БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Жылу энергиясы мен жылу жеткізгішті есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 135-н/қ және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 112 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35944 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылу энергиясын және жылу жеткізгішті есепке алу қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
"13-1) жылу энергетикасы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – жылу энергетикасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;";
мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
"23-1) отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі (бұдан әрі – уәкілетті органның ақпараттық жүйесі) – жылумен жабдықтау субъектілерінің уәкілетті органмен және өзге де мемлекеттік органдармен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы жылу энергетикасы саласындағы отын-энергетика кешенінің деректерін жинауға, өңдеуге, мониторингтеуге және талдауға арналған уәкілетті органның ақпараттық жүйесі;";
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"Жылу энергиясын есепке алу аспаптары деректерді уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне одан әрі бере отырып, жылумен жабдықтау субъектісінің серверіне автоматты режимде көрсеткіштерді беру құрылғыларымен жобаланады және орнатылады.";
мынадай мазмұндағы 5-тараумен толықтырылсын:
"5-тарау. Есептеу аспаптарымен жарақтандыру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету тәртібі";
мынадай мазмұндағы 51, 52, 53, 54 және 55 тармақшалармен толықтырылсын:
51. Есепке алу аспаптары жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу процесіне қатысатын жылу энергетикасы объектілерінің технологиялық схемасына сәйкес орнатылады.
52. Аспаптарды салыстырып тексеру "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес айналымға шығарылу алдында типі бекітілгеннен кейін, метрологиялық аттесттаудан және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелгеннен кейін, жөндеуден кейін, кейіннен кезеңділікпен пайдалану кезеңінде жүргізіледі.
53. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізілімінде тіркелген және Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасына сәйкес келетін есепке алатын бақылау аспаптары қолдануға рұқсат беріледі.
54. Жылу энергетикасы саласындағы отын-энергетика кешенінің субъектілері уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен жылу энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің өздерінің аппараттық-бағдарламалық кешендеріне қол жеткізуді ұсынады және интеграциялайды.
55. Жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу процесіне қатысатын субъектілерді ақпараттандыру объектілеріне қойылатын талаптар Заңның 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілетін Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесін қалыптастыру, жүргізу және оның жұмыс істеуі қағидаларында айқындалады.".
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Цифрландыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасы |