"Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 330 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 қыркүйекте № 36971 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері үшін қосымша мынадай тәсілдермен жеке нөмір беруге жол беріледі:

      электрондық бірдейлендіру тәсілі (ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін пайдаланылатын радиожиілікті белгісі бар сырғалар, болюстер, чиптер және басқа бұйымдар (құралдар);

      татуировка;

      таңба басу.

      Бұл ретте, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда ауыл шаруашылығы жануарларына осы тармақта көрсетілген тәсілдермен жеке нөмір беру:

      жануарлар бастарын ішкі шаруашылық есепке алуды жүргізу үшін;

      осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген тәсілдермен жеке нөмір берілгенге дейін, ауыл шаруашылығы жануарларына уақытша жеке нөмір беру үшін жүргізіледі.

      Ауыл шаршылығы жануарларына уақытша жеке нөмір беру осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес жүргізілген жеке нөмірлердің эмиссиясына сәйкес кезектілікпен жүзеге асырылады.

      Үшінші елдерге немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге әкетуге арналған жануарларды (ірі қара малды, ұсақ малды, шошқаларды, түйелерді) карантиндеу кезеңінде қосымша электрондық бірдейлендіру тәсілімен (радиожиілікті белгісі бар сырғалар), жеке нөмір беру жүзеге асырылады.

      Осы тармақта көрсетілген тәсілдермен ауыл шаруашылығы жануарларына жеке нөмір беруді жануарлардың иесі жүзеге асырады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы
А. Султанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады