"Азаматтық қорғау органдарының және уәкілетті органның ведомствосына ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері үшін арнайы нысанды киім үлгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 146 және "Азаматтық қорғау органдарының және уәкілетті органның ведомствосына ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері үшін арнайы нысанды киім үлгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 146 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 172 бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі № 400 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 17 қыркүйекте № 36858 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Азаматтық қорғау органдарының және уәкілетті органның ведомствосына ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері үшін арнайы нысанды киім үлгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 146 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10542 болып тіркелген);

      2) "Азаматтық қорғау органдарының және уәкілетті органның ведомствосына ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері үшін арнайы нысанды киім үлгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 146 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 172 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28226 болып тіркелген).

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Тылдық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте.

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады