"Бюджеттік жоспарлаудың қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 208 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 қыркүйектегі № 470 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 4 қыркүйекте № 36791 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттік жоспарлаудың қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 208 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36034 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік жоспарлаудың қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау кезінде:

      1) тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының бюджеттік параметрлері болжамдарының нұсқаларын қоса алғанда, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері болжамдарының нұсқалары;

      2) мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарлары немесе даму жоспарларының жобалары;

      3) ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының бекітілген (нақтыланған) көлемі;

      4) алдыңғы және ағымдағы қаржы жылдарында бюджеттік бағдарламалар паспорттарын іске асыру қорытындылары;

      5) бюджеттік инвестицияларды іске асыруды бағалау қорытындысы;

      6) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепке Жоғары аудиторлық палатаның (жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепке облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ревизиялық комиссиясының) қорытындылары мен ұсынымдары;

      7) қабылданған мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде лизинг шарттары бойынша және Кодекстің 30, 31, 32-баптарының 1-тармағының 13) тармақшасында және 33-бабы 1-тармағының 12) тармақшасында көзделген бағыттар бойынша қабылданған міндеттемелер.

      8) шығыстарды шолу нәтижелері;

      9) мемлекеттік мекемелердің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізуінен түсетін түсімдер және ақылы көрсетілетін қызметтердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан шығыстар;

      10) арнаулы түсімдер ескеріледі.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарын және алдағы үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін, Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервін ескере отырып айқындайды.

      Лимиттерді айқындау үшін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға:

      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның қорытындысын алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері;

      жоспарланатын кезеңнің алдындағы ағымдағы қаржы жылының 15 сәуіріне дейін мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынады.

      Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары айқындайтын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін қоспағанда, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарын және жергілікті атқарушы органдардың резервін ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар айқындайды.

      Лимиттерді айқындау үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жоспарланатын кезеңнің алдындағы ағымдағы қаржы жылының 5 мамырына дейін ұсынады.";

      11-тармақтың бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шығыстары лимитінің құрамында, оның ішінде шығыстардың мынадай блоктары айқындалады:

      1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қалыптастыратын тізбе бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ағымдағы әкімшілік шығыстары және ағымдағы қаржы жылына бекітілген (нақтыланған, түзетілген) республикалық бюджеттің өзге де шығыстары қамтылатын тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстар.

      Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді орындауға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге, жеке тұлғаларға арналған трансферттер төлемдеріне және мемлекеттің басқа да міндеттемелеріне байланысты шығыстар тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстар болып табылады.

      Ағымдағы әкімшілік шығыстар деп мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз етумен байланысты ағымдағы шығыстар түсініледі;";

      14-тармақтың бірінші және екінші абзацтары тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті орган қалыптастыратын тізбе бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ағымдағы әкімшілік шығыстары және ағымдағы қаржы жылына бекітілген (нақтыланған, түзетілген) тиісті жергілікті бюджеттің өзге де шығыстары қамтылатын тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстар.

      Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді орындауға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге, жеке тұлғаларға арналған трансферттер төлемдеріне және мемлекеттің басқа да міндеттемелеріне байланысты шығыстар тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстар болып табылады.

      Ағымдағы әкімшілік шығыстар деп мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз етумен байланысты ағымдағы шығыстар түсініледі;";

      20-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мемлекеттік органдарға көліктік қызмет көрсетуге есеп "Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және техникасымен, мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен, кеңсе керек-жарақтары мен басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 201 бұйрығымен (бұдан әрі – № 201 бұйрық), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1210 қаулысымен (бұдан әрі – № 1210 қаулы) бекітілген мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және ағымдағы қаржы жылындағы шарттар мен тауар бірлігі үшін құнын негіздеуші құжаттардың көшірмелерін ескере отырып, автокөлік құралдарын міндетті техникалық тексеріп қарауға арналған шығыстарды қоса алғанда (ШЭС-тың 153 және 169-ерекшеліктері), автокөлікпен қамтамасыз ету бойынша орталық мемлекеттік органдардың заттай нормаларын есепке ала отырып жүзеге асырылады;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) телефон байланысы қызметтеріне есеп № 201 бұйрыққа сәйкес заттай нормаларды және телефон байланысымен қамтамасыз ету бойынша орталық мемлекеттік органдардың заттай нормаларын (ШЭС-тың 152-ерекшелігі) ескере отырып жүзеге асырылады;";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын "Әлеуметтік-экономикалық даму болжамының, оның ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының бөлімдерін әзірлеу қағидаларын, мерзімдерін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 27 мамырдағы № 35 бұйрығына (бұдан әрі – № 35 бұйрық) сәйкес бюджет саясаты жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi.";

      48-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Мемлекеттік тапсырманы жоспарлау осы Қағидалардың 47-тармағының бірінші бөлігінде көзделген өлшемшарттарға сәйкестігі тұрғысынан "Жоспарланатын мемлекеттік тапсырмаларға монополияға қарсы органның қорытындысын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 28 мамырдағы № 113/ОД бұйрығына сәйкес берілетін монополияға қарсы органның оң қорытындысы ескеріле отырып, бюджетті әзірлеу кезінде Кодексте белгіленген талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.";

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Нысаналы даму трансферттерін жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге қаржыландырудың балама көздері болмаған кезде осы Кодекстің 148-бабының 8-тармағына сәйкес аса маңызды объектілерді және жалпы ел үшін маңызы бар жобаларды қаржыландыруға береді.

      Жергілікті атқарушы органдар ЖБИ жобасын толық көлемде жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру жөнінде шешім қабылдаған жағдайда республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері түрінде қаражат бөлінбейді.

      Жергілікті атқарушы орган республикалық бюджет қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздер есебінен іске асырылатын ЖБИ жергілікті бюджет есебінен бірлесіп қаржыландырады.";

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 28 маусымдағы № 59 бұйрығымен (бұдан әрі – № 59 бұйрық) бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларында белгіленген тәртіппен бюджеттік инвестициялар (объектілер) бөлісінде ЖБИ әзірлейді және ЖБИ тізбесін қалыптастырады, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға жібереді.";

      63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "63. Тиісті орталық мемлекеттік орган немесе облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы орган № 59 бұйрығында белгіленген талаптарға сай келетін ЖБИ енгізеді.";

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын № 35 бұйрыққа сәйкес мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган әзiрлейдi.";

      көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 470 бұйрығына 1-қосымша
Бюджеттік жоспарлаудың
қағидаларына 1-қосымша
Нысан

Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері

_______________________________________________________________

(бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы)

      мың теңге

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі

Бағдарлама

Кіші бағдарлама

Атауы

жоспарлы кезеңнің бірінші жылы

жоспарлы кезеңнің екінші жылы

жоспарлы кезеңнің үшінші жылы

1

2

3

4

5

6

7




Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы, оның ішінде:







1. Тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстар, оның ішінде:







...




2. Жаңа бастамаларға арналған шығыстар (шығыстар болған кезде)




3. Шартсыз базалық шығыстарды ұлғайту (шығыстар болған кезде)




4. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві




      Анықтама:

      Тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстарды ашқан кезде олар шығыстар сомасын көрсетусіз бюджеттік кіші бағдарламалар деңгейіне дейін көрсетіледі.

      Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві тек Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне қатысты.

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 470 бұйрығына 2-қосымша
Бюджеттік жоспарлаудың
қағидаларына 2-қосымша
Нысан

Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері

_________________________________________________

(бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы)

      мың теңге

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі

Бағдарлама

Кіші бағдарлама

Атауы

жоспарлы кезеңнің бірінші жылы

жоспарлы кезеңнің екінші жылы

жоспарлы кезеңнің үшінші жылы

1

2

3

4

5

6

7




Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы, оның ішінде:







1. Тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстар, оның ішінде:







...




2. Жаңа бастамаларға арналған шығыстар (шығыстар болған кезде)




3. Шартсыз базалық шығыстарды ұлғайту (шығыстар болған кезде)




4. Жергілікті атқарушы органның резерві




      Анықтама:

      Тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстарды ашқан кезде олар шығыстар сомасын көрсетусіз бюджеттік кіші бағдарламалар деңгейіне дейін көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады