"Кезекшілік атқару кезінде, сондай-ақ авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезеңінде кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын ұстауға бөлінетін қаражаттар есебінен шығыстардың ақысын төлей отырып, құтқарушыларды тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2025 жылғы 2 қыркүйектегі № 382 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 4 қыркүйекте № 36797 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кезекшілік атқару кезінде, сондай-ақ авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезеңінде кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын ұстауға бөлінетін қаражаттар есебінен шығыстардың ақысын төлей отырып, құтқарушыларды тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11239 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды жою департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрінің
міндетін атқарушы
К. Турсынбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады