"Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға жеткізетін мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 158 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 336-н/қ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 2 қыркүйекте № 36774 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға жеткізетін мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10136 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор жеткізетін мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы";

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 21-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      бұйрықтың 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор жеткізетін мұнай өнімдерінің тізбесі бекітілсін.";

      Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға жеткізетін мұнай өнімдерінің тізбесінде:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор жеткізетін мұнай өнімдерінің тізбесі".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Е. Аккенженов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Президентінің Іс басқармасы

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады