"Міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 29 мамырдағы № 281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 366 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 27 тамызда № 36697 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 29 мамырдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32631 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Міндетті түрде кәсіби өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Міндетті түрде кәсіби өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.";

      осы бұйрықпен бекітілген Міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Міндетті түрде кәсіби өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесі";

      ескертпелердің 3, 4, 5 және 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Өндірістік-өнеркәсіптік аймақта орналасқан шаруашылық жүргізу ұйымдары мен объектілерін өртке қарсы қорғауды бір өрт бөлімшесі кәсіби өртке қарсы қызметтің қызметкерлері мен ұтқыр өрт техникасына қызмет көрсету және оны ұстау жөніндегі аталған кәсіпорындардың үлестік қатысуы арқылы қамтамасыз ете алады. Бұл ретте бөлімшенің жалпы штат саны мен техникалық жарақтандырылуы әр кәсіпорынның өндірістік сипаттамаларын ескере отырып айқындалады.

      4. Өнеркәсіп объектілерінде көшпелі техникамен кәсіби өртке қарсы қызметті құру кезінде өрт депосына қызмет көрсету радиусы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келеді.

      5. Кәсіби өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің техникалық жарақтандырылуы мен қызметкерлер саны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 782 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9931 болып тіркелді) Кәсіби өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес айқындалады.

      6. Аталған тізбеге енбеген және кәсіби өртке қарсы қызмет бөлімшелері бар ұйымдар мен объектілер олардың одан әрі жұмыс істеуін сақтайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Ұлттық

      экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады