ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жеке тұлғалардың мүлік және көлік құралдары салығын жинау бөлігінде салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданылады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 16 қыркүйектегі № 500 Бұйрыққа қосымша |
Жеке тұлғалардың мүлік және көлік құралдары салығын жинау бөлігінде салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жеке тұлғалардың мүлік және көлік құралдары салығын жинау бөлігінде салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және жеке тұлғалардың мүлік және көлік құралдары салығын жинау бөлігінде салықтық әкімшілендіруді жетілдіру бойынша пилоттық жобаны (бұдан әрі – Пилоттық жоба) іске асыру тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
2-тарау. Жеке тұлғалардың мүлік және көлік құралдары салығын жинау бөлігінде салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаға қатысушылар
2. Мыналар:
1) мемлекеттік кірістер органдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет), Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі – Департамент), сондай-ақ Департаменттің Успен және Железин ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы (бұдан әрі – Мемлекеттік кірістер басқармасы);
2) Павлодар облысы Успен және Железин ауданының жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округ әкімдерінің аппараты (бұдан әрі – Ауылдық округ әкімдігі);
3) Павлодар облысының Успен және Железин ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдары, әкімдердің аппараты (бұдан әрі – Аудан әкімдігі);
4) Павлодар облысының Успен және Железин ауданында салық салу объектісі бар жеке тұлғалардың мүлік және көлік құралдарына салынатын салықты төлеушілер (бұдан әрі – салық төлеушілер) Пилоттық жобаның қатысушылары болып табылады.
3-тарау. Жеке тұлғалардың мүлік және көлік құралдары салығын жинау бөлігінде салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру тәртібі мен мерзімдері
3. Департамент:
1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеке тұлғалардың мүлкіне және көлік құралдарына салынатын салықтарды (бұдан әрі – салықтар) есептейді;
2) Ауылдық округ әкімдіктерінің жауапты қызметкерлеріне ақпараттық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ете отырып, осы Қағидалардың 2- тармағының 4) тармақшасында көрсетілген орналасқан жері бойынша салық бойынша берешектің және/немесе артық төлемнің болуы (болмауы) туралы салық төлеушілердің жеке шоттарын қарау үшін Комитеттің Салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – СӘАЖ АЖ) қолжетімділік құқығын береді.
СӘАЖ АЖ-ға қолжетімділік құқығын беру туралы бұйрықты Салық кодексінің 30-бабы 3-тармағының 9) тармақшасына сәйкес, салық құпиясын құрайтын мәліметтерге қолжетімділігі бар Ауылдық округтер әкімдігінің лауазымды адамдарының тізбесі негізінде Департамент басшысы бекітеді.
Ауылдық округ әкімдігінің жауапты қызметшісіне СӘАЖ АЖ-ға қолжетімділік құқығы Аудан әкімдігінен алынған мәліметтер:
осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйелеріне қол жеткізуге арналған сканерленген өтінім;
Ауылдық округ әкімдігінің жауапты қызметшісін атқаратын лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі;
Ауылдық округ әкімдігінің лауазымды адамдарға СӘАЖ АЖ деректерін пайдалануға жауапкершілікті бекіту туралы бұйрығының көшірмесі негізінде беріледі;
3) Аудан әкімдігінен алынған мәліметтер негізінде:
атқарып отырған лауазымынан босатылған;
басқа құрылымдық бөлімшеге ауыстырылған;
еңбек демалысына кеткен;
іссапарға кеткен Ауылдық округ әкімдігінің жауапты қызметшілерінің есептік жазбасын бұғаттауды уақытылы жүргізеді;
4) "Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитет төрағасының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 585 бұйрығымен бекітілген Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттамада көрсетілген талаптарды Ауылдық округтер әкімдігінің жауапты қызметшілерінің назарына жеткізеді, кейіннен Департаментке талаптармен танысу парағын ұсынады;
