"Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 457 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 270 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 3 қыркүйекте № 36788 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 457 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19753 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларында:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) астық нарығы жөніндегі оператор – астық нарығында тұрақтандыру функциясын және астықтың резервтік қорын және жемдік қорды басқару жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компания;";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Жұмыс органы облигациялық қарыз бойынша купондық төлемдер басталған күнге дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын астық нарығы жөніндегі оператор болып табылатын эмитенттің банктік шотына жасалған келісімге сәйкес купондық сыйақының субсидияланатын бөлігін төлеммен аударады.

      Бұл ретте есеп беретін жылы астық нарығы жөніндегі оператордың облигациялары бойынша есептелетін купондық сыйақы бойынша субсидиялар есеп беретін жылдың 30 қаңтарынан кешіктірілмей тиісті қаржы жылына арналған бюджетте көзделген қаражат шегінде эмитенттің банк шотына аванстық төлеммен аударылады.

      Эмитент, оның ішінде астық нарығы жөніндегі оператор болып табылатын эмитент облигациялар бойынша купондық сыйақыны өз қаражаты есебінен төлеген жағдайда, жұмыс органы эмитентке купондық сыйақының субсидияланатын бөлігінің сомасын эмитенттің банк шотына аудару жолымен облигациялар бойынша купондық сыйақының бұдан бұрын төленген бөлігін өтейді.

      Жұмыс органы субсидиялар қаражаты болған кезде, жасалған келісімге сәйкес облигациялар бойынша төленуі тиіс, шығарылған мерзімі 18 (он сегіз) айды қоса алғанға дейінгі уақытты құрайтын облигациялар бойынша 100% (жүз процент) купондық сыйақыны эмитенттің, оның ішінде астық нарығы жөніндегі оператор болып табылатын эмитенттің банк шотына аванстық төлеммен аударады.

      Эмитентке облигациялар бойынша купондық сыйақыларды аванс түрінде өтеуге жол беріледі.

      Эмитент, астық нарығы жөніндегі операторды қоспағанда, субсидия қаражатын алғаннан кейін не Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы болған жағдайда немесе тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте купондық сыйақыны субсидиялауға қаражат болған кезде Қарыз алушыларды купондық сыйақының 100 % (жүз пайызы) мөлшерінде субсидиялар көзделген жалпы сомаға қарыз шарттарын жасасу жолымен қысқа мерзімді/орта мерзімді облигациялар есебінен сыйақының жеңілдікті мөлшерлемесі бойынша кредиттер түрінде қаржыландыру жүзеге асырылады.

      Көрсетілген қысқа мерзімді/орта мерзімді облигациялар есебінен:

      2025 жылғы 1 шілдеден бастап жасалған қарыз шарттары бойынша агроөнеркәсіптік кешен жобаларын қаржыландыруға бұрын берілген кредиттік қаражатты ауыстыруға;

      2023 жылғы 1 қарашадан бастап жасалған қарыз шарттары бойынша көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге бұрын берілген кредиттік қаражатты ауыстыруға;

      көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 2023 жылғы 1 қарашадан бастап жасалған қарыз шарттары бойынша екінші деңгейлі банктердің, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың, өңірлік инвестициялық орталықтардың және микроқаржы ұйымдарының қарыз алушыларының міндеттемелерін қайта қаржыландыруға жол беріледі.

      Эмитенттің қарыз алушыға 36 (отыз алты) айдан аспайтын мерзімге кредит желісін беруіне (ашуына) жол беріледі. Бұл ретте кредит желісі шеңберінде берілетін кредит мерзімі облигациялардың айналыс мерзімінен аспауы тиіс.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Құрылыс және өнеркәсіп министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады