"Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 18-05/928 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 328 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 29 қыркүйекте № 36956 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 18-05/928 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12267 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Су айдындарына балық жіберу, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Су айдындарына балық жіберу, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Су айдындарына балық жіберу, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-1-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленді және су айдындарына балық жіберу, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін айқындайды.";

      2-тармақ алып тасталсын;

      3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Заңның 17-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыратын субъектілер (бұдан әрі – субъектілер);";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Су айдындарына балық жіберу балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйым (бұдан әрі – ғылыми ұйым) берген ұсынымдар негізінде жүзеге асырылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Бекіре тұқымдас балық түрлерінің өсімін молайту жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындайтын өсімін молайту кешенінің мемлекеттік кәсіпорындарын қоспағанда, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде су айдындарына балық жіберу жұмыстарын жүргізу кезінде балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) немесе жергілікті атқарушы орган ғылыми ұйыммен, сондай-ақ кәсіпорынмен немесе мемлекеттік тапсырыс аясында су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды жоспарлап отырған жеке және (немесе) заңды тұлғалармен бірлесіп, олардың басталуына кемінде күнтізбелік отыз күн уақыт қалғанда алдын ала су айдындарына балық жіберу орнын айқындайды.

      Балық жіберілетін орынды түпкілікті келісу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша су айдындарына балық жіберу орнын келісу актісімен ресімделеді, ол балық жіберу басталғанға дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей үш данада жасалады.";

      8-1 және 8-2-тармақтар алып тасталсын;

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Жануарлар дүниесін пайдаланушылар және субъектілер жүргізетін су айдындарына балық жіберу жұмыстарын осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес аумақтық бөлімше құратын комиссия қабылдайды.

      10. Мемлекеттік кәсіпорындар, жеке және заңды тұлғалар, жануарлар дүниесін пайдаланушылар, субъектілер аумақтық бөлімшені немесе жергілікті атқарушы органды су айдындарына балық жіберу жөніндегі алдағы жұмыстар туралы олар басталғанға дейін екі жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      Аумақтық бөлімше немесе жергілікті атқарушы орган мемлекеттік кәсіпорындардан, жеке және заңды тұлғалардан, жануарлар дүниесін пайдаланушылардан, субъектілерден ақпарат алған күннен бастап комиссия мүшелеріне су айдындарына балық жіберу жөніндегі алдағы жұмыстар туралы хабарлайды.

      Аумақтық бөлімшелердің өкілдері балық отырғызу материалын түсіру және су айдындарына жіберу кезінде есептеу процестеріне қатысады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Кәсіпорындар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар, субъектілер су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды аяқтаған соң үш жұмыс күні ішінде балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосына немесе жергілікті атқарушы органға су айдындарына балық жіберу жұмыстарын жүргізу түсірілген электрондық жеткізгіштегі фото- және видеоматериалдар қоса берілген жиынтық актіні ұсынады.

      Су айдындарына балық жіберу жұмыстары аяқтағаннан кейін жануарлар дүниесін пайдаланушылар үш жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімшеге су айдындарына балық жіберу жұмыстарын жүргізу түсірілген электрондық жеткізгіштегі фото- және видеоматериалдар қоса берілген жиынтық актіні ұсынады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
А. Султанов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады