Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 362 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 27 тамызда № 36698 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды жою департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуде;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрліктерінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2025 жылғы 27 тамыздағы
№ 362 Бұйрығымен
бекітілген

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 46 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10325 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 - бабы 1-тармағының 61) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеру қағидаларына:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп – тексеру қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 61) тармақшасына сәйкес әзірленді және төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеру тәртібін айқындайды.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеу";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеру төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) төтенше жағдайды жариялаған кезде жүргізіледі.

      Ғаламдық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi орган құратын комиссия тергеп-тексереді.

      Жергiлiктi ауқымдағы төтенше жағдайларды азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органқұратын комиссия тергеп-тексередi.

      Комиссия құрамына мүдделі мемлекеттік органдарды және төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан авариялардың, зілзалалардың сипатына байланысты олардың аумақтық органдарын, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың өкілдері мен ұйымдардың басшыларын тарта отырып, азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның өкілдері кiредi.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мүдделі мемлекеттік органдар олардың аумақтық органдары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар төтенше жағдайдың мән-жайларын, себептерiн зерделеуді және талдауды қамтамасыз етеді, олардың алдын алу бойынша комиссия ұсынған iс-шараларды iске асыру жөнiнде шаралар қабылдайды.".

      2. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 115 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27705 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Нұсқаулық, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту саласындағы қызметті жүзеге асыратын объектілерді қоспағанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген объектілерді террористік тұрғыдан осал деп тану өлшемшарттарының 2-тармағының 1), 3) трамақшаларына және 3-тармағына сәйкес террористік тұрғыдан осал деп танылған, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, оның ведомстволары мен аумақтық органдарының (Төтенше жағдайлар департаменттерінің, азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің, азаматтық қорғау білім беру ұйымдарының, сондай-ақ су шаруашылығы объектілерінің) объектілерінде (бұдан әрі – Министрліктің объектісі) тұрақты немесе уақытша болатын барлық адамдарға қолданылады.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Бөлімшелер ғимараттарына келушілер бір реттік рұқсаттамалар бойынша жіберіледі.

      Келушілерге біржолғы рұқсаттаманы ресімдеуді және беруді кезекші наряд Заңда белгіленген жұмыс уақытында жүргізеді. Біржолғы рұқсаттаманы кезекші наряд тек ілесіп жүруге жауапты қызметкер келгеннен кейін ғана толтырады, оның деректері осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаның нысаны бойынша біржолғы рұқсаттамаларды есепке алу журналында тіркеледі.

      Біржолғы рұқсаттамалар адамдарға бір рет келуге беріледі және олар ведомствоның немесе аумақтық органдарының ғимаратында болған кезде ғана жарамды болады.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Профилактикалық іс – шараларды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың терроризмге қарсы комиссиясының (бұдан әрі-терроризмге қарсы комиссия), сондай-ақ республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және Министрліктің террористік тұрғыдан осал объектілерінің қызметкерлерінің үйлестіруі кезінде орталық уәкілетті мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының аумақтық органдары тұрақты негізде ұйымдастырады.";

      57-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) екінші топтағы объектілер – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың Төтенше жағдайлар департаменттері, сондай-ақ олар жетекшілік ететін өрт сөндіру бөлімдері, "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғау академиясы", азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері.".

      3. "Адамдарды құтқару үшін аса қажет болған жағдайда, төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын, мүлкі мен өзге де материалдық құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 13 маусымдағы № 319 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32788 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Адамдарды құтқару үшін аса қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын, мүлкі мен өзге де материалдық құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса берiлiп отырған адамдарды құтқару үшін аса қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын, мүлкі мен өзге де материалдық құралдарын пайдалану қағидалары бекітілсін."

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Адамдарды құтқару үшін аса қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын, мүлкі мен өзге де материалдық құралдарын пайдалану қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Адамдарды құтқару үшін аса қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын, мүлкі мен өзге де материалдық құралдарын пайдалану қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы төтенше жағдайлар аймақтарындағы ұйымдардың аса қажет болған жағдайда адамдарды, байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын құтқару үшін пайдалану қағидалары (бұдан әрі-қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және құтқарушылардың төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалану тәртібін айқындайды.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады