БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін құру, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 шілдедегі № 597 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 524 бірлескен бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33159 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 83-6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ереженің 14-тармағының 135-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:";
аталған бірлескен бұйрықпен бекітілген Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін құру, жүргізу және пайдалану қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін құру, жүргізу және пайдалану қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ережесінің 15-тармағының 83-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін (бұдан әрі – Тізілім) құру, жүргізу және пайдалану тәртібін айқындайды.";
13-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Ұлттық тізілімде қамтылған мәліметтер, жалпыға қолжетімді болып табылатын ақпараттан басқа, Қазақстан Республикасының "Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Заңының 11-бабына сәйкес мәліметтер ұсынылатын жағдайларды қоспағанда, жария етілмейді.";
Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін құру, жүргізу және пайдалану қағидаларында, аталған бұйрықпен бекітілген:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін құру, жүргізу және пайдалану қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ережесінің 14-тармағының 135-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін (бұдан әрі – Ұлтты тізілім) құру, жүргізу және пайдалану тәртібін айқындайды.";
10-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Ұлттық тізілімде қамтылған мәліметтер, жалпыға қолжетімді болып табылатын ақпараттан басқа, Қазақстан Республикасының "Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Заңының 11-бабына сәйкес мәліметтер ұсынылатын жағдайларды қоспағанда, жария етуге жатпайды:";
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң қызметі және құқықтық нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің тиісті орынбасарына және Қазақстан Республикасы әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
____________Е. Саденов |
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
____________Е. Сәрсембаев |