"Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 187 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 417 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 қыркүйекте № 36990 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 187 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20338 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу тәртібін айқындайды.";

      3 және 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 341 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10257 болып тіркелген) бекітілген Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу өлшемшарттарын айқындайтын қағидаларға және Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу қағидаларына сәйкес әзірленеді.

      4. Мемлекеттік қызметті алу үшін заңды немесе жеке тұлғалар (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы:

      қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын тіркеу кезінде:

      1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өтінішін;

      2) қауіпті өндірістік объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының электрондық көшірмесін.

      қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын тіркеуден шығарған жағдайда:

      1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес өтінішін;

      2) қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының электрондық көшірмесін жолдайды.

      Процестің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде келтірілген.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетіле отырып мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.

      Ұсынылған құжаттардың және онда қамтылған мәліметтердің дұрыстығына көрсетілетін қызметті алушы жауапты болады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жауапты орындаушы осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген, ұсынылған құжаттардың толықтығын бір жұмыс күні ішінде тексереді, және құжаттардың пакетінің толық болмауы фактісі белгіленген жағдайда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оны алмастырушы тұлғаның электрондық-цифрлік қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған дәлелді бас тарту жауабын дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға жеке кабинетке портал арқылы электрондық құжат түрде жолдайды.

      Заңды тұлғаны, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттар мен оларда көрсетілген мәліметтердің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін тексереді және осы Қағидаларға 2, 3 немесе 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оны алмастырушы тұлғаның электрондық-цифрлік қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған нәтижесін ресімдейді, және оны электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 1-қосымшада баяндалған.

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші тыңдау рәсімін жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлайды.";

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшамен толықтырылсын;

      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 5-қосымшамен толықтырылсын;

      осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 6-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
міндетін атқарушы
К. Турсынбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
  Төтенше жағдайлар вице-министрі
2025 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 417 Бұйрығымен бекітілген
  1-қосымша
  "Қауіпті өндірістік объектінің
  өнеркәсіптік қауіпсіздік
  декларацияларын тіркеу"
  мемлекеттік қызметін көрсету
  қағидаларына
  1-қосымша

"Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

www.egov.kz "Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

2, 3 және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша тіркеу шифрін бере отырып, өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын тіркеу немесе тәркеуден шығару немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті берушін басшысының немесе оны алмастырушы тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.

6

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынатын төлем мөлшері және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жинау тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациялары тіркелген жағдайда:
1) өтінім;
2) қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының электрондық көшірмесі.
Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациялары тіркеуден шығарылған жағдайда:
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өтініш

9

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 341 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10257 болып тіркелген) және "Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № 240 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22883 болып тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімнің) болуы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  2-қосымша
  "Қауіпті өндіріс объектісінің
  өнеркәсіптік қауіпсіздік
  декларацияларын тіркеу"
  мемлекеттік қызметін
  көрсету қағидаларына
  4-қосымша

      Нысан

      [Жеке немесе заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, жеке сәйкестендіру

      нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]

      Басшысына [Мемлекеттік органның атауы] Өтініш нөмірі: [нөмір] Өтініш күні: [күні]

      Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын тіркеуден

      шығару туралы ӨТІНІШ

      ________________________________________________________

      (жеке немесе заңды тұлғаның атауы)

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 76-бабын басшылыққа

      ала отырып, Сізден қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік

      декларациясын тіркеуден шығаруды сұрайды:

      ____________________________________________________________________

      (декларацияның атауы, шифры)

      Себебі _____________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының

      заңнамасына сәйкес дәйексіз мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы хабардар етемін.

      ____________________________

      [Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), электрондық цифрлық қолтаңба]

     


  3-қосымша
"Қауіпті өндіріс объектісінің
өнеркәсіптік қауіпсіздік
декларацияларын тіркеу"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына 5-қосымша

      Нысан

[Мемлекеттік органның атауы]



[Наименование государственного органа]


[Мемлекеттік органның деректемелері]


[Реквизиты государственного органа]


Нөмірі: [Құжат нөмірі]


[Жеке немесе заңды тұлғаның атауы]


Өтініш нөмірі: [Нөмірі]


[Жеке немесе заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, жеке сәйкестендіру/бизнес- сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]


Берілген күні: [Күні]



ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫН ТІРКЕУДЕН ШЫҒАРУ

[Мемлекеттік органның атауы], "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 76-бабына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы [декларацияның атауы, шифрі] тіркеуден шығарылды.

[Қол қоюшының лауазымы]

[Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),
электрондық цифрлық қолтаңбасы]







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады