БҰЙЫРАМЫН:
1. "Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 89 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22387 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) астық нарығы жөніндегі оператор (бұдан әрі – оператор) – астық нарығында тұрақтандыру функциясын және астықтың резервтік қорын және жемдік қорды басқару жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компания;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) астықтың резервтік қорын басқару – астық нарығы жөніндегі оператордың бюджет қаражаты есебінен астық қабылдау кәсіпорындарында астықтың резервтік қорын сақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ астықтың резервтік қорын сатып алуға, өткізуге және айырбастауға бағытталған қызметі;";
көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz
Әкімшілік нысанның атауы: Астықтың резервтік қорының бар-жоғы туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 1-ЗЗ
Кезеңділік: тоқсан сайын
Есепті кезең: 20______жылғы_____тоқсан
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: астық нарығы жөніндегі оператор
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі |
Жинау әдісі: электрондық түрде
№ | Астық қабылдау кәсіпорнының атауы | Астық қабылдау кәсіпорнының мекенжайы | Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші (ӘАОЖ) бойынша коды | Астық көлемі, тонна |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Атауы__________________________________
Мекенжайы_____________________________
Телефоны________________________________
Электрондық почтасының мекенжайы _________________________
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
___________________________________________ (электрондық цифрлық қолтаңбасы)
_____________________________________ (аты, әкесінің аты, тегі (бар болса))
Ескертпе: "Астықтың резервтік қорының бар-жоғы туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада келтірілген.
"Астықтың резервтік қорының бар-жоғы туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанға қосымша |
"Астықтың резервтік қорының бар-жоғы туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсініктеме (индекс: № 1-ЗЗ нысаны, кезеңділік: тоқсан сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Астықтың резервтік қорының бар-жоғы туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы адам тегі мен аты-жөнін көрсете отырып қол қояды.
3. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
4. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.
5. 2-бағанда астық қабылдау кәсіпорнының атауы көрсетіледі.
6. 3-бағанда астық қабылдау кәсіпорнының мекенжайы көрсетіледі.
7. 4-бағанда Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші (ӘАОЖ) бойынша коды көрсетіледі.
8. 5-бағанда астық қабылдау кәсіпорнында сақталатын астық көлемі тоннамен көрсетіледі.