Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 97 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылы 22 қыркүйекте № 36893 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы жөнінде мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

  Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2025 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 97
бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Жүкті, босанатын әйелдердің қайтыс болу жағдайлары, сондай-ақ босанған әйелдер босанғаннан кейін күнтізбелік қырық екі күн ішінде қайтыс болған жағдайда, пациенттерге жоспарлы медициналық көмек (медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған көмек, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтер) көрсету кезінде олардың кенеттен қайтыс болу жағдайлары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-100/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21181 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 8-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүкті, босанатын әйелдердің қайтыс болу жағдайлары, сондай-ақ босанған әйелдер босанғаннан кейін күнтізбелік қырық екі күн ішінде қайтыс болған жағдайда, пациенттерге жоспарлы медициналық көмек (медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған көмек, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтер) көрсету кезінде олардың кенеттен қайтыс болу жағдайлары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру қағидаларында:

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган – медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында басшылықты, медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.".

      2. "Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды тарту қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-103/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21218 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды тарту қағидалары, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарда:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) акредиттелген субъект – денсаулық сақтау саласында аккредиттеуден өткен субъект;

      2) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алуды және оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

      3) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;

      4) денсаулық сақтау субъектілері – жекеменшік медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жеке тұлғалар;

      5) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган – медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында басшылықты, медициналық көрсетілетін қызметтер (көмектің) сапасын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі – мемлекеттік орган);

      6) тәуелсіз сарапшы – уәкілетті орган айқындайтын талаптарға сәйкес келетін және тәуелсіз сарапшылар тізілімінде тұратын жеке тұлға.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қор тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды:

      1) өлім жағдайларын, сирек кездесетін аурулармен емделген жағдайда, арнайы мамандандырылған емделген жағдайларды (клиникалық жоспарда), асқынулармен емделген жағдайларды, сондай-ақ нақты жұмсалған шығындар үшін көрсетілетін қызмекттерге аз төлеу кезінде;

      2) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының ағымдағы, жоспардан тыс мониторингін, нысаналы және тиісінше орындалуын жүргізу;

      3) азаматтық процесс тарабы ретінде қатысу үшін тартады.";

      14-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) "Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейлерін беру және растау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21843 болып тіркелген) сәйкес біліктіліктің салалық негіздемесіне сәйкес біліктілік деңгейі 7.3 (R)-ден төмен емес, ал амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін қызметкерлер үшін 7.2 (I)-дан төмен емес көрсете отырып, тиісті мамандық/мамандану бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты немесе бірінші және (немесе) жоғары біліктілік санатын беру туралы куәлік;";

      15-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) "Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейлерін беру және растау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21843 болып тіркелген) сәйкес біліктіліктің салалық негіздемесіне сәйкес біліктілік деңгейі 7.3 (R)-ден төмен емес, ал амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін қызметкерлер үшін 7.2 (I)-дан төмен емес көрсете отырып, тиісті мамандық/мамандану бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты немесе бірінші және (немесе) жоғары біліктілік санатын беру туралы куәлік;".

      3. "Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына сараптама жүргізу бойынша тәуелсіз сарапшылардың қызметтер көрсетуге денсаулық сақтау субъектілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № ҚР ДСМ-125/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21421 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына сараптама жүргізу бойынша тәуелсіз сарапшылардың қызметтер көрсетуге денсаулық сақтау субъектілеріне қойылатын талаптарда:

      3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) "Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейлерін беру және растау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21843 болып тіркелген) сәйкес біліктіліктің салалық негіздемесіне сәйкес біліктілік деңгейі 7.3 (R)-ден төмен емес, ал амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін қызметкерлер үшін 7.2 (I)-дан төмен емес көрсете отырып, тиісті мамандық/мамандану бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты немесе бірінші және (немесе) жоғары біліктілік санатын беру туралы куәлік.".

      4. "Тәуелсіз сарапшылардың тізілімін жүргізу қағидаларын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылардың бірыңғай тізіліміне енгізу және одан шығару негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № ҚР ДСМ-145/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21509 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тәуелсіз сарапшылардың тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылардың бірыңғай тізіліміне енгізу және одан шығару негіздеріне:

      5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) "Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейлерін беру және растау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21843 болып тіркелген) медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі берген Біліктіліктің салалық негіздемесіне сәйкес біліктілік деңгейі 7.3 (R)-ден төмен емес, ал амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін қызметкерлер үшін 7.2 (I)-дан төмен емес көрсете отырып, тиісті мамандық/мамандану бойынша денсаулық сақтау саласындағы маманның сертификаты немесе бірінші және (немесе) жоғары біліктілік санатын беру туралы куәлік.".

      5. "Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21727 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларына:

      2-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі – мемлекеттік орган) – медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы басшылықты, медициналық қызметтер (көмек) сапасын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;".

      6. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-242/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21744 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына:

      3-тармақтың 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган – медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында басшылықты, медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;".

      7. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалу мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-321/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21904 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалу мониторингін жүргізу қағидаларына:

      2-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган – медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмек) көрсету саласындағы басшылықты, медициналық қызметтер (көмектің) сапасын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;".

      8. "Медициналық қызметтер (көмек) көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік органның тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға шағымды қарау жөніндегі апелляциялық комиссиясының регламентін, ережесі мен құрамын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № ҚР ДСМ-74 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23874 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымшаның Медициналық қызметтер (көмек) көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік органның тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға шағымды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның регламентінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға бақылау және қадағалау субъектісінен келіп түскен шағым (бұдан әрі – шағым) тексеру нәтижелері туралы актіге қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде медициналық қызметтер (көмек) көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік органға беріледі. Тексерудің бастамашысы болып табылатын жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен шағым тексеру нәтижелері туралы актіге қол қойылған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей беріледі.

      Мемлекеттік органға келіп түскен шағым Комиссияның жұмыс органына:

      бақылау және қадағалау субъектісінен – 3 (үш) жұмыс күні ішінде, жеке және заңды тұлғалардан – ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жіберіледі.

      Шағымды Комиссияның жұмыс органы: бақылау және қадағалау субъектісінен – 10 (он) жұмыс күні ішінде, жеке және заңды тұлғалардан – шағым тіркелген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Комиссияның жұмыс органы медициналық қызметтер көрсету (көмек) және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган басшысының (бұдан әрі – жұмыс органы) бұйрығымен айқындалатын құрылымдық бөлімше болып табылады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Комиссияның шешімі ұсынымдық сипатта болады және жоғары тұрған мемлекеттік орган басшысының атына беріледі. Комиссия шешімінің нәтижелері бойынша жоғары тұрған мемлекеттік органның басшысы тексеру нәтижелері туралы актіні, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау қорытындысын және заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 156-бабына және Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 100-бабына сәйкес жарамсыз деп тану және олардың күшін жою туралы шешім қабылдайды.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық қызметтер (көмек) көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік органның тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға шағымды қарау жөніндегі апелляциялық комиссиясының ережесі мен құрамына:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Медициналық қызметтер (көмек) көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік органның тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға шағымды қарау жөніндегі апелляциялық комиссиясының ережесі мен құрамы (бұдан әрі – Ереже) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 29-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және тексеру нәтижелері туралы актіге және медициналық қызметтер (көмек) көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар шығарған, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға шағымды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар шығарған тексеру нәтижелері туралы акті мен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға жоғары тұрған органға шағым жасалуы мүмкін.".

      9. "Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілері көрсететін қызметтерге ақы төлеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі жөніндегі шарттық міндеттемелерге мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 13 мамырдағы № ҚР ДСМ-43 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28054 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілері көрсететін қызметтерге ақы төлеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі жөніндегі шарттық міндеттемелерге мониторинг жүргізу қағидаларында:

      2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган – медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы басшылықты, медициналық қызметтер (көмек) сапасын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;".

      10. "Медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуы (болмауы) туралы жолданымдарды қарау үшін сарапшы ретінде тартылатын бейінді маманға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы № 78 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35244 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуы (болмауы) туралы жолданымдарды қарау үшін сарапшы ретінде тартылатын бейінді маманға қойылатын талаптарда:

      3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) "Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейлерін беру және растау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21843 болып тіркелген) медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі берген Біліктіліктің салалық негіздемесіне сәйкес біліктілік деңгейі 7.3 (R)-ден төмен емес, ал амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін қызметкерлер үшін 7.2 (I)-дан төмен емес көрсете отырып, тиісті мамандық/мамандану бойынша денсаулық сақтау саласындағы маманның сертификаты немесе бірінші және (немесе) жоғары біліктілік санатын беру туралы куәліктің болуы;".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады