БҰЙЫРАМЫН:
1. "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21763 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау қағидаларында:
7) тармақша алып тасталсын;
9) тармақша алып тасталсын;
6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Негізгі пәндер циклін игеру аяқталғаннан кейін, үшінші курсты аяқтағаннан кейін аралық аттестаттау кезеңі аяқталғаннан кейін үздіксіз медициналық білім берудің білім беру бағдарламаларының білім алушылары бағалауға жатады.
7. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары өздерінің бағалау кестесін жоспарланған мерзімнен 4 (төрт) ай бұрын бағалау ұйымына жолдауы тиіс. Қабылданған деректер негізінде бағалауды жүзеге асырушы ұйым әр білім беру бағдарламасы бойынша барлық денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына бағалаудың бірыңғай мерзімін белгілеп, бағалау басталуынан 1 (бір) ай бұрын бағалау ұйымның ресми сайтында ашық жарияланымға ұсынады. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымы бағалау мерзіміне өзгерту енгізу мүмкіндігіне о баста белгіленген мерзімнен 60 (алпыс) күнтізбелік күні бұрын жолданған өтініші негізінде ғана ие бола алады. Мерзімге қатысты өзгертулер денсаулық сақтау кадрларын даярлау саласындағы оқу-әдістемелік бірлестігі алқасымен шешіледі. Негіздемеге сай қабылданған шешім ашық жарияланымға ұсынылады.
8. Білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау автоматтандырылған компьютерлік тестілеу арқылы жүргізіледі. Дағдыларды бағалау арналған тест сұрақтары "Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31672 болып тіркелген) сәйкес игерудің бірінші деңгейіне сәйкес жасалады";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Білімді бағалаудың шекті балын оқу-әдістемелік бірлестіктермен келісу бойынша бағалау жөніндегі ұйым белгілейді.
Апелляцияны есепке алмай, білімді бағалау нәтижелерінің хаттамасы денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына білімді бағалау жүргізілген күні ұсынылады.
Білімді бағалауға келмеген білім алушылар нәтижелер хаттамасында көрсетілмейді.
Келу себебіне қарамастан, білімді бағалаудан өту үшін келмеген білім алушылар жаңадан белгіленген мерзімде бағалау жөніндегі ұйымның базасында білімді бағалаудан өтеді.";
12 және 13-тармақтар алып тасталсын;
17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Бағалау нәтижесі шекті балдан төмен болған жағдайда білім алушы тек екі рет қайта тапсыру мүмкіндігіне ие: бастапқы бағалаудан екі апта өткеннен кейін және сол жылдың 25 тамызынан кешікпеуі тиіс. Қайта бағалаудың өту тәртібі мен шарттарын бағалауға мүдделі ұйым денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарымен келісе отырып айқындайды. Осы ретте, бағалауды жүзеге асыратын барлық денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарда әр білім беру бағдарламасына тиісті бірыңғай мерзім белгіленеді.
18. Шекті деңгейге тең немесе одан жоғары бағалау нәтижесі білім алушының 4 курсқа ауысуының міндетті шарты болып табылады.
Білім алушыларды 4 курсқа ауыстыру/қайта қабылдау тиісті ұйымның шекті деңгейден тең немесе одан жоғары нәтиже алуы туралы бағалау хаттамасы негізінде жүзеге асырылады.
Екі рет қайталап бағалаудан кейін де нәтижесі шекті деңгейден төмен болған жағдайда, білім алушы академиялық үлгермеушілікке байланысты денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымынан шығарылады.";
20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Даулы мәселелерді шешу және білім алушылардың құқықтарын қорғау үшін бағалау жүргізу кезеңінде денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады.
Апелляциялық комиссияның құрамы ғылыми-педагогикалық қызметкерлерден, практикалық денсаулық сақтау қызметкерлерінен, бағалау жөніндегі ұйымның, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен кемінде бес мүшеден тұрады.
Бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда білім алушы бағалау жүргізілгеннен кейін келесі жұмыс күні сағат 13.00-ге дейін апелляцияға береді.
Апелляциялық комиссияның хатшысы өтінім берушінің апелляциялық өтініштерін және бағалау материалдарын қабылдайды және тіркейді, олар бағалаудың аудио және бейне жазбаларын, бағалау парағын (тарын) қамтиды.
21. Апелляциялық комиссия бағалау аяқталғаннан кейін келесі күні апелляцияларды қарауға кіріседі.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларында:
4 - тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі – МАК) – денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымы және (немесе) ғылыми ұйым түлектерінің денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу үшін құратын комиссия;";
11 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламаларын бітірушілердің деректерін растау үшін ғылыми және білім беру ұйымдары бекітілген нысан бойынша бітірушілердің тізімін қалыптастырады және алдын ала бағалау жөніндегі ұйымға ұсынады.";
13 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Түлектердің білімін бағалау автоматтандырылған компьютерлік тестілеу арқылы жүргізіледі.
Білім бағасының шекті балын оқу-әдістемелік бірлестіктермен келісім бойынша бағалау жөніндегі ұйым белгілейді.
Апелляцияны есепке алмағанда білімді бағалау жөніндегі ұйым басшысы қол қойған нәтижелерінің хаттамасы білімді бағалау жүргізілген күні денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына ұсынылады. ";
15 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Дағдыларды бағалау бірнеше клиникалық станцияларда денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымы бекітетін емтихан комиссиясымен жүргізіледі.
Емтихан комиссиясының құрамы денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының ғылыми-педагогикалық кадрларынан, оқыту бағыты мен тіліне сәйкес құралады. Комиссия мүшелерінің саны клиникалық станциялар санына сәйкес келеді, әрбір клиникалық станцияға бір емтихан алушыдан тағайындалады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларында:
22 - тармақтың 2 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Апелляциялық комиссияның құрамына мүшелердің тақ саны, бірақ тиісті мамандық бойынша кемінде екі маман және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңесінің, бейінді қауымдастықтардың, жұмыс берушілер мен ғылыми және білім беру ұйымдардың өкілдері қатарынан кемінде бір аралас мамандық бойынша бір маман кіреді.".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы |
Т. Мұратов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі