БҰЙЫРАМЫН:
1. "Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кепіл шартының үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 340 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14192 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кепіл шартының үлгілік нысанында:
7-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
7) тіркеу күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей Кепіл ұстаушыға тиісті растау құжатын ұсына отырып, 20___ жылдың "___" _________ дейінгі мерзімде осы Шартты "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" акционерлік қоғамында тіркеуге;".
2. "Құрылысы аяқталмаған объектімен бірге жер учаскесін кепілге қою шартының үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 433 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14521 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрылысы аяқталмаған объектімен бірге жер учаскесінің кепіл шартының үлгілік нысанында:
8-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
"12) кепілді жағдай туындаған кезде уәкілетті органда салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісі тіркелгеннен кейін 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жоба бойынша іске асырылмаған жылжымайтын мүлік объектілері кепілге берілсін.";
11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) 7 (жеті) жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушының уәкілетті мемлекеттік органда объектіні салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісі негізінде туындаған жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тіркеуге келісімін не мониторинг нәтижелері бойынша жобаның толық әзірлігінің жоқтығы анықталған жағдайда дәлелді бас тартуды ұсынсын;".
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрілігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсiн.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі