БҰЙЫРАМЫН:
1. "Арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін және Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №34030 болып тіркелді):
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:
2-қосымшаның 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Астана-жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы:
1) өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі (портландцементтен, глинозем цементінен, қож цементінен, суперсульфат цементінен, сульфатқа төзімді цементтен, тампонаж цементінен және боялмаған немесе боялған, дайын немесе клинкер түріндегі ұқсас гидравликалық цементтерден басқа);
2) машиналар мен жабдықтар өндірісі;
3) тұрмыстық электр аспаптарын өндіру;
4) резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру;
5) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
6) металлургия өнеркәсібі;
7) электр жабдықтарын, оның ішінде электр жарықтандыру жабдықтарын өндіру;
8) жарықтандыру аспаптарына арналған шыны компоненттерін өндіру;
9) тамақ өнімдерін өндіру;
10) ағаш массасы мен целлюлоза, қағаз және картон өндіру;
11) жиһаз өндірісі;
12) автокөлік құралдарын, трейлерлерді және жартылай тіркемелерді өндіру;
13) теміржол локомотивтері мен жылжымалы құрам өндірісі;
14) әуе және ғарыштық ұшу аппараттарын өндіру;
15) негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісі;
16) электрондық бөлшектерді өндіру;
17) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;
18) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, әкімшілік кешендерін салу және пайдалануға беру;
19) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханалар, емханалар, мектептер, балабақшалар, мұражайлар, театрлар, жоғары және орта оқу орындары, кітапханалар, оқушылар сарайлары, спорт кешендерін салу және пайдалануға беру;
20) киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын өндіру;
21) басқа санаттарға кірмеген өзге де тоқыма бұйымдарын өндіру;
22) былғарыдан жасалған киім өндірісі;
23) арнайы киім өндірісі;
24) өзге де сыртқы киім өндірісі;
25) іш киім өндірісі;
26) киім мен аксессуарлардың өзге де түрлерін өндіру;
27) өзге де тоқылған және тоқылған бұйымдар өндірісі;
28) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес зергерлік фабриканы салу және пайдалануға беру;
29) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды өндіру жөніндегі зергерлік қызмет;
30) құлыптар, ілмектер және топсалар өндірісі;
31) медициналық құралдарды, аппараттар мен жабдықтарды өндіру;
32) әскери жауынгерлік көлік құралдарын өндіру;
33) басқа да бұйымдарды өндіру;
34) инфрақұрылым объектілерін, сондай-ақ осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру жобалау-сметалық құжаттама шегінде.".
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |