БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өртке қарсы қызмет жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 445 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15422 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 73) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өртке қарсы қызмет қызметінің жарғысында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Жарғы гарнизон қызметін ұйымдастыру бойынша талаптар бөлігінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының (бұдан әрі – МӨҚҚО) жеке құрамына, сондай-ақ кәсіби өртке қарсы қызмет қызметкерлері мен ерікті өртке қарсы құралымдар жұмыскерлеріне қолданылады.";
5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) өртке қарсы қызметтің күштері мен құралдары (бұдан әрі – күштер мен құралдар) – МӨҚҚО жеке құрамы, кәсіби өртке қарсы қызметтердің және ерікті өртке қарсы құралымдардың қызметкерлері, өрт сөндіру техникасы, байланыс және басқару құралдары, өрт сөндіргіш заттар және жарақтағы басқа да техникалық құралдар;";
мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
"14-1. Төтенше жағдай (ахуал) жарияланған кезде аумақтық орган басшысының шешімімен бойынша гарнизон уәкілетті орган басшысының келісімі бойынша казармалық жағдайға ауыстырылады.
Гарнизонды казарма жағдайына көшіру кезінде жеке құрамды тамақтандыруды ұйымдастыра отырып, қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасы жүзеге асырылады.";
22-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Өрт сөндіру техникасын, ӨТЖ мен жабдықтары, өрт сөндіру құралдарын техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі – ТҚК), жөндеу және пайдалану жұмыстарын ұйымдастыруда бөлімшелердің бастықтарына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетеді, анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдайды;";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Министрліктің барлық аумақтық органдарында, мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері қарауылдарының жеке құрамы ауысымдардың (қарауылдардың) бірыңғай реттік нөмірлерімен, тәулік бойы 4 ауысымды режимде кезекшілікті жүзеге асырады.";
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Бөлімнің байланыс пункті (бұдан әрі – ББП) диспетчері (радиотелефонист):
ББП барлық қолда бар техникалық байланыс құралдарына келіп түскен өрт, ТЖ туралы хабарламаларды дәл қабылдауға, беруге және тіркеуге және ақпаратты өңдеуге, шақыру орнына қарауылдың (бөлімшелердің) кезекшілерін уақытында және дұрыс жіберілуін жүргізеді;
кезекші қарауылдың (бөлімшелердің) өртке, басқа ТЖ орнына жіберілгені туралы Өрт байланыс орталық пункті (бұдан әрі – ӨБОП) және бөлімше басшыларына уақтылы баяндама жүргізеді;
ББП техникалық құралдары мен жабдықтарының сақталуын және дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етеді.";
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44. ББП диспетчері (радиотелефонист):
1) кезекшілікке түскен кезде:
ББП құжаттаманы, мүлікті және техникалық құралдарды тізімдеме бойынша қабылдайды;
ББП техникалық құралдардың, резервті қоректендіру көздерінің болуын, тазалығын, жай-күйін және жарамдылығын тексереді;
ауысатын диспетчерден (радиотелефонисттен) ағымдағы шығулар, сондай-ақ бөлімше басшылығының өкімдері мен нұсқаулары туралы мәліметтерді алады;
2) кезекшілік кезінде:
қарауылдың бастығынан (кезекші ауысым басшысынан) күштер мен құралдар (жеке құрамның, өрт техникасының, өртсөндіргіш заттары мен ЖЖМ саны) туралы мәлімет алады;
байланыс құралдары мен техникалық жабдықтардың ақаулықтары туралы мәліметті осы Жарғыға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша байланыс құралдарын қабылдау-тапсыру журналына енгізеді;
өзара іс-қимыл жасау қызметтерімен байланыс ұстайды және қажет болған жағдайда өрт, басқа да ТЖ аудандарына жібереді;
осы Жарғыға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тәуліктің түнгі мезгілінде балалар, емдеу және басқа да мекемелерде болатын адамдарды есепке алу журналын жүргізеді;
телефон арқылы барлық қоңырауларға дереу "Өртке қарсы қызметі" деп жауап беруге, ал ішкі телефонға өзінің лауазымы мен тегін атайды, мысалы: "диспетчер (радиотелефонист) Ахметова";
өту жолдарының жабылуы, өртке қарсы сумен жабдықтаудың істен шығуы және жедел ахуалдың басқа да өзгерістері туралы ақпарат алған кезде дереу ӨБОП-дағы кезекші қарауылдың бастығына (кезекші ауысым басшысы), баяндайды және алынған ақпаратты тиісті журналдарға енгізеді;
қарауылдық қызметті тексеруге құқығы бар лауазымды тұлғалар ББП үй-жайына барған кезде, "Майор мырза. Диспетчер (радиотелефонист) Ахметова" деген нысан бойынша баяндайды;
3) шақыруларды өңдеген кезде:
кезекші қарауылдарының шығу жолдамасында мынадай ақпаратты:
шақыру объектісінің мекенжайы;
объектінің атауы;
объектінің орналасқан жері туралы басқа да мәліметтерді;
не және қайда жанып жатқаны (немесе ТЖ туралы басқа мәлімет);
нешінші қабатта (немесе жертөледе) жанып жатқаны;
ғимараттың қабаттылығы (немесе биіктігі);
адамдарға төнген қатердің болуы;
ӨБОП диспетчерінің тегін;
ТЖ туралы хабар алынған уақытын, күнін тіркейді және қолын қояды;
ӨБОП аға диспетчердің (гарнизон диспетчері) басқа нұсқауы болмаса шығу кестесінде көзделген күштер мен құралдарды тарту жоспарымен жіберу туралы шешім қабылдайды;
шешім қабылданғаннан кейін бірден "Дабыл" сигналын береді;
қарауылдың шығу жолдамасын, сондай-ақ өрт сөндіру жоспарын немесе (бар болған жағдайда) карточкасын кезекші қарауылдың бастығына (кезекші ауысым басшысына) береді;
4) шығуларды сүйемелдеу кезінде:
өрт немесе басқа ТЖ шыққан кезекші қарауылмен (бөлімшемен) радиобайланыс орнатады және ұстайды;
өрт немесе басқа ТЖ туралы қосымша ақпаратты нақтылайды, қарауылдың бастығына (кезекші ауысым басшысына) шақыру орнына бару кезінде, ӨБОП аға диспетчеріне (гарнизон диспетчеріне) және бөлімше басшыларына дереу береді;
осы Жарғыға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Бөлімшенің шығуын есепке алу журналына уақытты белгілеумен, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде лауазымды тұлғалардың барлық қабылдаған шешімдерін тіркеуді жүзеге асырады.";
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"50. Төтенше жағдайлар басқармаларының (бөлімдерінің) бастықтары және олардың орынбасарлары кәсіби өртке қарсы қызмет қызметкерлердің дайындығын, сондай-ақ тиісті аумақтағы бақылаудағы объектілердің өртке қарсы жай-күйін бақылауды және тексеруді, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, объектілердің өртке қарсы жай-күйі туралы хабар береді.";
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"52. Өртке қарсы қызмет жасағының бастығы өрт сөндіру басқармасының басшысына бағынады.";
76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"76. Өрттен немесе өрт-тактикалық оқу-жаттығулардан, сабақтардан қайтып оралған кезде қарауыл бастығының (кезекші ауысым басшысының) бақылауы және тікелей қатысуы арқылы кезекші қарауылды және техниканы 10 минут ішінде әзірлікке келтіру жүзеге асырылады. Бұл ретте:
жүргізушілер автомобильдерге ЖЖМ толық құяды (бөлімшеден тыс жанармай құйған кезде бөлімшенің барлық жеке құрамы шығады);
қарауылдың өрт сөндіру есептоптарының жеке құрамы, ӨТҚ және жабдықты, өрт сөндіру жеңдері мен жеке құрал-жабдықтарды ауыстырады, өрт сөндіру автомобильдерін өртсөндіргіш заттармен толықтырады;
қарауыл бастығы (кезекші ауысым басшысы) техниканы өрт сөндіру есептобына қою және қарауылдың шығуға дайындығы туралы ӨБОП-ға баяндайды;
жүргізушілер мен жеке құрам өрт сөндіру техникасына ТҚ өткізеді, жеке гигиена шараларын жүзеге асырады.";
көрсетілген Жарғыға 5, 6, 12-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Ч. Аринов |
20__жылғы "___"________ саптық жазба
Өрт сөндіру бөлімшелерінің атауы | ӨСБ (МӨСБ, ӨБ) штаты | Ж/қ тізімі бойынша қарауылда | Жеке құрамның шығысы бойынша | Газ-үтіннен қорғаушылар/ аппараттар | Жоқ | отын бензин/дизотын | |||||||||
Барлығы | Есеп | Қарауыл бастығы | Бөлімше командирі | Жүргізушілер | Өрт сөндірушілер | Диспетчерлер (радиотелефоншылар) | Оқу демалысы/декрет | Ауру | Іссапар | Басқа себептер | |||||
1-ӨСБ | |||||||||||||||
2-ӨСБ | |||||||||||||||
БАРЛЫҒЫ: |
кестенің жалғасы
Өрт сөндіру техникасы | |||||||||||||||||||
Есепте | Резервте | Жөндеуде | |||||||||||||||||
Негізгі өрт сөндіру автомобилінің түрі | Арнайы өрт сөндіру автомобилінің маркасы | Негізгі өрт сөндіру автомобилінің түрі | Арнайы өрт сөндіру автомобилінің маркасы | Негізгі өрт сөндіру автомобилінің түрі | Арнайы өрт сөндіру автомобилінің маркасы | ||||||||||||||
АЦ-7-40 | - | АЦ-2,5-40 | - | АЦ-7-40 | - | ||||||||||||||
АЦ-7-40 | АС-30 | АЦ-2,5-40 | - | АЦ-7-40 | - | ||||||||||||||
Өрт сөндіру бөлімдерінің атауы | Есептегі автомобильдерде бар | Қоймадағы көбік түзгіш | Диспетчерлер (радиотелефоншылар) | Қарауыл бастығы немесе оны ауыстыратын тұлғалар |
| ||||||||||||||
Жеңқұбырлар | Лафетті оқпандар тұрақты/тасымалы | ГПС-600, "Пурга"/УП | Тасымалы. р/ст | Электрошамдар/ прожекторлар | ТОК/Л-1 | Құтқарғыш арқандар | көбік түзгіш есепте | ||||||||||||
77мм | 66 мм | 51 мм | |||||||||||||||||
1-ӨСБ | |||||||||||||||||||
2-ӨСБ | |||||||||||||||||||
БАРЛЫҒЫ: |
Гарнизон бойынша жауапты ________________________
ӨСКБ кезекші ауысымы:
Шұғыл кезекші____________________________
Аға көмекші_______________________________
Көмекші______________________________________
Аға диспетчер_______________________________
Диспетчер______________________________________
Диспетчер (радиотелефоншы)______________________
Ескертпе:
1) позициялар саны гарнизон бастығының шешімімен ұлғаюы мүмкін;
2) өртке қарсы қызмет гарнизонында автоматтандырылған жұмыс орны болмаған жағдайда саптық жазбалар журналы енгізіледі.
бұйрығына 2-қосымша | |
Өртке қарсы қызметтің | |
жұмыс жарғысына | |
6-қосымша |
Гарнизон қызметін ұйымдастыруды регламенттейтін құжаттар тізбесі
Ескертпе:
1) құжаттарды әзірлеу тәртібін және олардың орындалуына (жаңартылуына) жауаптыларды гарнизон бастығы белгілейді;
2) өртке қарсы қызмет гарнизонында автоматтандырылған жұмыс орны болмаған кезде бөлімшелердің шығуын есепке алу журналы және саптық жазбалар журналы енгізіледі;
3) өртке қарсы қызмет гарнизонының бөлімшелері орналасқан және өрт сөндіру бөлімдерінің шығу аудандарының шекаралары, аса маңызды және режимдік кәсіпорындар бөлген су көздері көрсетілген қаланың (ауданның) жоспар - картасы электрондық форматта жүргізіледі.
бұйрығына 3-қосымша Өртке қарсы қызметтің жұмыс жарғысына 12-қосымша нысан |
Қызмет кітабының 1-парағы
(мұқаба парағы)
________________________ _______________ өрт сөндіру бөлімінің қызмет кітабы
Басталды:______________
Аяқталды:_____________
Қызмет кітабының жалғасы
2-парағы. (сегіз парақ бөлінеді)
20__ жылғы "____"_________________
_____________________қарауылдың жеке құрамының
ТІЗІМІ
р/с № | тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Атағы | Лауазымы, тағайындалған күні | Туған күні | Білімі, не аяқтады, мамандығы | ӨСҚ бойынша және басқа спорт түрінен разряды | Үй мекенжайы және телефоны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Қарауыл бастығы __________________________
(атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Қызмет кітабының жалғасы
10-парақ. (кезекшілік кезіне бір парақ бөлінеді)
қалалар мен елді мекендерді қорғайтын
өрт сөндіру бөлімдері,
мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдері үшін
БЕКІТЕМІН Өрт сөндіру бөлімінің бастығы |
|
_________________________ | |
(атағы) | |
__________________________ | |
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) 20__жылғы "___"_________ |
____________________ қарауылдың қызмет наряды
20_ жылғы "___"______ сағ.____ден 20_ жылғы "___"_________ сағ. ____дейін.
Қарауыл бастығы ________, диспетчер (радиотелефонист)__________________
1. Қарауыл құрамы
Тізім бойынша____, барлығы_____, есепте___, демалыста____, іссапарда___, ауруы бойынша жоқ____, басқа себептер___.
Есеп
Есепте: - сығымдалған ауадағы аппараттар _______________________
- бірге алып жүретін радиостанциялар ___________________________
- дозиметрлік аспаптар _______________________________________
- қорғаныш костюмдері
Резервте: - өрт сөндіру автомобильдері ________________________
- сығымдалған ауадағы аппараттар ____________________________
Ішкі наряд
Наряд түрі | Тегі | Түсетін уақыты | |||||||||||
Қызмет кітабының жалғасы
11-парақ
(кезекшілік кезіне арналады)
Тексерген | |
__________________ бастығы | |
(қолы) |
1. Қарауыл қызметінің нәтижелері: өртке, аварияларға, сабаққа және т.б. шығулар
Шығу мақсаты | Мекенжайы | Қандай автомобильдер шықты | Уақыты | |
шыққан | оралған | |||
Өртке қарсы сумен жабдықтаудың табылған жарамсыздықтары және шығу ауданындағы жабық өту жолдары
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Істен шыққан немесе зақымдалған ӨТЖ, өрт сөндіру жеңқұбырлар, басқа да техникалық құралдар
ӨТЖ, оның ішінде өрт сөндіру жеңқұбырларының, техникалық құралдардың, байланыс құралдарының атауы | Қолдану орны, мекенжайы | Зақымдалу сипаты |
Қарауылдағы оқиғалар (тәртіпті, қауіпсіздік техникасы мен басқа да бұзушылықтар)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Ішкі нарядтың қызметті өткеруін тексеру кезінде ашылған кемшіліктер
________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Кезекшілікті қабылдау-тапсыру кезінде ашылған кемшіліктер
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Кезекшілікті тапсырды____________________ Кезекшілікті қабылдады_____________
Қызметтік кітапты бітіру
10-парақ (он парақ бөлінеді)
Қарауыл қызметінің ұйымдастырылуын тексеру нәтижелерін есепке алу
Тексеру күні және уақыты | Тексеру жүргізген тұлғаның қолы, тексеру нәтижелері | Кемшіліктерді жою бойынша қабылданған шаралар |
Ескертпелер:
1) қызмет кітабы үш күнтізбелік айға (тоқсан) есептеледі және ол толтырылғаннан кейін 3 жыл сақталады.
2) қарауыл қызметін ұйымдастыруды тексеруші тұлға өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша іс-қимылдарға қарауылдың әзірлігіне әсер ететін анықталған кемшіліктерді жоюға кезек күттірмейтін шараларды қабылдап, қарауыл қызметін ұйымдастыруды тексеру нәтижелерін есепке алу бөлімінде тиісті жазба жүргізеді;
3) Қызмет кітабының беттері нөмірленген, тігілген, мөрмен және бөлімше басшысының қолымен бекітілген болуы тиіс.