"Жол қауіпсіздігін және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 757 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 709 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 25 қыркүйекте № 36934 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жол қауіпсіздігін және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 757 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14161 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жол қауіпсіздігін және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жобалау кезінде регламенттердің, нормативтер мен стандарттардың сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 208 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10690 болып тіркелген) бекітілген Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісу және бекіту қағидаларына сәйкес автомобиль жолдарын, көшелерді, жол құрылыстарын, теміржол өтпелерін, жеңіл рельсті көлік жүйелерін және электр көлігі желілерін салуға, реконструкциялауға, жөндеуге және оңалтуға арналған жобалау құжаттамасын келісу арқылы жүзеге асырылады.

      Жобалау кезінде регламенттердің, нормативтер мен стандарттардың сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды ішкі істер органдарының қызметкерлері жүзеге асырады. Бұл ретте, аудандардың (қалалардың) әкімшілік полиция бөліністері жол және техникалық инспекциясы қызметкерлерін тағайындау олар ПД ӘПБ-де он жұмыс күндік тағылымдамадан өткеннен кейін, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді зерделегеннен және олар бойынша сынақтар тапсырғаннан кейін жүзеге асырылады.

      ПД ӘПБ жол және техникалық инспекциясы бөлімінің бастығы (қызметтердің аға қызметкерлері) лауазымына тағайындалғаннан кейін оның ІІМ ӘПК-де бес жұмыс күндік тағылымдамадан өтуі жүзеге асырылады.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Жол жүрісін ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу жол-көлік оқиғалары (бұдан әрі – ЖКО) туралы деректерді, автомобиль жолдарын пайдаланудың жай-күйін тексеру нәтижелерін, жол жүрісі жағдайлары мен жай-күйін зерделеу, жол-пайдалану, көліктік ұйымдардың, жол жүрісін бақылауды жүзеге асыратын полиция қызметкерлерінің және азаматтардың ұсыныстарын талдау негізінде жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақтан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі Е. Саденов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады