Салық заңнамасында көзделген жағдайларда қолма-қол ақшаны қабылдау үшін мемлекеттік баж және автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым сомасын бюджетке төлеу жөніндегі қатаң есептілік бланкілерінің нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 549 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 қыркүйекте № 36973 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 614-бабының 3-тармағына және 672-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналардың:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес салық заңнамасында көзделген жағдайларда қолма-қол ақшаны қабылдау үшін мемлекеттік баж сомасын бюджетке төлеу жөніндегі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым сомасын бюджетке төлеу жөніндегі қатаң есептілік бланкілерінің нысаны бекітілсін.

      2. "Салық төлеуші-жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтарын және жер салығын жинауға арналған квитанцияның және салық заңнамасында көзделген жағдайларда қолма-қол ақша қабылдау үшін қатаң есептілік бланкінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы №71 бұйрығының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде (№ 16382 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 549
Бұйрыққа 1-қосымша

      нысан

Салық заңнамасында көзделген жағдайларда қолма-қол ақшаны қабылдау үшін мемлекеттік баж сомасын бюджетке төлеу жөніндегі қатаң есептілік бланкісі

      Квитанцияның түбіртегі       Сериясы ___________       №_______________

      Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) (бұдан әрі - тегі аты, әкесінің аты) немес атауы, сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, сондай-ақ салық төлеуші (салық агенті) заңды тұлға болып табылатын жағдайлда – басшының тегі, аты, әкесінің аты;

      Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)____________________________________

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі(БСН)____________________________________

      Төлем мақсаты ____________________________________________________

      Төлем сомасы_____________________________________________________

                        (сандармен және жазумен)

      Квитанцияны берген уәкілетті мемлекеттік органның атауы:__________________

      Берілген күні: 20 ___ "___"_ _________________

      Квитанцияны берген лауазымды адамның қолы______

      Мөр орны:_________________________________

      Төлеушінің қолы ___________________________

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 549
Бұйрыққа 2-қосымша

      нысан

Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым сомасын бюджетке төлеу жөніндегі қатаң есептілік бланкісі

      Квитанцияның түбіртегі       Сериясы ___________       №_______________

      Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) (бұдан әрі - тегі аты, әкесінің аты) немес атауы, сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, сондай-ақ салық төлеуші (салық агенті) заңды тұлға болып табылатын жағдайлда – басшының тегі, аты, әкесінің аты;

      Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)____________________________________

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі(БСН)____________________________________

      Төлем мақсаты ____________________________________________________

      Төлем сомасы_____________________________________________________ (сандармен және жазумен)

      Квитанцияны берген уәкілетті мемлекеттік органның атауы:__________________

      Берілген күні: 20 ___ "___"_ _________________

      Квитанцияны берген лауазымды адамның қолы______

      Мөр орны:_________________________________

      Төлеушінің қолы ___________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады