"Резидентурада мемлекеттік тапсырысты орналастыру, оқуға қабылдау және медицина кадрларын даярлау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-270/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2025 жылғы 28 тамыздағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылы 29 тамызда № 36766 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Резидентурада мемлекеттік тапсырысты орналастыру, оқуға қабылдау және медицина кадрларын даярлау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-270/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21802 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген резидентурада медициналық кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларында:

      2 - тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) резидент–әскери дәрігер – медициналық ұйым тәлімгерінің қадағалауымен резидентураның білім беру бағдарламасы шеңберінде оқитын әскери қызметші;";

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті (бұдан әрі – ұлттық қорғаныс университеті) - Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымы;";

      16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Білім беру ұйымдарын, ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттарын айқындау және резидентурада медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру кезінде Комиссия мынадай негізгі өлшемшарттарды басшылыққа алады:

      1) резидентураның білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға қойылатын талаптарға сәйкес келетін білім беру процесін кадрлық қамтамасыз ету;

      2) әлемдік ғылыми және білім беру ресурстарына қол жеткізу;

      3) резидентураның білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға қойылатын талаптарға сәйкес келетін резидентураның білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға қойылатын талаптарға сәйкес материалдық-техникалық қамтамасыз ету және "жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін ұйымдардың білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген материалдық-техникалық қамтамасыз ету (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33892 болып тіркелді);

      4) Резидентура бағдарламаларының медициналық мамандықтар тізбесіне енгізілген жаңа мамандықтарды қоспағанда, резидентураның аккредиттелген білім беру бағдарламаларының болуы. Көрсетілген ерекшелік бірінші оқу жылына қолданылады және тиісті даярлық мамандықтары (ересектер мен балалар) бойынша білім алушылардың контингенті бар білім беру ұйымдарына қатысты ғана қолданылады;

      5) білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің білім беру бағдарламаларының тізілімінде білім беру бағдарламаларының болуы;

      6) білім беру ұйымдарында қоғамдық тамақтандыру және медициналық қызмет көрсету пункттерінің болуы;

      7) түлектерді жұмысқа орналастыру нәтижелері;

      8) білім беру ұйымдарының халықаралық және (немесе) ұлттық рейтингтеріне қатысу;

      9) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары үшін "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлік палатасы өткізетін рейтингке қатысу;

      10) өзіне тиесілі немесе жалға алынған жатақхана, хостел, қонақ үйдің болуы, ол санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқат саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына, білім беру объектілеріне қойылатын талаптарға, соның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар үшін сәйкес келуі.

      17. Бағалау негізінде комиссия резидентура бағдарламасын аяқтау бойынша кейіннен жұмысқа орналасу үшін Тапсырыс берушілерді көрсете отырып, резидентурада медициналық кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, конкурс шарттары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының санын көрсете отырып, резидентурада кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және ғылыми-зерттеу институттарының тізбесін орналастыру туралы шешім қабылдайды мамандықтар бойынша, оның ішінде тапсырыс берушілердің өтінімінен асатын көлемде, өңірлердің қажеттілігін, халықтың аурушаңдық көрсеткіштерін, өңірлендіруді және білім беру ұйымдарының өтінімдерін ескере отырып.

      Көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген медициналық кадрларды резидентурада оқуға қабылдау қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Резидентураға түсуші тұлғаларды қабылдау республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ білім алушының өз қаражаты және өзге де көздер есебінен оқуға ақы төлеу арқылы жүзеге асырылады.

      Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша резидентураны бұрын бітірген адамдар республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қайта қабылданбайды."

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінен басқа, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдары және ұлттық және (немесе) ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) уәкілетті орган белгілеген резидентураға қабылдау жоспарына сәйкес азаматтарды қабылдауды жүзеге асыруға құқылы.";

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Әскери дәрігер-резиденттерді мемлекеттік білім беру тапсырысы немесе ақылы негізде даярлау үшін әскери қызметшілерді іріктеу Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына, тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарға оқуға қабылдау қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13268 тіркелген) сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.";

      11 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Резидентураға "дәрігер" біліктілігін көрсететін құжаты бар, сондай-ақ Назарбаев Университетінің базалық медициналық білім беру (basic medical education (бейсик медикал едукейшн) бағдарламасын аяқтаған тұлғалар қабылданады.

      12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жоғары білімі туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына берген кезде), "дәрігер" біліктілігі берілген көшірме (ақпараттық жүйе арқылы берген кезде) немесе Назарбаев Университетінің базалық медициналық білім беру бағдарламасының (basic medical education (бейсик медикал едукейшн) аяқталғанын куәландыратын құжат. Шетелде медициналық білім алған тұлғалар өздерінің білімін тану туралы және (немесе) "дәрігер" біліктілігін беру туралы құжатты ұсынады. Қабылдау кезінде жоғары білім туралы құжаттың түпнұсқасы және (немесе) білімін тану, "дәрігер" біліктілігін беру туралы құжат немесе Назарбаев Университетінің базалық медициналық білім беру бағдарламасының (basic medical education (бейсик медикал едукейшн) аяқталғанын куәландыратын құжат қабылдау комиссиясына тапсырылады;";

      3) интернатураны бітіргені туралы куәліктің көшірмесі (бар болған жағдайда);

      4) Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты немесе сертификаты туралы мәліметтер (шет мемлекет берген құжаттардың көшірмесі);

      5) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат;

      6) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда);

      7) 3x4 сантиметр өлшемдегі алты фотосурет;

      8) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Білім беру ұйымдары резидентураға қабылданғаннан кейін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен, республикалық медициналық ұйымдарға, медициналық білім және ғылым ұйымдарына, өзге де мемлекеттік органдарға (бұдан әрі – Тапсырыс беруші) 10 күнтізбелік күн ішінде резиденттердің санын, оқыту мамандығын және оқу тілін көрсете отырып, мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға қабылдау туралы ақпаратты ұсынады. резидентура бағдарламасы аяқталған кезде Тапсырыс берушінің бос жұмыс орындарын жоспарлауы.

      Тапсырыс беруші ұсынылған деректерге сәйкес осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген нысан бойынша Тапсырыс берушінің қажеттілігіне сәйкес мемлекеттік тапсырысты кейіннен міндетті түрде пысықтауды бекіте отырып, үш жақты шарт (Білім және ғылым ұйымы, резидент дәрігер, Тапсырыс беруші) жасасады.";

      осы бұйрыққа 2 қосымшаға сәйкес 5 қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген резидентурада медициналық кадрларды даярлау қағидаларында:

      4 тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      Резидент-дәрігерлердің клиникалық практикасы тиісті мамандық бойынша Тапсырыс берушіде, сондай-ақ ауылдық, қалалық, облыстық және республикалық денсаулық сақтау ұйымдарында жалпы ұзақтығы резидент-дәрігердің жеке жұмыс жоспарына сәйкес резидентураның үлгілік оқу бағдарламасында көрсетілген мерзімдерден кем емес жоспарланады және ұйымдастырылады.";

      пункты 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын резидент дәрігерлерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысымен бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларына және олардың мөлшерлеріне сәйкес стипендия төленеді.

      Резидент дәрігерлер оқу кезеңінде бос уақытында тәлімгердің қадағалауымен жұмыс істеген жағдайда, оқытылатын мамандық бойынша резидент-дәрігер лауазымына жұмысқа құқылы.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
Т. Мұратов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 28 тамыздағы № 85
  Бұйрыққа 2-қосымша
Медицина кадрларын
резидентурада оқуға қабылдау
қағидаларына 5 қосымша

Білім беру ұйымының ақпараттық картасы

      _______________________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы) _______________________________________________________________________________
(резидентура мамандығының атауы)

Білім беру ұйымы туралы жалпы мәліметтер

Көрсеткіштер

1. Жалпы мәліметтер

1.1

Халықаралық және (немесе) ұлттық институционалдық аккредиттеу


1.2

Білім беру ұйымының халықаралық және (немесе) ұлттық рейтингі (орны, рейтинг атауы)


1.3

Білім беру порталының болуы


1.4

Әлемдік ғылыми және білім беру ресурстарына қол жетімділік


2. Резидентураның білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жалпы мәліметтер

2.1

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың бағыттары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензияға қосымша


2.2.

2.2. Резидентура бағдарламаларының медициналық мамандықтар тізбесіне енгізілген жаңа мамандықтарды қоспағанда, халықаралық және (немесе) Ұлттық мамандандырылған аккредиттеу. Аталған ерекшелік бірінші оқу жылына қолданылады және тиісті даярлық мамандықтары (ересектер мен балалар) бойынша бітіруі бар білім беру ұйымдарына қатысты ғана қолданылады.


2.3

Түлектердің жұмысқа орналасуы, жұмысқа орналасқан түлектердің %-ы


2.4

Білім мен дағдыларды тәуелсіз бағалаудан табысты өткен резидентура түлектерінің үлесі


2.5

Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің білім беру бағдарламаларының тізілімінде білім беру бағдарламаларының болуы


2.6

Білім беру ұйымдарында қоғамдық тамақтандыру және медициналық қызмет көрсету пункттерінің болуы


2.7

Резидентураның білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға қойылатын талаптарға сәйкес келетін резидентураның білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға қойылатын талаптарға сәйкес материалдық-техникалық қамтамасыз ету және "жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін ұйымдардың білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген материалдық-техникалық қамтамасыз ету (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 8 қаңтарда № 33892 болып тіркелді)


2.8

"Атамекен" ҰКП білім беру бағдарламасының рейтингісіне қатысу (орын)


3. Кадрлық қамтамасыз ету және педагог жұмыскерлердің біліктілік деңгейі

3.1

Штаттық оқытушылардың жалпы саны:


ғылым докторлары


PhD докторлары


ғылым кандидаттары


жоғары немесе бірінші біліктілік санаты бар


3.2

және (немесе) оның ішінде білім беру бағдарламаларының топтары бойынша (саны)


ғылым докторлары


PhD докторлары


ғылым кандидаттары


жоғары немесе бірінші біліктілік санаты бар


4

өзіне тиесілі немесе жалға алынған жатақхана, хостел, қонақ үйдің болуы, ол санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқат саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына, білім беру объектілеріне қойылатын талаптарға, соның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар үшін сәйкес келуі.


      Жоғарыда келтірілген ақпараттың шынайылығын растаймын
Ұйым басшысы
_____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
______________________
басшының қолы
Мөр орны (бар болған жағдайда)
Күні 20 ___ жылғы "___" _______________

  Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 28 тамыздағы № 85
  Бұйрыққа 2-қосымша
Медицина кадрларын
резидентурада оқуға қабылдау
қағидаларына 5 қосымша

№ _____ үшжақты келісімшарт

      қ. ____________                                           "__" _______ 202_ ж.

      ____________________________________________________________________,

      (медициналық білім беру және ғылым ұйымының толық атауы),

      бұдан әрі "Білім беру ұйымы" деп аталатын, Жарғы (Бұйрық) негізінде әрекет

      ететін _______________________________________________________________                              ТАӘ (бар болған жағдайда)

      өкілдігінде, бір жағынан, және __________________________________________,                              (тапсырыс беруші – заңды тұлғаның атауы)

      бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын, _______________________________
                                          (құрылтай құжаттарының деректемелері)

      негізінде әрекет ететін _________________________________________________
                                    ТАӘ (бар болған жағдайда)

      өкілдігінде, екінші жағынан, және білім алушы

      ____________________________________________________________________,                        ТАӘ (бар болған жағдайда)

      ЖСН ____________, жеке куәлік № _________, "___"______ _____ ж._________

      берілген, бұдан әрі "Резидент-дәрігер" деп аталатын, үшінші жағынан, бұдан әрі

      бірлесіп "Тараптар" деп аталатын, резидентурада мақсатты кадрларды дайындауға

      арналған мемлекеттік тапсырысты өтеу туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:

1. Келісімшарттың мәні

      1.1. Бұл келісім "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 47-бабының 17-тармағында көзделген міндетті жұмысты өтеуді қамтамасыз ету мақсатында жасалды.

      1.2. Білім беру ұйымы резидентура бағдарламасы бойынша

      "__________" мамандығы бойынша оқыту жүргізеді, оқу мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес күндізгі оқу түрінде жүзеге асырылады, оқуды аяқтағаннан кейін білім туралы құжат беріледі, өз кезегінде резидент-дәрігер клиникалық және еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті кәсіби құзыреттерді меңгеру мақсатында білім беру бағдарламасын игереді, оқуын аяқтағаннан кейін Тапсырыс берушінің жолдамасы бойынша медициналық ұйымдарда мақсатты даярлау шеңберінде мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмысты өтейді.

      1.3. Тапсырыс беруші резидент-дәрігерден білім туралы құжаттары мен клиникалық практикаға рұқсат алғаннан кейін еңбек шартын жасасу арқылы оның жұмысты өтеу үшін орынмен қамтамасыз етеді.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      2.2 Резидент-дәрігер міндеттенеді:

      2.2.1 Жеке оқу жоспарының толық көлемінде білімді, іскерлікті және практикалық дағдыларды меңгеруге, мемлекеттік білім беру стандарттарында көзделген талаптарды сақтауға, барлық оқу және практикалық сабақтарға қатысуға;

      2.2.2 Құжаттарында, тегі, аты, әкесінің аты, отбасылық жағдайы, мәртебесі (мүгедектік және т.б.), тұрғылықты жері, телефон нөмірі өзгерген жағдайда білім беру ұйымына осы өзгерістер болған күннен бастап 3 (үш) күн ішінде жазбаша түрде хабарлауға;

      2.2.3 Тапсырыс берушінің жолдамасына және қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімдерге сәйкес, білім беру бағдарламасының бейіні бойынша медициналық ұйымдарда жұмыс істеуге;

      2.2.4 Алынған білімді, дағдылар мен біліктілікті кәсіби қызметінде қолдануға;

      2.2.5 Оқу орнын аяқтағаннан кейін үш жыл ішінде жыл сайын білім беру ұйымына еңбекпен қамтылу орны және міндетті өтеу мәртебесі туралы есеп беруге;

      2.2.6 Шарт талаптары орындалмаған жағдайда, оқу шығындарын, оның ішінде жыл сайынғы инфляция пайызын есепке ала отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекетке өтеуге.

      2.3 Білім беру ұйымы құқылы:

      2.3.1 Резидент-дәрігерден Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына, мемлекеттік білім беру стандарттарына, осы Шартқа және білім беру процесін реттейтін жергілікті нормативтік актілерге сәйкес өз міндеттерін орындауды талап етуге;

      2.4 Білім беру ұйымы міндеттенеді:

      2.4.1 Резидент-дәрігерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес даярлауды қамтамасыз етуге;

      2.4.2 Оқу курсын толық және сәтті аяқтағаннан кейін, қорытынды аттестация нәтижелеріне сәйкес резидент-дәрігерге тиісті біліктілік беруге және белгіленген үлгідегі ресми құжатты табыстауға;

      2.6 Тапсырыс беруші құқылы:

      2.6.1 Білім беру ұйымынан резидент-дәрігердің оқу барысы туралы ақпаратты (академиялық үлгерімі, сабаққа қатысуы, игерілген пәндер) тараптар арасындағы келісімге сәйкес сұратуға;

      2.6.2 Білім беру бағдарламасының орындалуын, резидент-дәрігерді даярлау сапасын және оның білім-біліктілігінің белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылауға;

      2.6.3 Резидент-дәрігер жұмыс орнына келген кезде оған әлеуметтік қолдау көрсетуге, оның ішінде жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, бейімделуге және тәлімгерлікке көмектесу, қажет болған жағдайда тұрғын үймен қамтамасыз ету немесе көшуге байланысты шығындарды өтеу;

      2.7 Тапсырыс беруші міндеттенеді:

      2.7.1 Резидент-дәрігерді алған біліктілігіне сәйкес мақсатты тапсырыс бойынша жұмысты өтеу үшін медициналық ұйымға жолдауға және кейіннен еңбек шартын жасасуға;

      2.7.2 Резидент-дәрігерге жұмыс орнын, жабдықтарды, қорғаныс құралдарын және еңбек жағдайларын заңнама талаптарына сәйкес қамтамасыз етуге;

      2.7.3 Әлеуметтік қамтамасыз ету, еңбекақы төлеу және жеңілдіктер беру жөніндегі міндеттемелерді қоса алғанда, заңнамада және осы Шартта көзделген өзге де міндеттемелерді орындауға;

      2.7.4 Егер резидент-дәрігер жұмыс орнына келген кезде бос жұмыс орны болмаған немесе сақталмаған жағдайда, оған 10 жұмыс күні ішінде жазбаша түрде босату парағын беруге. Осыдан кейін резидент-дәрігер заңнамада белгіленген тәртіппен жалпы негізде өз бетінше жұмысқа орналасуға құқылы.

3. Форс-мажор жағдайлар

      3.1 Су тасқыны, өрт, өзге де табиғи апаттар, соғыс немесе әскери іс-қимылдар, пандемия, сондай-ақ осы Шарт жасалғаннан кейін туындаған және Тараптардың ақылға қонымды шегінде бақылауына бағынбайтын кез келген басқа жағдайлар форс-мажор деп танылады, мұндай жағдайда Тараптар жауапкершіліктен босатылады.

      3.2 Тараптардың бақылауынан тыс жағдайларға билік және басқару органдарының осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға мүмкіндік бермейтін актілерді қабылдауы да жатады.

      3.3 Форс-мажор жағдайлары мен олардың салдары болған кезеңге сәйкес, Тараптардың міндеттемелерін орындау мерзімі ұзартуға жатады.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      4.1 Резидент-дәрігер Тапсырыс берушінің жолдамасы бойынша белгіленген мерзімді дәлелді себептерсіз өтемеген жағдайда, оның оқуы үшін жұмсалған шығындарды өтеуге міндетті.

      4.2 Тапсырыс беруші осы Шарттың талаптарына сәйкес жұмыс орнын ұсынбағаны үшін жауапкершілік алады. Егер резидент-дәрігерді жұмысқа орналастыру мүмкін болмаса, Тапсырыс беруші белгіленген мерзімде жазбаша түрде открепление беруге міндетті.

      4.3 Тараптар осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      4.4 Резидент-дәрігер тұрғылықты жері, байланыс деректері, отбасылық жағдайы, жұмысқа орналасуы және өзге де жеке деректер туралы жалған ақпарат бергені немесе жалған құжаттарды пайдаланғаны үшін заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.

5. Дауларды шешу тәртібі

      5.1 Осы Шартты орындау барысында туындайтын келіспеушіліктер мен даулар Тараптар өзара қолайлы шешімдер қабылдау мақсатында келіссөздер арқылы шешеді.

      5.2 Келіссөздер арқылы реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

6. Қорытынды ережелер

      6.1 Осы Шарт оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және Тараптар ондағы міндеттемелерді толық орындағанға дейін қолданыста болады.

      6.2 Осы Шартты бұзу тараптардың келісімі бойынша мүмкін болады, егер бұл Шартта немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе. Шарт сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес бұзылуы мүмкін.

      6.3 Осы Шарттың шарттары тараптардың өзара жазбаша келісімі бойынша өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.

      6.4 Осы Шарт әр тарапқа бір-бірден мемлекеттік және орыс тілдерінде үш дана етіп жасалады және олардың барлығы бірдей заңды күшке ие.

      7. Тараптардың мекенжайлары мен қолтаңбалары:

      Білім беру ұйымы:

      ______________________________________

      Медициналық білім беру және ғылым ұйымының толық атауы

      ______________________________________

      Мекенжайы:

      БСН ________________________

      ЖСК ________________________

      БСК ________________________

      Кбе _______________________________

      Тел.: _________________________

      Бірінші басшы: ______________________________________________

                        Қолтаңбасы             ТАӘ (бар болған жағдайда)

      М.О.

      Тапсырыс беруші:

      _______________________________________________

      Заңды тұлғаның атауы

      Мекенжайы:

      СТТН ________________________

      ЖСК ________________________

      БСК ________________________

      БСН _______________________________

      Тел.: _________________________

      Бірінші басшы: ______________________________________________

                        Қолтаңбасы             ТАӘ (бар болған жағдайда)

      М.О.

      Резидент-дәрігер:

      ____________________________________________________

      ____________________________________________________

      Тел.: __________________________________________

      Жеке куәлігі № ______________, берілген күні: _________________________

      Куәлікті берген орган: ______________________________________

      Мекенжайы: _________________________________________

      ЖСН_______________________________________________

      ____________________________________________________

            Қолтаңбасы             ТАӘ (бар болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады