"Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 191 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі № 170 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 5 қыркүйекте № 36800 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 191 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде көрсетілген бұйрықпен бекітілген № 14052 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:

      2-тарауда:

      1-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Дене шынықтыру-спорт ұйымының басшысы";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Лауазымдық міндеттері:

      дене шынықтыру-спорт ұйымының өндірістік, әкімшілік, шаруашылық және қаржылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданған шешімдердің орындалуын, дене шынықтыру-спорт ұйымының балансындағы мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын, сондай-ақ оның қызметінің қаржылық-экономикалық нәтижелерін қамтамасыз етеді;

      дене шынықтыру-спорт ұйымы қызметінің саясатын, стратегиясын және оларды жүзеге асыру тетігін айқындайды;

      оқу-жаттығу және тәрбиелік процестерде спорттық-әдістемелік және материалдық-техникалық базаны ұйымдастырады және жетілдіреді;

      педагогикалық кеңестің жұмысына басшылық жасайды;

      дене шынықтыру-спорт ұйымының жұмыс жоспарын, спортты жетілдірудің әртүрлі кезеңдерінде спортшыларды даярлаудың жоспарларын және бағдарламаларын бекітеді;

      барлық құрылымдық бөлімшелердің олардың қызметін жетілдіруге бағытталған өзара тиімді іс-қимылы мен жұмысын ұйымдастырады, сондай-ақ олардың қызметін жоғары жетістіктер спорты мен бұқаралық спортты дамытуға бағыттайды;

      жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылар, нұсқаушылар және әдіскерлердің біліктілігін арттыруды, спортшыларды дайындау деңгейін және спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру мақсатында дене шынықтыру және спорт саласындағы шет елдің озық тәжірибесін зерделеуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;

      дене шынықтыру-спорт ұйымы қызметінің жекелеген бағыттарын басқаруды лауазымды тұлғаларға – орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына жүктейді;

      қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру, көтермелеу және жұмыстан босату туралы шешімдер қабылдайды, штаттық кестені, дене шынықтыру-спорт ұйымы қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      спортшылардың контингентін қалыптастырады, оқу-жаттығу және оқу-тәрбиелік процестері кезінде спортшылар мен дене шынықтыру-спорт ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтаудың қажетті жағдайларын жасайды;

      тиісті саланың уәкілетті органдарына дене шынықтыру-спорт ұйымының әкімшілік-шаруашылық және оқу-жаттығу қызметтерінің есебін ұсынады;

      дене шынықтыру-спорт ұйымының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, өнім берушілер, тапсырыс берушілер мен банктерді қоса алғанда кредиторлар алдындағы міндеттемелерінің, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының (келісімшарттардың) орындалуын қамтамасыз етеді;

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын ұйымдастырады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдауда дербес жауапкершілікте болады;

      спортшылар арасында және дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұжымдарында діни экстремизм мен терроризмнің таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Лауазымдық міндеттері:

      өз құзыреті шегінде дене шынықтыру-спорт ұйымының қаржы-шаруашылық және ұйымдастыру қызметтеріне басшылық етеді;

      дене шынықтыру-спорт ұйымының белгіленген есептік құжаттамасын сапалы және уақытылы жасауды қамтамасыз етеді;

      бөлімшенің қызметінде заңдылық сақтауды және олардың қаржылық басқару, келісімшарт және қаржылық тәртіптерді, әлеуметтік-еңбек қатынастарын нығайта отырып, құқықтық тәсілдерді пайдалануда шаруашылық-экономикалық байланыстарды жүзеге асыруды, еңбекте қолайлы және қауіпсіз жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді;

      құрылымдық бөлімшелерде еңбек тәртібін қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      дене шынықтыру-спорт ұйымының кешенді экономикалық талдауын және қаржылық-шаруашылық нәтижелерін бағалауды жүргізуді ұйымдастырады;

      спортшылар арасында және дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұжымдарында діни экстремизм мен терроризмнің таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Лауазымдық міндеттері:

      спорттық-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырады;

      спортшыларды даярлаудың бағдарламасын және жоспарын орындау жөніндегі жаттықтырушы-оқытушы құрамының жұмысын, сондай-ақ қажетті оқу-әдістемелік құжаттарды әзірлеуді үйлестіреді;

      спорттық топтарды жасақтауды қамтамасыз етеді, оқу топтарының сабақ кестесін, спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын құру жұмыстарын жүзеге асырады;

      жаттықтырушылар кеңесінің жұмысын ұйымдастырады, оқу-жаттығу процесін оқытудың және өткізудің әдістемесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;

      дене шынықтыруды және спортты насихаттау және алдыңғы қатарлы тәжірибені енгізу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;

      спортшыларға медициналық қызмет көрсетудің жай-күйін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      оқу-жаттығу және оқу-тәрбиелік процестерін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      спортшылардың оқу бағдарламаларының талаптарын орындауын қамтамасыз етеді, спортшылардың дайындық деңгейін үйлестіреді және мониторинг жүргізеді, медициналық тексеруден уақтылы өтуін қамтамасыз етеді;

      спорт түрлерінен федерациялармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, дене шынықтыру-спорт ұйымындағы спорт түрлерін дамыту жұмысын үйлестіреді;

      спортшыларды дайындаудың перспективалық және жеке жоспарларын әзірлеуді ұйымдастырады;

      спорт түрлері бойынша дене шынықтыру-спорт ұйымының спортшыларының тұрақты дайындығын, спорттық дайындықта жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып, жоғары нәтижелерді қамтамасыз етеді;

      құрылымның және штат кестесінің өзгеруі бойынша ұсыныстар енгізеді;

      спортшылар арасында және дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұжымдарында діни экстремизм мен терроризмнің таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.

      4-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-параграф. Жастар (жасөспірімдер, юниорлар) ұлттық командасының аға жаттықтырушысы";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Лауазымдық міндеттері:

      спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының жастар (жасөспірімдер, юниорлар) ұлттық командасын (бұдан әрі – жастар ұлттық командасы) даярлау жөніндегі жаттықтырушылар құрамының жұмысына басшылық жасайды;

      жастар ұлттық командасы үшін резерв даярлауды, жастар ұлттық командасының жаттығу процесін жүзеге асырады және олардың халықаралық жарыстарға қатысуын ұйымдастырады;

      даярлықтың әрбір кезеңінде жоғары спорттық нәтижеге қол жеткізу үшін жастар ұлттық командасының мақсаттары мен міндеттерін айқындайды;

      жастар ұлттық командаларына одан әрі енгізу үшін перспективалы спортшыларды іріктеуді жүргізеді;

      спортшыларды даярлаудың перспективалы жоспарын әзірлейді және жұмылдырылған жаттықтырушылармен бірлесіп, оның орындалуын қамтамасыз етеді;

      спортшылардың оқу-жаттығу жиындарына даярлығы бойынша жұмыстарды және олардың жарыстарда өнер көрсетулерін ұйымдастырады;

      жастар ұлттық командасы мүшелерінің перспективалық және жеке даярлық жоспарларын әзірлеуді ұйымдастырып бекітеді, сонымен қатар оқу-жаттығу процесіне тікелей қатысады;

      тәрбиелік және патриоттық жұмыстар жүргізеді;

      жастар ұлттық командалары спортшыларын даярлау жөніндегі жаттықтырушылардың жұмысын қамтамасыз етеді;

      бекітілген даярлау жоспарының орындалуын, жастар ұлттық командалары мен жекелеген спортшылардың қатысу нәтижелерін талдайды, алынған деректерді ескере отырып, олардың кейінгі дайындығына түзетулер енгізеді және спортшылардың жоспарланған нәтижелерін орындауына жауапты болып табылады;

      спортшыларды даярлауға қатысатын дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен бірлесіп жұмыс істейді;

      жастар ұлттық командасына мүше спортшылардың жарыстарда өнер көрсету нәтижелері туралы есепті тікелей басшысына, спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командасының бас жаттықтырушыға ұсынады;

      спорт этикасының сақталуын қамтамасыз етеді;

      спортшылар арасында және дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұжымдарында діни экстремизм мен терроризмнің таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілерді діни немесе өзге де нанымдарды қабылдауға мәжбүрлеу не олардан бас тарту үшін білім беру, оқу-жаттығу, тәрбие процесін пайдалануға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.";

      5-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-параграф. Спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командасының бас жаттықтырушысы";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Лауазымдық міндеттері:

      құрамына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың спорт түрлері және олардың резерві бойынша командаларының спортшыларын даярлауды жүзеге асыратын жастар ұлттық командалары мен өңірлердің аға жаттықтырушылары кіретін спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командасының (бұдан әрі – ұлттық команда) және жаттықтырушылар кеңесінің жаттықтырушылар құрамының жұмысына басшылық етеді;

      жас ерекшеліктеріне сәйкес ұлттық командалардағы сабақтастықты қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

      спорт түрі бойынша жаттықтырушылар кеңесін басқарады;

      ұлттық команданың даярлығын жүзеге асырады және олардың халықаралық жарыстарға қатысуын ұйымдастырады;

      спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін дайындықтың әр кезеңінде ұлттық команда дайындығының мақсаттары мен міндеттерін айқындайды;

      ұлттық және штаттық ұлттық командаларға одан әрі қосу үшін перспективалы спортшыларды іріктеуді жүргізеді;

      ұлттық команданың мүшелері дайындығының перспективалы және жеке жоспарларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады, оқу-жаттығу процесіне тікелей қатысады;

      ұлттық команданың спортшыларын даярлау бойынша жаттықтырушылардың жұмысын қамтамасыз етеді;

      ұлттық команданың және жеке спортшылардың бекітілген дайындық жоспарларының орындалуын, өнер көрсету қорытындыларын талдайды, ұсынылған деректерді ескере отырып, бұдан әрі дайындықтарына түзетулер енгізеді;

      спортшыларды даярлауға қатысатын дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      спорт этикасының сақталуын қамтамасыз етеді;

      спорт түрлері бойынша жетекші елдер спортшыларының және қазақстандық спортшылардың басты бәсекелестерінің даярлығын және өнер көрсетулерін зерттейді және талдайды;

      жыл сайын дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға ұлттық командаға мүше спортшылардың жарыстарда өнер көрсету нәтижелері жөнінде есеп ұсынады;

      спортшылар арасында және дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұжымдарында діни экстремизм мен терроризмнің таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілерді діни немесе өзге де нанымдарды қабылдауға мәжбүрлеу не олардан бас тарту үшін білім беру, оқу-жаттығу, тәрбие процесін пайдалануға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.";

      6-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-параграф. Ұлттық команданың бастығы";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Лауазымдық міндеттері:

      ұлттық команда үшін спорттық іс-шараларды өткізу орындарын дайындауды, өткізуді ұйымдастыруды, спорттық киімдермен, керек-жарақтармен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, тамақтануын, тұратын жерін, медициналық қызметін, тіркелуін, жарысқа қатысушыларға қызмет көрсетуді, қауіпсіздік шарттарын сақтауды қамтамасыз етеді;

      спорттық киімдерді, керек-жарақтар мен құрал-жабдықтарды алуға өтінім әзірлейді, шығыстарды жоспарлайды және осы мақсаттарға бағытталған қаражаттың дұрыс жұмсалуын қамтамасыз етеді;

      ұлттық команданы жарыстарға дайындаудың перспективалы және ағымдық жоспарларын әзірлеу, оның ішінде спорттық іс-шараларды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізеді;

      спортшылар арасында және дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұжымдарында діни экстремизм мен терроризмнің таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Лауазымдық міндеттері:

      Қазақстан Республикасының аумағында спорт түрін (түрлерін) дамыту стратегиясын айқындайды;

      Қазақстан Республикасы аумағында спортты дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;

      спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін спорт федерацияларымен, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды, шетелдік спорт ұйымдарының мамандарымен өзара іс-қимыл жасайды, Қазақстан Республикасының аумақтарында спорт түрін (түрлерін) насихаттауды жүзеге асырады;

      дене шынықтыру-спорт ұйымдарының, спорт түрлері бойынша ұлттық командалар спортшыларын даярлау бойынша жаттықтырушылардың, мамандардың жұмысын үйлестіреді, оның ішінде спорт түрлері бойынша аймақтық аға жаттықтырушылар жұмысын жыл сайын бағалауды жүргізеді;

      ұлттық командамен жұмыс істеу үшін жаттықтырушы кадрларды іріктеу бойынша белгіленген тәртіппен жаттықтырушылар кеңесіне ұсыныстар енгізеді;

      спорт түрі бойынша аккредиттелген спорт федерацияларының қамқорлығымен өтетін жаттықтырушылар мен төрешілердің семинарларына, тренингтеріне және аттестацияларына қатысады;

      Қазақстан Республикасының штаттық ұлттық және ұлттық командаларының құрамына үміткерлерді алу үшін ұсыныстар енгізеді;

      спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарламасын әзірлеуге қатысады;

      уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық командалардың оқу-жаттығу жиындарын, ел ішіндегі спорттық іс-шаларды, оның ішінде халықаралық жарыстарды тексеруді жүзеге асырады;

      спорт этикасының сақталуын қамтамасыз етеді;

      жыл сайын дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының аумағында спорт түрін (түрлерін) дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде есеп ұсынады;

      спортшылар арасында және дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұжымдарында діни экстремизм мен терроризмнің таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілерді діни немесе өзге де нанымдарды қабылдауға мәжбүрлеу не олардан бас тарту үшін білім беру, оқу-жаттығу, тәрбие процесін пайдалануға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.";

      9-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-параграф. Спорт түрінен (түрлерінен) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың командасының аға жаттықтырушысы";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Лауазымдық міндеттері:

      облыс, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында спорт түрін (түрлерін) дамыту стратегиясын айқындайды;

      спорт түрі (түрлері) бойынша спорт федерацияларымен, дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен және басқа ұйымдармен спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді, облыста, республикалық маңызы бар қалада және астанада спорт түрін (түрлерін) насихаттауды қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      спортшылардың спорттағы тыйым салынған субстанциялар және (немесе) әдістерді пайдалану жағдайларын алдын алу және болдырмау жұмыстарын ұйымдастырады;

      жас ерекшеліктеріне сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың командасындағы ауыспалылықты қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың командасының даярлығын жүзеге асырады және олардың жарыстарға қатысуын ұйымдастырады;

      спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін дайындықтың әр кезеңінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың командасы дайындығының мақсаттары мен міндеттерін айқындайды;

      перспективалы спортшыларды іріктейді және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың командасын жасақтауды жүзеге асырады;

      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың командасына мүше спортшылардың жарыстарда өнер көрсету нәтижелері жөніндегі есепті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқару органының басшылығына ұсынады;

      спорт этикасының сақталуын қамтамасыз етеді;

      спортшылар арасында және дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұжымдарында діни экстремизм мен терроризмнің таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілерді діни немесе өзге де нанымдарды қабылдауға мәжбүрлеу не олардан бас тарту үшін білім беру, оқу-жаттығу, тәрбие процесін пайдалануға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Лауазымдық міндеттері:

      халықтың денсаулығын нығайту мақсатында дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуді ұйымдастырады;

      жаттықтырушылар құрамы жұмысының бағытын үйлестіруді жүзеге асырады, оқу-жаттығу процесін әдістемелік қамтамасыз етеді және оқу топтарын сапалы жасақтауды қамтамасыз етеді;

      оқу-жаттығу және тәрбиелік процестердің нәтижелерін үйлестіреді;

      дайындық оқу жоспарының және бағдарламасының орындалуын, оқытушы-жаттықтырушылар жұмысының сапасын қадағалайды;

      есепке алу және есептілік құжаттамасын уақтылы және сапалы жүргізіп, басшылыққа, дене шынықтыру-спорт ұйымының құрылымдық бөлімше басшыларына тапсыруды қамтамасыз етеді;

      оқытушы-жаттықтырушылар құрамының біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарды, спорт түрлері бойынша бөлімшелерде семинарлар, ашық сабақтар өткізуді ұйымдастырады;

      қызметкерлердің денсаулығын нығайту және еңбек өнімділігін арттыру мақсатында дене-шынықтыру-спорт ұйымында бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді қамтамасыз етеді;

      спортшылар арасында және дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұжымдарында діни экстремизм мен терроризмнің таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Лауазымдық міндеттері:

      дайындықтың жеке жоспарын, оқу-жаттығу және жарыс тапсырмаларының жүктемесін орындайды;

      спорттық нәтижелерді арттыруды қамтамасыз ететін дайындықтың жалпы дене тәрбиелік және арнайы деңгейлерін қамтамасыз етеді;

      жеке дайындық жоспарында қарастырылған тапсырмалардың орындалуы бойынша есеп жүргізеді;

      жаттықтырушылар құрамымен бірлесіп, оқу-жаттығу процесін жоспарлауға қатысады;

      оқу-жаттығу жұмысының режимін сақтайды;

      халықаралық және республикалық спорттық жарыстарға қатысады;

      Халықаралық Олимпиада комитетінің Хартиясына сәйкес спорт этикасының сақталуын, спорттағы тыйым салынған субстанциялар және (немесе) әдістерді пайдаланбауды қамтамасыз етеді;

      жас спортшыларға практикалық көмек көрсетеді;

      дене шынықтыру-спорт ұйымдарында өткізілетін сауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмыстарды ұйымдастырады және өткізеді;

      спортшылар арасында және дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұжымдарында діни экстремизм мен терроризмнің таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Біліктілікке қойылатын талаптары:

      кадрларды даярлау бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі): "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар немесе еңбек өтіліне талаптар қойылмай "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім немесе жалпы орта білім;

      Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 25 шілдедегі № 289 бұйрығымен бекітілген спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және штаттық ұлттық командаларының, Қазақстан Республикасы командаларының және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана командаларының құрамдарын қалыптастыру қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9682 болып тіркелген) жалпы білім беретін мектеп мекемелерінде (мектеп-интернаттар, интернаттар) білім алушыларда спорттық нәтижелер болған кезде, білімі мен жұмыс өтіліне талаптар қойылмай.";

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Лауазымдық міндеттері:

      ұлттық командаларды және спорттық резервті даярлауды ұйымдастыруды және халықаралық жарыстардың қатысушыларына кеңес береді;

      жоғары дәрежелі спортшыларды және спорт резервті даярлауды жүзеге асыратын ұйымның ұлттық командалар мүшелерін даярлау бағдарламасын әзірлеуді жүзеге асырады және аккредиттелген спорт федерациясының көзқарастарын ескере отырып бекітуге ұсынады;

      оқу-жаттығу процесіне тікелей қатысады және жаттығу мен жарысу процесін жүзеге асыру әдістемесін әзірлейді және пайдалануға ұсынады;

      ұлттық командалар мен жекелеген спортшыларды даярлау жоспарының орындалуын бақылайды және талдау жасайды, алынған мәліметтерді ескере отырып, олардың ары қарайғы даярлығына түзетулер енгізеді;

      оқу-жаттығу процесіндегі тікелей спорттық этиканың сақталуын қамтамасыз етеді;

      қорытынды бойынша ұлттық командалар спортшылары-мүшелерінің жарыстардағы қатысу нәтижелері туралы есепті ұсынады;

      есеп беру-жоспарлау іс-шараларына қатысады;

      спортшылар арасында және дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұжымдарында діни экстремизм мен терроризмнің таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілерді діни немесе өзге де нанымдарды қабылдауға мәжбүрлеу не олардан бас тарту үшін білім беру, оқу-жаттығу, тәрбие процесін пайдалануға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.";

      113-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "113. Лауазымдық міндеттері:

      Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес оқу-әдістемелік және аналитикалық жұмыстарға жетекшілік етеді;

      спортшыларды даярлау жөніндегі әдістемелік құралдарды әзірлеу мақсатында ұлттық командалар спортшыларының жарыстарда және оқу-жаттығу жиындарында даярлығы мен өнер көрсетуін талдайды;

      әдістемелік комиссиялардың қызметін қамтамасыз етеді;

      біліктілікті арттыру курстары мен дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды қайта даярлауды қамтамасыз етеді;

      дене шынықтыру және спорт саласындағы оқу-әдістемелік құралдарды, тақырыптық жинақтарды, семинарларға, конференцияларға, көрме-жәрмеңкелерге материалдар шығару жұмыстарын үйлестіреді;

      оқу-әдістемелік және талдау жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;

      оқу-әдістемелік базаны есепке алуды, сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді;

      оқу-әдістемелік және аналитикалық жұмыстарды ұйымдастырады және жоспарлайды;

      дене шынықтыруды және спортты насихаттау бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;

      спорт түрі (түрлері) бойынша спорт федерацияларымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      спортшылар арасында және дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұжымдарында діни экстремизм мен терроризмнің таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.";

      дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына қосымшасында:

      реттік нөмірлері 4, 5 және 6-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4.

Жастар (жасөспірімдер, юниорлар) ұлттық командасының аға жаттықтырушысы

§ 4

5.

Спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командасының бас жаттықтырушысы

§ 5

6.

Ұлттық команданың бастығы

§ 6

      ";

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9.

Спорт түрінен (түрлерінен) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың командасының аға жаттықтырушысы

§ 9

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты күшіне енгеннен кейін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет - ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпарат беру;

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
Е. Мырзабосынов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады