БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2025 жылғы 28 тамыздағы № 85 Бұйрыққа қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22039 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Топырақтың жылуын, жерасты суларын, өзендерді, су айдындарын, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылысжайларының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламентінде:
мынадай мазмұндағы 27-1 және 27-2-тармақтармен толықтырылсын:
"27-1. Табиғи монополия субъектісі құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау және беру жағдайларын қоспағанда, Заңның 15-бабы 23-тармағының 8) тармақшасына сәйкес бұрын пайдалануға берілген көппәтерлі тұрғын үйлердің жылу энергиясын үйге ортақ коммерциялық есепке алу аспаптарын сатып алады, орнатады, салыстырып тексеруді және ағымдағы пайдалануды жүргізеді.
27-2. Табиғи монополия субъектісі көппәтерлі тұрғын үйдің жылу энергиясын үйге ортақ коммерциялық есепке алу аспабын пайдалануға берілгеннен кейін өз балансына өтеусіз негізде қабылдайды.";
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Осы Қағидалардың 27-1 және 27-2-тармақтарын қоспағанда, тұтынушының есепке алу аспаптарын пайдалануына рұқсат беруді және коммерциялық есепке алуды тұтынушы өкілінің қатысуымен табиғи монополия субъектісінің өкілі жүзеге асырады, ол туралы екі данада тиісті акт жасалады, оның біреуін тұтынушы, ал екіншісін табиғи монополия субъектісі алады.".
2. "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 48-1-тармақпен толықтырылсын:
"48-1. Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғыртудың ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, жобалар мен өнім берушілерді іріктеу, шарттар жасасу, қазақстандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алу және офтейік-келісімшарттар жасасу энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның электрондық сатып алу платформасында жүзеге асырылады.
Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыруға байланысты құқықтық қатынастардың ерекшеліктері мен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында айқындалады, оларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды және энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру аякталғанға дейін қолданылады.
Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидаттары "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-12 баптарына сәйкес белгіленеді.";
мынадай мазмұндағы 310-2 және 310-3-тармақтармен толықтырылсын:
"310-2. Табиғи монополия субъектісі құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау және беру жағдайларын қоспағанда, Заңның 15-бабы 23-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес бұрын пайдалануға берілген көппәтерлі тұрғын үйлердің жылу энергиясын үйге ортақ коммерциялық есепке алу аспаптарын сатып алады, орнатады, салыстырып тексеруді және ағымдағы пайдалануды жүргізеді.
310-3. Табиғи монополия субъектісі құрылыс объектілерін қабылдау және пайдалануға беру жағдайларын қоспағанда, осы Заңның 15-бабы 23-тармағының 8) тармақшасына сәйкес жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған үйге ортақ коммерциялық есепке алу аспаптарын сатып алу, орнату, салыстырып тексеру және пайдалану шығындарын тарифке енгізеді.";
мынадай мазмұндағы 322-1-тармақпен толықтырылсын:
"322-1. Осы тарау осы Қағидалардың 310-2 және 310-3-тармақтарын қоспағанда, жылу энергиясын үйге ортақ коммерциялық есепке алу аспабын сатып алуға және орнатуға қолданылмайды.".
3. "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:
15-тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"16) өтінім ұсынудың алдындағы төрт тоқсан үшін және алдыңғы күнтізбелік жыл үшін реттеліп көрсетілетін қызметтердің шығындары мен көлемі туралы нақты деректерді растайтын құжаттар (шарттардың, оның ішінде жылу энергиясын беру, бөлу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған үйге ортақ коммерциялық есепке алу аспаптарын сатып алуға), орындалған жұмыстар актілерінің, жүкқұжаттардың, шот-фактуралардың көшірмелері, баланстық және қалдық құнын, қызмет мерзімін, жылдық амортизациясын көрсете отырып, негізгі құралдар (жылу энергиясын беру, бөлу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге үйге ортақ коммерциялық есепке алу аспаптарын орнатуға, тексеруге және пайдалануға) мен материалдық емес активтердің объектілері бойынша тізбесі қоса беріледі.";
630-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) салалық ерекшелікті ескере отырып, растаушы құжаттардың негізінде, реттеліп көрсетілетін қызметке тікелей жататын өзге өндірістік шығыстар тарифтің шығын бөлігіне, оның ішінде үйге ортақ коммерциялық есепке алу аспаптарын сатып алу, орнату, салыстырып тексеру және пайдалану шығындары жылу энергиясын беру, бөлу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге қосылады.".