"Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 және "Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен, өнеркәсіптік кешендермен, тікелей тұтынушылармен және басым тұтынушылармен жасалатын шарттарының үлгілік нысандарын бекіту туралы" 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 480 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 367-н/қ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 қыркүйекте № 36984 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10662 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларында:

      18-1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "18-1. Электр энергиясын жинақтау жүйесімен жабдықталған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі жаңа объектілерді салу жөніндегі жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтың жеңімпаздары жобаның барлық өмірлік циклі және бірыңғай сатып алушы мен тиісті жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі жаңа объектілерді салу жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтың жеңімпаздары арасында жасалған тиісті сатып алу-сату шартының қолданылу мерзімі ішінде берілген параметрлерде электр энергиясын жинақтау жүйелерінің қуатын, сыйымдылығын және басқа да параметрлерін, оның ішінде электр энергиясын электрохимиялық жинақтау жүйелерінің тозуын өтеуді ескере отырып қолдайды.

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 686 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12489 болып тіркелген) Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидаларына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі жаңа объектіні салу жобасын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы электр энергиясын жинақтау жүйесінің қуатын, сыйымдылығын және басқа параметрлерінің белгіленген параметрлерге сәйкестігін растауды жүйелік оператор ЖҚАР жүйесі арқылы ай сайын өткізетін аттестациялаудан өту арқылы автоматтық режимде жүзеге асырады.

      Электр энергиясын жинақтау жүйесінің талап етілетін параметрі расталмаған жағдайда, Теңгерімдеуші нарық қағидаларының 132-1-тармағында көзделген мәндерге мынадай өзгерістер енгізуді:

      азайту және арттыру коэффициенттерін ұлғайтуды;

      азайту жэне арттыру коэффициенттері 1-ге тең болатын шекті диапазонды азайтуды жүзеге асырады.";

      30-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "30. Банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив сатып алу шартына қол қойылған күнінен бастап :

      белгіленген қуаты 499 МВт-қа дейінгі күн электр станциялары үшін – 25 (жиырма бес) айдан кем емес;

      белгіленген қуаты 499 МВт-тан жоғары болатын күн электр станциялары үшін – 37 (отыз жеті) айдан кем емес;

      белгіленген қуаты 499 МВт-қа дейінгі жел станциялары үшін – 37 (отыз жеті) айдан кем емес;

      белгіленген қуаты 499 МВт-тан жоғары болатын жел станциялары үшін –49 (қырық тоғыз) айдан кем емес;

      биогаз электр станциялары үшін – 37 (отыз жеті) айдан кем емес;

      гидроэлектр станциялары үшін – 61 (алпыс бір) айдан кем емес қолданылу мерзімімен алушының (бенефициардың) нұсқамасы бойынша толық немесе бөлшектеп орындау мүмкіндігін көздейтін, қайтарып алынбайтын болып табылады.";

      34-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) сатып алу шарты жасалатын "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Сәулет қызметі туралы заң) 11-тарауына сәйкес бекітілген ЖЭК пайдалану бойынша объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі ұсынылмаған кезде – сатып алу шартының талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 100% (жүз пайыз) мөлшерінде, ал осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етудің бір бөлігін ұстап қалу кезінде – сатып алу шартына қол қойылған күнінен бастап мынадай мерзімдерде сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету сомасының 70% (жетпіс пайыз) мөлшерінде:

      белгіленген қуаты 499 МВт-қа дейінгі болатын күн электр станциялары үшін – 24 (жиырма төрт) ай ішінде;

      белгіленген қуаты 499 МВт-тан жоғары болатын күн электр станциялары үшін – 36 (отыз алты) ай ішінде;

      белгіленген қуаты 499 МВт-қа дейінгі жел станциялары үшін – 36 (отыз алты) ай ішінде;

      белгіленген қуаты 499 МВт-тан жоғары болатын жел станциялары үшін –48 (қырық сегіз) ай ішінде;

      биогаз электр станциялары үшін – 36 (отыз алты) ай ішінде;

      гидроэлектр станциялар үшін – 60 (алпыс) ай ішінде;";

      36-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) Сәулет қызметі туралы заңның 11-тарауында айқындалған тәртіппен бекітілген, ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін сатып алу шартына қол қойылған күнінен бастап мынадай мерзімдерде:

      белгіленген қуаты 499 МВт-қа дейінгі күн электр станциялары үшін – 24 (жиырма төрт) ай ішінде;

      белгіленген қуаты 499 МВт-тан жоғары болатын күн электр станциялары үшін – 36 (отыз алты) ай ішінде;

      белгіленген қуаты 499 МВт-қа дейінгі жел станциялары үшін –36 (отыз алты) ай ішінде;

      белгіленген қуаты 499 МВт-тан жоғары болатын жел станциялары үшін –48 (қырық сегіз) ай ішінде;

      биогаз электр станциялары үшін – 36 (отыз алты) ай ішінде;

      гидроэлектр станциялар үшін – 60 (алпыс) ай ішінде.

      Бұл ретте осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген мерзім өткен кезде техникалық қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті ұйымнан (адамнан) ЖЭК пайдалану жөніндегі объектіні салу бойынша жұмыстардың жалпы көлемінің кемінде 70%-ы (жетпіс пайыз) көлемінде ЖЭК пайдалану объектісі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалғаны туралы растау ұсынылатын болады, көрсетілген мерзімдер күнтізбелік 1 (бір) жылға ұзартылады;";

      82-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) Сәулет қызметі туралы заңның 11-тарауында айқындалған тәртіппен бекітілген, ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін сатып алу шартына қол қойылған күнінен бастап мынадай мерзімдерде:

      белгіленген қуаты 499 МВт-қа дейінгі күн электр станциялары үшін – 24 (жиырма төрт) ай ішінде;

      белгіленген қуаты 499 МВт-тан жоғары болатын күн электр станциялары үшін – 36 (отыз алты) ай ішінде;

      белгіленген қуаты 499 МВт-қа дейінгі жел станциялары үшін – 36 (отыз алты) ай ішінде;

      белгіленген қуаты 499 МВт-тан жоғары болатын жел станциялары үшін –48 (қырық сегіз) ай ішінде;

      биогаз электр станциялары үшін – 36 (отыз алты) ай ішінде;

      гидроэлектр станциялар үшін – 60 (алпыс) ай ішінде.

      Бұл ретте осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген мерзім өткенге дейін Сәулет қызметі туралы заңға сәйкес техникалық қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті ұйымнан (адамнан) ЖЭК пайдалану жөніндегі объектіні салу жөніндегі жұмыстардың жалпы көлемінің кемінде 70%-ы көлемінде ЖЭК пайдалану объектісі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалғаны туралы растау ұсынылатын болады, көрсетілген мерзімдер күнтізбелік 1 (бір) жылға ұзартылады;".

      2. "Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен, өнеркәсіптік кешендермен, тікелей тұтынушылармен және басым тұтынушылармен жасалатын шарттарының үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 480 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16241 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:

      9-тармақтың 13) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "13) белгіленген қуаты 499 МВт-қа дейінгі күн электр станциялары үшін – 24 (жиырма төрт) ай ішінде, белгіленген қуаты 499 МВт-тан жоғары болатын күн электр станциялары үшін – 36 (отыз алты) ай ішінде, белгіленген қуаты 499 МВт-қа дейінгі жел станциялары үшін – 36 (отыз алты) ай ішінде, белгіленген қуаты 499 МВт-тан жоғары болатын жел станциялары үшін – 48 (қырық сегіз) ай ішінде, биогаз электр станциялары үшін – 36 (отыз алты) ай ішінде, гидроэлектр станциялар үшін – 60 (алпыс) ай ішінде – Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін Сатып алушыға ұсынуға міндетті.

      Бұл ретте, егер осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген мерзім аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес техникалық қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті ұйымнан (адамнан) ЖЭК пайдалану объектісінің құрылысы бойынша жалпы жұмыс көлемінен 70% кем емес көлемде ЖЭК пайдалану объектісі бойынша құрылыс-монтаждау жұмысының орындалғаны туралы растау ұсынылған жағдайда, көрсетілген мерзім күнтізбелік 1 (бір) жылға ұзартылады;".

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін

      Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Е. Аккенженов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады