"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір бұйрықтары мен бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Ч. Аринов |
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі 2025 жылғы 14 тамыздағы № 320 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтары мен бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің тізбесі
1. "Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 320 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31222 болып тіркелген).
2. ""Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 320 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 179 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32264 болып тіркелген).
3. "Аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізу қағидалары мен шарттарын, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтерді, сондай-ақ азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттары үшін шекті мәндерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 180 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32259 болып тіркелген).
4. "Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 697 бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізімінің 7-тармағы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33793 болып тіркелген).
5. "Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 10 мамырдағы № 184 бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесінің 10-тармағы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34359 болып тіркелген).