БҰЙЫРАМЫН:
1. "Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын және нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 218 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31976 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
"Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларында, аталған бұйрықпен бекітілген:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаға – Қазақстан Республикасының азаматына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы, борышкер) жеке тұлғаларға банктік қарыз шарттары және микрокредит беру туралы шарттары бойынша екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банк филиалдар, банк операцияларының жекелеген түрлерін, микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар немесе коллекторлық агенттіктер алдындағы міндеттемелерін тоқтату мақсатында көрсетіледі.
Осы тармақшада көрсетілген міндеттемелерге, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган барлық банк операцияларын жүргізуге, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиялардан айырған не микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің тізілімдерінен шығарылған, оның ішінде таратылған, таратылу сатысындағы екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін, микроқаржылық қызметті жүзеге асырған ұйымдардың немесе коллекторлық агенттіктердің, сондай-ақ жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары, қарыз (кредит) шарттары және микрокредит беру туралы шарттары бойынша талап ету құқығы тиесілі өзге де ұйымдардың (бұдан әрі – кредиторлар) алдындағы міндеттемелер де жатады.";
5-тармақтың 3) тармақшасының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы тармақшаның талаптары осы Қағидалардың 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген міндеттемелерге, сондай-ақ 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған банктік қарыз шартына және (немесе) микрокредит беру шартына қолданылмайды.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Соттан тыс банкроттық рәсімі, Заңның 18-бабына сәйкес егер мұндай рәсімді жүргізу мерзімі ішінде:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация, "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) арнайы мобильдік қосымша арқылы соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату туралы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті берсе;
2) борышкердің меншігіне мүлік түсіп немесе өзінің қаржылық және (немесе) мүліктік жағдайы өзгеріп, бұл оның кредиторлар алдындағы міндеттемелерін толық немесе отыз пайыздан асырып орындауына мүмкіндік берсе;
3) мүлікті немесе мүліктік міндеттемелерді, мүлік, оның мөлшері, тұрған жері туралы мәліметтерді не мүлік туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлікті өзгенің иеленуіне беру, мүлікті иеліктен шығару немесе жою, сондай-ақ мүлік туралы мәліметтерді көрсететін құжаттарды жасыру, жою, бұрмалау фактілері анықталса;
4) көрсетілетін қызметті алушы қайтыс болса, соттың оны хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енсе;
5) борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш берген күні осы Заңның 5-бабында көрсетілген негіздерге сәйкес келмеу фактілері, оның ішінде кредитордың өтініші бойынша анықталса тоқтатылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 2), 3) және 5) тармақшасының талаптары осы Заңның 5-бабы 3-тармағының негізінде соттан тыс банкроттық рәсімін қолданған борышкерлерге қатысты болмаса тоқтатылады.
Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтінішті қайтадан көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың 3) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша рәсім тоқтатылған күннен кейін алты айдан кешіктірмей беруге құқылы.";
осы Қағидалардың 1-қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 547 бұйрығына 1-қосымша "Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану" мемлекеттік қызметн көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2. | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы – қағаз жеткізгіште; |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді порталда орналастыруы не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжделген бас тарту мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды; |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электронды (ішінара автоматтандырылған)/ қағазда |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді порталда орналастыруы немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжделген бас тартуы; |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорациясының және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы Заң) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 08.30-ден 18.00-ға дейін; |
8. | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі | Мемлекеттік корпорацияға: Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініші. Портал және (немесе) мобильдік қосымшада: Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініші. |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер |
1) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген Өз-өзіне қызмет көрсетуді, өздігінен қозғалуды, бағдар жасауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе жартылай жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып, 1414 Біріңғай байланыс орталығы, 8 800 080 7777 арқылы (Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде) жүгіну арқылы жүргізеді. Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алады. |