БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрілігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Бұйрықпен бекітілген |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізімі
1. "Кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 338 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14190 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесінде:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кепілдік жарнаның мөлшері көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үй кешенінің жобалау құны мен аяқталмаған құрылыс құны арасындағы айырмаға кепілдік жарнаның мөлшерлемесінің туындысы ретінде айқындалады:
Кж = КжМ х (ЖҚ – АҚ)
мұндағы:
Кж – кепілдік жарнаның мөлшері;
КжМ – кепілдік жарнаның мөлшерлемесі;
ЖҚ – Заңға сәйкес көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үй кешенінің жобалау құны;
АҚ – тәуелсіз баға беру компаниясының есебімен және орындалған жұмыстар актісімен расталған аяқталмаған құрылыс құны.
4. Кепілдік жарна мөлшерін айқындау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 432 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізілімінде № 14190 болып тіркелген) Кепілдік беру туралы шарт жасасу үшін көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй кешені құрылысының жобасы бойынша құжаттарды қарау қағидаларына сәйкес тәуекел көрсеткіштері мен факторларының бағалауына негізделген көп факторлы модель қолданылады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Кепілдік жарнаның мөлшерлемесі Заңның 8-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті компанияның көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй кешені жобасына меншік иесінің қатысу нысаны мен мөлшеріне байланысты болады және мыналарды құрайды:
Меншік иесінің қатысу нысаны | Меншік иесінің қатысу мөлшері * | Кепілдік жарнаның мөлшерлемесі |
Аяқталмаған құрылыс | 25% - ға дейін | 1% |
25% - дан жоғары 50% - ға дейін | 0,75% | |
50% жоғары | 0,5% | |
Ақшалай қаражат | 10% дан | 1% |
Құрылыс салушыға жобаны республикалық маңызы бар қалалардан, астанадан тыс жерлерде жобаны іске асыратын тұрғын үй құрылысының Бірыңғай операторының бірінші кепілдігін берген кезде, Заңның 8-бабының 3-тармағында көзделген жобаға меншік иесінің қатысуына қойылатын талаптар сақталған жағдайда кепілдік жарнаның мөлшерлемесі 0% -ді құрайды.".
2. "Кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 343 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14179 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Бірыңғай оператор кепілдік беру жағдайы туындаған жағдайда, көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй кешені құрылысының аяқталуын ұйымдастыруды қамтамасыз етуге және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша Уәкілетті компаниядан үлескерлерге үлестерді беруге міндеттенеді (бұдан әрі – Кепілдік).
2. _________ жоба бойынша (бұдан әрі – Жоба) көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй кешені жобасы бойынша, инженерлік желілерді, оның ішінде сыртқы жүйелерді және жабдықтарды салуды, көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй кешенін салуға бөлінген аумақтар шегінде абаттандыру мен көгалдандыруды қоса алғанда, оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте, бірақ __________ мерзімнен кешіктірмей пайдалануға қабылдау бойынша Уәкілетті компанияның міндеттемелері Шарт объектісі болып табылады.";
4-тармақтың 7) тармақшасы алып тасталсын;
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Кепілдік жарнаның сомасы осы Шарттың қолданылу кезеңінде Заңның 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес бекітілетін кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесіне сәйкес айқындалған сомаға ұлғаю жағына қарай қайта қаралуға жатады:
1) кешенді ведомстводан тыс сараптама нәтижелері бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының құнының кепілдік беру туралы шарттың қолданылуы ішінде он және одан да көп пайызға ұлғаюына байланысты жобалау құнының қымбаттауы
2) сыртқы инженерлік желілерді орнату құнына құрылыс жобасының қымбаттауы;
3) жобалау-сметалық құжаттамада көзделген құрылыс материалдары мен жұмыстардың жалпы қымбаттауы.
Бірыңғай оператор кепілдік беру сәтіндегі аяқталмаған құрылыс құны мен бағалау туралы есеппен расталған соңғы есепті күнге аяқталмаған құрылыс сомасы арасындағы айырмаға сәйкес кепілдік бойынша міндеттемелерді азайтуға жол береді.
8. Кепілдік беру туралы шарт мерзімінен бұрын бұзылған кезде, Бірыңғай оператор кепілдік беру туралы шарт бойынша кепілдіктің қолданылу мерзімі есеп айырысу күні аяқталмаған мерзімге барабар есептелетін шамаға тең уәкілетті компанияға кепілдік жарнаның бір бөлігін қайтарады.
Бұл ретте, кепілдік беру туралы шарт тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы барлық шарттар бұзылғаннан және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша енгізілген ақша үлескерлерге қайтарылғаннан кейін ғана бұзылуы мүмкін.";
9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үй кешенінің құрылысына мониторингтің;";
10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Уәкілетті компанияның көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үй кешенінің құрылысы бойынша міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы туралы ақпаратты ақпарат түскен күннен бастап он жұмыс күнінен кеш емес мерзімде тексеруді жүзеге асырады;";
11, 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Кепілдік беру жағдайының басталу фактісі анықталған жағдайда, Бірыңғай оператор үш жұмыс күні ішінде мынадай жағдайлардың бірін немесе бірнешеуін:
1) көппәтерлі тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй кешенін пайдалануға қабылдау мерзімін бұзу.
Көппәтерлі тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй кешенін пайдалануға қабылдауды құрылыс объектісінің жобалау-сметалық құжаттамасында көрсетілген мерзімнен 5 айдан аспайтын мерзімге ауыстыруға жол беріледі;
2) инжинирингтік компания көрсетілген фактіні анықтаған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде Уәкілетті компанияның банктік шотына Құрылыс салушы және (немесе) Уәкілетті компания, мердігер (бас мердігер) өтемеген ақшаны осы Заңның 20-бабының талаптарын бұза отырып пайдалануды;
3) Құрылыс салушының дәрменсіздігін – көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй кешені құрылысымен байланысты емес қызмет бойынша соттың заңды күшіне енген шешімімен белгіленген, Құрылыс салушының "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған талаптарды толық көлемде қанағаттандыруға қабілетсіздігін кепілдік беру жағдайы деп тану туралы шешім қабылдайды.
12. Бірыңғай оператордың жауапкершілігі кепілдік беру жағдайы басталған кезде туындайды. Шарт бойынша Бірыңғай оператордың жауапкершілігінің мөлшері көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтау үшін қажетті сомаға тең болады.
13. Кепілдік беру жағдайы басталған кезде Бірыңғай оператор мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) Уәкілетті компания кепілдік беру жағдайымен көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй кешені құрылысы бойынша міндеттемелерін орындамау немесе тиісті орындамау фактілерін тану туралы оң шешім қабылданған кезде келесі жұмыс күнінен кешіктірмей Бірыңғай оператор Кепілдік беру жағдайының басталуы туралы хабардар етеді. Хабарлама Бірыңғай оператордың интернет- ресурсында және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында тиісті хабарландыру мәтінін орналастыру арқылы жүзеге асырылады;
2) Құрылыс салушыны және Уәкілетті компанияны және оның банкін кейінге қалдыру шартымен Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін) сенімгерлікпен басқару шартының күшіне енуі туралы хабардар етеді;
3) қолданыстағы құрылыс мердігерлік шартын бұзу және басқа мердігермен (бас мердігермен) шарт жасасу арқылы мердігерді (бас мердігерді) ауыстыру туралы шешімді уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қабылдайды;
4) Уәкілетті компанияның басшылығын ауыстыру туралы шешім қабылданған жағдайда, екінші деңгейдегі банкті кейінге қалдыру шартымен Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлікпен басқару шартына сәйкес, тағайындау туралы растайтын құжаттарды, сондай-ақ уәкілетті компанияның екінші деңгейдегі банктегі банктік шотын жүргізумен байланысты операцияларды жасау кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілеттік берілген адамдардың қолдарының үлгілері бар құжаттарды, жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, хабардар етеді;
5) Уәкілетті компанияның қаражаты жеткіліксіз болған кезде төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық талаптарында жеке қаражаты есебінен қарыз шартын жасау арқылы көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауды қаржыландырады. Мердігер (бас мердігер) мердігерлік шарт бойынша жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес орындаған жұмыстары үшін төлем инжинирингтік компания растаған, орындалған жұмыстар актілерінің негізінде Уәкілетті компанияның банктік шотынан жүргізіледі;
6) көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй кешені құрылысының аяқталу, оны пайдалануға қабылдау және үлескерлерге үлестерін беру барысына одан әрі мониторинг жүргізуді жүзеге асырады.";
15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтау бойынша Бірыңғай оператордың қаражатын (шығындарын) өтеу үшін Уәкілетті компанияның қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда оларды өтеу жөніндегі міндетті берешектің тәуелсіз аудиторлық компанияның қорытындысымен олардың негізділігі расталғаннан кейін Бірыңғай оператордың алдындағы берешекті өтеу тәртібі туралы шартты жасасу арқылы субсидиарлық жауапкершілікпен Құрылыс салушы көтереді.
16. Шарттың 13, 14 және 15-тармақтарында көзделген әрекеттер орындалғаннан кейін берешекті өтеу тәртібі туралы шарт бойынша көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй кешені құрылысын аяқтау бойынша Бірыңғай оператордың қаражаттарын (шығындарын) өтеу үшін Құрылыс салушының қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда Бірыңғай оператор Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес Құрылыс салушының банкроттығы рәсіміне бастамашылық жасайды.";
18, 19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Бірыңғай оператор Заң талаптарының негізінде:
азаматтық заңнамаға сәйкес Уәкілетті компаниямен аяқтамаған құрылыс объектісімен бірге көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй кешені құрылысы үшін арналған жер учаскесін кепілге қою шартын;
Құрылыс салушымен:
азаматтық заңнамаға сәйкес Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталындағы қатысу үлесін) кепілге қою шартын;
кейінге қалдыру шартымен Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталындағы қатысу үлесін) сенімгерлікпен басқару шартын жасайды. Мұндай сенімгерлікпен басқару шарты кепілдік беру жағдайы туындағанда күшіне енеді.
19. Бірыңғай оператордың кепіл талаптары кепіл нысанына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көппәтерлі тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй кешенін пайдалануға қабылдағанға дейін әрекет етеді.
20. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт, көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй кешенін салу жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы, сондай-ақ мердігерлік шарт аталған шарттың ажырамас бөліктері болып табылады.";
21-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Құрылыс салушыдан, Уәкілетті компаниядан көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үй кешенінің құрылысы бойынша, оның ішінде құрылыс барысы, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы жасалған шарттар туралы кез келген ақпаратты және Заңда айқындалған функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті өзге де ақпаратты сұратуға;";
21-тармақтың 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"5) құрылысты аяқтау жөніндегі өз шығыстарын өтеу үшін өткізілмеген үлестерді, сондай-ақ Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сатуды ұйымдастыруға;
6) кепілдік беру жағдайы басталған кезде, көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй кешені пайдалануға қабылданғаннан кейін Құрылыс салушыға, Уәкілетті компанияға Бірыңғай оператордың көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауға жұмсалған шығыстарын өтеу туралы талап қоюға;";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Бірыңғай оператор:
1) кепілдік беру жағдайы басталған кезде көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй кешені құрылысын аяқтау жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруға;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес, құрылыс барысын бақылауды, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің сақталуын, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ақшаның нысаналы пайдалануын қамтамасыз ету үшін тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында инжинирингтік қызмет көрсету үшін Заңның 21-бабының 7-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес инжинирингтік компаниямен шарт жасасуға, ал уәкілетті компания кепілдік беру туралы шарт жасасуға өтінім берген сәтте құрылыс басталған (жүргізіліп жатқан) объект бойынша, уәкілетті компания мен инжинирингтік компания арасында жасалған шартқа үшжақты келісім шарт жасасуға;
3) құрылыс салушының, уәкілетті компанияның және инжинирингтік компанияның Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасын бұзушылық фактілері туралы бұзушылық анықталған сәттен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей жергілікті атқарушы органға хабарлауға;
4) көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй кешені құрылысының барысы туралы ақпаратты, сондай-ақ инжинирингтік компанияның есептерін өзінің интернет-ресурсында орналастыруға;
5) Бірыңғай оператордың ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен қазақ және орыс тілдерінде кепіл беру туралы шарттардың тізілімін өзінің интернет-ресурсында ай сайын орналастыруға;
6) өзіне немесе басқа адамдарға кез келген сыйақы, ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлікке құқық, мүліктік және мүліктік емес сипаттағы пайда қабылдау түрінде өз функцияларын орындағаны үшін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеуге;
7) кепіл беру процесін айқындайтын құжаттарды тізілімін өзінің интернет-ресурсында ай сайын орналастыруға;
8) көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешенін салу жобасы бойынша құжаттарды тексеру кезеңінде сметалық құжаттамаға бағалау жүргізуге міндеттенеді .";
24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Уәкілетті компания көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үй кешенінің құрылысы бойынша төленген құрылыс-монтаждау жұмыстарының және жобалық құнын шегергендегі уәкілетті компанияның банктік шотындағы ақшаның нақты қалдығының жиынтық сомасынан аспайтын соманы аудару жолымен банктік займ бойынша негізгі борыштың бөлігін өтеуге құқылы.
25. Құрылыс салушы және Уәкілетті компания Бірыңғай операторға ақпараттық жүйелер арқылы Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес Құрылыс салушы – жыл сайынғы аудиторлық қорытындымен қоса, Уәкілетті компания - тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті осы Шарт қолданыста болған мерзімде ұсынуға міндетті.";
27-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"11) банк шоты бойынша Заңның талаптарына сәйкес енгізілген меншікті ақша бөлігінде ақшаны, үлестерді төлеуге алынған ақшаны, оның ішінде әрбір үлескерден түсетін түсімдер бөлігінде, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй кешенінің құрылысын қаржыландыру мақсатында берілген қарыз қаражатын (бар болса) есепке алуды қамтамасыз етуге және Заңның 20-бабы 8-тармағының талаптарына сәйкес ақшаның мақсатты жұмсалуын сақтауға міндетті;
27-тармақ 11-1) және 11-2) тармақшаларымен толықтырылсын:
11-1) тек бір екінші деңгейдегі банкте ұлттық валютада бір ғана ағымдағы шот ашуға;
11-2) рейтингтік агенттіктердің бірі берген кредиттік рейтингі "B+" төмен емес екінші деңгейдегі банкте шетел валютасында ағымдағы шот ашуға міндетті. Бірнеше рейтингтік агенттіктерден рейтингтер болған кезде ең азы қолданылады.";
31, 32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй кешені құрылысының аяқталуына салынған Бірыңғай оператордың жеке қаражаты көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталғаннан кейін тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сатудан түскен қаражат есебінен, сондай-ақ, Құрылыс салушының кепілін – Уәкілетті компанияның жарғылық капиталындағы қатысу үлесін өткізгеннен түскен ақша есебінен өтелуге (қайтарылуға) жатады.
32. Көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үй кешені құрылысын аяқтау бойынша Бірыңғай оператордың қаражатын (шығындарын) өтеу үшін Уәкілетті компанияның қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда оларды өтеу жөніндегі міндетті берешектің тәуелсіз аудиторлық компанияның қорытындысымен олардың негізділігі расталғаннан кейін Бірыңғай оператордың алдындағы берешекті өтеу тәртібі туралы шартты жасасу арқылы субсидиарлық жауапкершілікпен Құрылыс салушы көтереді. Уәкілетті компания/Құрылыс салушы тәуелсіз аудиторлық компанияның қызметтерін сатып алуға шығындалған Бірыңғай оператордың қаражатын толық көлемінде өтеуі тиіс.
33. Берешекті өтеу тәртібі туралы шарт бойынша көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй кешені құрылысын аяқтау бойынша Бірыңғай оператордың қаражаттарын (шығындарын) өтеу үшін Құрылыс салушының қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда Бірыңғай оператор Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес Құрылыс салушының банкроттығы рәсіміне бастамашылық жасайды.".
3. "Кепілдік беру туралы шарт жасасу үшін көппәтерлі тұрғын үй құрылысының жобасы бойынша құжаттарды қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 432 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14312 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Кепілдік беру туралы шарт жасасу үшін көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй кешені құрылысының жобасы бойынша құжаттарды қарау қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Кепілдік беру туралы шартты жасасу үшін көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй кешені құрылысының жобасы бойынша құжаттарды қарау қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кепілдік беру туралы шарт жасасу үшін көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жобасы бойынша құжаттарды қарау қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Кепілдік беру туралы шартты жасасу үшін көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй кешені құрылысының жобасы бойынша құжаттарды қарау қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Кепілдік беру туралы шартты жасасу үшін көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй кешені құрылысының жобасы бойынша құжаттарды қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2016 жылғы 7 сәуірдегі "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әзірленді және Тұрғын үй құрылысының Бірыңғай операторынан (бұдан әрі – Бірыңғай оператор) кепілдік алу тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру кезінде кепілдік беру туралы шартты жасасу үшін көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй кешені құрылысының жобасы бойынша құжаттарды қарау тәртібін регламенттейді.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1) 2-қосымшада көрсетілген құжаттардың тізбесіне сәйкес көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй кешені құрылысының жобасы бойынша ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру;
2) өтінімді тіркеу және көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй кешені құрылысының жобасы бойынша ұсынылған құжаттарды талдау;
3) кепілдік беру туралы шарт жасасу не жасасудан уәжді түрде бас тарту туралы шешім қабылдау кезеңдерін көздейді.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй кешені құрылысының жобасы бойынша құжаттарды талдау қаржылық және заңдық бағалауды қамтиды.";
11-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11-1. Егер көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй кешені құрылысының жобасын арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы – арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын және арнайы экономикалық аймақ (бұдан әрі – АЭА қатысушысы) қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген заңды тұлға болып табылатын Уәкілетті компания жүзеге асыратын болса, онда құрылыс мердігерлік шарты Уәкілетті компанияның жобалау-сметалық құжаттамасымен қарастырылған материалдардың және (немесе) жабдықтардың бөлігін сатып алуынан тұруы мүмкін.";
13-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Заңға сәйкес көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй кешені құрылысы жобасы бойынша құжаттарды тексеру нәтижелері бойынша бас тартады.";
1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кепілдік беру туралы шартты жасасу үшін көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй кешені құрылысының жобасы бойынша құжаттарды қарау қағидаларына 1-қосымша"; 2-қосымшада: |
жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кепілдік беру туралы шартты жасасу үшін көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй кешені құрылысының жобасы бойынша құжаттарды қарау қағидаларына 2-қосымша"; |
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) тапсырылған шаршы метрді ескере отырып, көп пәтерлі тұрғын үйлер немесе жеке тұрғын үй кешенін салу, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша құрылыс салушының тәжірибесін растайтын құрылыс жобасын пайдалануға беру актілерінің көшірмелері;";
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жер учаскесіне жеке меншік құқығына акт немесе уақытша (өтеулі) жер пайдалану құқығына акт немесе жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты (көшірмесі, нотариат куәландырған/электрондық құжаттың көшірмесі);";
жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кепілдік беру туралы шартты жасасу үшін көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй кешені құрылысының жобасы бойынша құжаттарды қарау қағидаларына 3-қосымша"; |
2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үй кешеніндегі үй-жайларды сату және жалға беру жоспары
№ | Үй-жайдың атауы | бөлмелер саны | жалпы ауданы, шаршы метр | сату/жалға алу бағасы 1 шаршы метр үшін, мың теңге | мың теңге сомасы | үй-жайларды сату және жалға беру жоспары, ________ жыл, мың теңге | ||
ай | ай | ай | ||||||
пәтер | ||||||||
жеке тұрғын үйлер | ||||||||
машина орны | ||||||||
коммерциялық үй-жайлар | ||||||||
Барлығы |
жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кепілдік беру туралы шартты жасасу үшін көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй кешені құрылысының жобасы бойынша құжаттарды қарау қағидаларына 4-қосымша"; |
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
4. Құрылыс салушы-компаниясының жұмыс тәжірибесі (1-ден 10 балға дейін) | Пайдалануға берілген тұрғын үйдің ауданының (шаршы метрлерінің) көлемі немесе пайдалануға берілген тұрғын үйдің (шаршы метрлерінің) көлемі 1-ден 10 балға дейін | Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада салу кезінде, мың шаршы метр | Өзге әкімшілік-аумақтық бірліктерде салу кезінде, мың шаршы метр | баллдар |
10-ден 20-ға дейін | 5-ден 10-ға дейін | 1 |
".