиатриялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында орындалады.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты химиялық кастрация олар босатылғанға дейін алты ай бұрын қолданылады.
Мекеме әкімшілігі оларда психикалық ауытқушылықтар мен сексуалдық зорлық-зомбылыққа бейімділіктің бар (жоқ) екендігі туралы мәселені шешу үшін жазаны өтеу мерзімі аяқталғанға дейін он екі айдан кешіктірмей сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін материалдарды сотқа жібереді.
Осы бөліктің ережелері сотталған адамдардың есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуының анықталуына байланысты соттың шешімі бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылатын сотталғандарға қолданылмайды.".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
