"Өнеркәсіптік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 12 шiлдедегi № 403 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 395 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 29 қыркүйекте № 36962 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өнеркәсіптік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 12 шiлдедегi № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28797 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік гранттар беру қағидаларында:

      6-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері – өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын не өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылатын тауарларын, орындалатын жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар, жай серіктестіктер;";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Өнеркәсіптік грант мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін өтініш берушілерге беріледі:

      1) қазақстандық тауар өндірушілер болып табылатын;

      2) шағын және орта кәсіпкерліксубъектілер болып табылатын;

      3) қызметін ұлттық институтқа өтінім беру күніне дейін кемінде 3 (үш) жыл жүзеге асыратын ұйымдар;

      4) Заңның 9-бабының 28) тармақшасына сәйкес бекітілетін басым тауарлар тізбесіне енгізілген өнімді өндіруге ғана бағдарланған өнім;

      5) осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне жатпайтын;

      6) жабдықтың меншік иесімен немесе өтінім берушімен жабдықтау жөніндегі құқықтарды басқаға беруді жүзеге асыратын тұлғамен үлестес болмауы тиіс;

      7) қажетті біліктілік деңгейі бар инженерлік-техникалық персоналдың болуы;

      8) бір теңге мөлшерінде және одан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің (төлеу мерзімі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабының 3) тармақшасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) болмауы;

      9) тарату процесінде болудың болмауы;

      10) жоба құнының кәсіпорынның соңғы 3 (үш) жылдағы жиынтық жылдық табысынан аспайтын сомаға сәйкестігі;

      11) өтінім берілген күні соңғы 3 (үш) жыл ішінде салық аударымдары бойынша оң серпінінің болуы (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы). Осы тармақшаның талабы қолданыстағы заңнамаға сәйкес салық төлеуден босатылған және/немесе тіркелген күнінен бастап ұлттық институтқа өтінім түскен күнге дейін күнтізбелік үш жылдан аз уақыт өткен өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қолданылмайды.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Өтінім және оған қоса берілетін құжаттар:

      1) бірыңғай папкаға қалыптастырылады;

      2) бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға (бірінші басшының міндеттерін орындау туралы растайтын құжаттың болуы) әрбір парағын куәландырады. Өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалана отырып куәландыруға жол берілмейді;

      3) араб цифрларымен толассыз нөмірлеу;

      4) өтініш беруші мөрінің (бар болса) бедерімен әр парақтап куәландырылады. Ұлттық институт ресми ашық көздерден алған құжаттар қарауға жатады:

      Ұлттық институт ресми ашық көздерден алған құжаттар қарауға жатады:

      1) тіркелген өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі, филиалы немесе өкілдігі туралы анықтама;

      2) есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

      3) қазақстандық тауар өндіруші мәртебесін растайтын құжаттар/ақпарат ("СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы Сертификат, Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестігі туралы Сертификат/Декларация, Индустриялық сертификат, қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінің үзінді-көшірмесі);

      4) тарату процесінде болудың болмауы;

      5) кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы анықтама.

      "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы Сертификат және Индустриялық сертификат өз күшін 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады