"Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 25 тамыздағы № 81 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 25 тамызда № 36674 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12517 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Осы бұйрықпен бекітілген Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларында:

      3-1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 25 тамыздағы
№ 81 бұйрығына қосымша
Реттеушілік әсерді талдауды
жүргізу және пайдалану
қағидаларына
3-1-қосымша

      Нысан

Реттеушілік актіні талдаудың талдамалық нысаны Құқықтық актінің жобасы бойынша жалпы ақпарат

Р/с №

Атауы

Реттеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Реттеушілік актінің атауы

____________ (реттеушілік актінің атауы көрсетіледі)

2.

Міндетті талаптарды және/немесе реттеушілік құралдарды қамтитын реттеушілік актінің баптары (тармақтары)

______________ (баптың нөмірі мен атауы көрсетіледі)

3.

Реттеушілік құралдарды және/немесе бұрын реттеушілік әсерді талдау рәсімдері жүргізілген талаптарды * Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия талаптары мен хаттамасын көрсету

  ______________ (реттеушілік құралдар және/немесе талаптар көрсетіледі)

4.

ЭҚЖЖ жіктеуішіне сәйкес актіні реттеу саласы*

________________ (бір уақытта бірнеше сала көрсетілуі мүмкін)

5.

Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу енгізілетін қызмет саласы * ӨРҰ болған кезде толтырылады

_______________ (міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу енгізілген кезде толтырылады)

6.

Әзірлеуші орындаушының байланыс ақпараты


            *ЭҚЖЖ – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші;

            *ӨРҰ – өзін-өзі реттейтін ұйым

Тиімділікті, оның ішінде реттеушілік актінің мемлекеттік реттеудің мәлімделген мақсаттарына қол жеткізуді бағалау

1-ҚАДАМ: Проблема және реттеудің мақсаты

Шешу үшін реттеу енгізілген проблеманы сипаттаңыз (проблеманың бар екендігін дәлелдейтін цифрлық деректерді көрсете отырып)


Нысаналы топ


Реттеудің мақсаты қандай болды


2-ҚАДАМ: Реттеушілік актінің нақты әсерін айқындау ** барлық көрсеткіштер ЭҚЖЖ сәйкес есептеледі

Заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштерінің өзгеруін сипаттаңыз * тиімділікті бағалау жөніндегі нысанды толтыру, оның ішінде реттеушілік актіні мемлекеттік реттеудің мәлімделген мақсаттарына қол жеткізу бойынша түсіндірмені қарау



Реттеушілік құралдар және (немесе) реттеушілік актінің талабы

Міндетті талаптарды және/немесе реттеушілік құралдарды қамтитын реттеушілік актінің тармағы мен бабының нөмірленуі, бабының атауы


Міндетті талаптарды және/немесе реттеушілік құралдарды қамтитын реттеушілік акт бабының мазмұны


Талаптың және/немесе реттеушілік құралдардың нақты салдарының сипаттамасын еркін түрде жүргізіңіз


Тізілімге сәйкес реттеушілік актіні қайта қарау кезеңіне

пайдасы

шығасылар

Халық (халықтың кірістері мен шығыстары; өмір сүру және кедейлік деңгейі; жұмыссыздық деңгейі және басқалар)



Мемлекет (мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының көлемі)



Бизнес (кәсіпорындардың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігі, кәсіпорындардың рентабельділігі мен тұрақтылығына, оның ішінде инновациялар мен дамуға әсері және т.б.)



Бизнес субъектілерінің шығындарын есептеу (монетизация) * тиімділікті бағалау жөніндегі нысанды толтыру, оның ішінде реттеушілік актіні мемлекеттік реттеудің мәлімделген мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі түсіндірмені қараңыз


Тізілімге сәйкес реттеушілік актіні қайта қарау кезеңіне

өндіріс құралдарына инвестициялар, үй-жайларды, зертханаларды өзгерту, персоналды оқыту, өзге де қажетті әкімшілік емес шығасылар


тәуелсіз сараптамалар, бағалаулар, қорытындылар үшін үшінші тұлғаларды пайдалану


мемлекетке мерзімді есеп беру


мемлекеттік органдардан анықтамалар мен рұқсаттар алу


мемлекеттік органдардың бақылау іс-шаралары бойынша


Өзге де


3-ҚАДАМ: реттеушілік актінің нәтижелілігі мен тиімділігі

Реттеушілік акт қол жеткізуге бағытталған нәтижелілік пен тиімділік индикаторларының өзгеру серпінін бағалау

Индикатор

Тізілімге сәйкес реттеушілік актіні қайта қарау кезеңіне

1. Шағымдар саны


2. Бақылау іс-шараларының саны


3. Берілген рұқсат құжаттарының және берілген хабарламалардың саны


4. Қабылданған ақпараттық құралдардың саны (бизнестің есептілігі және өзгелер)


5. Реттеушілік құралдар және (немесе) талаптар бар нормаларды бұзу фактілері


6. Әкімшілік бұзушылық саны


7. Айыппұлдардың жалпы сомасы


8. Бюджетке түсетін түсімдер бойынша ақпарат


……(өзге)


4-ҚАДАМ. Реттеушілік актіні талдау қорытындылары

Реттеуші мемлекеттік органның шешімі (күшін жою (күші жойылды деп тану) және (немесе) толықтыру, өзгерту, өзгеріссіз қалдыру)


Қабылданған шешімнің негіздемесі


Реттеушілік актіні қайта қарау мерзімі (жыл және ай)


Тиімділікті, оның ішінде реттеушілік актінің мемлекеттік реттеудің мәлімделген мақсаттарына қол жеткізуді бағалау жөніндегі нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      Тиімділікті, оның ішінде реттеушілік актінің мемлекеттік реттеудің мәлімделген мақсаттарына қол жеткізу кезінде талдамалық нысан мынадай қадамдар бойынша толтырылады:

      1.1-ҚАДАМ: Проблема және реттеудің мақсаты

      Проблеманы және оның өзгеру ауқымын айқындау кезінде реттеушілік акті қабылданғанға дейін талдауға жататын цифрлық деректерді (зиян келтіру жағдайлары, зиянды өтеу проблемалары туралы деректер; келтірілген зиянның мөлшері туралы деректер (ақшалай түрде); азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің, қолданыстағы заңнаманың бұзылуы (бұзушылық саны, бұзушылық санаты) ескерілуі қажет; іс-әрекеттерді, функцияларды орындаудың мүмкін еместігі туралы деректер, оның ішінде шығындар, жоғалған пайда, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір түрлерінің толық өндірілмеуі туралы деректер мен бағалау; құқықтық сипаттағы мәліметтер, оның ішінде қолданыстағы нормативтік құқықтық базаның толықтығы мен дәйектілігін бағалау; проблеманың болу себептері туралы мүдделі тұлғалар мен сарапшылардың пікірлерін қамтитын ақпарат; проблеманың адамдардың белгілі бір топтарына әсерін растайтын деректер).

      "Нысаналы топ" бөлігінде Тізілімге сәйкес реттеушілік актіні қайта қарау сәтіндегі мүдделі тұлғалар және нысаналы топтың сандық көрсеткіштері көрсетіледі. Мыналар:

      белгіленген реттеушілік мазмұнына байланысты кәсіпкерлік қызмет субъектілері;

      мемлекеттік органдар;

      коммерциялық емес ұйымдар;

      басқалар мүдделі тұлғалар тобына кіруі мүмкін.

      Реттеудің мақсаты реттеушілік акт қабылданғаннан кейін қол жеткізілген көрсеткіштерді көрсете отырып, қойылған проблеманы ескерумен сипатталады.

      2-ҚАДАМ: Реттеушілік актінің нақты әсерін айқындау

      Бұл қадам үш бөліктен тұрады.

      Бірінші бөлік ресми статистика деректеріне сәйкес жүргізілетін бизнес субъектілері үшін реттеушілік актіні қайта қарау кезіндегі нақты салдарлардың сипаттамасын қамтиды.

      Мемлекеттік орган/әзірлеуші орган міндетті түрде мынадай көрсеткіштер бойынша статистикалық деректерге салыстырмалы талдау жүргізуі қажет:

      жұмыс істеп тұрған субъекті саны,

      субъектілердің өнім шығаруы,

      жұмыспен қамтылған адамдар саны.

      Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның https://stat.gov.kz/. сайтында салалардың ресми статистикасы бөлігінде көрсетілген деректерді пайдалана отырып заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері талданады.

      Заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштерін салыстырмалы талдау нәтижесінде реттеуші мемлекеттік орган реттеушілік актінің талаптарын орындау кезеңінде осы көрсеткіштердің өзгерістерін анықтайды.

      Негізгі көрсеткіштердің оң серпіні кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін жағдайдың жақсарғанын көрсетеді.

      Екінші бөлікте реттеушілік актінің бабы тармағының нөмірленуін және олардың мазмұнын көрсете отырып, реттеушілік құралдарды және (немесе) бизнеске қатысты талаптарды айқындау және реттеушілік актіні халыққа, мемлекетке және бизнеске қайта қарау сәтіндегі нақты салдарларға талдау жүргізу қажет.

      Үшінші бөлікте кәсіпкерлік субъектілері үшін шығасыларды салыстырмалы талдау әрбір реттеушілік құрал және (немесе) енгізу кезінде шығасылар болжанған реттеушілік актінің талабы бойынша жүргізіледі.

      Егер реттеушілік құрал және (немесе) реттеушілік актінің талабы бизнес субъектілері үшін шығындардың туындауын көздемеген жағдайда, осы реттеушілік құрал және (немесе) талап бойынша талдау талап етілмейді. Шығындарға салыстырмалы талдау жүргізу қажеттілігі реттеушілік актіні әзірлеу кезінде алдыңғы талдауда көрсетілген деректерді ескере отырып айқындалады. Бұл ретте реттеушілік актіні қайта қарау кезінде туындаған уақытша және қаржылық шығасылар қаралады.

      Реттеуші мемлекеттік орган міндетті түрде реттеушілік актіні қайта қарау кезінде туындаған және бизнес субъектісінің мынадай іс-әрекеттеріне байланысты шығасыларды талдайды:

      өндіріс құралдарына (жабдықтарды, аспаптарды, коммуникация құралдарын, технологияларды және тағы басқа сатып алу), үй-жайларды сатып алуға немесе жалға алуға, зертхана құруға, персоналды оқытуға, өзге де қажетті әкімшілік емес шығасылар инвестиция салу қажеттілігі;

      үшінші тұлғаларды, ұйымдарды тарта отырып, сараптамалар, бағалаулар жүргізу, қорытындылар алу қажеттілігі;

      мемлекетке мерзімді есептілікті қағаз немесе электрондық форматта ұсыну қажеттілігі;

      мемлекеттік органдардан лицензиялар, рұқсаттар, анықтамалар немесе басқа да ілеспе құжаттарды алу қажеттілігі;

      мемлекеттік органдардың бақылау іс-шаралары барысында жұмыстарды жүргізу қажеттілігі.

      Мысалы, егер реттеушілік құралды және (немесе) реттеушілікактінің талаптарын орындау жабдықты, өлшеу құралдарын, өндірістік алаңдарды және тағы басқа сатып алуды көздесе, онда есептеулер бір кәсіпорынның шығындарын ескере отырып жүргізіледі. Шығындардың жалпы сомасы ЭҚЖЖ сәйкес бір кәсіпорынның шығындарын бизнес субъектілерінің санына көбейту жолымен қосылады.

      Егер бұрын реттеушілік құрал және (немесе) реттеушілік актінің талаптары шеңберіндегі шығындарды талдау жүргізілмеген жағдайда, реттеуші мемлекеттік орган ведомствоның өзі жүргізген зерттеулер, әлеуметтанулық сауалнамалар, сараптамалық сұхбаттар, халықаралық ұйымдардың зерттеулері (мониторингтері), ғылыми жарияланымдар, бизнес қауымдастықтардың талдамалық материалдары және тағы басқа барысында алынған деректерге талдау жүргізугетиіс.

      Бұдан басқа, реттеуші әзірлеуші органға осы бөлікте көрсетілмеген шығындардың басқа түрлерін көрсетуге мүмкіндік беріледі.

      3-ҚАДАМ: Реттеушілік актінің нәтижелілігі мен тиімділігі

      Реттегіш актінің нәтижелілігі реттеушілік актіні қайта қарау сәтінде талдау кезінде көрсетілген индикаторларды мониторингтеу жолымен айқындалады.

      Міндетті түрде Талдамалық нысанға сәйкес реттеуші мемлекеттік орган көрсетілген индикаторларды сандық өлшемде сипаттайды. Бұл ретте реттеуші мемлекеттік орган тізбені проблеманың өзгеру ауқымын өлшеу және реттеушілік актіні қабылдау мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті нақты және цифрлық өлшемдегі индикаторлармен толықтыра алады.

      Реттегіш актінің нәтижелілігі мен тиімділігі заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштерін салыстырмалы талдау, талаптың және/немесе реттеушілік құралдардың халыққа, мемлекетке және бизнеске әсер етуінің салдарын нақты талдау, әрбір реттеушілік құрал және (немесе) реттеушілік актінің (бар болса) талабы бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарын талдау, индикаторлар мониторингісінің қорытындысы бойынша айқындалады.

      Осы қадамның қорытынды бөлігінде реттеуші мемлекеттік орган міндетті түрде талдамалық нысанда негіздемесімен реттеушілік актінің күшін жою (күші жойылды деп тану)/өзгерту және (немесе) толықтыру/өзгертусіз қалдыру туралы өзінің шешімін көрсетеді.

Реттеушілік құралдарды қалыптастыру шарттарына және (немесе) реттеушілік актіде белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалау

Р/с №

Шарттың атауы

Шарттарға сәйкестікті бағалау сипаттамасы

Реттеушілік құралдың және (немесе) талаптың шарттарға сәйкестігін бағалау бойынша балдарды айқындау

1.

Негізділік

1) қызметтің (процестің, іс-қимылдың) қандай түрінің қауіпсіздігі реттеушілік құралмен және (немесе) реттеушілік актінің міндетті талабымен қамтамасыз етіледі? ____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;
2) Осы реттеушілік құрал және (немесе) реттеушілік актінің талабы қандай қауіпсіздікті қамтамасыз етеді? ____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;
3) 2-сұрақта көрсетілген қызметтің (процестің, іс-қимылдың) көрсетілген түрінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өзге де реттеушілік құрал және (немесе) реттеушілік актінің талабы бар ма? ____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;

"0" – "сәйкес келмейді" "1" – "ішінара сәйкес келеді" "2" – "толық сәйкес келеді"

2.

Реттеу теңдігі

1) осы реттеушілік құрал және (немесе) реттеушілік актінің талабы қандай кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылады? ____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;
2) Осы реттеушілік құралды қолдану бойынша ерекшеліктер және (немесе) реттеушілік актінің талаптары бар ма?
Ерекшелік деректерін сипаттаңыз: ____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;

0-2 "0" - "сәйкес келмейді" "1" – "ішінара сәйкес келеді" "2" – "толық сәйкес келеді"

3.

Ашықтық

1) мемлекеттік органның (сайт, әлеуметтік желілер) ашық ақпараттық ресурстарында реттеушілік құралды және (немесе) реттеушілік актінің талаптарын жоспарланып отырған енгізу (өзгерту) туралы ақпарат орналастырылған ба және танысу үшін қолжетімді ме? ____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;
2) кәсіпкерліктің мүдделі субъектілерімен, олардың қоғамдық құрылымдарымен, өзге де мүдделі жеке және заңды тұлғалармен реттеушілік құралды және (немесе) реттеушілік актінің міндетті талабын – өткізу мерзімдерін, қатысушы санын, негізгі ұстанымдарын енгізуге (өзгертуге, қайта қарауға) ниет білдірген мемлекеттік органның бастамасы бойынша қоғамдық талқылаулар (қажет болған жағдайда – қоғамдық тыңдаулар) өткізілді ме? ____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;

0-2 "0" - "сәйкес келмейді" "1" – "ішінара сәйкес келеді" "2" – "толық сәйкес келеді"

4.

Орындалуы

1) осындай енгізілетін (өзгертілетін, қайта қаралатын) реттеушілік құралды және (немесе) реттеушілік актінің міндетті талабын іске асырудың халықаралық практикасының болуы: ____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;
2) кәсіпкерлік субъектісінің енгізілетін (өзгертілетін, қайта қаралатын) реттеушілік құралды және (немесе) реттеушілік актінің міндетті талабын (таңдау бойынша) орындау мүмкіндігін талдау: ____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;

0-2 "0" - "сәйкес келмейді" "1" – "ішінара сәйкес келеді" "2" – "толық сәйкес келеді"

5.

Сенімділік

1) реттеушілік құралдың қолданылуы және (немесе) реттеушілік актінің талаптары нақты реттелетін кәсіпкерлік субъектілеріне немесе олардың қызметіне (процесіне, әрекетіне) бағытталған ба? ____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;
2) міндетті талаптың нақты сандық параметрі бар ма (қажет болған жағдайда)? ____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;
3) реттеушілік құралдың және (немесе) реттеушілік акт талабының қосымша түсіндірмесі жоқ па? ____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;

0-2 "0" - "сәйкес келмейді" "1" – "ішінара сәйкес келеді" "2" – "толық сәйкес келеді"

6.

Пропорционалдылық және ұтымдылық

1) барлық мақсатты топтардың барлық артықшылықтары мен шығасылары ескерілді ме? ____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;
2) енгізілген реттеудің түпкілікті әсері тұрғысынан бизнес шығасылары рұқсат етіле ме? ____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;
3) мемлекеттің мемлекеттік реттеуге жұмсайтын шығыстары ақтала ма? ____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;
4) енгізілетін (өзгертілетін) реттеушілік құрал және (немесе) кәсіпкерлік субъектісіне немесе оның қызметіне (процесіне, әрекетіне) қатысты реттеушілік актінің міндетті талабы осындай енгізудің (өзгерістің) ауыртпалығын ескере ме? ____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;
5) реттеушілік құралды талдау (қайта қарау) және (немесе) реттеушілік актінің талаптары барысында жаңа (қолданыстағысын өзгертпей), сондай-ақ оның күшін жоймай қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бола ма? Неліктен? ____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;

0-2 "0" - "сәйкес келмейді" "1" – "ішінара сәйкес келеді" "2" – "толық сәйкес келеді"

7.

Жүйелілік және болжамдылық

"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына сәйкес мыналар мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына жатады:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспары;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы;
3) мемлекеттік органдардың даму жоспарлары, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарлары;
4) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарлары.
1) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қандай құжатында реттеушілік құралды және (немесе) талаптарды қайта қарау қажеттілігі көзделген? ____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;
2) құжаттарда реттеушілік құралды қайта қарауға тікелей нұсқау және (немесе) талаптар болмаған жағдайда, оларды қайта қарау қажеттілігін негіздейтін нормаларды қамтитын осы құжаттардың ережелерін көрсету? ____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;
3) кәсіпкерлік субъектілеріне енгізілетін (өзгертілетін) реттеушілік құралды және(немесе) талаптарды орындауға дайындалуға мүмкіндік беретін мерзімдер белгіленген бе? Көрсетілген сұрақтарға тікелей жауаптың болмауы енгізілетін (өзгертілетін, қайта қаралатын) реттеушілік құралдың және (немесе) міндетті талаптың сәйкестігін теріс бағалау болып есептеледі? ____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;

0-2 "0" - "сәйкес келмейді" "1" – "ішінара сәйкес келеді" "2" – "толық сәйкес келеді"

Реттеу мақсаттарына қол жеткізу деңгейі

Толық қол жеткізілді ________ Ішінара қол жеткізілді _________ Қол жеткізілмеді ____________ * * мәлімделген мақсаттарға қол жеткізілмеген жағдайда реттеуші Реттеушілік әсерге талдау жүргізу және пайдалану қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес талдамалық нысан толтырылмайды.

Тиімділік ұпайы: * максималды балл – 40 * жеткілікті шегі – 30

      Реттеушілік актінің кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимыл қағидаттарына сәйкестігін айқындау

Р/с №

Қағидаттың атауы

Қағидатты сақтау негіздемесі

Қағидатқа сәйкес келеді/сәйкес келмейді

1.

Заңдылық

___________________________ * Кодекстің 4-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


2.

Кәсіпкерлік еркіндігі

* Кодекстің 5-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


3.

Кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі

* Кодекстің 6-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


4.

Меншікке қол сұғылмаушылық

* Кодекстің 7-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


5.

Адал бәсекелестік

* Кодекстің 8-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


6.

Тұтынушылар, кәсіпкерлік субъектілері және мемлекет мүдделерінің теңгерімі

* Кодекстің 9-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


7.

Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпараттың қолжетімділігі

* Кодекстің 10-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


8.

Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігі

* Кодекстің 11-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


9.

Кәсіпкерлік субъектілерінің өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау қабілетін арттыру

* Кодекстің 12-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


10.

Құқық бұзушылықтың алдын алу басымдығы

* Кодекстің 13-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


11.

Кәсіпкерлік субъектілерінің адалдық презумпциясы және мемлекет пен кәсіпкерлік субъектілерінің өзара жауапкершілігі

* Кодекстің 14-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


12.

Сыбайлас жемқорлықтан еркін болу

* Кодекстің 15-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


13.

Кәсіпкерлік қызметті ынталандыру және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету

* Кодекстің 16-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


14.

Қазақстанда жасалған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қолдау

* Кодекстің 17-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


15.

Кәсіпкерлік субъектілерінің істеріне мемлекеттің заңсыз араласуына жол бермеу

* Кодекстің 18-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


16.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің норма шығаруда қатысуы

* Кодекстің 19-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


17.

Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін ынталандыру

* Кодекстің 20-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


18.

Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке шектеулі қатысуы

* Кодекстің 21-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


19.

Өзін-өзі реттеу

* Кодекстің 22-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


            Қолы ____________

            күні 20__ жылғы "___" ________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады