"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Балықтардың және басқа да су жануарларының сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, оның ішінде Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, көбейту қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 315 бұйрығымен бекітілген |
Балықтардың және басқа да су жануарларының сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, оның ішінде Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, көбейту қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Балықтардың және басқа да су жануарларының сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, оның ішінде Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, көбейту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-1-бабының 30) тармақшасына сәйкес әзірленді және балықтардың және басқа да су жануарларының сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, оның ішінде Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның (бұдан әрі – Конвенция) қолданылу аясына кіретін түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, көбейту тәртібін айқындайды.
2-тарау. Балықтардың және басқа да су жануарларының сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, оның ішінде Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, көбейту тәртібі
2. Балықтардың және басқа да су жануарларының сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, оның Конвенцияның қолданылу аясына кіретін түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау және көбейту мынадай мақсатпен жүзеге асырылады:
1) сақтау және олардың санын арттыру;
2) ғылыми зерттеулер;
3) интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру;
4) оларды кәсiпкерлiк қызметте пайдалану.
3. Балықтардың және басқа да су жануарларының сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, оның ішінде Конвенцияның қолданылу аясына кіретін түрлерін қолдан өсіру Заңның 19-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Балықтардың және басқа да су жануарларының сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, оның ішінде Конвенцияның қолданылу аясына кіретін түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстауға және көбейтуге жеке және заңды тұлғаларға олар мынадай талаптарды сақтаған кезде рұқсат етіледі:
1) балықтардың және басқа да су жануарларының биологиялық, түрлік және жеке ерекшеліктеріне сәйкес оларды ұстау шарттарының болуы.
Балықтардың және басқа да су жануарларының сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, оның ішінде Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, көбейту үшін қажетті алаңдардың ең аз нормалары осы Қағидаларға қосымшада көрсетілген;
2) ветеринариялық және санитариялық-эпидемиологиялық іс-шаралардың қажетті көлемде орындалуы;
3) ветеринариялық бейінді мамандардың және балықтардың және басқа да су жануарларын еріксіз немесе жартылай ерікті жағдайларда ұстау дағдылары бар адамдардың (бұдан әрі – күтіп-бағатын маман) болуы;
4) табиғи ортадан алынған кезде: Қазақстан Республикасы Үкіметінің балықтар мен басқа да су жануарларының сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін алу туралы шешімінің және Заңның 9-1-бабының 27) тармақшасына сәйкес балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган бекітетін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына сәйкес берілген балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсаттың болуы;
5) импорттау кезінде: Заңның 9-1-бабының 23) тармақшасына сәйкес балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган бекітетін Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтар мен басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларына сәйкес берілген Конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтардың және басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға рұқсаттың болуы;
6) сатып алған кезде: сатып алу-сату шартының және сыйға тарту шартының болуы;
7) Конвенцияның қолданылу аясына кіретін түрлер бойынша: Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан көбейту жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның болуы.
5. Балықтар мен басқа да су жануарларына күтім жасау жарақаттануды, күйзелісті және жайсыздықты болдыртпайтындай жағдайларда жүргізіледі.
Балықтардың және басқа да су жануарларының сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, оның ішінде Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, көбейту үшін қажетті алаңдардың ең аз нормалары (бір дараққа есептегенде)
Р/с | Балықтардың және басқа су жануарларының атауы | Ұстау орындарының типі | Дарақтың салмағы (килограмм) | Су көлемі (текше метр) | Ауданы (шаршы метр) | Биіктігі, тереңдігі (метр) |
1 | Каспий тілтісі | - | 0,1 | 0,3 кем емес | 0,3 кем емес | |
2 | Сібір бекіресі | 1 дейін | 0,1 | 0,3 кем емес | 0,3 кем емес | |
1-5 | 0,4 | 0,8 кем емес | 0,5 кем емес | |||
5-10 | 0,5 | 1,2 кем емес | 0,4 кем емес | |||
10 жоғары | 1,0 | 2,0 кем емес | 0,5 кем емес | |||
3 | Пілмай (арал және іле популяциясы) | 1 дейін | 0,1 | 0,3 кем емес | 0,3 кем емес | |
1-5 | 0,4 | 0,8 кем емес | 0,5 кем емес | |||
5-10 | 0,5 | 1,2 кем емес | 0,4 кем емес | |||
10 жоғары | 1,0 | 2,0 кем емес | 0,5 кем емес | |||
4 | Сырдариялық тасбекіре | 1 дейін | 0,1 | 0,3 кем емес | 0,3 кем емес | |
1-5 | 0,4 | 0,8 кем емес | 0,5 кем емес | |||
5-10 | 0,5 | 1,2 кем емес | 0,4 кем емес | |||
10 жоғары | 1,0 | 2,0 кем емес | 0,5 кем емес | |||
5 | Волга көп аталықты майшабағы | - | 0,4 | 0,8 кем емес | 0,5 кем емес | |
6 | Каспий албырты | 1 дейін | 0,1 | 0,3 кем емес | 0,3 кем емес | |
1-5 | 0,4 | 0,8 кем емес | 0,5 кем емес | |||
5 жоғары | 0,5 | 1,2 кем емес | 0,4 кем емес | |||
5 жоғары | 0,5 | 1,2 кем емес | 0,4 кем емес | |||
7 | Арал албырты | 1 дейін | 0,1 | 0,3 кем емес | 0,3 кем емес | |
1-5 | 0,4 | 0,8 кем емес | 0,5 кем емес | |||
5 жоғары | 0,5 | 1,2 кем емес | 0,4 кем емес | |||
5 жоғары | 0,5 | 1,2 кем емес | 0,4 кем емес | |||
8 | Таймен | 1 дейін | 0,1 | 0,3 кем емес | 0,3 кем емес | |
1-5 | 0,4 | 0,8 кем емес | 0,5 кем емес | |||
5-10 | 0,5 | 1,2 кем емес | 0,4 кем емес | |||
10 жоғары | 1,0 | 2,0 кем емес | 0,5 кем емес | |||
9 | Сылан | 1 дейін | 0,1 | 0,3 кем емес | 0,3 кем емес | |
1-5 | 0,4 | 0,8 кем емес | 0,5 кем емес | |||
5-10 | 0,5 | 1,2 кем емес | 0,4 кем емес | |||
10 жоғары | 1,0 | 2,0 кем емес | 0,5 кем емес | |||
10 | Ақбалық | 1 дейін | 0,1 | 0,3 кем емес | 0,3 кем емес | |
1-5 | 0,4 | 0,8 кем емес | 0,5 кем емес | |||
5-10 | 0,5 | 1,2 кем емес | 0,4 кем емес | |||
10 жоғары | 1,0 | 2,0 кем емес | 0,5 кем емес | |||
11 | Шортан тектес ақмарқа | 1 дейін | 0,1 | 0,3 кем емес | 0,3 кем емес | |
1-5 | 0,4 | 0,8 кем емес | 0,5 кем емес | |||
5 жоғары | 0,5 | 1,2 кем емес | 0,4 кем емес | |||
5 жоғары | 0,5 | 1,2 кем емес | 0,4 кем емес | |||
12 | Арал қаязы | 1 дейін | 0,1 | 0,3 кем емес | 0,3 кем емес | |
1-5 | 0,4 | 0,8 кем емес | 0,5 кем емес | |||
5-10 | 0,5 | 1,2 кем емес | 0,4 кем емес | |||
10 жоғары | 1,0 | 2,0 кем емес | 0,5 кем емес | |||
13 | Түркістан қаязы | 1 дейін | 0,1 | 0,3 кем емес | 0,3 кем емес | |
1-5 | 0,4 | 0,8 кем емес | 0,5 кем емес | |||
5-10 | 0,5 | 1,2 кем емес | 0,4 кем емес | |||
10 жоғары | 1,0 | 2,0 кем емес | 0,5 кем емес | |||
14 | Іле қара балығы | 1 дейін | 0,1 | 0,3 кем емес | 0,3 кем емес | |
1-5 | 0,4 | 0,8 кем емес | 0,5 кем емес | |||
5 жоғары | 0,5 | 1,2 кем емес | 0,4 кем емес | |||
5 жоғары | 0,5 | 1,2 кем емес | 0,4 кем емес | |||
15 | Шу сүйірқанаты | - | 0,4 | 0,8 кем емес | 0,5 кем емес | |
16 | Балқаш алабұғасы | - | 0,4 | 0,8 кем емес | 0,5 кем емес | |
17 | Шатқалдық тас тасалағыш | - | 0,4 | 0,8 кем емес | 0,5 кем емес |