ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Авиация персоналы куәліктерін беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 750 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8782 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 54-бабының 3-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиация персоналы куәлiктерiн беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) кешенді әуе кемесі (complex motor-powered aircraft) – ең жоғары ұшу массасы 5700 кг-нан асатын немесе жолаушылар креслоларының ең жоғары конфигурациясы он тоғыздан асатын немесе пайдалану үшін экипажы кемінде екі ұшқыштан тұратын, немесе турбореактивті қозғалтқышпен (немесе) қозғалтқыштармен немесе бірден артық турбовинтті қозғалтқышпен жарақтандырылған, немесе ең жоғары ұшу массасы 3175 кг-нан асатын тікұшақ, немесе жолаушылар креслоларының максималды конфигурациясы тоғыздан асатын немесе кем дегенде екі ұшқыштан тұратын экипажбен пайдаланылатын немесе айналмалы ротормен.";
5 және 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Кітап түріндегі авиация персоналы куәліктері авиациялық персоналдың санатына жатқызылуына қарай түс гаммасы мен серия-әріптік кодтау бойынша ерекшеленеді.
Авиациялық персонал куәліктерінің әріптік кодтары мен түстерінің кестесі осы Қағидаларға 3-қосымшада келтірілген.
6. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналды және ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкерді немесе ұшу диспетчерін қоспағанда, авиация персоналы куәлігінің жарамдылығы ондағы біліктілік белгілерінің және (немесе) тиісті сыныптағы (түрдегі) медициналық сертификаттың қолданылу мерзімімен айқындалады.
Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персонал мен ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкер немесе ұшу диспетчері куәліктерінің жарамдылығы кәсіптік деңгейді уақтылы ұстап тұру шартымен берілген немесе ұзартылған күннен бастап бес жыл қолданылу мерзімімен айқындалады.";
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген авиациялық персонал куәлігі бар адамдар кәсіптік қызметке осындай қызметті жүзеге асыру құқығына арналған қолданыстағы куәлiгi, қолданыстағы біліктілік белгілері және (немесе) тиісті сыныптағы медициналық сертификаты болған кезде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығымен бекітілген Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламаларында көзделген кезеңділікке сәйкес кәсіптік деңгейді ұстап тұру шартымен кәсіптік қызметті орындауға жіберіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8785 болып тіркелген).";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Куәлік ауыстырылған жағдайда алдыңғы куәліктің XII (Ratings) және XIII (Special Remarks) бөлімдеріне енгізілген барлық қолданыстағы жазбалар осы осы Қағидалардың 23-тармағының 13) және 14-тармақтарына сәйкес куәлікке қатысты шарттарды, немесе шектеулерді өзгертпей ауыстырылады.
Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың XIII (Special Remarks) бөлімінде жазылған жазбалары әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігіне қосымшаны беру туралы деректерді (XV бөлім) қоспағанда, авиация персоналының жаңа куәлігіне ауыстыруға жатпайды.";
29-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29-1. Ұшу экипажы мүшесінің біліктілік белгісінің қолданылу мерзімі үзілмейді және ол аяқталғанға дейін 90 (тоқсан) күн ішінде біліктілік белгісінің қолданылу мерзімі ұзартылған кезде ол аяқталған күннен бастап ұзартылады.
Ұшуды тексеру актісі біліктілік белгілерін енгізу және (немесе) ұшу экипажы мүшесінің куәлігін алу үшін ұшуды тексеру жүргізілгеннен кейін 180 күн ішінде жарамды.";
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персонал куәлігіне біліктілік белгілерін енгізу мақсаттары үшін әуе кемелері мынадай топтар бойынша анықталады:
1) 1-топ:
кешенді әуе кемелері, оның ішінде көп қозғалтқышты тікұшақтар, ұшудың ең жоғары пайдалану биіктігі 29000 футтан асатын ұшақтар, электр қашықтықтан басқару жүйесімен жабдықталған әуе кемелері және уәкілетті ұйым айқындайтын әуе кемелері типінің біліктілік белгілерін енгізуді талап ететін әуе кемелері;
2) 2-топ:
1-топқа жатпайтын әуе кемелері, олар мынадай кіші топтарға тиесілі:
2а-кіші тобы: бір газтурбиналық қозғалтқышы бар ұшақтар;
2b-кіші тобы: бір газтурбиналық қозғалтқышы бар тікұшақтар;
2с-кіші тобы: бір поршенді қозғалтқышы бар тікұшақтар;
3) 3-топ;
1-топта және 2с кіші топта көрсетілмеген, поршенді қозғалтқышы бар ұшақтар;
барынша ұшу салмағы кемінде 5700 кг герметикалық емес жеңіл поршенді әуе кеме.";
9-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
10-қосымшаның 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын;
"3) В2 санатындағы ӘК техникалық қызмет көрсету жөніндегі маманның куәлігі оның иесіне ӘК пайдалануға рұқсат беру сертификатын шығаруға және В2 санатындағы қолдаушы персонал ретінде мынадай қызмет түрлерінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді:
ӘК авиациялық және радиоэлектрондық жабдықтарында және электр жүйелерінде орындалғаннан кейін;
күштік қондырғы мен тетіктік жүйелер шегінде авиациялық жабдықта міндеттерді орындау кезінде, олардың жұмыс қабілеттілігін дәлелдеу үшін тек қарапайым тексерулер жүргізуді талап етеді;
тізбесі "Авиациялық персоналды даярлаудың үлгілік бағдарламасында" белгіленген компания берген жеке рұқсат беру сертификатына (ССА) толық немесе ішінара енгізілген міндеттер шегінде ӘК-де (Minor Schedule Tasks) екінші реттік жоспарланған техникалық қызмет көрсетуді орындағаннан және ӘК-дегі (Simple Defects Rectification) қарапайым ақауларды жойғаннан кейін. Бұл сертификаттау өкілеттігі жеке рұқсат беру сертификатын (ССА) шығарған ТҚК және ӘКЖ жөніндегі ұйымда куәліктің иегері дербес орындаған жұмысқа және В2 санатындағы ӘК техникалық қызмет көрсету жөніндегі маманның куәлігіне енгізілген рейтингтерге ғана қолданылуы тиіс. В2 санатындағы ӘК техникалық қызмет көрсету жөніндегі маманның куәлігі А-ның ешқандай кіші санатын қамтымайды.".
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
М. Калиакпаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Әуе кемелеріне ТҚК жөніндегі маманның қолданыстағы куәлігін жаңа санат немесе қосымша санатпен толықтыруға қойылатын талаптар.
Тәжірибе өтінішке сәйкес келетін кіші санаттағы немесе санаттағы әуе кемелерін пайдалану кезінде техникалық қызмет көрсетудегі практикалық тәжірибемен расталуы керек.
Егер өтініш беруші тиісті кіші санат немесе санат бойынша сертификатталған авиациялық оқу орталығында техникалық персоналды бастапқы даярлаудың мақұлданған курсын сәтті аяқтаса, тәжірибе талаптары 50% - ға азайтылуы мүмкін.
Бұл кестені тек жолдар бойынша қолданыңыз.
категория ға | А1 | А2 | АЗ | А4 | B1.1 | В1.2 | В1.3 | B1.4 | В2 | BЗ |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
EXPERIENCE/ | 6 ай | 6 ай | 6 ай | 2 жыл | 6 ай | 2 жыл | 1 жыл | 2 жыл | 6 ай | |
А1 | Модуль 16 | Модуль 12 | Модуль 12 и 16 | Барлық модуль | Барлық модуль | Барлық модуль | Барлық модуль | Барлық модуль | 2,3 және 8-ден басқа барлық модуль | |
EXPERIENCE/ | 6 ай | 6 ай | 6 ай | 2 жыл | 6 ай | 2 жыл | 1 жыл | 2 жыл | 6 ай | |
А2 | 11А және 15-модуль | 12 және 15-модуль | 12-модуль | Барлық модуль | Барлық модуль | Барлық модуль | Барлық модуль | Все модули | 2,3 және 8-ден басқа барлық модуль | |
EXPERIENCE/ | 6 ай | 6 ай | 6 ай | 2 жыл | 1 жыл | 2 жыл | 6 ай | 2 жыл | 1 жыл | |
А3 | 11А және 17А-модуль | 11В,16 және 17А-модуль | 16-модуль | Барлық модуль | Барлық модуль | Барлық модуль | Барлық модуль | Барлық модуль | 2,3 және 8-ден басқа барлық модуль | |
EXPERIENCE/ | 6 ай | 6 ай | 6 ай | 2 жыл | 1 жыл | 2 жыл | 6 ай | 2 жыл | 1 жыл | |
А4 | 11А,15 және 17А-модуль | 11B және 17А-модуль | 15-модуль | Барлық модуль | Барлық модуль | Барлық модуль | Барлық модуль | Барлық модуль | 2,3 және 8-ден басқа барлық модуль | |
EXPERIENCE/ | 6 ай | 6 ай | 6 ай | 6 ай | 6 ай | 6 ай | 1 жыл | 6 ай | ||
B1.1 | 16-модуль | 12-модуль | 12 және 16-модуль | 16-модуль | 12-модуль | 12 және 16-модуль | 4,5 және 13-модуль | 16-модуль | ||
EXPERIENCE/ | 6 ай | 6 ай | 6 ай | 2 жыл | 2 жыл | 6 ай | 2 жыл | |||
B1.2 | 11A және 15-модуль | 12 және 15-модуль | 12-модуль | 5,11A және 15-модуль | 12 және 15-модуль | 12-модуль | 4,5,13 және 14-модуль | |||
EXPERIENCE/ | 6 ай | 6 ай | 6 ай | 6 ай | 6 ай | 6 ай | 1 жыл | 6 ай | ||
B1.3 | 11A және 17-модуль | 11B, 16 және 17А-модуль | 16-модуль | 11А және 17А-модуль | 11В,16 және 17А-модуль | 16-модуль | 4,5 және 13-модуль | 11С және 17В-модуль | ||
| 6 ай | 6 ай | 6 ай | 2 жыл | 6 ай | 2 жыл | 2 жыл | 6 ай | ||
В1.4 | 11A,15 және 17-модуль | 11В және 17А-модуль | 15-модуль | 11A,15 және 17А-модуль | 11В, және 17А-модуль | 5 және 15-модуль | 4,5,13 және 14-модуль | 11С және 17В-модуль | ||
EXPERIENCE/ | 6 ай | 6 ай | 6 ай | 6 ай | 1 жыл | 1 жыл | 1 жыл | 1 жыл | 1 жыл | |
В2 | 6,7А,15 және 17А-модуль | 6,7А,16 және 17А-модуль | 6,7А,12 және 15-модуль | 6,7А,12 және 16-модуль | 2,6,7А,11А, 15 және 17А-модуль | 2,6,7А,11В, 16 және 17А-модуль | 2,6,7А,12 және 15-модуль | 2,6,7А,12 және 16-модуль | 6,7В,11С,16 және 17В-модуль, | |
EXPERIENCE/ | 6 ай | ешқандай | 6 ай | 6 ай | 2 жыл | 6 ай | 2 жыл | 1 жыл | 2 жыл | |
В3 | барлық модуль | барлық модуль | барлық модуль | барлық модуль | барлық модуль | барлық модуль | барлық модуль | барлық модуль | барлық модуль |