"Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 504 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 736 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 қыркүйекте № 36997 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 504 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15551 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес" БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларын осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылығын үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2025 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 736
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 26 шілдедегі
№ 504 бұйрығымен
бекітілген

Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң (бұдан әрі – ҚАК) 16-бабы 1-бөлігінің 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      2. Қамауға алу түріндегі жазаны орындау сотталған жері бойынша қамаққа алу түріндегі қылмыстық жазаны өтеуге арналған арнаулы қабылдау орындарында (бұдан әрі – АҚО) заңды күшіне енген сот актісі негізінде, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 232 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 22 маусымда № 7030 тіркелген) Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындарының қызметін ұйымдастыру қағидаларымен және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 11 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 7 ақпанда № 7415 тіркелген) Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындарының ішкі тәртіп қағидаларымен регламенттелген Ішкі істер органдарының АҚО-да жүзеге асырылады.

2 тарау. Сотталғандарды АҚО-ға қабылдау тәртібі

      3. Сотталғандарды АҚО-ға қабылдауды арнайы есепке алу қызметі қызметкерінің және АҚО-да орналасқан медициналық ұйымның медицина қызметкерінің міндетті қатысуымен АҚО басшысының кезекші көмекшісі (бұдан әрі - кезекші) жүзеге асырады.

      4. Сотталғандарды қабылдау кезінде кезекші қамаққа алу түріндегі жазаны орындауға негіз болып табылатын процестік құжаттардың болуын тексереді, жеке басын куәландыратын құжаттардың негізінде олардың келген сотталғандарға тиесілігін анықтайды.

      5. Сотталғанның фотосуреті, сот актісінде көрсетілген сауалнама деректері сотталғаннан жауап алу кезінде алынған мәліметтермен, жеке басын куәландыратын құжаттармен сәйкес келмеген кезде арнайы есепке алу қызметінің қызметкері кезекшімен бірлесіп, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акт жасайды және оны шара қолдану үшін сот актісін шығарған сотқа жібереді.

      6. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген деректерді тексергеннен кейін АҚО қызметкерлері арнайы жабдықталған үй-жайда сотталғандарды толық тінтуді және оларға тиесілі заттарды тексеруді жүзеге асырады.

      Толық тінту және заттарды тексеру алдында сотталғандарға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Сотталғандарға өзімен бірге алып жүруге, сауқаттармен, сәлемдемелермен, бандерольдермен алуға және арнаулы қабылдау орны дүкендерінен сатып алуға рұқсат етілетін заттар мен бұйымдар тізбесінде (бұдан әрі - Тізбе) көзделмеген заттарды өз еркімен тапсыру ұсынылады. Тыйым салынған заттарды дереу өз еркімен тапсырған кезде сотталғандарға тәртіптік жазалау шаралары қолданылмайды.

      7. АҚО-ға қабылданған адамдар келіп түскен күні, алайда бір тәуліктен кешіктірмей алғашқы медициналық куәландырудан және санитарлық өңдеуден өтеді. Медициналық куәландыру нәтижелері медициналық амбулаторлық картаға енгізіледі. Бұл ретте медицина қызметкері дене жарақаттарын және тері мен инфекциялық аурулардың белгілерін анықтау мақсатында сотталғандарды сыртқы қарап-тексеруді жүргізеді. Дене жарақаттарын анықтау фактісі туралы жоғары тұрған органға және қадағалаушы прокурорға жазбаша түрде дереу хабарланады.

      АҚО-да орналасқан медициналық ұйым дәрігерінің қорытындысы бойынша стационарлық жағдайда дереу медициналық көмек алуды қажет ететін адамдар айдауылмен денсаулық сақтаудың медициналық ұйымдарына жіберіледі. Қажет болған жағдайда оларға медициналық көмек көрсетіледі.

      Бұдан кейін сотталғандар карантин бөлiмшесіне орналастырылады және оларға ұзақтығы 15 тәулiкке дейiн медициналық бақылау белгіленеді. Осы кезеңде анықталған инфекциялық науқастар дереу оқшауланады, мекемеде эпидемияға қарсы кешенді іс-шаралар өткізіледі.

      8. АҚО психологтары жаңадан келген сотталғандардың жеке басын зерделеуді, оларды жаңа жағдайларға бейімдеу жөніндегі жұмысты жүргізеді. Өзіне-өзі қол жұмсауға, өзіне қасақана қандай да бір зақым келтіруге және басқа да құқыққа қарсы іс-әрекеттерге бейім адамдар анықталады. Зерделеу нәтижелері бойынша жаңадан келген әрбір сотталғанға психологиялық портреттер жасалады, АҚО тиісті қызметтеріне олармен жұмыс істеу жөніндегі ұсынымдар енгізіледі.

      9. Карантиндік үй-жайда болған уақытта сотталғандар ҚАК-тің 9-бабының алтыншы бөлігіне және осы Қағидаларға сәйкес жазаны өтеу шарттарымен, өз құқықтары және міндеттерімен қол қоя отырып танысады, жазаны өтеу тәртібін бұзғаны үшін жауаптылық туралы ескертіледі. Оларға АҚО-да "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 59, 60, 61 және 62-баптарында көзделген жағдайларда қадағалаудың, бақылаудың және күзеттің техникалық құралдарының қолданылуы, дене күшін, арнайы құралдар мен қаруды қолдану туралы түсіндіріледі.

      Кейіннен мұндай ақпарат радио арқылы, камераларға барған кезде, АҚО бастығы және ол уәкілеттік берген қызметкерлер сотталғандарды жеке қабылдауда жеткізіледі.

      АҚО ұсталатын адамдардың негізгі құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде әрбір камерада ілінеді.

      10. Сотталғандар кереуетпен және төсек жабдықтарымен қамтамасыз етіледі, жатын орындары ауыстырылмайды және онда перде ілінбейді.

      11. Сотталғанның АҚО-ға келгені туралы арнайы есепке алу қызметі екі жұмыс күні ішінде туыстарының біріне не сотталғанның таңдауы бойынша заңды өкіліне, осы Қағидалармен қарастырылған АҚО-ның пошталық мекенжайын, Тізбені, хат алмасу, ақша аударымдарын алу және жөнелту, шығулар, кездесулер беру тәртібінің негізгі талаптарын, телефон арқылы сөйлесу құқығын көрсете отырып жазбаша хабарлама жібереді.

      Сотталған шетел азаматтарының және қамаққа алынғанға дейін шетелде тұрақты тұрған азаматтығы жоқ адамдардың келгені туралы хабарламалар, бұдан басқа, Қазақстан Республикасындағы осы адамдардың мүдделерін білдіретін дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелерге жіберіледі.

3-тарау. Сотталғандарды тінту және жете тексеру жүргізу тәртібі

      12. Сотталғандарды жеке тінту толық тінту және толық емес тінту болып бөлінеді. Тiнтудi тінтілушімен жынысы бiр адам жүргiзедi. Сотталғандарды жеке толық тінту мынадай жағдайларда:

      1) АҚО-ға келіп түскен және одан кеткен кезде;

      2) тәртіптік изоляторға (бұдан әрі - ТИЗО) қамау және одан босатылған кезде;

      3) кездесу өткізу алдында және ол аяқталғаннан кейін;

      4) ұстау режимін бұзуға жол берген, қашқан немесе басқа да қылмыс жасаған сотталған адамды ұстаған кезде жүргізіледі.

      13. Толық тінту мынадай ретпен жүргізіледі:

      1) осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес сотталғандарға тінту жүргізіледі. Содан соң кезекпен бас киімін, аяқ киімін және іш киіміне дейін қоса алғанда, шешу ұсынылады;

      2) қол, аяқ саусақтарының аралығы, құлақ қалқаны мен ауыз қуысы, сондай-ақ медициналық таңулар мен аяқ-қол протездері тексеріледі. Медициналық таңулар мен аяқ-қол протездері медицина қызметкерінің қатысуымен тексеріледі;

      3) сотталғанға тиесілі киімі, бас киімі, аяқ киімі және заттары тексеріледі. Киімінің жамаулары, тігісі, жағасы және астары ұстап қаралады. Қажет болған жағдайда киімнің жекелеген жерлерін бізбен тесіп қаралады және сөгіледі. Аяқ киім сыртқы және ішкі жағынан қаралады және міндетті түрде бүгіліп тексеріледі;

      4) ақша, есірткі заттары және басқа да АҚО-да пайдалануға және сақтауға тыйым салынған заттар жасырылатын жамаулар, тақалар, табандар мен басқа да орындар тексеріледі.

      Толық тінту бақылау-өткізу пунктінде (бұдан әрі – БӨП) орналасқан арнаулы немесе оған жақын жерде жабдықталған үй-жайда жүргізіледі.

      14. Толық емес тінту АҚО шегінде сотталғандарды камерадан шығару кезінде (медицина қызметкеріне, серуендеуге, санитариялық өңдеуге, басқа камераға ауыстыру, тінту іс-шаралары кезінде) жүргізіледі.

      15. Толық емес тінту кезінде киімдер мұқият ұстап қаралады. Бұдан соң қалтасы, бас киімі мен аяқ киімі тексеріледі. Тінтілетін адамның мінез-құлқы күдікті болған кезде толық тінту жүргізіледі.

      16. Тінту кезінде сотталғанға қолдарын жоғары көтеріп, аяғын иығының тұсына қою ұсынылады.

      Тінту нәтижелері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қамаққа алуға сотталғанды жеке тінту хаттамасымен ресімделеді.

4 тарау. Үй-жайларды тінту және тұрғын аймақтар мен өндірістік объектілердің аумақтарын тексеру

      17. АҚО камераларының үй-жайларында тінту айына кемінде төрт рет тінту кестесіне сәйкес жүргізіледі. ТИЗО камераларын және АҚО камераларын техникалық тексеру күн сайын жүргізіледі.

      18. АҚО үй-жайлары мен камераларында тінту кезінде жасырын жерлердің бар-жоғы мұқият тексеріледі. Терезе торларын ішкі және сыртқы жағынан бекіту беріктігі, есіктер мен құлыптардың жарамдылығы тексеріледі.

      19. Сотталғандарды уақытша және қысқа мерзімді өндіріс объектілеріне кіргізер алдында АҚО әкімшілігінің бақылаушысы, өкілі объектіні тексеруі тиіс.

      Камераларды және онда ұсталынатын адамдарды техникалық тексеру және жоспарлы тінтулерді кезекші ауысым мен режим бөлімі қызметкерлері жүргізеді.

      Әрбір камераны техникалық қарап-тексеру онда сотталғандар болмаған кезеңде күн сайын жүргізіледі, ол үшін оларды серуендеуге, санитариялық өңдеуге шығару уақыты пайдаланылады.

      20. Сотталғандардан, сондай-ақ АҚО аумағынан табылған, кімге тиесілі екенін анықтау мүмкін болмаған ақшаны, бағалы қағаздарды және өзге де құндылықтарды қызметкер алып қояды, бұл туралы еркін нысанда акт жасала отырып, олардың тиістілігін анықтау бойынша кейіннен тексеру жүргізіледі. Тиістілігі анықталмаған заттар АҚО құжаттары негізінде, сот қаулысы бойынша мемлекет кірісіне айналдыруға жатады.

      Сотталғандардан алынған, сондай-ақ АҚО аумағында және осы Қағидаларда көзделмеген режимдік талаптар белгіленген оған іргелес аумақтарда табылған заттар, құжаттар, заттектер, бұйымдар, тамақ өнімдері мекеме әкімшілігінің комиссиялық шешімі бойынша туыстарына немесе сотталғандардың заттарын сақтауға арналған қоймаға (белгілі бір сақтауды талап ететін тамақ өнімдерінен басқа) уақытша сақтауға беріледі не АҚО бастығының қаулысы бойынша жойылады, бұл туралы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акт жасалады.

      Алынған ақша мен бағалы заттар оларды алған лауазымды адамның актісі немесе баянаты бойынша бір тәуліктен кешіктірмей (демалыс және мереке күндерін қоспағанда) кезекші АҚО басшылығы тексеру туралы материал жинауды жүзеге асыру тапсырылған қызметкерге осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысанда сотталғандардан алынған ақша мен құндылықтарды есепке алу журналына қол қойғызып береді.

      21. Сотталғандардың сақтауға рұқсат етілген, бірақ Тізбеде белгіленген нормадан асатын мөлшердегі заттар мен бұйымдар да алынады.

      Бұл жағдайда заттар сақтау үшін қоймаға тапсырылады, ал сотталғандардың қолына олардың саны мен атауы көрсетіле отырып, заттарды сақтауға қабылдағаны туралы түбіртек беріледі.

5-тарау. Қамаққа алуға сотталғандар мен АҚО персоналының өзара қарым-қатынасы

      22. АҚО қызметкерлерімен және мекемеге баратын басқа лауазымды адамдармен кездесу кезінде сотталғандар орындарынан тұрады және олармен амандасады.

      23. Сотталғандар АҚО қызметкерлерiмен "Сiз" деп сөйлеседі, оларды атағы, сондай-ақ аты және әкесінің аты бойынша (бар болған жағдайда) атайды.

      24. АҚО қызметкерлері сотталғандармен "Сiз" деп сөйлеседі және оларды сотталған (сотталған азаматша) деп, одан әрi тегi бойынша атайды.

      25. Мекеме қызметкерлеріне сотталғандармен және олардың туыстарымен қызмет мүддесіне қатысты емес қандай да бір қатынасқа түсуіне, сондай-ақ олардың қылмыстық-атқару заңнамасы мен осы Қағидаларда регламенттелмеген қызметтерді пайдалануына жол берілмейді.

6-тарау. Күн тәртібі

      26. Әрбір АҚО-да, АҚО бастығы бекіткен қатаң регламенттелген күн тәртібі сотталғандардың сол немесе өзге құрамымен жұмыс істеу ерекшеліктерін, жыл уақытын, жергілікті жағдайларды және басқа да нақты мән-жайларды ескере отырып ұйымдастырылады.

      27. Күн тәртібіне ұйқыдан тұру уақыты, тексеру, ұйқыға жату, дәретхана, дене жаттығуы, тамақтану, сейілдеу, тәрбие-алдын алу іс-шараларын өткізуі, кездесу бөлмелерінің, дүкеннің, АҚО-да орналасқан медициналық ұйымның жұмыстары, телефонмен сөйлесу кіреді. Күн тәртібінде сотталғандардың үздіксіз сегіз сағаттық ұйқысы мен оларға жеке уақыттың берілуі көзделеді. Сотталғандардың аптасына кемінде бір рет жуынуы қарастырылады. Жуыну күні мен уақыты камера бойынша кестемен бекітіледі.

      28. Осы Қағидаларға 6-қосымшада көрсетілген сотталғандардың үлгілік күн тәртібіне қарай әзірленген күн тәртібі стенд түрінде ресімделеді және көрінетін жерге (камераларда, карантин бөлімшесінде) орнатылады не ілінеді және персонал мен сотталғандардың назарына жеткізіледі.

7-тарау. Тамақтану

      29. Сотталғандар үш рет ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Сотталғандар камераларда тамақ ішеді. Сотталғандарға тамақ дайындауды және таратуды АҚО асханасының қызметкерлері АҚО қызметкерлерінің бақылауымен күн тәртібінде белгіленген сағаттарда камера бойынша, есіктің желкөзі арқылы жүзеге асырады.

      30. Тағамдық қасиеттері мен құнарлылығы бойынша тамақ Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларына (бұдан әрі - заттай нормалар) сәйкес келуге тиіс, санитариялық-эпидемиологиялық талаптар ескеріле отырып дайындалады және беріледі.

8-тарау. Сотталғандардың АҚО шегінде жүріп-тұру тәртібі

      31. Сотталғандардың АҚО аумағы бойынша жүріп-тұруы АҚО қызметкерлерінің айдауылымен ғана жүзеге асырылады.

      32. Сотталғандар айдауылмен немесе АҚО қызметкерлерінің еріп жүруімен қозғалуы кезінде сотталғандар қолын артқа, арқасына ұстап жүреді. Айдауылдау уақытында тоқтаған кезде АҚО қызметкерінің талап етуі бойынша тоқтайды және қабырғаға қарай бұрылып тұрады.

9-тарау. Сотталғандардың мінез-құлқы

      33. АҚО-да ұсталатын сотталғандар:

      1) осы Қағидалармен белгіленген ұстау тәртібін сақтайды;

      2) АҚО әкімшілігінің заңды талаптарын орындайды;

      3) тәртіп пен гигиенаны сақтайды,

      4) күнделікті сейілдеуге шығады (сейілдеуден босатуды медицина қызметкерінің қорытындысы бойынша АҚО бастығы жүзеге асырады);

      5) өрт қауіпсіздігі және еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтайды;

      6) АҚО мүлкіне ұқыпты қарайды;

      7) кезектілік тәртібімен камералар мен басқа да үй-жайларды жинауды жүргізеді;

      8) АҚО қызметкерлерінің, сотталғандардың, сондай-ақ өзге де адамдардың қадір-қасиетін қорлайтын іс-әрекеттер жасамайды;

      9) күзетпен ұстау тәртібін қамтамасыз ететін АҚО қызметкерлеріне, сондай-ақ жоғары тұрған және қадағалау органдарының қызметкерлеріне олардың қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтірмейді;

      10) осы Қағидаларда көзделген белгіленген күн тәртібін сақтайды;

      11) АҚО қызметкерлері камераға кірген кезде олардың командасы бойынша орындарынан тұрады және көрсетілген орынға сапқа тұрады;

      12) ұқыпты сыртқы келбетті сақтайды;

      13) АҚО қызметкерлерінің талап етуі бойынша өзінің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), қай бап бойынша сотталғанын, мерзімін, басталу мен аяқталу мерзімін хабарлайды;

      14) кезектілік тәртібімен камера бойынша кезекшілік етеді.

      34. Камера бойынша кезекші (сотталған):

      1) АҚО қызметкері камераға кірген кезде камерадағы сотталғандардың саны туралы баяндайды;

      2) камералық мүкаммалдың, жабдықтың және уақытша пайдалануға берілген мүліктің (ыдыс-аяқ, төсек-орын жабдықтары, электр құралдары және т.б.) сақталуын қадағалайды;

      3) камерада ұсталатын адамдар үшін ыдыс алады және оны өткізеді;

      4) камерадағы тазалыққа қарайды;

      5) камерада еден сыпырады және жуады, камерадағы санитарлық торапты, сейілдеу аяқталған соң сейілдеу ауласын жинайды.

      35. Сотталғандарға:

      1) АҚО-ның күн тәртібін бұзуға;

      2) сөйлесулер жүргізуге, басқа камераларда немесе АҚО-ның өзге де үй-жайларында ұсталатын адамдарға қандай да бір заттар беруге, тықылдатуға, хат жазысуға, олармен кез келген тәсілмен байланыс орнатуға;

      3) сөйлесулер жүргізудің, қандай да бір заттарды берудің және бостандықтағы немесе бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуші адамдармен хат алмасудың белгіленген тәртібін бұзуға;

      4) әкімшіліктің рұқсатынсыз камерадан немесе басқа үй-жайлардан шығуға;

      5) күзет объектілері не АҚО аумағының шекарасы желісін бұзуға;

      6) рұқсат етілмеген заттарды сатып алуға, жасауға, қолдануға және сақтауға;

      7) карта ойнауға, сондай-ақ материалдық немесе өзге де пайда табу мақсатында үстел ойындарын ойнауға;

      8) өзіне немесе камераластарының денесіне татуировка салуға;

      9) әкімшіліктің рұқсатынсыз жатын орындарына перде ілу және жатын орндарын ауыстыруға;

      10) қолдан жасалған электр құрылғыларын пайдалануға;

      11) электр құрылғыларын әкімшіліктің рұқсатынсыз пайдалануға;

      12) камерада ашық от жағуға;

      13) тамақ дайындауға;

      14) камераларда арнайы тағайындалмаған орында және уақытта (темекі тарту орынын АҚО әкімшілігі анықтайды) темекі тартуға;

      15) профилактикалық медициналық тексеруден өтуден бас тарту немесе жалтаруға;

      16) жануарлар, құстар, балықтар, жәндіктерді ұстауға;

      17) АҚО әкімшілігінің рұқсатынсыз сантехниканы, жарықтандыру және басқа да аспаптарды жөндеу немесе камерадағы жарықтандыруды реттеуге;

      18) камералардағы кәріз құбырлары мен санитариялық тораптарды қасақана ластауға;

      19) камерада киім, аяқ киім және іш киімдерді жууға;

      20) АҚО-да ұсталатын сотталғандардың негізі құқықтары мен міндеттері туралы ақпаратты камера қабырғасынан алып тастауға;

      21) қабырғаларға, камералық мүкаммалға қағаздар, фотосуреттер, суреттер, газет, журналдар қиындыларын жапсыру, оларға жазу және сурет салуға;

      22) камера есігіндегі көзшеден қарауға, АҚО аумағы бойынша қозғалу кезінде дабыл сигнализациясының түймесін басуға;

      23) қандай да бір затты терезеден тастауға, терезенің алдына шығуға, желкөзден қандай да бір затты шығаруға, есіктің "көзшесіне" жақын тұруға, "көзшені" жабуға;

      24) медицина қызметкерінің ұсынуымен АҚО бастығының рұқсатынан басқа күн тәртібінде ол үшін бөлінбеген уақытта жатын орынында болуға;

      25) АҚО-да жеке пайдаланатын заттарды сатуға, сыйға тартуға немесе өзге де тәсілдермен иеліктен шығаруға жол берілмейді.

10-тарау. Камераларға орналастыруды ұйымдастыру, қамаққа алуға сотталғандардың бар-жоғын тексеру тәртібі

      36. Сотталғандарды камералар бойынша орналастыру ҚАК-тың 85-бабының талаптарына сәйкес АҚО бастығы не оны алмастыратын адам жедел және медициналық қызметкерлермен келісім бойынша бекіткен осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес камера бойынша орналастыру жоспары негізінде жүзеге асырылады. Сотталғандарды камералар бойынша орналастыруды кезекші жүргізеді.

      37. Науқас сотталғандарды орналастыру АҚО-да орналасқан медициналық ұйымның медицина қызметкерінің келісімі бойынша жүргізіледі. Инфекциялық аурулардың болуына күдікті адамдар карантинге бөлінген камераларға орналастырылады. Карантин мерзімі медицина қызметкерінің көрсеткіштері бойынша белгіленеді. Инфекциялық аурулармен ауыратын немесе ерекше медициналық күтімді және бақылауды қажет ететін науқастар басқа сотталғандардан бөлек орналастырылады.

      38. Ерлер, әйелдер, сондай-ақ бұрын жазасын өткерген және соттылығы бар адамдар бөлек ұсталады. Сотталған соттар, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың бұрынғы қызметкерлері, сотталғандардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті адамдар басқа сотталғандардан оқшау ұсталады.

      39. Сотталғандар жабылатын жалпы камераларда ұсталады. Сотталғандарды жалғыз адамдық камераларға орналастыруға осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сотталғанды жалғыз адамдық камераға ауыстыру туралы прокурор санкциялаған АҚО бастығының қаулысы бойынша мынадай жағдайларда:

      1) ҚАК-тің 85-бабында көзделген бөлек орналастыру талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге өзге мүмкіндік болмаған жағдайда;

      2) сотталғанның жедел қызмет бұрыштама қойған жеке адамды ұстау туралы жазбаша немесе ауызша өтініші болған кезде өмір мен денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде жүзеге асырылады.

      40. Осы Қағидалардың 37 және 38-тармақтарында көрсетілген оқшаулау тәртібі сотталғандардың барлық жүріп-тұруы кезінде, оның ішінде АҚО аумағы бойынша жүріп-тұру, тінту іс-шараларын, сейілдеуді, санитариялық өңдеуді, адвокаттармен кездесуді жүргізу кезінде қамтамасыз етілуге тиіс.

      41. АҚО-да сотталғандардың бар-жоғын тексеруді камералар бойынша кезекші күн тәртібінде белгіленген уақытта күн сайын таңертең және кешке жүзеге асырады. Сотталғанның жоқтығы туралы күдік болған кезде қосымша тексеру жүргізіледі.

      42. Тексеру осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбір сотталған адамға жүргізілген камералық карточка бойынша жүргізіледі. Картотеканы кезекші жүргізеді және сақтайды.

      Профилактикалық есепке қойылған сотталғандардың тексеру камералық карточкаларына мынадай айырым жолақтары салынады: қашуға бейім сотталғандар үшін - қызыл түсті; профилактикалық есепке алудың қалған түрлері үшін - қара түсті.

      43. Қашуға бейім ретінде профилактикалық есепте тұрған сотталғандарды тегі бойынша карточкалық тексеру қосымша әрбір екі сағат сайын жүзеге асырылады.

11-тарау. Сотталғандарды сейілдеуге шығару

      44. Сотталғандар күнделікті ұзақтығы бір жарым сағаттан аспайтын сейілдеуді пайдаланады. Сейілдеу ұзақтығын АҚО әкімшілігі күн тәртібін, ауа райын, АҚО толуын және басқа да мән-жайларды ескере отырып белгілейді.

      45. Сотталғандарға сейілдеу тәуліктің жарық уақытында беріледі. Әртүрлі камераларда ұсталатын адамдарды сейілдеуге шығару уақыты АҚО бастығымен бекітілген кесте бойынша белгіленеді.

      46. Сейілдеу сейілдеу аулаларының аумағында жүргізіледі. Сейілдеу аулалары отыруға арналған орындықтармен және жаңбырдан қорғайтын қалқалармен жабдықталады.

      47. Сейілдеуді мерзiмiнен бұрын тоқтату үшін сотталғандар сейілдеуді өткізуге жауапты адамға тиісті өтінішпен жүгінеді, ол АҚО бастығына немесе оның орынбасарына жеткізеді. Содан кейін сейілдеу тоқтатылады.

12-тарау. Хат алмасуды жүзеге асыру, ақша аударымдарын ресімдеу

      48. Сотталғандар өз қаражаты есебінен айына бір рет хаттар алады және жібереді. Хат-хабарларды алу мен беру АҚО әкімшілігі арқылы ғана жүргізіледі.

      49. Сотталғандарға ұсыныстар, арыздар және шағымдар жазу үшін олардың өтініштері бойынша жазу құралдары (қағаз, шарикті қаламсап) беріледі.

      50. АҚО қызметіне бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын, цензураға жатпайтын мемлекеттік органдарға жолданғандарды қоспағанда, хаттар мен өтініштер мөрленген түрде АҚО әкімшілігінің өкіліне беріледі және бір тәуліктен кешіктірілмей (демалыс және мереке күндерін қоспағанда) тиесілігі бойынша жіберіледі.

      51. Сотталғандардың хат жазысуы цензураға ұшырайды. Сотталғандардың хаттары және олардың атына келіп түскен, құпия жазумен, шифрмен, басқа да шарттылықтарды немесе сотталғандарға тән лексиканы қолдана отырып орындалған, сондай-ақ арсыз сипаттағы не мемлекеттік, қызметтік құпияны құрайтын мәліметтерді қамтитын хаттар адресатқа жіберілмейді және сотталған адамға берілмейді және оң күнтізбелік күн өткеннен кейін жойылуға жатады. Бұл туралы жөнелтуші хабардар етіледі және сотталған адамға оның жою туралы шешімге шағым келтіру құқығы түсіндіріле отырып қол қойғызып хабарланады.

      52. Сотталғандарға келiп түскен ақша аударымдары олардың жеке шоттарына аударылады.

      53. Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша келіп түскен жауаптар сотталғандарға олар келіп түскен кезде, бірақ үш жұмыс күнінен кешіктірілмей қолхат арқылы хабарланады және олардың жеке істеріне тігіледі.

13-тарау. Сотталғандарды жеке қабылдау тәртібі

      54. АҚО бастығының не оны алмастыратын адамның не олар уәкілеттік берген адамдардың сотталғандарды жеке қабылдауы жұмыс уақыты ішінде демалыс және мереке күндерін қоспағанда, АҚО бастығы бекіткен кесте бойынша күн сайын жүзеге асырылады.

      Қабылдауға қабылданған сотталғандарды есепке алу олар жүгінген мәселелерді және оларды қарау нәтижелерін көрсете отырып, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сотталғандарды және өзге де адамдарды жеке мәселелері бойынша қабылдау журналында жүргізіледі, оның мазмұнымен АҚО бастығы апта сайын танысады.

      55. Жеке қабылдау сотталғандардың алдын ала өтiнiші бойынша жүзеге асырылады.

      Қабылдау туралы өтініштер АҚО бастығының не оны алмастыратын адамның атына жазбаша немесе ауызша беріледі және сотталған өтініш жасаған лауазымды адамды көрсете отырып, оларды беру кезектілігі тәртібімен жеке қабылдау журналына тіркеледі. Қабылдау өтініштерді беру кезектілігі тәртібімен жүргізіледі. Қабылдау аяқталғаннан кейін жеке қабылдау туралы өтініште оның нәтижелері тіркеледі. Өтініш сотталғанның жеке ісіне тігіледі.

      56. Жоғары тұрған органдарының қызметкерлері АҚО-ға бару кезінде олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сотталғандарды қабылдауды жүргізеді. Көрсетілген адамдар қабылдайтын сотталғандарды есепке алу журналдың екінші бөлігінде жүргізіледі.

      57. АҚО бастығы немесе ол уәкілеттік берген адам айына кемінде бір рет қабылдау кезінде қабылданған шешімдердің орындалуын тексереді.

      58. АҚО бастығы, оның орынбасарлары сотталғандардың туыстарын немесе өзге адамдарды жеке қабылдауды келушiлер бөлмесiне iлiнетiн бекітілген кестеге сәйкес айына кемінде бір рет жүргізеді. Сотталғандардың туыстарын немесе өзге азаматтарды жеке қабылдау нәтижелерi және олардың қорытындысы бойынша қабылданған шаралар карточкада белгiленедi.

14-тарау. Кездесулер, телефон арқылы сөйлесулер беру тәртібі

      59. Сотталғандарға білікті заң көмегін алу үшін олардың жазбаша немесе ауызша өтініші бойынша адвокаттармен олардың саны, ұзақтығы шектелмей және олардың құпиялылығы қамтамасыз етілетін жағдайларда кездесулер беріледі. Адвокатқа сотталғанмен кездесу оның адвокат куәлігі және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламасы болған кезде беріледі. Кездесулер АҚО қызметкеріне сотталған мен адвокатты көруге, бірақ оларды тыңдамауға мүмкіндік беретін жағдайларда жүргізіледі.

      60. Сотталғандармен кездесуге рұқсат алған адамдарға АҚО-ға техникалық байланыс құралдарын, компьютерлерді, кино -, фото-, аудио-, бейне- және көбейту аппаратурасын алып кіруге және кездесу кезінде пайдалануға жол берілмейді.

      61. Сотталған адамға Тізбеде көзделмеген заттар мен бұйымдарды беруге не одан алуға әрекет ету, сондай-ақ адвокатқа қылмыс және өзге де құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін мәліметтері бар заттарды беруге не одан алуға әрекет жасаған кезде кездесу мерзімінен бұрын тоқтатылады.

      62. Кездесу мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде АҚО-ның оның жүргізілуіне жауапты қызметкері кездесуді тоқтау себебін көрсете отырып, АҚО бастығына жазбаша түрде баяндайды.

      63. Сотталғандармен кездесу ұсынуды қысқа мерзімге тоқтатқанда (эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуге, ерекше жағдай режимін енгiзуге байланысты және басқа себептер бойынша) АҚО бастығы бұл туралы АҚО-да заңдылықтың сақталуына қадағалауды жүзеге асыратын прокурорға жазбаша хабарлайды. Келушілерге арналған бөлмеде тиісті хабарландырулар iлiнедi.

      64. Сотталған адамның жұбайымен (зайыбымен), жақын туыстарымен телефон арқылы сөйлесуі жұбайы (зайыбы), жақын туысы қайтыс болған немесе науқастың өміріне қауіп төндіретін ауыр науқастанған, оның отбасына елеулі материалдық залал келтірген дүлей зілзала және жеке сипаттағы өзге де ерекше мән-жайлар болған жағдайларда жеке қаражаты есебінен беріледі.

      Сотталған адам еркін нысандағы өтінімді жазады, онда абоненттің мекенжайы, телефон нөмірі, негізі (хаты) және ұзақтығы 15 минутқа дейін сөйлесу көрсетіледі. Қалааралық телефон сөйлесулеріне ақы төлеу сотталғандардың жеке шоттарында ақша қаражаты болған кезде қолданыстағы тарифтер бойынша жүзеге асырылады. Таксофон бойынша телефон арқылы сөйлесулерге ақы төлеу сотталғанның таксофон карточкасынан жүргізіледі. Сотталған АҚО бақылаушысының айдауылымен камерадан телефон немесе таксофон аппаратына шығарылады және телефон сөйлесулері АҚО әкімшілігінің бақылауымен жүргізілетіні туралы ескертіледі.

      65. Телефонмен сөйлесу өткізілгеннен кейін АҚО-ның сөйлесуді өткізуге жауапты қызметкері өтінімге болған не қандай да бір себеппен болмаған телефонмен сөйлесулер туралы тиісті белгі қояды. Одан кейін өтінім тіркеу және тиісті номенклатуралық іске енгізу үшін кездесу бөлменің бақылаушысына беріледі. Сөйлесулерді кешкі уақытта (сағат 19-дан 20-ға дейін) өткізген кезде, кезекші өтінімдерді кездесу бөлмесіне келесі күні тапсырылады.

      66. Басқа АҚО-ның немесе қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын сотталғандар арасында телефон арқылы сөйлесуге жол берілмейді.

      67. Телефон немесе таксофон аппаратын пайдалану және сөйлесу тәртібі бұзылған кезде сөйлесулер дереу тоқтатылады.

15-тарау. Сотталғандарға көтермелеу мен жазалау шараларын қолдану

      68. Міндеттерін үлгілі орындағаны, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін сақтағаны үшін және ҚАК-тің 128-бабына сәйкес сотталғандарға көтермелеу шаралары қолданылады.

      69. Көтермелеу АҚО бастығының дәлелді қаулысымен қолданылады.

      70. Қамаққа алу түріндегі жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін жазалар АҚО бастығының осы Қағидағаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сотталған адамға жазалау қолдану туралы дәлелді қаулысымен қолданылады және осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қамаққа алу түріндегі жазаға сотталғандардың жазаларын есепке алу журналында тіркеледі. Жазалау қолдану туралы материалдар сотталғандардың жеке істеріне тігіледі. Бір бұзушылық үшін кінәлі сотталғанға біреуден артық жаза қолданылмайды.

      71. Осы Қағидаларда белгіленген талаптарды орындамағаны үшін сотталғандарға ҚАК-тің 131-бабына сәйкес жазалау шаралары қолданылады.

      72. Жазалау тәртіп бұзушылықтың жасалу мән-жайлары мен сотталған адамның мінез-құлқы ескеріле отырып қолданылады. Жазалау бұзушылық анықталған күннен бастап он тәуліктен кешіктірілмей, ал егер бұзушылыққа байланысты тексеру жүргізілсе - ол аяқталған күннен бастап, бірақ бұзушылық жасалған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей қолданылады. Жазалау дереу, ал оны дереу қолдану мүмкін болмаған кезде - оны қолданған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады.

      73. Жазалау шараларын қолдануға дейін сотталған жазбаша түсініктеме береді, ал түсініктемені беруден бас тартқан кезде ол туралы тиісті акт жасалады.

16-тарау. Қамаққа сотталғандарға бас бостандығынан айыру орындарынан тыс жерлерге шығуды ұсыну тәртібі

      74. АҚО шегінен тысқа шығуға рұқсатты сотталғанның жазбаша өтініші негізінде АҚО бастығы береді.

      75. Қысқа мерзімді шығуға рұқсат алуға арналған өтінішке ҚАК-тің 86-бабында көрсетілген айрықша жеке мән-жайлардың болуын растайтын құжаттар қоса беріледі.

      76. Қысқа мерзімді шығуға рұқсат алған сотталғанға осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлік беріледі, оған шығу тәртібі түсіндіріледі. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден жалтарғаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 427-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылық туралы ескертіледі, бұл туралы ол осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

      Жолға шығуға байланысты шығыстарды өз қаражаты есебінен төлеуге сотталғанның жазбаша өтініші негізінде АҚО бухгалтериясы береді.

      77. Жол жүру билетін сотталғанның өзі алады, сотталғанның ақшалай қаражаты болмаған кезде АҚО әкімшілігі оны жол жүру билетімен қамтамасыз етеді.

      78. Белгіленген жерге келгеннен кейін бір тәулік мерзімде сотталған адам ішкі істер органдарының кезекші бөліміне, ал ауылдық жерде - учаскелік полиция инспекторына келеді, келгені туралы белгі қою үшін куәлігін көрсетеді, келу мақсатын, болу мерзімі мен орнын, кету күнін хабарлайды. Қысқа мерзімді шығу аяқталғаннан кейін сотталған сол ішкі істер органында АҚО орналасқан жерге кеткені туралы белгі қою үшін куәлігін көрсетеді. АҚО түнгі уақытта немесе таңертең ерте кеткен кезде белгі кету алдындағы күні қойылады. Келу және кету күні туралы белгілер ішкі істер органының мөрімен куәландырылады.

      79. АҚО-ға қайтып оралғаннан кейін сотталған куәлігі мен жол жүру билетін көрсетеді. Сотталған адамның белгiленген мерзiмде шығуын қиындататын күтпеген мән-жайлар туындаған кезде, сотталғанның келген жеріндегі ішкі істер органы бастығының қаулысы бойынша АҚО оралу мерзімі АҚО әкімшілігіне бұл туралы міндетті түрде жедел хабарлай отырып, 5 тәулікке дейін ұзартылады.

      80. Шығу кезінде сотталған ауырып қалған және емдеуге жату қажет болған жағдайда сотталған немесе оның жұбайы (зайыбы), ата-анасы немесе жақын туыстары сотталған жазасын өтеп жатқан АҚО әкімшілігіне және болған жері бойынша ішкі істер органына бұл туралы сол күні хабарлайды. Мұндай жағдайда сотталған ең жақын денсаулық сақтаудың медициналық ұйымына жіберіледі. Емдеу аяқталған соң және шығарғаннан кейін сотталған жазасын өтеу орнына барады.

      81. Есінің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын, психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адам деп танылған, сондай-ақ туберкулезден, инфекциядан, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығынан (ауруынан) емделудi аяқтамаған сотталғандарға АҚО-дан тыс шығуға рұқсат етілмейді.

17-тарау. Тәртіптік изоляторда қамаққа алуға сотталғандарды ұстау жағдайлары

      82. Тәртіптік изоляторға жабу АҚО бастығының қаулысы және сотталғанның тәртіптік изоляторда болу мүмкіндігі туралы медицина қызметкерінің қорытындысы негізінде жүзеге асырылады

      83. Сотталғандары тәртіптік изоляторда ұстау жалғыз адамдық. Тәртіптік изоляторда сотталғандар жеке жатын орынмен және тек ұйықтар кезде белгіленген уақытқа төсек жабдықтарымен қамтамасыз етіледі. Тәртіптік изоляторда ұстау кезеңінде сотталғандарға хат жазысуға, тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алуға, хаттар, сауқаттар, сәлемдемелер мен бандерольдер алуға, үстел ойындарын, кітаптарды, газеттерді, журналдарды және өзге де әдебиетті пайдалануға жол берілмейді. Сауқаттар, сәлемдемелер мен бандерольдер сотталғандарға тәртіптік изоляторда болу мерзімі аяқталғаннан кейін беріледі.

      Босату медициналық көрсеткіштер бойынша немесе прокурордың талабы бойынша жүргізілетін жағдайларды қоспағанда, сотталғандарды тәртіптік изолятордан мерзімінен бұрын босатуға жол берілмейді.

      84. Тәртіптік изоляторға қамауға алынған сотталғандарға өзімен бірге тамақ өнімдерін, сүлгілерден, сабыннан, тіс ұнтағынан, пастадан, тіс щеткасынан, темекі бұйымдарынан, сіріңкеден басқа жеке заттарын алып жүруге рұқсат етілмейді. Тәртіптік изоляторда ұсталатын сотталғандар тек сейілдеу уақытында ғана темекі шегеді. Сотталғандардың тәртіптік изолятор камераларында темекі шегуіне жол берілмейді. Темекі бұйымдары, оттықтар, сіріңкелер күн тәртібіне сәйкес сотталғандарды сейілдеуге шығару кезінде беріледі және тәртіптік изолятордың сақтау камераларындағы арнайы жабдықталған шкафта (жәшікте) сақталады.

      85. Сотталғандардың тамақ өнімдері қоймаға өткізіледі және жазалау шараларын өтеп болған соң беріледі. АҚО әкімшілігі олардың сақталуына қажетті шаралар қабылдайды, алайда табиғи себептерге байланысты тамақ өнімдері ұзақ сақтау нәтижесінде бұзылса, бұл туралы комиссиялық акт жасалады (ерікті нысанда) және олар жойылады.

      86. Сотталғандарды тәртіптік изоляторға және жалғыз адамдық камераларға қабылдау кезінде толық тінту жүргізіледі, содан соң осы үй жайларға бекітілген киімдерді киеді.

      87. Сотталғандардың тамақтануы тәртіптік изолятордың камераларында жүргізіледі.

      88. Тәртіптік изоляторларда ұсталатын сотталғандарды медициналық тексеру мен амбулаториялық жағдайда медициналық көмек арнайы жабдықталған үй-жайларда жүзеге асырылады. Санитарлық өңдеу басқа сотталғандардан бөлек жүргізіледі.

      89. Тәртіптік изоляторға жабылған сотталғандарға төсек жабдықтары ұйықтау кезінде ғана беріледі.

      90. Тәртіптік изолятор камераларында кезекшілік және жинау әрбір сотталғанға кезекпен жүктеледі. Кезекшінің міндеттерін АҚО әкімшілігі белгілейді.

      91. АҚО бастығы болмаған кезде жасалған қылмыстың немесе режимді қасақана бұзудың жолын кесу мүмкін болмаған жағдайда, сотталғандар бірақ АҚО бастығы келгенге дейін кезекшінің қаулысымен тәртіптік изоляторларға, бірақ 24 сағаттан артық емес орналастырылады. Мұндай изоляция тәртіптік жаза болып табылмайды.

18-тарау. Сотталғанның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету

      92. Сотталғандар мен басқа да адамдардың тарапынан сотталған адамның өміріне, денсаулығына не қадір-қасиетіне қауіп туындағаны туралы сотталған жазбаша немесе ауызша өтініш жасаған кезде АҚО бастығы қатерді жою үшін, оның ішінде сотталғанды қауіпсіз жерге ауыстыру немесе алып жүру арқылы дереу шаралар қабылдайды.

      Сотталған адамның өміріне, денсаулығына не қадір-қасиетіне қауіп туындағаны анықталған кезде оның келісіміне қарамастан АҚО әкімшілігі оны жою бойынша оның ішінде сотталғанды қауіпсіз орынға ауыстыру арқылы дереу шаралар қабылдайды.

      93. Екі және одан да көп сотталған адамға қатер төнгені анықталған кезде АҚО әкімшілігі қатер көзін оның келісіміне қарамастан қауіпсіз орынға ауыстыру жөнінде дереу шаралар қабылдайды.

      94. Сотталған адамды қауіпсіз орынға ауыстыру АҚО бастығының қаулысы бойынша отыз тәулікке дейінгі мерзімге жүргізіледі.

      Бастық болмаған кезде, сотталған адамды қауіпсіз орынға ауыстыру туралы шешімді кезекші ол келгенге дейін қабылдайды, бірақ жиырма төрт сағаттан аспауы тиіс.

      95. Сотталған адамның қауіпсіз орында болуын отыз тәулікке дейінгі мерзімге ұзарту АҚО бастығының прокурормен келісілген қаулысы бойынша жүзеге асырылады.

      96. Қауіп сақталған кезде осы Қағидалардың 93 және 94-тармақтарында көрсетілген жағдайларда АҚО әкімшілігі сотталған адамды жазасын одан әрі өтеуі үшін өзге АҚО-ға жіберу бойынша шаралар қабылдайды.

      97. Қауіпсіз орынға ауыстырылған сотталған адам қауіпсіз орынға ауыстырылғанға дейін өзіне айқындалған ұстау жағдайларында жазасын өтейді.

      98. АҚО бастығы қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешімді қабылдайтын және оларды қылмыстық сот ісін жүргізудің қатысушысы болып табылатын сотталған адамға қатысты жүзеге асыратын органдарға жәрдем көрсетеді.

19-тарау. Материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету

      99. Сотталғандар заттай нормаларға сәйкес төсек және төсек-орын жабдықтарымен қамтамасыз етіледі.

      100. Сотталғандарға апта сайын ауыстырылатын төсек жабдықтары беріледі, сондай-ақ апта сайын сотталғандарға ұзақтығы 30 минут моншада жуыну мүмкiндiгі берiледi.

      101. Сотталғандардың қырынатын құралдарын сақтау мен есепке алуды АҚО әкімшілігі жүзеге асырады, оларды сотталғандарға беру күн тәртібінде белгіленген уақытта жүргізіледі.

      102. Үстел ойындары бiр камераға бiр жинақ есебінен берiледi.

      103. АҚО кiтапханасынан газеттер олардың келiп түсуіне қарай бiр камераға бiр газеттен берiледi. АҚО-ның кiтапханасынан кiтаптар мен журналдарды айырбастау аптасына бiр рет жүргiзiледi.

      104. Тамақ өнімдерін, бірінші кезекте қажетті заттар мен өнеркәсіп тауарларын сатып алғысы келетін адамдар АҚО бастығының атына осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім жазады.

      АҚО дүкенінің қызметкері қаржылық қамтамасыз ету қызметінде тауарларды сатып алуға ниет білдірген сотталғандардың жеке шоттарында ақшаның болуын тексереді. Сатып алынған тауарлар камералар бойынша таратылып, қолхатпен тапсырылады.

      105. Жұмыс күні аяқталғаннан кейін дүкен қызметкері аванстық есеп жасайды және өтініммен қоса оны жеке шоттардан ақшаны есептен шығару үшін қаржылық қамтамасыз ету қызметіне тапсырады.

      Тамақ өнімдерін және бірінші кезекте қажет заттарды алуға арналған өтінімнің және қолхаттың негізінде олардың бағасы сотталғандардың жеке шоттарынан шегеріледі.

      АҚО әкімшілігі сотталғандардың тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажет заттарды сатып алуға жұмсаған ақшаның саны туралы жеке ісіне белгі қояды.

20-тарау. Сотталғандарға сауқаттар, сәлемдемелер мен бандерольдар қабылдау және беру тәртібі

      106. Сотталғандарға жолданған сауқаттар, сәлемдемелер мен бандерольдерді қабылдау АҚО үй-жайында жүзеге асырылады.

      107. Сотталғандарға ҚАК-тің 86-бабына сәйкес айына бір рет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14370 болып тіркелген) Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында (бұдан әрі - Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидалары) көзделген нормалардан аспауға тиіс, бірінші кезекте қажетті заттар мен маусым бойынша киімдері бар сауқаттар, сәлемдемелер, бандерольдер алуға рұқсат етіледі. Сәлемдемелер келушілердің кезектілік тәртібімен қабылданады. Тізбе сәлемдемелерді қабылдауға арналған үй-жайда мемлекеттік және ресми қолданылатын орыс тілдерінде ілінеді.

      108. Сәлемдемені жеткізген адам осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада өтінімді толтырады және оған қол қояды. Өтінімнің екі данасы, сәлемдеме, сәлемдемені жеткізген адамның жеке басын куәландыратын құжат АҚО қызметкеріне беріледі. Жеке басты куәландыратын құжат сәлемдеменің ішіндегісін салыстырып тексергеннен кейін қайтарылады.

      109. Сауқат пен сәлемдеменің ішіндегілерінің бар-жоғын, салмағын салыстыру мен тексеру осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес тамақ және заттай сауқаттар мен сәлемдемелерді тексеру тәртібіне сәйкес өнім берушінің қатысуымен жүзеге асырылады. Сауқаттар мен сәлемдемелердің ішіне салынатын заттардың тізбесі мен салмағы тексеріледі және өтініште белгіленеді. Жеке басын куәландыратын құжат сауқат пен сәлемдемені салыстырып тексеру не ішіндегілерді тексеру аяқталған соң қайтарылады.

      110. Сәлемдемені қабылдаған соң АҚО қызметкері келушілерге жеке құжаттарын және өтінімнің бірінші данасын қабылдап алғаны туралы қолхатпен қайтарады, ал екінші данасын сотталған сәлемдемені қабылдап, қол қойған соң оның жеке ісіне тігеді. Анықтама карточкасында осы адамға сәлемдемені қабылдағаны туралы белгі қойылады. Сотталған өтінімге қол қоюдан бас тартқан кезде онда бұл туралы тиісті белгі қойылады.

      111. Сәлемдемелер мынадай:

      1) адресат босатылған;

      2) сотталған қайтыс болған;

      3) сәлемдеменің салмағы Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында көзделген норма бойынша сәйкес келмеген;

      4) сәлемдемені жеткізуші адам жеке басын куәландыратын құжатты көрсетпеген;

      5) сәлемдемелерді қабылдауға өтінім дұрыс ресімделмеген;

      6) сотталғанның өзіне жолданған сәлемдемені қабылдаудан жазбаша бас тартуы болған жағдайларда қабылданбайды немесе келушіге қайтарылады.

      112. АҚО-да орналасқан медициналық ұйымда немесе денсаулық сақтаудың медициналық ұйымында емдеу курсынан өткен адамдарға жолданған сәлемдемелердің ішіндегісін қабылдау кезінде емдеуші дәрігерлердің ұсынымдары ескеріледі.

      113. Сауқаттардың ішіндегісін ашқаннан және салыстырғаннан кейін тізімдеме екі данада жасалады, онда:

      1) заттар мен өнімдердің атауы мен тізбесі;

      2) олардың сыртқы белгілері;

      3) сапасы, ішіндегісінен нақты алынған немесе сақтауға тапсырылғаны көрсетіледі.

      Сақтауға рұқсат етілген заттар, заттектер мен тамақ өнімдері сотталғанға тізімдемеге қол қойғызып беріледі, оның бірінші данасы оның жеке ісіне, ал екіншісі номенклатуралық іске тігіледі.

      114. Сотталғандардың сақтауына және пайдалануына тыйым салынған сәлемдемелерден табылған заттар, заттектер мен тамақ өнімдері қайтару себептерін көрсете отырып, беруді жеткізген адамға қайтарылады. Тыйым салынған заттарды, бұйымдарды және нәрселерді, онын ішінде ақша мен бағалы заттарды табудың әрбір жағдайы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылады, бұл ретте ақша және бағалы заттар сот шешімі бойынша мемлекет кірісіне алынады.

      115. Сауқаттар мен бандерольдер жөнелтушілерге осы Қағидалардың 111-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда "қайтарылуы тиіс" деген белгісі бар төлеммен пошта арқылы қайтарылады.

      116. Тәртіптік изоляторға қамауға алынған адамдардың атына келіп түскен сауқаттар, сәлемдемелер және бандерольдер сақтау үшін қоймаға тапсырылады және сотталғандарға олардың тәртіптік изоляторда болу мерзімі аяқталғаннан кейін тапсырылады.

      117. Сотталғандардың туыстарына АҚО қаржылық қамтамасыз ету қызметі арқылы кейіннен сотталғандарға тапсыру үшін АҚО дүкенінде сатылатын тамақ өнімдерінің, бірінші кезекте қажетті заттардың және басқа да өнеркәсіп тауарларының құнын төлеуге мүмкіндік беріледі.

      Бұл жағдайда туысы немесе өзге тұлға АҚО қаржылық қамтамасыз ету қызметіне екі данада (еркін нысанда) өтінім береді, онда ол құнын төлегісі келетін тамақ өнімдерінің және басқа да тауарлардың саны мен салмағы көрсетіледі және қажетті соманы енгізеді. Сотталған сатып алынған тауарды алғаннан кейін өтінімнің бірінші данасы оның қолымен тауардың құнын төлеген адамға қайтарылады, ал екінші данасы жеке іске тігіледі. Анықтамалық картотекаға тиісті белгі қойылады.

      118. АҚО әкімшілігі сауқаттардың, сәлемдемелер мен бандерольдардың ішіндегілердің сақталуын қамтамасыз етеді, бірақ бұл заттардың ұзақ сақталуы нәтижесінде табиғи бұзылуына және тексеру кезінде тауарлық түрінің жоғалуына жауап бермейді.

      119. Сауқат, сәлемдеме және бандероль қабылданғаннан кейін сотталғанға бір тәуліктен кешіктірілмей, ал сотталған қысқа мерзімді демалысқа, емделуге жатуға не тәртіптік изоляторға жабылған кезде, ол қайтып келген соң не жазалау шараларын өтеп болған соң табысталады.

      120. Сауқаттарды, бандерольдерді және хат-хабарларды жеткізуге жауапты АҚО қызметкері оларды пошта бөлімшесінен алған кезде қаптамалардың, тапсырыс хаттарының конверттерінің бүтіндігін мұқият тексереді. Зақымдану анықталған жағдайда, екі данада акт жасайды, онда бүліну сипаты көрсетіледі және пошта бөлімшесінің қызметкері қол қояды. Бір данасын пошта бөлімшесінде қалдырады, екіншісін жинақтауыш папкаға тігеді.

21-тарау. Сотталғандарды медициналық-санитариялық қамтамасыз ету тәртібі

      121. АҚО-да орналасқан медициналық ұйымда сотталғандарды қабылдау АҚО-да орналасқан медициналық ұйымның жұмыс режимiне сәйкес алдын-ала жазба бойынша және медициналық көрсеткіштер бойынша жүргiзiледi. Шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған кезде қабылдау кестеден тыс және кез келген уақытта жүзеге асырылады, сондай-ақ шұғыл жағдайларда сотталғандар денсаулық сақтаудың медициналық ұйымына жіберіледі.

      122. Сотталғанның туысқандарынан алынған дәрілік заттарды қабылдау қатаң медициналық көрсеткiштер бойынша және тек АҚО-да орналасқан медициналық ұйымның медицина қызметкерлерінің қатаң бақылауымен жүзеге асырылады және АҚО-да орналасқан медициналық ұйымда сақталады.

      123. Үздіксіз ем қабылдауды қажет ететін аурумен науқастанған сотталғандар тағайындалатын дәрілік заттардың тәуліктік нормасын өзінде сақтай алады.

      124. АҚО медициналық комиссиясының шешімі бойынша туберкулезбен ауыратын немесе жыныстық жолмен берілетін жұқпалы немесе тері-жұқпалы ауруларға қарсы толық емдеу курсынан өтпеген сотталғандарды, сондай-ақ жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен ауыратын сотталғандарды емдеу "Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ-61 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28669 болып тіркелген) және "Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ-60 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28668 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.

      125. Сотталғандар өздерінің қалаулары бойынша бар ауруына сәйкес медициналық ұйым көрсететін ақылы, қосымша медициналық қызмет алады.

      Бұл үшін сотталған АҚО бастығына тиісті өтініммен жүгінеді, онда ол алғысы келген қосымша медициналық қызметтің түрін көрсетеді.

      Медицина қызметкері АҚО-ға келген кезде сотталғанның сырқатының тиісті бейінін емдеуге медициналық қызметпен айналысуға құқығын растайтын құжатты көрсетеді.

      Қосымша медициналық қызметтің түрі және оның көлемі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) медициналық есепке алу құжаттамасының нысанына сәйкес сотталғанның медициналық картасында тіркеледі.

      Қосымша медициналық қызметті төлеуді сотталғанның жеке есеп шотынан ақшаны сотталғанның өтінімінде көрсетілген сомада медициналық ұйымның не медицина қызметкерінің мекенжайына пошта арқылы аудару жолымен АҚО әкімшілігі жүзеге асырады.

      Сондай-ақ сотталғандардың қосымша медициналық қызметке төлемін олардың туыстары жүзеге асырады.

22-тарау. АҚО-да қайтыс болған сотталғандардың денесін беру тәртібі

      126. Сотталғанның қайтыс болғаны туралы АҚО әкімшілігі оның жақын туыстарына, осы факті бойынша тексеру жүргізетін прокурорға, сондай-ақ басқарманың жоғары тұрған органына дереу жазбаша нысанда хабарлайды.

      Егер қайтыс болған адамның туыстары АҚО орналасқан елді мекенде тұрмайтын болса, хабарлама пошта арқылы жіберіледі.

      Шетел азаматтардың қайтыс болғаны туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Сыртқы істер министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің басшылығына дереу хабарланады. Бұдан басқа қамауда ұстау орындарында заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыратын прокурорға, сондай-ақ қайтыс болған адам азаматты болып табылатын мемлекеттің елшілігіне немесе өзге де өкілдігіне жазбаша хабарланады.

      127. Қайтыс болған адамның мәйіті патологиялық-анатомиялық зерттеуден, сондай-ақ "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 131-бабында көзделген іс-әрекеттер жүргізілгеннен кейін оны сұраған адамдарға беріледі. Мәйіті сұралмаған қайтыс болған адамды жерлеу мемлекет есебінен жүзеге асырылады.

      128. Қайтыс болған адамның туыстарына қайтыс болғаны туралы куәлікті алу тәртібі түсіндіріледі. Жерлеу жабдықтарымен денені сұраған адамдар қамтамасыз етеді. Жерлеу оның есебінен жүзеге асырылады.

      129. Егер қайтыс болған адамның туыстары немесе өзге адамдар денені алып кетуге уақтылы келе алмайтын болса, олар ол туралы хабарлауы және оны белгіленген мерзімнен артық сақтағаны үшін құнын төлейді.

  Қамаққа алу түріндегі жазаны
  орындауды жүзеге асыратын
  арнаулы мекемелердің қызметі
  мен ішкі тәртіптемесін
  ұйымдастыру қағидаларына
  1-қосымша

      нысан

                              АКТ

      20___ж. "___"____________ ___________ (аудан, қала, облысы) бойынша
арнаулы қабылдау орны
Бiз төменде қол қойғандар _______________________________________
(лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
_______________________________________________________________
Сотталған ___________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған жылы, бабы, мерзімі)
_______________________________________________________________
___________________ (аудан, қала, облысы) бойынша арнаулы қабылдау орнына
_______________________________________________________________
(сотталғанның фотосуретінің, сауалнама деректерінің, жеке басын
_______________________________________________________________
растайтын құжаттардың сәйкес келмейтінін көрсету)
______________________________ қабылдау кезінде осы актіні жасадық.
_______________________________________________________________
            (лауазымы, атағы)             (лауазымы, атағы)
________________________ ______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Ескерту: акт үш дана жасалады, бірінші данасы сотталғанға үкім шығарған сотқа, екінші
данасы____________ облысы бойынша ПД-не жолданады, үшінші данасы сотталғанның
жеке ісіне тігіледі.

  Қамаққа алу түріндегі жазаны
орындауды жүзеге асыратын
арнаулы мекемелердің қызметі
мен ішкі тәртіптемесін
ұйымдастыру қағидаларына
2-қосымша

Сотталғандарға өздерiмен бiрге алып жүруге, сауқаттармен, сәлемдемелермен, бандерольдермен алуға және арнаулы қабылдау орны дүкендерiнен сатып алуға рұқсат етiлетiн заттар мен бұйымдардың тізбесі

      1. Сотталғандар өздерімен бірге сақтай, сауқаттардан, сәлемдемелерден ала және АҚО дүкендерінен сатып ала алады:

      1) жылытуды талап ететін және сақтау мерзімі өткен тез бұзылатын тамақ өнімдерінен, сондай-ақ ашытқы, алкоголь ішімдіктер мен сырадан басқа тамақ өнімдерін. Тамақ өнімдерінің тізбесі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың уәкілетті органының нұсқамасы бойынша шектеледі. Күдікті мен айыпталушының өзімен бірге сақталуына болатын тамақ өнімдерінің, бірінші кезекте қажет заттардың, аяқ киімдердің, киімдердің және басқа өндірістік тауарлардың жалпы салмағы 35 килограмнан, оның ішінде кофе мен шай 2 килограмнан аспауы тиіс;

      2) Темекi бұйымдары (табак 2 килограмнан, сигарет немесе папирос 20 қораптан аспауы тиіс), сiрiңкелер;

      3) бір жиынтықта белбеусіз киім (бір түсті қара, қою көк, қою қоңыр, қою жасыл немесе сұр түсті), иық бау, галстук, сондай-ақ бас киім, маусым бойынша аяқ киім (ұлтарақсыз, метал нәлсіз);

      4) бір жиынтықта спорттық костюмдер немесе әйелдер үшін үй халатары;

      5) іш киiм;

      6) шұлық;

      7) шұлық немесе шұлықдамбал (әйелдер үшін);

      8) қолғап немесе биалай;

      9) бет орамалдар;

      10) үйге киетiн немесе спорттық аяқ киiм (бір жұбын);

      11) тазалық жабдықтары (иiс, шаруашылық сабындары, сұйық сабын немесе шампунь (АҚО-да орналасқан медициналық ұйым дәрігерінің тағайындауы бойынша), тіс пастасы, тіс щеткасы, сабын мен тіс щеткасына арналған пластмасса құты, кремдер, тарақ);

      12) қалта айна (камерада айна болмаған кезде), электрлiк немесе болмаса біржолғы қауiпсiз ұстара;

      13) зат салатын қап немесе сөмке;

      14) көзілдірік және көзілдірікке арналған пластмасса қап;

      15) үш бұрышты орамал, рейтуздар, белдіктер, бюстгальтерлер, дәкі, шаш қыстырғыш, гигиеналық мақта, косметикалық бұйымдар (әйелдерге арналған);

      16) балдақ, ағаш қолтаяқ, протездер, мүгедектер коляскалары, оправасы қымбат емес темірден жасалған көзілдіріктер, көзге салынатын линзалары және оларды күтіп-баптау құралдары (дәрігердің рұқсаты бойынша);

      17) зауытта жасалған тұрмыстық электрлі су қайнатқыш;

      18) жөке немесе ысқыш;

      19) шарикті қаламсап, оған өзектер, қарындаштар;

      20) хат жазатын қағаз, оқушы дәптерi, пошта конверттері, ашық хат, пошта маркасы;

      21) АҚО-ның дүкенінен (ларектан) сатып алынған дәретхана қағазы;

      22) бір жинақта төсек жабдықтары бір қалыпты ақ түсті (екі жайма және жастық қап), сүлгі;

      23) көркем және өзге де әдебиеттер, сондай-ақ АҚО кітапханасынан не оның өзге де әкімшілігі арқылы сауда желісінде алынған мерзімді баспа басылымдары;

      24) фотосурет - екіден көп емес;

      25) үстел ойындары (дойбы, шахматтар, домино, нардылар);

      26) балаларды күтуге арналған заттар (дәрігердің рұқсатымен үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге);

      27) АҚО-да орналасқан медициналық ұйым дәрігерлерінің тағайындауы бойынша дәрілік заттар.

      2. Санамаланған құжаттардан басқа, күдіктілер мен айыпталушыларға қылмыстық іске қатысты не олардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру мәселелеріне қатысты құжаттар мен жазбаларды, сондай-ақ пошта жөнелтілімдерінің бланкілерін, сақтауға тапсырылған ақшаға, құндылықтарға, құжаттарға және басқа да заттарға арналған түбіртектерді өзімен бірге ұстауға және сақтауға рұқсат етіледі.

      3. Осы Қағидаларда көзделмеген бұйымдар мен заттар тыйым салынған болып табылады.

  Қамаққа алу түріндегі жазаны
орындауды жүзеге асыратын
арнаулы мекемелердің қызметі
мен ішкі тәртіптемесін
ұйымдастыру қағидаларына
3-қосымша

      нысан

                  Қамаққа алуға сотталғанды жеке тінту хаттамасы

      _______________________________________________________________
                  (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
_____ жылы туған арнаулы қабылдау орнына 20 ___ жылдың "__" ___ жеткізілген
Тінту кезінде барлық жеке заттары қаралды. Бұл ретте:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_________________________________________________________алынды
Тінту бойынша өтініштер мен наразылықтар ________________________
_______________________________________________________________
(егер түссе оның мәні қысқаша мазмұндалсын, ал егер түспесе –
_______________________________________________________________
"Түскен жоқ" деп көрсетілсін)
Тінту кезінде алынғандар хаттамаға толығымен енгізілсін. Жазбаның дұрыстығын растаймын
_______________________________________________________________
      (қамаққа алуға сотталған адамның қолы)
Тінтуді жүргізді: ________________________________________________
(тінту жүргізген адамдардың лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
____________________________________________________________________
20___жылғы "__" __________
_______________________________________________________________
                  (тінтуді жүргізген адамдардың қолы)
      Ескертпе: хаттама екі данада жасалады, бірінші данасы сотталғанның жеке
ісіне тігіледі, екінші данасы қамаққа алуға сотталғанға беріледі.

  Қамаққа алу түріндегі жазаны
орындауды жүзеге асыратын
арнаулы мекемелердің қызметі
мен ішкі тәртіптемесін
ұйымдастыру қағидаларына
4-қосымша

      нысан

                                    Акт

      Бiз төменде қол қойғандар комиссия құрамында ______________________
(лауазымы, атағы, тегi, аты-жөнi, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
сотталғаннан __________________________________________________
(сақтауға алдық) алып қойдық (тегi, аты-жөнi, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
(______) ________________ ақша, бағалы
_______________________________ азық-түлiктер ҚАК 98-бабына сәйкес
санамаланып көрсетіледі.
Барлығы берiлгенi: _______ бағалы заттардың атауы, ______ ақша,
Азық-түлiктiң, заттардың атауы __________________________________
                                    (саны)
бердiм: _____________ (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) қолы)
Қабылдадым: _______ (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) қолы)
Қатысқандар: _______ (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) қолы)
20___ жылғы "___" ________

  Қамаққа алу түріндегі жазаны
орындауды жүзеге асыратын
арнаулы мекемелердің қызметі
мен ішкі тәртіптемесін
ұйымдастыру қағидаларына
5-қосымша

      нысан

      Сотталғандардан алынған ақша мен құндылықтарды, есепке алу журналы

      _______________________________________________ (мекеме атауы) 20__ жылғы

      _____________басталды 20__ жылғы _____________ аяқталды

№ р/с

Ақша (құндылық) алынған сотталғанның тегі, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) және оларды алудың мән-жайы

Алынды: ақша (сомасы жазумен және валюта атауы), құндылық (сипаты)

Алу күні

Ақша (құндылық) алған адамның лауазымы, тегі, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)

Кезекшінің ақшаны (құндылықты және алу туралы кесім) қабылдаған күні, қолы

Ақшаны (құндылықты) АҚО бухгалтериясына өткізу күні және түбіртек нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

      Кестенің жалғасы

Алу туралы актіні және тапсырылған ақшаға (құндылыққа) түбіртекті алған күні және жұмыскердің қолы

Сотталғанның жеке шотына аударылды

АҚО шотына аударылды

Тергеу нәтижелері бойынша шешім

8

9

      Ескертпе:

      1. Журналда сотталғандардан алынған, сондай-ақ АҚО аумағынан қызметкерлер тапқан ақша мен құндылықтар есепке алынады;

      2. АҚОБКК журналдың уақтында толтырылуы бойынша бақылау жүргізуді қадағалайды.

  Қамаққа алу түріндегі жазаны
орындауды жүзеге асыратын
арнаулы мекемелердің қызметі
мен ішкі тәртіптемесін
ұйымдастыру қағидаларына
6-қосымша

Қамаққа алуға сотталғандардың үлгі күн тәртібі

      1. Ұйқыдан тұру – таңғы сағат 7-ден кешікпей.

      2. Дене жаттығу (ерікті түрде) – 15 минутқа дейін.

      3. Дәретхана, төсекті жинау – 20 минутқа дейін.

      4. Таңғы және кешкі тексеру – 40 минутқа дейін.

      5. Таңғы ас – 30 минутқа дейін.

      6. Сейілдеу, медициналық рәсімдерге шығару – 1,5 сағатқа дейін (тұске дейін).

      7. Түскі асқа ұзіліс – 1 сағатқа дейін.

      8. Сейілдеу, медициналық рәсімдерге шығару – 1,5 сағатқа дейін (түстен кейін).

      9. Жуыну – 2 сағатқа дейін.

      10. Кешкі ас – 30 минутқа дейін.

      11. Жеке уақыты – күн тәртібінде көрсетілмеген іс-шаралардан бос уақытта.

      12. Ұйқыға дайындық – 15 минутқа дейін.

      13. Ұйықтау (үздіксіз) – 8 сағат.

      Ескертпе:

      1. Күн тәртібі жергілікті жағдайларға, жарық күнінің ұзақтығына, жыл уақытына қарай әрбір АҚО-да жасалады.

      2. Карантин бөлімшесінде, тәртіптік изоляторда ұсталатын қамаққа алуға сотталғандардың күн тәртібі жеке белгіленеді.

  Қамаққа алу түріндегі жазаны
орындауды жүзеге асыратын
арнаулы мекемелердің қызметі
мен ішкі тәртіптемесін
ұйымдастыру қағидаларына
7-қосымша

      нысан

      Бекiтемiн

Арнаулы қабылдау орнының бастығы

      __________________________________________________

      (атағы, қолы, тегі, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)

      20 __ жылғы "__" __.

Камера бойынша орналастыру жоспары

Бөлек ұсталады

Камера №

Камерадағы орын саны

Ескерту

1

2

3

4

      1. Сотталған ер адамдар:

      1) бірінші рет сотталғандар;

      2) бұрын бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтегендер (қылмыс құрамына қарамастан) және сотты болғандар;

      3) сотталғандар сот, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың бұрынғы қызметкерлері, сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдар

      2. Сотталған әйелдер:

      1) бірінші рет сотталғандар;

      2) бұрын бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтегендер (қылмыс құрамына қарамастан) және сотты болғандар;

      3) сотталғандар сот, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың бұрынғы қызметкерлері, сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдар.

      3. Тәртіптік изоляторларда ұсталатын сотталғандар.

      4. АҚО-да орналасқан медициналық ұйымда жатқан науқас сотталғандар.

      5. Жиынтық бөлімше камераларында ұсталатын сотталғандар.

      Ескертпе: Камера бойынша орналастыру жоспары кезекші бөлімінде, арнаулы қабылдау орны бастығының кабинетінде, жедел бөлімде, арнайы есепке алу, сондай-ақ, режим және күзет бөлiмдерiнде болуы тиiс.

      Арнаулы қабылдау орнының бастығы

      ___________________________________________

      (атағы, қолы, тегі, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)

  Қамаққа алу түріндегі жазаны
орындауды жүзеге асыратын
арнаулы мекемелердің қызметі
мен ішкі тәртіптемесін
ұйымдастыру қағидаларына
8-қосымша

      нысан

      20___ жылғы "___"______________
      Сотталғанды жалғыз адамдық камераға ауыстыру туралы қаулы
Сотталған___________________________________________________________
                  (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
____________________________________________________________________
                        (жалғыз камерада ұстауға негіз болған
____________________________________________________________________
                              мән-жайлары көрсетіледі)
_______________________________________________________________
                                    Қаулы етті:
Сотталған ______________________________________________________________
                  (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
одан әрі бір адамдық камераға ауыстырылсын.
арнаулы қабылдау орнының бастығы
_______________________________________
(атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
20___жылғы "___" ___________

  Қамаққа алу түріндегі жазаны
орындауды жүзеге асыратын
арнаулы мекемелердің қызметі
мен ішкі тәртіптемесін
ұйымдастыру қағидаларына
9-қосымша

      нысан

Камералық карточка

      № ____ жеке іс
№ _____ оқшаулау тізімі
Бұрын бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеген бе
1. Тегі __________________________________ (иә, жоқ)
2. Аты ______________________________________________
3. Әкесінің аты (ол болған жағдайда)____________________
4. Туған жылы ______________________ (Ауыстырылуы туралы мәлімет)
5. ҚК-нің ___ бабы бойынша ___ тартылған камераның № ___
Күні ________ Қолы ________
6. Бұрын ________ рет __________________________ баптары бойынша
________________________________ сотталған
7. АҚО келген күні _____________________________________________
8. "__" ____ 20__жылы _____ мерзімге сотталған
____________________________________________________________________
9. Сотпен анықталған колонияның ______________ түрі
___________________________________________________________________
10. Қабылдау кезінде жеке тінтуді ____________ жүргізді
________________________________________________________________
(Тінтуді жүргізген қызметкердің ______________________________
(тегі, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) ___________________________
(қолы) № __________ камераға орналастырылсын ______________________
                                          (нұсқау берген адамның қолы)
Сақтауға өткізілген заттарға (бағалы заттарға)
№ _________________ түбіртек берілген
Қашан және қайда кетті ______________

      Қамаққа алуға сотталған адамда келіптүскен кезде өзімен бірге болған және сәлем-сауқаттармен және сәлемдемелермен алған, камерада сақтауға рұқсат етілген жеке заттарының тізімі.

Атауы

Сипаты

Туыстарының сәлемдемелерімен келген заттар

Жеке тінтуді жүргізді (қолы, күні)

1. Пальто



(күні)

2. Пиджак



(күні)

3. Етіктер



(күні)

      20__ жылғы "__" _______

      Көрсетілген заттардан басқа заттар менде _______________________________жоқ (қамауға алынғанның қолы) АҚО қамаққа алынған адамға пайдалануға берілген заттарының тізбесі

№ р/с

Заттардың атауы

Саны

Берілген күні

Корпус бойынша аға қызметкер

1.

Матрац




2.

Жастық




3.

Көрпе




және т.б.





      Көтермелеулер Жазалаулар

  Қамаққа алу түріндегі жазаны
орындауды жүзеге асыратын
арнаулы мекемелердің қызметі
мен ішкі тәртіптемесін
ұйымдастыру қағидаларына
10-қосымша

      нысан

      Сотталғандарды және өзге адамдарды жеке мәселелері бойынша қабылдау журналы

      ____________________________________________________________________

      (қабылдауды жүзеге асырушы лауазымды адамның лауазымы, атағы және тегі, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)

  ____________________басталды
  ____________________аяқталды

Қабылдау күні

Қабылдауға келген адамның тегі, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)

Қойылған мәселелердің мазмұны

Қабылданған шешім

Орындалғандығы туралы белгі

1

2

3

4

5






      Ескертпе:

      Журнал екі бөлімнен тұрады, нөмірленген, бауланған, мөрленген және арнаулы қабылдау кеңсе қызметкерінің қол қоюымен куәландырған болуы тиіс.

  Қамаққа алу түріндегі жазаны
орындауды жүзеге асыратын
арнаулы мекемелердің қызметі
мен ішкі тәртіптемесін
ұйымдастыру қағидаларына
11-қосымша

      нысан

                  Сотталғанға жазалау қолдану туралы ҚАУЛЫ

      Сотталған____________________________________________________________
                  (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) туған жылы)
____________________________________________________________________
                        (тәртіп бұзушылықтың мәні жазылады)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
арқылы жаза өтеу режимін бұзды.
Сотталған __________________ жазбаша түсініктемесін және басқа да тексеру
материалдарын қарап, ҚАК-нің 133-бабын басшылыққа алып,
                                    ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Сотталған____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) жазасын өтеу режимін бұзғаны үшін
___________________________________ тағайындалсын.
(жазаның түрі көрсетіледі)
арнаулы қабылдау орнының бастығы
_______________________________________________________________
(атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
20____жыл "___" ___________
Қаулы маған хабарланды _____________________________________
                              (сотталғанның қолы және күні)

  Қамаққа алу түріндегі жазаны
орындауды жүзеге асыратын
арнаулы мекемелердің қызметі
мен ішкі тәртіптемесін
ұйымдастыру қағидаларына
12-қосымша

      нысан

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (аумақтық органның атауы) Қамаққа алу түріндегі жазаға сотталғандардың жазаларын есепке алу журналы

  20___ж. "_____" _____басталды
  20___ж. "_____" _____аяқталды

      Сақтау мерзімі ______________

р/с №

Салынған жазаның күні

Сотталғанның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Сотталғанның жеке ісінің нөмірі

Не үшін жазаланды

Жазалау түрі

Арнаулы қабылдау орыны бастығының қолы

1

2

3

4

5

6

7

  Қамаққа алу түріндегі жазаны
орындауды жүзеге асыратын
арнаулы мекемелердің қызметі
мен ішкі тәртіптемесін
ұйымдастыру қағидаларына
13-қосымша

      нысан

                              №__ куәлік

      ҚК-нің__бабы бойынша _______жылы __________ туған сотталған
_________________________________________________________берілді.
(сотталғанның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мерзімінің басталуы____, мерзімінің аяқталуы _______, оған __________
_______________________________________________________________
(ҚАК-нің 86-бабына сәйкес шығудың негіздемесін көрсету) байланысты
АҚО-дан қысқа мерзімді шығуға рұқсат етілді ______________________
                                                (бару орны)
______________________ тәулікке, оның ішінде ____ тәулік жолға кетеді.
20__ жылғы ___________ ол __________________ мекенжайы бойынша
телефон, факс _________________ арнаулы қабылдау
орнындағы__________________________жазасын өтеу орнына келуге міндетті.
Фотосурет орны
Арнаулы қабылдау орнының бастығы
________________________________________
(тегі, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
__________________
      (қолы)
Сотталғанның келгені туралы ішкі істер органы бастығының белгі жасауы
елтаңбалы мөр орны
Келді _________________________
      (күні, қолы, елтаңбалы мөр)
Сотталғанның қол қоятын орны ____________
Кетті__________________________
      (күні, қолы, елтаңбалы мөр)
                                    №__ куәлік түбіртегі
бастығының 20__ жылғы_______ №_
__________________________________ бұйрығы негізінде сотталған
_______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған жылы, ҚК бабы,
мерзімі_______________________ мерзімінің басталуы мен аяқталуы)
_______________________________________________________________
____________________________________________________ байланысты
(ҚАК-тің 86-бабына сәйкес шығудың негіздемесін көрсету)
_______________ АҚО-дан қысқа мерзімді шығуға рұқсат етіледі (бару орны)
Ұзақтығы ___ тәулік, оның ішінде ___ тәулік жолға кетеді.
Куәлік 20 __ жылы "__" ____________ берілді
_______________________________________________________________
                  (сотталғанның қолы)
20__ жылы _________ кетті.
20__жылы ________ келді.
Арнайы есепке алу бөлімінің бастығы _________________________
                        (тегі, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
                                    _____________________ (қолы)

  Қамаққа алу түріндегі жазаны
орындауды жүзеге асыратын
арнаулы мекемелердің қызметі
мен ішкі тәртіптемесін
ұйымдастыру қағидаларына
14-қосымша

      нысан

                                    Қолхат

      Мен, сотталған _____________________________________________
_______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
      Маған арнаулы қабылдау орнының шегінен тыс жерге қысқа мерзімді шығуға бару
тәртібінің түсіндірілгені туралы осы қолхатты беремін. Маған ҚК-нің 427-бабы бойынша
жазаны өтеуден жалтарған жағдайда жауапкершілікте болатыным ескертілді.
20__жылғы ____________ ______________
                  (сотталғанның қолы)
      Қолхатты алдым _____________________________________
      (лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
__________________ (қолы)

  Қамаққа алу түріндегі жазаны
орындауды жүзеге асыратын
арнаулы мекемелердің қызметі
мен ішкі тәртіптемесін
ұйымдастыру қағидаларына
15-қосымша

      нысан

      Жеке есеп шотта _____ теңге ___ тиын бар. № ___ түбіртек

      Бухгалтер ________________ Сотталған _______________

      20_____ж "___" ______________

Өтінім

Маған мынадай тауарларды сатып алуға рұқсат беруіңізді сұраймын:

№ №

Тауардың атауы

Саны

Босатылған сома

Сомасы

1

2

3

4

5

  Жиыны:
  _______________________
  ______________________
  (сотталғанның қолы)

      Қолхат___________________________________ сомаға тауар алдым.
                              (жазумен)

      Осы соманы менің жеке есеп шотымнан шегеруді сұраймын.
________________________
      (Сотталғанның қолы)

                                          20___ жылғы ________________

  Қамаққа алу түріндегі жазаны
орындауды жүзеге асыратын
арнаулы мекемелердің қызметі
мен ішкі тәртіптемесін
ұйымдастыру қағидаларына
16-қосымша

      нысан

                                    Өтінім

      _____________________________________________мекенжайында
            (тұрғылықты мекенжайы)
тұратын азаматтан __________________________________________
                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Сотталған ___________________________________________________________
            (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), туған жылы)
сәлемдеме қабылдауыңызды сұраймын.
Сәлемдемедегі тамақ өнімдерінің (заттардың) тізілімі:

№ р/с

тамақ өнімдері мен заттардың атауы

Салмағы (килограммен, граммен)

Саны

Ескерту






  Өтініш берушінің қолы
20 ___ жылғы
"___" ______________

      Сәлемдемені қабылдаған ________________________________________
                        (сауқатты қабылдаған қызметкердің қолы)
Сәлемдемені алған _____________________________________________
                        (сауқатты алған сотталғанның қолы)
20 ___ жылғы "___" ______________

  Қамаққа алу түріндегі жазаны
орындауды жүзеге асыратын
арнаулы мекемелердің қызметі
мен ішкі тәртіптемесін
ұйымдастыру қағидаларына
17-қосымша

Заттай және тамақ өнімдері бар сәлемдемелер мен сауқаттарды тексеру

      1. Нан өнімдері (бөлкелер, батондар және соған ұқсар) екі, үш бөлікке бөлінеді.

      2. Сұйық өнімдер АҚО-ның ыдыстарына құйылады.

      3. Консервілер ашылады және басқа ыдыстарға құйылады.

      4. Майшабақ екі, үш бөлікке бөлінеді.

      5. Шұжық өнімдері бірнеше бөлікке бөлінеді.

      6. Сусымалы заттар (қант, махорка) шашылады.

      7. Кәмпиттер орамасыз қабылданады.

      8. Хат-хабар мен тыйым салынған заттар жасыруға мүмкін тамақ өнімдерінің барлығы осы тәртіппен тексерілуі тиіс.Тексеру тамақ өнімдерінің сапасы бұзылмайтындай етіп жүргізіледі.

      9. Нәрселер мен заттар да мұқият тексерілуі тиіс. Қажет болған жағдайда іздеу құралдары пайдаланылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады