БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулердің сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 22 қарашадағы № 876 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19648 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулердің сараптамасын жүргізу қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қорғаныс өнеркәсібі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – қорғаныс өнеркәсібі саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;".
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік күзет қызметі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