5) Аудан және Ауылдық округ әкімдігінің жауапты қызметкерлеріне консультация беру үшін Департаменттің және Мемлекеттік кірістер басқармасының жауапты қызметкерлерін бекітеді;
6) Аудандар мен Ауылдық округтер әкімдігінің жауапты қызметкерлерін салық жинауды ұйымдастыру мәселелері бойынша оқытады;
7) Аудандар мен Ауылдық округтер әкімдігінің жауапты қызметкерлеріне салық жинауды ұйымдастыру жөніндегі мәселелер туындаған кездегі іс-қимыл тәртібі жөнінде түсіндіреді;
8) Аудан әкімдіктері мен Мемлекеттік кірістер басқармалары арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
9) Аудандар мен Ауылдық округтер әкімдігінің салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеудің дұрыстығы, өндіріп алудың толықтығы, уақытылы аудару мәселелері бойынша, сондай-ақ салық заңнамасында көзделген тәртіппен мәселелер бойынша қызметіне бақылауды жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік кірістер басқармасы:
1) салық төлеушілер жүгінген кезде салық жинауды ұйымдастыру тәртібі туралы консультация береді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық салу объектілеріне қатысты олардың мәліметтерін түзету және нақтылау бойынша көмек көрсетеді;
3) салық төлеушілер жүгінген кезде салық заңнамасына сәйкес салық төлеушінің жеке шотындағы салықтар бойынша есептеулерді түзетуді жүзеге асырады.
5. Аудан әкімдігі:
1) СӘАЖ АЖ пайдаланушылары туралы ақпараттың өзектілігін және осы Қағидалардың 3-тармағының 2) және 3) тармақшасында көрсетілген жағдайлар туралы жазбаша хабарламаның уақытылы болуын қамтамасыз етеді, атап айтқанда, тиісті бұйрыққа қол қойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде есептік жазбаны бұғаттаудың/бұғаттан шығарудың кейінгі рәсімі үшін мәліметтерді Департаменттің назарына жеткізеді;
2) Ауылдық округ әкімдіктері мен Мемлекеттік кірістер басқармалары арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
6. Ауылдық округ әкімдігі:
1) салық заңнамасына сәйкес салық жинауды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
2) салық төлеушілер жүгінген кезде салық жинауды ұйымдастыру тәртібі туралы консультация береді;
3) салық жинауды ұйымдастыру барысында ("Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық" 104102 бюджеттік сыныптама коды және "Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық" 104402 бюджеттік сыныптаманың коды) салық төлеушілердің жеке шоттарын СӘАЖ АЖ-да қарайды;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық салу объектілеріне қатысты олардың мәліметтерін түзету және нақтылау бойынша көмек көрсетеді.
7. Салық төлеуші:
1) салықтар бойынша міндеттемелерді уақтылы және толық көлемде орындайды;
2) салық міндеттемелерін орындау үшін және салық бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты мәселелер бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларына, сондай-ақ Успен және Железин ауданындағы салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша Ауылдық округ әкімдіктеріне ерікті негізде жүгінеді.
Жеке тұлғалардың мүлік және көлік құралдары салығын жинау бөлігінде салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдеріне қосымша |
|
Нысан |
Мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйелеріне қолжетімділікке өтінім _______________________________________________________ МКО АЖ пайдаланушысын құру / өзгерту / жою (керегінің астын сызу)
Қоса беріліп отырған кестеге сәйкес Сізден туындайтын өндірістік қажеттілікке байланысты қызметкердің жұмыс орнынан МКО АЖ-ға құқық беруіңізді сұраймыз:
№ № | Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің атауы | ТАӘ, ЖСН | Лауазымы | Қол жеткізу уақыты | Мекенжайы, кабинет №, телефоны | Электрондық мекенжайы | АЖ атауы | Режимдер мен сервистердің атауы |
Құрылымдық бөлімшенің
басшысы _____________________________________
Келісілді: _____________________________________
Ақпараттық қауіпсіздік саясатымен таныстым __________________________
ТАӘ
Ескертпе: аббревиатураларды ашып жазу:
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ТАӘ – тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
МКО АЖ – мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесі.