Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 860 қаулысымен бекітілген мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларының 30-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау және сақтауға байланысты қызметтер көрсету бойынша үлгілік шарт бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Ч. Аринов |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 31 шілдедегі № 300 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау және сақтауға байланысты қызметтер көрсету бойынша үлгілік шарт
< Жүк берушінің өңірі> № <шарттың нөмірі> <шарттың күні>
Бұдан әрі "Жүк беруші" деп аталатын <Жүк берушінің толық атауы> < Жүк берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін < Жүк берушінің лауазымы> < Жүк берушінің ТАӘ (бар болса)> атынан әрекет ететін бір тараптан және бұдан әрі "Сақтаушы" деп аталатын < Сақтаушының толық атауы>, < Сақтаушының негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Сақтаушының лауазымы> < Сақтаушының ТАӘ (бар болса)> атынан әрекет ететін екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау және сақтауға байланысты қызметтер көрсету жөніндегі осы шартты (бұдан әрі – Шарт) төмендегі туралы жасасты:
1. Шарттың мәні
1.1. Сақтаушы осы Шартта белгіленген жағдайлармен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын (бұдан әрі – Тауар) қабылдауға, сақтауға, сондай-ақ сақтауға байланысты қызметтер, тауарды жаңарту бойынша қызметтермен бірге көрсетуге міндеттенеді.
1.2. Тауардың саны, оның құны және сақтау орны осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Шартқа 1-қосымшада көрсетіледі.
2. Тауардың (өнiмдердің) сапасы және қауiпсiздiгi
2.1. Тауардың бүкіл сақтау мерзіміне арналған сапасы Шартқа 2-қосымшада көрсетілетін талаптарға, Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкес келуге және мемлекеттік тіркеу, сынақтар, сәйкестікті растау және сараптама нысандарындағы сәйкестікті бағалау туралы құжаттармен расталуға тиіс.
3. Тауарды сақтау және қайтару шарттары, тәуекелдер
3.1. Сақтаушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 наурыздағы №108 қаулысымен бекітілген мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларын сақтай отырып, салу актісін және қабылдау-тапсыру актісін ресімдей отырып, Тауарды сақтауға қабылдайды.
3.2. Сақтаушы Тауарды сақтаушыға меншік құқығымен тиесілі қоймаларда не жалға алу шарттарына сәйкес жалға алынатын қоймаларда осы Шарттың қолданылу мерзімі бойы сақтауды жүзеге асырады.
Қойманы жалға алған жағдайда сақтаушы Жүк берушіге жалдау шартының көшірмесін ұсынады.
3.3. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау процесінде зерттеу (сынау) мынадай:
1) Жүк беруші сақтау және/немесе түгендеу жүргізу кезеңінде материалдық құндылықтарды сақтау шарттарының бұзылуын анықтаған кезде;
2) ыдысы, орамы бүлінген немесе сақталатын материалдық құндылықтардың бүлінуіне әкеп соғуы мүмкін өзге де жағдайлар кезінде;
3) материалдық құндылықтардың жарамдылық мерзімі немесе сақтау мерзімі өткен жағдайларда жүргізіледі.
Көрсетілген жағдайларда Тауарларды құндылықтарды зерттеу (сынау) рәсімдері бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
3.4. Осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Сақтаушы Тауарды жаңартуды жүзеге асыруға міндетті, бұл ретте сақталатын Тауардың көлемі сақтауға берілген Тауардың жалпы көлемінің 50% - нан төмен болмауы тиіс. Қоймада сақталатын Тауарды өндіру күні оны дайындаған сәттен бастап айдан аспауға тиіс.
3.5. Жаңарту графигі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 860 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларының 41-тармағында айқындалған мерзімдерді ескере отырып, Тауардың түріне қарай осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес айқындалады.
3.6. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату және жою Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 859 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
3.7. Тауарды сақтаушы қайтарған кезде оны өндіру күні оны дайындаған сәттен бастап ___ айдан аспауға тиіс.
3.8. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының қорлары, сақтау орнына қарамастан республикалық меншік болып табылады.
3.9. Мемлекеттiк материалдық резервтiң нақты запастарын ашатын мәліметтер мемлекеттік құпиялар болып табылады. Бұл ақпаратты жария ету Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа әкеп соғады.
3.10. Жүк берушінің жазбаша талабы бойынша сақтаушы материалдық құндылықтарды Жүк берушінің қоймасына қайтару жөнінде шаралар қабылдайды.
3.11. Тауарды жүк берушіге қайтару, уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап __ жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
3.12. Тауар қайтарылған жағдайда Сақтаушы келесі құжаттарды ұсынады:
- сәйкестік декларациясы;
- сапа куәлігі;
-СТ-KZ сертификаты;
- ветеринариялық анықтама/карантиндік фитосанитариялық бақылау (тамақ өнімдеріне);
- кепілдік хат;
- халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдардың (тамақ өнімдеріне) зерттеу хаттамалары;
- аккредиттелген сынақ зертханаларының (өзге тауарларға) зерттеу хаттамалары.
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4.1. Сақтаушының міндеттері:
4.1.1. Шарт бойынша міндеттемелердің толық және тиісінше орындалуын қамтамасыз ету.
4.1.2. Осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес, тауардың сапалы және сандық сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдау.
4.1.3. Жүк берушінің жазбаша талабы бойынша Тауар 10 (он) жұмыс күні ішінде берілген көлемнің 100% дейін толтырады. Бұл ретте Тауарды өндіру мерзімі оны дайындаған сәттен бастап _____ айдан аспауға тиіс.
4.1.4. Тауарды сақтау тікелей Сақтаушымен жүзеге асырылуы тиіс, уақытша немесе тұрақты сақтауға үшінші тұлғаға беруге жол берілмейді.
4.1.5. Жүк берушінің талабы бойынша шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат беру. Жүк беруші талапты жазбаша нысанда сақтаушыға деректемелерде көрсетілген байланыс деректері арқылы және/немесе электрондық поштаға жолдайды.
4.1.6. Ай сайын, 15-күнге дейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 15 маусымдағы № 324 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептерді дайындау және ұсыну қағидаларына сәйкес Тауардың нақты болуы мен қозғалысы туралы есеп беру.
4.1.7. Жүк берушінің жазбаша талабы бойынша Тауарды үшінші тұлғаларға жүк беруші жазып берген наряд негізінде және көрсетілген деректемелер бойынша жіберу. Бұл ретте жүк беруші мұндай іс-әрекеттерді өткізу қажеттігі туралы шығару күніне дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын хабарлауға міндетті. Тауарды тиеуге байланысты шығыстар:
- қарыз алу тәртібімен, сондай-ақ нарыққа реттеуші әсер ету үшін жаңарту және броньнан шығару тәртібімен шығару Тауарды алушыға жүктеледі;
- төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөнiндегi шараларды қабылдау, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін броньнан шығару тәртібімен шығару одан әрі Жүк берушінің өтеуімен сақтаушыға жүктеледі.
4.1.8. Сақтау кезеңінде Жүк берушінің қызметкерін, қызмет бағыты бойынша тиісті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен мамандарын (келісу бойынша) нақты болуын (түгендеу), сақтау шарттарын тексеру үшін, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдардың (тамақ өнімдеріне), аккредиттелген сынақ зертханаларының (өзге тауарлар) өкілдерін сынақ хаттамаларын алу үшін сынама алуға сенімхат және тиісті Жүк берушінің немесе тиісті органдардың актісі болған кезде жібереді.
4.1.9. Сақтаушының бейінін өзгерту, қайта ұйымдастыру, жекешелендіру не таратуға дейін көрсетілген рәсімдердің жүргізілетіні туралы 3 (үш) ай бұрын Жүк берушіге хабарлау қажет.
4.1.10. Сақтаушы Жүк берушіге 2.1-тармақта көрсетілген сапа бойынша сәйкес келмейтін Тауарды қайтарған жағдайда, Сақтаушы сапасыз тауарды жеткізу туралы Жүк беруші хабарлаған сәттен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде көрсетілген тауарды тиісті сападағы Тауарға ауыстыруға міндетті. хабарламаның күні Тауарды ауыстыруға байланысты барлық шығындар Сақтаушыға жүктеледі.
4.1.11. Сақтаушының Шарт талаптарын бұзуынан және/немесе өзге де заңсыз әрекеттерден туындаған келтірілген залалдарды Жүк берушіге өтеуге міндетті.
4.1.12. Тараптар Шартқа қол қойған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сақтауға берілген тауарға берілген Тауардың құнына тең сомада сақтандыруға немесе Жүк берушіге банк кепілдігін беруге міндетті.
Банк кепілдігін немесе сақтандыру полисін Сақтаушы шарттың қолданылу кезеңіне арналған мерзіммен тауардың жоғалуына, бүлінуіне, зақымдануына, сапасының нашарлауына жол бермейтініне кепілдік ретінде енгізеді. Шартты ұзартқан жағдайда Сақтаушы осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шараларды қабылдайды.
4.1.13. Тауардың сәйкессіздіктері немесе кемшіліктері туындаған кезде, сондай-ақ Тауардың жоғалуы анықталған кезде ол туралы дереу табылған күні Жүк берушіге хабарлайды және қажет болған жағдайда мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен акт жасайды.
4.1.14. Сақталатын Тауары бар қойма үй-жайын осы Шартқа 3-қосымшаға сәйкес айқындалатын шарттармен қамтамасыз ету.
4.2. Сақтаушы құқылы:
4.2.1. Осы Шарттың 5-тармағына сәйкес атқарылған қызметтер үшін Жүк берушіден ақы төлеуді талап етуге.
4.2.2. Жүк берушіден Шарттың орындалуына қатысты ақпаратты сұратуға.
4.3. Жүк беруші құқылы:
4.3.1. Тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдары мен мамандарын тарту арқылы, жоспарлы және жоспардан тыс түгендеу түгендеу жүргізуге.
4.3.2. Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат сұратуға.
4.3.3. Интернет байланысы арқылы нақты уақыт режимінде қабылдау, сақтау, жөнелту және түгендеу кезінде қашықтан мониторинг жүргізуге.
4.4. Жүк беруші міндетті:
4.4.1. Тауарды мемлекеттік материалдық резервтен шығару кезінде сақтаушыға нарядтар беруді жүзеге асыруға.
4.4.2. Тауарды орналастыру, сақтау, өткізу, жаңарту және нысаналы пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге.
4.4.3. Тауарды сақтау үшін төлемді уақытында жүзеге асыруға.
4.4.4. Жоспарлы түгендеуді жүргізу қажеттілігі туралы Сақтаушыны оны өткізгенге дейін күнтізбелік 10 күн бұрын хабардар етуге міндетті.
4.4.5. Жоспардан тыс түгендеу жүргізу қажеттілігі туралы сақтаушыны оны өткізгенге дейін 1 жұмыс күні бұрын хабардар етуге міндетті.
4.4.6. Орны ауыстырылған материалдық құндылықтар Жүк берушінің қоймасына ауыстырылған (қайтарылған) күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Жүк беруші халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдармен (тамақ өнімдеріне), аккредиттелген сынақ зертханаларымен орны ауыстырылған материалдық құндылықтарға сынақ хаттамаларын алу үшін сынама алуды қамтамасыз етуге міндетті. Бұл сынақ хаттамалары орны ауыстырылған материалдық құндылықтардың сапасын растайды. Сынақ хаттамаларын алу үшін орны ауыстырылған материалдық құндылықтардан сынама алу Сақтаушының қатысуымен жүзеге асырылады. Тауар соңғы орында (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 108 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларына сәйкес) тараптар тауарды қабылдау-беру актісіне қол қойған күннен бастап қабылданған болып есептеледі, оған тапсырыс беруші зерттеулердің (сынақтардың) нәтижелерін, Шарттың 3.12.-тармағында көзделген құжаттарды алғаннан және Тауардың техникалық ерекшелік талаптарына сәйкестігін растағаннан кейін қол қойылады.
4.4.7. Осы Шарттың 8.3-тармағына сәйкес осы Шартты тоқтату ниеті болған жағдайда, Жүк беруші шартты бұзғанға дейін 30 жұмыс күні ішінде Тауарды әкетуге міндетті.
5. Есеп айырысу тәртібі.
5.1. Тауарды сақтау жөніндегі шығындардың есебі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 860 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес айқындалады және Тауардың түріне қарай ай үшін тұратын алаңдағы 1 (бір) шаршы метрге ҚҚС есебімен теңгені құрайды.
5.2. Төлем сақтаушының есеп шотына ақша қаражатын аудару жолымен мемлекеттік сатып алу туралы Шартқа сәйкес тоқсан сайын жүргізіледі.
6. Тараптардың жауапкершілігі.
6.1. Осы Шарттың 4.1.7-тармағына сәйкес, Тауарды шығару бойынша міндеттемелер бұзылған жағдайда, сақтаушы республикалық бюджеттің кірісіне міндеттеме толық орындалғанға дейін мерзімі өткен әрбір күн үшін жөнелтілмеген Тауар құнының 1% мөлшерінде өсімпұл төлейді.
6.2. Осы Шарттың 3.11.-тармағына сәйкес, Тауарды мемлекеттік материалдық резервке уақтылы қайтармағаны үшін сақтаушы республикалық бюджеттің кірісіне Тауарды мемлекеттік материалдық резервке қайтару жөніндегі міндеттемелер толық орындалғанға дейін кешіктірілген әрбір күн үшін қайтарылмаған Тауар құнының 0,1% мөлшерінде өсімпұл төлейді.
6.3. Тауар жаңартылмаған (уақтылы жаңартылмаған) жағдайда, Сақтаушы республикалық бюджеттің кірісіне жаңартылмаған тауар құнының 5% мөлшерінде айыппұл төлейді.
6.4. 4.1.6-тармақта көрсетілген міндеттемелер орындалмаған жағдайда, Сақтаушы осы Шарт бойынша мерзімі өткен әрбір күнтізбелік күн үшін Тауардың жалпы құнының 0,01% мөлшерінде өсімпұл төлейді, бірақ Тауардың жалпы құнының 10% - нан аспауға тиіс.
6.5. Тауардың жоғалуы, бүлінуі, жетіспеуі немесе зақымдануы, сондай-ақ тауардың сапалық сипаттамаларына сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, Жүк беруші сақтандыру сомасын немесе банк кепілдігін ұстайды.
6.6. Тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеу, Тараптарды осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
6.7. Тауарды сақтаушының кінәсінен орнын ауыстыру бойынша барлық күтпеген шығыстар оның шотына жатқызылады.
6.8. Сақтаушы Тауардың Жүк берушіге қайтарылған кезде оның болуын қамтамасыз етеді:
- осы Шартқа (техникалық ерекшелік) 2-қосымшаға талаптарына сәйкес келетін және сапалығын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 860 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларының 11-тармағына сәйкес бағалау туралы құжаттармен қоса беріледі;
- жаңа, пайдаланылмаған, зауыттық қаптамада, қандай да бір ақауларсыз материалда және орындауда;
- өнеркәсіптік және /немесе басқа да зияткерлік меншікке негізделген үшінші тұлғалардың кез келген құқықтары мен талаптарынан босатылған.
- өндірілген күннен бастап айдан аспайтын күні бар.
- халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдардың (тамақ өнімдеріне), аккредиттелген сынақ зертханаларының (өзге тауарлар) зерттеу хаттамасын ұсынумен немесе ұсынуды қамтамасыз етумен.
6.9. Сақтау кезеңінде тауардың кездейсоқ жойылу қаупі осы Шарттың 7-бөлімінің ережелерін ескере отырып, сақтаушыға жатады.
6.10. Шартқа 2-қосымшаға сәйкес (техникалық ерекшелік) ұзақ мерзімді сақтауға жарамсыз және сапасына сәйкес келмейтін тауарды мемлекеттік материалдық резервке жеткізгені (салғаны) үшін Сақтаушы сапасына сәйкес келмейтін Тауар құнының 5% мөлшерінде айыппұл төлейді.
6.11. Секвестр және/немесе тиісті бюджеттердің қолма-қол бақылау шотында ақшаның жеткіліксіз болған жағдайларды қоспағанда, егер Жүк беруші Сақтаушыға өзіне тиесілі қаражатты қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартта көрсетілген мерзімдерде төлемесе, онда Жүк беруші сақтаушыға әрбір мерзімі өткен күн үшін тиесілі соманың 0,1% мөлшерінде кешіктірілген төлемдер бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10% - нан аспауға тиіс.
7. Форс-мажор
7.1. Егер Шарт талаптарының орындалмауы форс-мажорлық жағдаяттардың нәтижесі болып табылса, Тараптар оның толық немесе ішінара орындалмауы үшін жауапкершілікте болмайды. Бұл ретте шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі форс-мажорлық жағдаяттар қолданылған уақытқа сәйкес кейінге қалдырылады.
7.2. Мiндеттеменi орындамаған немесе тиiстi дәрежеде орындамаған Сақтаушы, егер бой бермейтiн күштiң, яғни осы жағдайлар кезiндегi төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлардың (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары, төтенше жағдай және т.б.) салдарынан тиiстi дәрежеде орындауға мүмкiндiк болмағандығын дәлелдей алмаса, мүлiктiк жауаптылықты көтередi. Ондай мән-жайларға, атап айтқанда, мiндеттеменi орындау үшiн қажеттi тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетудiң рынокта болмауы жатпайды.
7.3. Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мүмкін еместігі туындаған Тарап екінші Тарапқа олар басталған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей жазбаша нысанда осындай міндеттемелердің басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарлайды. Форс-мажорлық жағдаяттар туралы уақтылы хабарламау (10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей) тиісті Тарапты болашақта оларға сілтеме жасау құқығынан айырады.
Егер Жүк берушіден басқа жазбаша нұсқаулықтар келіп түспесе, Сақтаушы Шарт бойынша өз міндеттерін мүмкіндігінше орындауды жалғастырады және форс-мажорлық жағдаяттарға байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін іздейді.
7.4. Форс-мажорлық жағдаяттардың тиісті дәлелі болып уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар беретін анықтамалар табылады.
8. Шарттың қолданылу мерзімдері.
8.1. Осы Шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және ______ дейін қолданылады.
Егер осы тармақта айқындалған мерзім аяқталғанға дейін 3 (үш) ай бұрын тараптар Шартты тоқтату туралы ниет білдірмесе, Шарт сол мерзімге және сол талаптарда ұзартылған болып есептеледі.
8.2. Егер басқа тарап Шарттың талаптарын Шартта көзделген қағидатты талаптардан айыратындай елеулі бұзушылық жасаған болса, Тараптар Шартта көрсетiлген мерзiмге дейiн Шартты бұза алады.
8.3. Тараптар Шартты одан әрі орындаудың орынсыздығы себебінен басқа тарапқа үш ай бұрын тиісті жазбаша хабарлама жіберу арқылы кез келген уақытта бұза алады. Хабарламада Шарт талаптарын орындаудан бас тарту себебі, сондай-ақ Шартты бұзу күшіне енетін күні көрсетілуі тиіс.
Шарт жоғарыда көрсетілген жағдаяттар себебінен жойылған кезде, Орындаушы Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзу күніндегі іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы.
9. Даулы мәселелерді шешу
9.1. Тараптар арасындағы барлық даулар келіссөздер арқылы шешіледі.
9.2. Келіссөздер арқылы келісімге қол жеткізілмеген барлық даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешілетін болады.
10. Өзге де шарттар
10.1. Осы Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден екі данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды.
10.2. Осы Шартқа қол қойылғаннан кейін осы Шартқа қатысты мәселелер бойынша барлық алдын ала келіссөздер, хат-хабарлар, алдын ала келісімдер және ниеттер туралы хаттамалар күшін жояды.
10.3. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар жазбаша нысанда жасалады.
10.4. Шартта реттелмеген бөлігінде Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады, не Шарттың талаптары мен сомасын өзгертпейтін келіссөздер арқылы.
11. Тараптардың деректемелері және қолдары.
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
БСК – банктік сәйкестендіру коды;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
ҚҚС – қосылған құн салығы;
Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты (ол бар болса).
20___жылғы "__"____ №_____Шартқа 1-қосымша |
20___жылғы "__"____ №_____Шартқа 2-қосымша |
Техникалық ерекшелік
Жүк берушінің атауы
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Тауардың талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары:
_____________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Сақтау шарттары: _____________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Жаңарту шарттары: ____________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
20___жылғы "__"____ №_____Шартқа 3-қосымша |
Жауапты сақтау пунктін жарақтандыру бойынша талаптар
Мақсаты: мемлекеттік материалдық резервтің тауарлық-материалдық құндылықтарының сапалы және сандық сақталуын бақылау