"Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/149 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2025 жылғы 23 қыркүйектегі № 253 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 23 қыркүйекте № 36914 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/149 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10865 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидалары (бұдан әрі − Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі − Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңы) 10-бабының 1) тармақшасына және "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі − Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы Заңы) 9-бабы 1-тармағының 56) тармақшасына сәйкес әзірленді және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің арасында квоталарды бөлу тәртібін белгілейді.";

      2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аңшылық шаруашылығы субъектісі – бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аңшылық шаруашылығын жүргізетін жеке немесе заңды тұлға;

      2) аумақтық бөлімшелер – Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциялары;

      3) жануарлар дүниесі объектілерін үшін алып қою квотасы – жануарлар дүниесін пайдаланушылар үшін аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары белгілейтін жануарларын алып қою лимитінің бір бөлігі;

      4) жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиті – жануарлар дүниесі объектілерін олардың табиғи өсімі мен саны сақталатын жағдайда алып қоюдың жол берілетін шекті көлемі;

      5) ведомство – уәкілетті органның құзыреті шегінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы стратегиялық, реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      6) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі;

      7) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілегін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.".

      3. Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою квоталарын бөлу жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы Заңның 29-бабы 1-тармағының төртінші және бесінші бөліктеріне сәйкес ағымдағы жылдың 15 ақпанынан бастап келесі жылдың 15 ақпанына дейінгі кезеңге белгіленетін аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою лимиттерінің негізінде жүзеге асырылады.

      4. Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің арасында, жануарлардың аңшылық объектісі болып табылатын түрлерін алып қою квоталарын бөлу аңшылық алқаптарының өнімділігін және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің жануарлар түрлерін аулауға арналған өтінімдерін ескере отырып жүзеге асырылады.";

      5-тармақ алынып тасталсын.

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";

      2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің арасында аңшылық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою квоталарын бөлу тәртібі";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың түрлері бойынша есептік деректер негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық шаруашылығы үшін аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың түрлері бойынша алып қою квотасын алуға өтінім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінімді тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін немесе демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші аңшылық шаруашылығы үшін аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлері бойынша алып қою квотасын алуға өтінім түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты қызметкерге орындауға береді.

      Жауапты қызметкер 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінімді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың бекітілген лимиттері негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталарды бөлу туралы хабарламаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Көрсетілетін қызметті беруші жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған лимиттер бекітілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде аңшылық шаруашылығы субъектілері бөлінісінде аң аулау объектілері болып табылатын, жануарлар түрлерін алып қоюға арналған квоталарды бөлуді жүзеге асырады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Егер жануарлар түрлерінің ресурстары оларды алып қоюға мүмкіндік бермесе, онда жануарлар түрлерін алып қоюға арналған квота бөлінбейді.

      Ғылыми мақсаттарда жануарлар түрлерін алу квотасын бөлу резервтік қордағы аңшылық шаруашылықтар аумағында есептік деректердің болуын ескере отырып жүзеге асырылады.";

      17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25 және 26-тармақтар алынып тасталсын.

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3, 6 және 7-қосымшалар алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрінің м. а.
Н. Шарбиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің м. а.
2025 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 253
бұйрығына 1-қосымша
Жануарлар дүниесі объектілерін
алып қою квоталарын
бөлу қағидаларына
1-қосымша

"Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу"

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Аңшылардың және аңшылық шаруашылық субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары (бұдан әрі - Көрсетілетін қызмет беруші).

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілі

"электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 3 (үш) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың бекітілген лимиттері негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қоюға квоталарды бөлу кезінде мыналарды ұсыну қажет: осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында аңшылық шаруашылығы үшін аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың түрлері бойынша алып қою квотасын алуға арналған өтінім. Көрсетілетін қызметті алушы аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлері бойынша есептік деректер негізінде өтінімді ұсынады.

9

Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті берушіл мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің және деректердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
5) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электронды нысан түрінде ЭЦҚ болған жағдайда ала алады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Жануарлар түрлерін алып қоюға мәлімделген квота "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтерді бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11005 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 18-03/271а бұйрығымен бекітілген, аң аулау нысаны болып табылатын жануарлар түрлерін алып қоюды белгіленген нормаларына сәйкес болуы тиіс.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады