"Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 2 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2025 жылғы 12 тамыздағы № 74/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 12 тамызда № 36610 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13104 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Тәртіптеме бекітілгеннен кейін ҰҚК органдарының кадр бөлімшелері:

      1) өтініш беру мерзімдері туралы бұқаралық ақпарат құралдарына, ақпараттық стендтерде, оның ішінде ҰҚК ресми интернет-ресурсына хабарландырулар, сондай-ақ осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қосымша тұрғылықты жері, оқу және жұмыс (қызмет) орындары бойынша ҰҚО-ға ұсынылатын құжаттар тізбесін он жұмыс күні ішінде орналастыруды ұйымдастырады;

      2) оқуға кандидаттарды олардың тұрғылықты, оқу немесе жұмыс (қызмет) орны бойынша кәсіби жарамдылығын тексеру, іріктеу және арнайы тексеру жөніндегі жұмыстар жүргізеді.";

      8-тармақ алып тасталсын;

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. ҰҚО ЖОО-ға түсуге кандидаттар ҰҚК-нің ресми интернет-ресурстарында хабарландырулар орналастырылғаннан кейін, түсетін жылғы 10 қаңтарды қоса алғанға дейін тұрғылықты жері, оқу немесе жұмыс (қызмет) орны бойынша ҰҚК органдарына оқу тілін көрсете отырып, өтініш (баянат) жазады.

      Осы мерзімде арнаулы мемлекеттік органдарының әскери бөлімдерінде мерзімді әскери қызмет өткерген және конкурстық іріктеуден өткен азаматтар мерзімді әскери қызмет аяқталған сәттен бастап бір жылдан кешіктірмей ҰҚК Шекара қызметінің кадр бөлімшелеріне ҰҚК ЖОО-ға түсуге ниет білдіру туралы өтінішпен жүгінеді.

      Өтініш берген жері бойынша азаматтар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес құжаттарды тапсырады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. ҰҚК органдарының кадр бөлімшелері ҰҚО ЖОО-ға жоғары білімнің және жоғары білімнің оқыту мерзімі қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсуге кандидаттардың жинақталған жеке істерін оқуға түсетін жылдың 20 мамырына дейін ұсынады.

      ҰҚК Кадрлар департаментінің қызметкерлері тексеретін ҰҚК Шекара академиясына қабылданатын азаматтардың арнайы тексеру материалдарын және ҰҚК Академиясы дайындаған кандидаттардың жеке істерін қоспағанда, ҰҚО ЖОО-ға түскен кандидаттардың жеке істерін конкурстық іріктеу басталғанға дейін ҰҚО ЖОО-ның кадр бөлімшелері Заңның 7-бабының 2-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігіне тексереді.";

      24-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) оқуға кандидаттардың конкурстық тізімдерін әзірлейді;";

      27-тармақтың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) пән бойынша емтихан нәтижелерін жою туралы шешім қабылдайды;";

      42, 43 және 44-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Емтихандарды тапсыру кезінде кандидаттарға оқу материалдары бар кез келген қағаз жеткізгіштерді, сондай-ақ деректерді сақтаудың, берудің және қабылдаудың электрондық құралдарын алып жүруге және пайдалануға тыйым салынады.

      Оларды пән бойынша емтиханды өткізу кезінде пайдаланған және анықтаған жағдайда арнайы комиссия (пәндік) жеке қауіпсіздік бөлімшесінің өкілімен бірлесіп осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес анықталған осы Қағидалардың талаптарын бұзғандығы туралы акт жасайды, оның негізінде қабылдау комиссиясы пән бойынша емтиханның нәтижелерін жою туралы шешім қабылдайды.

      43. ҰҚО ЖОО қабылдау комиссиясының конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша оқуға кандидаттарды қабылдау туралы шешімдері ҰҚО ЖОО ақпараттық стендтерінде орналастырылады, не қабылдау комиссиясының мүшелері кандидаттардың алдында ауызша жариялайды немесе кадр бөлімшелері жеткізеді.

      44. ҰҚО ЖОО-ға қабылдау конкурстық іріктеудің қорытындылары бойынша кандидаттың рейтингі негізінде қабылдау комиссиясының шешімімен жүргізіледі:

      жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша кандидаттың рейтингі арнаулы мемлекеттік органдарың әскери бөлімдерінде мерзімді әскери қызмет өткерген және конкурстық іріктеуден өткен азаматтарды қоспағанда, Ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі – ҰБТ) балдары мен соңғы кәсіби іріктеу көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады;

      жоғары білімнің оқыту мерзімі қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша кандидаттың рейтингі соңғы кәсіби іріктеу нәтижелерін қосу арқылы айқындалады.";

      45-1 және 46-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "45-1. Мерзімді әскери қызмет өткерген және арнаулы мемлекеттік органдардың әскери бөлімдерінде конкурстық іріктеуден өткен азаматтар осы Қағидалардың 6, 7, 9, 10, 22-тармақтарының талаптарына сәйкес келген жағдайда ҰҚК Шекара академиясына жыл сайынғы қабылдау жоспарының 10%-ынан және ҰҚК Академиясына 5%-нан аспайтын мөлшерінде ҰҚО ЖОО-ға қабылданады.

      Бұл ретте ҰҚК Академиясына түсетін кандидаттар кәсіби жарамдылығын және жазбаша дағдыларын эссе жазу түрінде тексеруден өтеді.

      46. ҰҚК Академиясына түсуге арналған конкурсты өткізу кезінде балдар тең болған жағдайда келесі кезекте мыналар басым құқыққа ие болады:

      1) "Алтын белгi" белгiсімен марапатталған адамдар;

      2) патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградталған адамдар;

      3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар;

      4) тізбесін бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздары, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтары олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәнiне сәйкес келген жағдайда, жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы оқу жылында президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстары (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздары;

      5) жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар және үздік білімі туралы құжаттары (куәлік, аттестаттар, дипломдар) бар адамдар.";

      мынадай мазмұндағы 47-тармақпен толықтырылсын:

      "47. ҰҚК Шекара академиясына түсуге арналған конкурсты өткізу кезінде осы Қағидаларға сәйкес конкурстық іріктеудің барлық кезеңдерін сәтті өту шартымен мыналар басым құқыққа ие болады:

      жетім-балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      жас сарбаз, жас айбын ретінде кемінде екі жыл мерзім ішінде әскерге шақыру алдындағы даярлықтан өткен азаматтар;

      қызмет өткеру уақытында қаза тапқан, хабар-ошарсыз кеткен немесе əскери қызмет өткерген кезеңде мүгедек болып қалған əскери қызметшілердің балалары;

      теріс себептермен жұмыстан шығарылғандарды қоспағанда, кемінде он бес жыл еңбек сіңірген әскери қызметшілердің, сондай-ақ жиырма және одан да көп жыл еңбек сіңірген әскери қызметтен босатылған адамдардың балалары;

      "Алтын белгі" белгісімен марапатталған адамдар;

      тізбесін білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын, соңғы үш жылда жалпы білім беретін пəндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылардың республикалық жəне халықаралық конкурстарының жəне спорттық жарыстардың бірінші – үшінші дəрежелі дипломдармен наградталған жеңімпаздары, өздері таңдаған мамандық олимпиаданың немесе конкурстың пəніне сəйкес келген жағдайда, ағымдағы жылы жалпы білім беретін пəндер бойынша президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының бірінші – үшінші дəрежелі дипломдармен наградталған жеңімпаздары.";

      осы Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 6-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет – ресурсына орналастыруды.

      3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері таныстырылсын.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының сегізінші – он бірінші, жиырма үшінші – жиырма бесінші, жиырма жетінші, жиырма сегізінші және қырық үшінші абзацтарын, 2025 жылғы 19 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының жиырма тоғызыншы – отыз жетінші, отыз тоғызыншы – қырық екінші абзацтарын, 2026 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының отыз сегізінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты
Е. Сағымбаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2025 жылғы 12 тамыздағы
№ 74/қе бұйрығы
1-қосымша
Жоғары білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асырып
жатқан Қазақстан Республикасы
ұлттық қауіпсіздік
органдарының әскери, арнаулы
оқу орындарына оқуға
қабылдау қағидаларына
3-қосымша

ҰҚО ЖОО-ға түсуші кандидаттардың денешынықтыру дайындығының нормативтері

      1. Орта білім беру ұйымдарын бітіргеннен кейін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша ҰҚО ЖОО-ға оқуға түсетін адамдар үшін:

      Ерлер

Жаттығу

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

ҰҚК Шекара академиясына түсушілер үшін белағашта тартылу (қанша рет)

14

12

10

ҰҚК Академиясына түсушілер үшін белағаштан тартылу (қанша рет)

11

9

7

100 метрге жүгіру(сек)

14,0

14,2

14,8

3000 метрге жүгіру (мин., сек)

12,15

12,45

13,30

10х10 метрге сырғымалы жүгіру (сек.)

23

24

26

Берпи (1 минут ішінде)

30 және одан көп

25-тен 29-ға дейін

20-дан 24-ке дейін

      Әйелдер

Жаттығу

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

№2 кешенді-күштік жаттығу (қанша рет)

30

26

22

100 метрге жүгіру (сек)

17,2

17,8

18,6

1000 метрге жүгіру (мин., сек)

4,35

4,55

5,25

10х10 метрге сырғымалы жүгіру (сек.)

34,0

35,0

37,0

Берпи (1 минут ішінде)

22 және одан көп

19-дан 21-ге дейін

16-дан 18-ге дейін

      2. Жедел бөлімшелер бағыты бойынша ҰҚО ЖОО-ға жоғары білімнің оқу бағдарламаларына оқуға түсетін қызметкерлер (әскери қызметшілер) үшін, соңдай-ақ ҰҚО ЖОО-ға жоғары білімнің оқыту мерзімі қысқартылған білім беру бағдарламаларына оқуға түсетін адамдар үшін:

      Ерлер:

      1-топ: 24 жасқа дейін қоса алғанда:

Жаттығу

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

Белағашта тартылу (қанша рет)

14

12

10

100 метрге жүгіру (сек)

14,0

14,5

15,3

3000 метрге жүгіру (мин.сек)

12,20

12,35

13,0

10х10 метрге сырғымалы жүгіру (сек.)

24,5

25,5

26,5

Берпи (1 минут ішінде)

27 және одан көп

23-тен 26-ға дейін

19-дан 22-ге дейін

      2-топ: 25-29 жас аралығы:

Жаттығу

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

Белағашта тартылу (қанша рет)

12

10

8

100 метрге жүгіру (сек)

14,5

15,3

15,8

3000 метрге жүгіру (мин.сек)

12,45

13,15

14,0

10х10 метрге сырғымалы жүгіру (сек.)

25,5

26,5

27,5

Берпи (1 минут 15 секунд ішінде)

26 және одан көп

22-тен 25-ке дейін

17-дан 21-ге дейін

      3-топ: 30 жас және одан жоғары:

Жаттығу

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

Белағашта тартылу (қанша рет)

11

9

7

100 метрге жүгіру (сек)

15,0

15,6

16,0

3000 метрге жүгіру (мин.сек)

14,0

14,20

14,50

10х10 метрге сырғымалы жүгіру (сек.)

26,5

27,0

28,0

Берпи (1 минут 30 секунд ішінде)

25 және одан көп

21-тен 24-ке дейін

16-дан 20-ға дейін

      Әйелдер:

      1-топ: 24 жасқа дейін қоса алғанда:

Жаттығу

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

№2 кешенді-күштік жаттығу (қанша рет)

34

30

26

100 метрге жүгіру (сек)

16,6

17,2

18,0

1000 метрге жүгіру (мин.сек)

4,15

4,30

4,45

10х10 метрге сырғымалы жүгіру (сек.)

32,5

33,5

34,5

Берпи (1 минут 30 секунд ішінде)

23 және одан көп

19-дан 22-ге дейін

15-тен 18-ге дейін

      2-топ: 25-29 жас аралығы:

Жаттығу

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

№2 кешенді-күштік жаттығу (қанша рет)

30

26

22

100 метрге жүгіру (сек)

17,2

17,8

18,6

1000 метрге жүгіру (мин.сек)

4,35

4,55

5,25

10х10 метрге сырғымалы жүгіру (сек.)

33,5

34,5

35,5

Берпи (2 минут ішінде)

22 және одан көп

18-ден 21-ге дейін

14-тен 17-ге дейін

      3-топ: 30 жас және одан жоғары:

Жаттығу

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

№2 кешенді-күштік жаттығу (қанша рет)

26

22

18

100 метрге жүгіру (сек)

17,8

18,4

19,2

1000 метрге жүгіру (мин.сек)

4,55

5,10

5,30

10х10 метрге сырғымалы жүгіру (сек.)

34,5

35,5

36,5

Берпи (2 минут 15 секунд ішінде)

21 және одан көп

17-ден 20-ға дейін

13-тен 16-ға дейін

      3. Жедел бөлімшелерге теңестірілген бағыты бойынша ҰҚО ЖОО-ға жоғары білімнің оқу бағдарламаларына оқуға түсетін қызметкерлер (әскери қызметшілер) үшін, соңдай-ақ ҰҚО ЖОО-ға жоғары білімнің оқыту мерзімі қысқартылған білім беру бағдарламаларына оқуға түсетін адамдар үшін:

      Ерлер:

      1-топ: 24 жасқа дейін қоса алғанда:

Жаттығу

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

Белағашта тартылу (қанша рет)
№ 1 кешенді-күштік жаттығу (қанша рет)

14
7

12
6

10
4

100 метрге жүгіру (сек)

14,0

14,5

15,3

2000 метрге жүгіру (мин.сек)

8,30

9,00

9,40

10х10 метрге сырғымалы жүгіру (сек.)

24,5

25,5

26,5

Берпи (1 минут ішінде)

27 және одан көп

23-тен 26-ға дейін

19-дан 22-ге дейін

      2-топ: 25-29 жас аралығы:

Жаттығу

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

Белағашта тартылу (қанша рет)
№ 1 кешенді-күштік жаттығу (қанша рет)

12
5

10
4

8
3

100 метрге жүгіру (сек)

14,5

15,3

15,8

2000 метрге жүгіру (мин.сек)

8,50

9,20

10,0

10х10 метрге сырғымалы жүгіру (сек.)

25,5

26,5

27,5

Берпи (1 минут 15 секунд ішінде)

26 және одан көп

22-ден 25-ке дейін

17-ден 21-ге дейін

      3-топ: 30 жас және одан жоғары:

Жаттығу

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

Белағашта тартылу (қанша рет)
№ 1 кешенді-күштік жаттығу (қанша рет)

11
4

9
3

7
2

100 метрге жүгіру (сек)

15,0

15,6

16,0

2000 метрге жүгіру (мин.сек)

9,10

9,40

10,20

10х10 метрге сырғымалы жүгіру (сек.)

26,5

27,0

28,0

Берпи (1 минут 30 секунд ішінде)

25 және одан көп

21-ден 24-ке дейін

16-дан 20-ға дейін

      Әйелдар:

      1-топ: 24 жасқа дейін қоса алғанда:

Жаттығу

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

№2 кешенді-күштік жаттығу (қанша рет)

34

30

26

100 метрге жүгіру (сек)

16,6

17,2

18,0

800 метрге жүгіру (мин.сек)

3,50

4,00

4,10

10х10 метрге сырғымалы жүгіру (сек.)

32,5

33,5

34,5

Берпи (1 минут 30 секунд ішінде)

23 және одан көп

19-дан 22-ге дейін

15-тен 18-ге дейін

      2-топ: 25-29 жас аралығы:

Жаттығу

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

№2 кешенді-күштік жаттығу (қанша рет)

30

26

22

100 метрге жүгіру (сек)

17,2

17,8

18,6

800 метрге жүгіру (мин.сек)

4,00

4,10

4,20

10х10 метрге сырғымалы жүгіру (сек.)

33,5

34,5

35,5

Берпи (2 минут ішінде)

22 және одан көп

18-ден 21-ге дейін

14-тен 17-ге дейін

      3-топ: 30 жас және одан жоғары:

Жаттығу

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

№2 кешенді-күштік жаттығу (қанша рет)

26

22

18

100 метрге жүгіру (сек)

17,8

18,4

19,2

800 метрге жүгіру (мин.сек)

4,10

4,20

4,30

10х10 метрге сырғымалы жүгіру (сек.)

34,5

35,5

36,5

Берпи (2 минут 15 секунд ішінде)

21 және одан көп

17-ден 20-ға дейін

13-тен 16-ға дейін

      Физикалық жаттығуларды орындау шарттары:

      1) 100, 800, 1000, 2000, 3000 метрге жүгіру стадионның жүгіру жолында немесе кез келген тегіс жерде орындалады;

      2) 10х10 метрге сырғымалы жүгіру бір бірінен 10 метр қашықтыққа орналасқан екі сызықпен белгіленген тегіс жерде орындалады. Жаттығу "жоғары мәре" қалпынан басталады. "Марш" командасы бойынша (шартты белгі бойынша) 10 метрді жүгіріп өтіп, мәре сызығына қолын (аяғын) тигізу керек, артқа оралып, мәре сызығына қолын (аяғын) тигізу керек. Барлығы 10 метрден тұратын 10 бөлікті жүгіріп өту қажет;

      3) берпи бастапқы қалыпта аяқты түзу иықтың деңгейінде, қолды денені бойлай ұстап орындалады. Бастапқы позициядан жамбасты артқа алып, алақанға сүйене отырып (қолдар иықтың енінде), еңкею қажет. Еңкейген кезде өкше еденнен көтерілмейді. Жартылай секіруде дененің салмағы қолдарға беріліп, бір мезгілде аяқ артқа тасталады. Бүгілген қолдарға сүйене отырып, жату позициясы жасалады. Жамбас пен кеуде бір уақытта еденге жанасады. Содан кейін, жартылай секіруде алақан еденнен жұлынып алынып, аяқтар ішке қарай тартылып, жартылай отыру күйіне оралады. Жерге өкшені тигізбей жоғарыға секіреді және осы сәтте қолдарымен бастың үстінен шапалақ жасалады, дене түзу қалыпта болады;

      4) № 1 кешенді күш жаттығулары 12 минут ішінде келесідей орындалады: "жерден игерілу" қалпын қабылдап қолды бүгіп-жазу (кеуде түзу, қолды 90 градусқа бүгу екі қолдың ара-қашықтығы өзіңе ыңғайлы қалыпта) – 10 рет; "жерден игерілу" қалпынан "отыру" қалпына ауысып бастапқы қалыпты қабылдау. Аяқты қолға барынша жақындатып, аяқты артқы қалыпқа жібергенде бел барынша бүгілу керек – 10 рет; "отыру" қалпынан (жамбас пен балтырдың арасындағы бұрыш 90 градус болуы керек) барынша жоғары секіріп "отыру" қалпына келу – 10 рет; "отыру" қалпынан арқаға жатып, екі қолды кеудеге қойып, аяқты алдыға созып, кеудені көтеріп, қолдың саусақтарын аяқтың ұшына жететіндей барынша еңкею (жаттығуды жасау барысында тізені аздап бүгуге рұқсат етіледі) – 10 рет. Жаттығу үзіліссіз әрі тоқтаусыз жасалуы тиіс, орындалу темпін өз еркімен жасайды. 5 секундтан көп тоқтаса жаттығу аяқталған болып саналады;

      5) № 2 кешенді күш жаттығулары бір минут ішінде жасалады: алғашқы 30 секундта – бастапқы қалыпта арқада жатып, білекте бүгілген қолдарын кеудесінде бір-біріне түйістіріп қояды. Қолды түзу ұстап (қолдың саусақтарын аяқтың саусақтарына тигізіп) мүмкіндігінше көбірек кеудені көтереді, аяқтар бүгілмейді (аяқтарды елеусіз бүгуге рұқсат етіледі), бастапқы қалыпқа оралған кезде тірекке жауырынмен жанасу қажет, одан әрі "ауыс" командасы бойынша тоқтамаған күйі қалған 30 секундта ауысып жерге қарап жатып тіреніп қолды бүгеді және жазады (дене тік, қолдар 90 градус бұрышқа дейін бүгіледі, кеуде еденнен параллель көтеріледі);

      6) биік белағашқа тартылу бастапқы жағдайда жоғарыдан ұстап асылып тұрып (бас бармақ төменде), қолдарын түзу ұстап аяқ тірекке тимей жасалады. Иекті белағаштың үстіңгі деңгейіне көтерген кезде және қол түзуленген бастапқы жағдайға қайта оралғанда жаттығу орындалған болып саналады. Қозғалыссыз жағдайдағы дененің аздаған иілуі мен аяқты алшақтатуға рұқсат етіледі. Жаттығуды секіріп барып жасауға, жұлқынуға және серпілуге рұқсат етілмейді.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2025 жылғы 12 тамыздағы
№ 74/қе бұйрығына
2-қосымша
Жоғары білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асырып
жатқан Қазақстан Республикасы
ұлттық қауіпсіздік
органдарының әскери, арнаулы
оқу орындарына
оқуға қабылдау қағидаларына
6-қосымша

      Анықталған Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан

      Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу

      орындарына оқуға қабылдау қағидаларының талаптарын бұзғандығы туралы АКТ

      _______________________________________________________________

      (ҰҚО ЖОО-ның атауы)

      "____" ____________ 20____ жыл "____" сағат "_________" минут

      Кандидатта: Т.А.Ә (бар болған жағдайда)

      ____________________________________________________________________,

      ____________________________________________________________________

      Жеке сәйкестендіру номері

      ____________________________________________________________________

      тестілеу барысында (аудитория________, орын_______) тыйым салынған зат

      табылғаны туралы осы акт жасалды:

      ___________________________________________________________________

      (тыйым салынған зат (атауы)

      Осы фактіні ескере отырып, аудиториядан шығару туралы шешім қабылданды.

      Қол қоюшылар:

      __________________________________________________________________

      (арнайы комиссия (пән) мүшесінің қолы және Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      _____________________________________________________________

      (жеке қауіпсіздік бөлімшесі өкілінің қолы және Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      Актімен таныстым

      ____________________________________________________________________

      (кандидаттың қолы және Т.А.Ә (бар болған жағдайда)

      ҰҚК Академиясы немесе ҰҚК Шекара академиясының МО.

      _____________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады