"Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а. 2025 жылғы 9 тамыздағы № 99 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 12 тамызда № 36608 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 кіріспе (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9744 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынандай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 180-бабы 3-бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      2-тармақтың 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) жария сектор – азаматтарға қылмыстық құқық бұзушылық бойынша арыздар беруге және хабарларды жіберуге, сондай-ақ қылмыстық процеске қатысушыға Интернет арқылы ақпараттық қауіпсіздік және құпиялылық талаптарын сақтай отырып, қабылданған процестік шешімдер туралы СДТБТ-да бар және және өзге де мәліметтерге, өзіне немесе ол қорғайтын адамға қатысты қылмыстық істің материалдарына қашықтықтан қол жеткізуге, шағымдар және өтінішхаттар беруге мүмкіндік беретін СДТБТ-ның функционалы;";

      12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мынадай:

      1) қолданыстағы заңнаманы бұзушылықтар туралы, тексерулер, ревизиялар, аудит актілерімен және олардың болуы қылмыстық құқық бұзушылықтың міндетті белгісі болып табылатын басқалармен расталған нұқсан туралы, елеулі зиян не заңсыз кіріс, медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттерін орындамағаны, тиісінше орындамағаны, медициналық көмек көрсетуге міндетті адамның науқасқа оны көрсетпеуі, клиникалық зерттеулер жүргізу және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдану тәртібін бұзу туралы мәліметтері жоқ;

      2) жазбаша нысанда жасалған және сот жарамсыз, жалған немесе өтірік деп танымаған азаматтық-құқықтық мәмілелерді орындамауға немесе тиісінше орындамауға негізделген бұзушылықтар жөнінде;

      3) мынадай:

      салықтық тексеру актісі, тұжырымдарында қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің барын көрсететін жеткілікті деректер қамтылған мемлекеттік кіріс органдары маманының қорытындысы (анықтамасы) қоса берілмей;

      мемлекеттік кіріс органдарының салықтық тексеру нәтижелеріне сотқа дейінгі шағым жасау кезінде уәкілетті органның шешімі шығарылғанға дейін, ал сотқа шағым жасау жағдайларында сот актісі заңды күшіне енгенге дейін;

      іс-әрекетті қылмыстық топтың құрамында жасау белгілері болған, сондай-ақ есепке жазу іс жүзінде жұмыстар орындалмаған, қызметтер көрсетілмеген, тауарлар тиеп-жөнелтілмеген мәмілелер бойынша жүргізілген не тапсырылуы міндетті болатын декларация ұсынылмаған не салық салынатын басқа да объектілерді және (немесе) басқа да міндетті төлемдерді жасыру арқылы декларацияға кірістері және (немесе) шығыстары туралы көрінеу бұрмаланған деректер енгізілген жағдайларды қоспағанда, салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдың есепке жазылған сомалары толық өтелген кезде салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару фактілері жөнінде;

      4) залалдың, елеулі зиянның не кәсіпкерлік субъектісі алған заңсыз кірістің болуы қылмыстық құқық бұзушылықтың міндетті белгісі болып табылған кезде олардың болуының расталмаған белгілері бар құқық қорғау органының немесе арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті бөлімшесі маманының қорытындысына негізделген;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаралатын азаматтық-құқықтық дау бар қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабар немесе баянат тіркелуге жатпайды.

      Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген талаптар шарттық міндеттемелердің жосықсыз орындалғаны туралы ұжымдық, көптеген арыздар беру жағдайларына қолданылмайды.";

      14-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) басқа негіздер болған кезде, тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселелерді қарау құзыретіне кіретін уәкілетті органға (лауазымды адамға) жолданады;";

      26-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) созылмалы құқық бұзушылық;

      4) жалғаспалы құқық бұзушылық;";

      30-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 116, 129, 136, 137, 138, 139, 140, 141, 142, 143, 145, 150, 151, 159, 160, 162, 163, 164, 165, 167, 168, 169, 170, 171, 172, 175, 180, 182, 183, 184, 186, 189, 197, 198, 199, 205, 206, 207, 208, 209, 210, 212, 213, 214, 215, 216, 217, 218, 218-1, 219, 220, 221, 224, 225, 226, 227, 228, 229, 230, 231, 232, 233, 234, 235, 235-1, 236, 237, 238, 239, 240, 241, 242, 243, 244, 245, 246, 247, 248, 249, 251, 253, 254, 257, 258, 259, 260, 262, 263, 264, 265, 266, 267, 268, 269-1, 270, 271, 275, 276, 278, 279, 280, 281, 282, 284, 285, 288, 290, 295, 295-1, 301, 302, 303, 305, 306, 310, 312, 314, 315, 317, 318, 319, 322, 323, 330, 331, 333, 334, 335, 336, 337, 338, 341, 342, 343, 344, 349, 351, 352, 354, 355, 356, 357, 358, 359, 360, 361, 362, 363, 364, 365, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 374, 376, 377, 383, 384, 385, 386, 387, 388, 388-1, 390, 393, 394, 395, 396, 398, 399, 403, 404, 405, 406, 407, 408, 409, 410, 411, 412, 412-1, 413, 415, 416, 417, 418, 419, 420, 421, 422, 423, 424, 425, 426, 427, 428, 429, 430, 431, 432, 433, 434, 437, 438, 439, 440, 441, 442, 443, 444, 445, 446, 447, 448, 450, 451, 452, 453, 454, 455, 456, 458, 460, 464, 465, 466-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар;";

      57-1-тармақ мынадай редакциядағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қылмыстық процеске қатысушының өтінішхаты түскен кезде құқық қорғау органдары кеңсесінің қызметкері (қызметкері) осы Қағидаларға 22-1-қосымшаға сәйкес "Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы өтінішхаттарды есепке алу жөніндегі нысан" 1-УХ нысанын (бұдан әрі – 1-УХ нысаны) толтырады.";

      мынадай редакциядағы 57-3-тармақпен толықтырылсын:

      "57-3. ҚР ҚПК-нің 99-бабының төртінші бөлігінде көзделген мерзімдерде ҚР ҚПК-нің 99-бабының бесінші бөлігіне (өтінішхатты толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы не өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы) сәйкес шешім қабылданып, осы Қағидалардың 22-2-қосымшасына сәйкес "Өтінішхатты қарау нәтижелері туралы нысан" 2-УХ нысанына (бұдан әрі – 2-УХ нысаны) енгізіледі.

      Бұл ретте электрондық форматта қабылданған шешім СДТБТ автоматты түрде қалыптастырылған шаблон негізінде қалыптастырылады және қол қойылады.

      Өтінішхаттар, оның ішінде жария сектор және "E-Otinish" ақпараттық жүйесі арқылы келіп түскендер СДТБТ-нің "Өтінішхаттар журналы" жеке салымында көрсетіледі.

      Қылмыстық процеске қатысушылардың өтінішхаттарын есепке алу уәкілетті органда СДТБТ-дан деректерді беру жолымен жүзеге асырылады.";

      58-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұрын енгізілген деректерді электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарының деректемелеріне өзгерту және (немесе) толықтыру қылмыстық қудалау органдары мен қадағалаушы прокурорлардың дәлелді өтінішхаттары, сондай-ақ басшымен келісілген прокурордың баянаты (ҚСжАЕК) негізінде жүзеге асырылады.

      Өтінішхаттар мен баянаттар растайтын процестік құжаттарды қоса бере отырып, СДТБТ арқылы уәкілетті органға жіберіледі.

      Электрондық қылмыстық істер бойынша өтінішхаттар мен баянаттарда қылмыстық істің растайтын материалдарына (процесстік құжат, іс парағы) сілтемелерді көрсету қажет.

      Өтінішхаттар мен баянаттар келіп түскен күннен бастап 10 күнтүзбелік күн ішінде қаралуға тиіс.";

      көрсетілген Қағидаларға 11-қосымша:

      мынадай редакциядағы 32.2, 32.3, 32.4-тармақтармен толықтырылсын:

      "32.2 күдіктінің телефон нөмірі__________________________________.

      32.3 күдіктінің банктік шотының/картасының нөмірі________________.

      32.4 күдіктінің әлеуметтік желідегі аккаунты_______________________.";

      көрсетілген Қағидаларға 16-қосымшаға:

      3.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3.2 сақтау камерасынан тыс сақталады: (01), қылмыстық іс бойынша (02).";

      көрсетілген Қағидаларға 18-қосымшаға:

      4-бөлім. (Апелляциялық саты) мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-бөлім. (Апелляциялық саты, кассациялық саты, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты)

      41. сот ісінің № _______________________________________________.

      42. Соттын атауы (анықтамалық бойынша).

      43. Істі қарау күні 20____ жылғы "____" __________________________.

      44. Үкім (қаулы): (анықтамалық бойынша).

      44.1. Үкімнің (қаулының) түрі: (анықтамалық бойынша).

      45. Қарау нәтижесі: (анықтамалық бойынша).

      46. Үкім (қаулы) мыналарға байланысты өзгертілді: (анықтамалық бойынша).

      46.1. Үкімді (қаулыны) өзгерту негіздері: (анықтамалық бойынша).

      47. Үкімнің (қаулының) күші жойылды: (анықтамалық бойынша).

      47.1. Үкімнің (қаулының) күшін жою негіздері: (анықтамалық бойынша).";

      4-бөлім. (Кассациялық саты) алынып тасталсын.

      осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда 22-1 "Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы өтінішхаттарды есепке алу жөніндегі нысан" және 22-2 "Өтінішхатты қарау нәтижелері туралы нысан" қосымшаларымен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықтың мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне, Комитеттің аумақтық және оларға теңестірілген органдарына орындау үшін жолдануын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының он бесінші және он алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
міндетін атқарушы
А. Чиндалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы мониторингі агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік күзет қызметі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
міндетін атқарушы
2025 жылғы 9 тамыздағы № 99
Бұйрығына 1 қосымша/
  Қылмыстық құқық бұзушылық
туралы өтінішті, хабарламаны
немесе баянатты қабылдау және
тіркеу, сондай-ақ Сотқа
дейінгі тергеп-тексерулердің
бірыңғай тізілімін
жүргізу қағидаларына
22-1-қосымша

      1-УХ нысан

Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы өтінішхаттарды есепке алу жөніндегі нысан

      Тіркеу

      1.  Тіркеу нөмірі ___________ (автоматты)

      1.1 Тіркеу күні мен уақыты ____________

      2. Тіркеу органы__________ (анықтама бойынша)

      3. Жеткізу тәсілі: 1) қолма-қол, ) Жария сектор, 3) E-Otinish, 4) пошта байланысы, 5) өзге де ақпараттық жүйелер

      4. Өтінішхаттің түрі: _____________ (анықтама бойынша)

      1) іс жүргізу әрекеттерін жүргізу туралы, 2) іс жүргізу шешімдерін қабылдау туралы

      5. Жүгіну тілі: ____________ (анықтама бойынша)

      6. Қатысушы мәртебесі: 1) күдікті, 2) қорғауға құқығы бар куә, 3) айыпталушы,

      4) олардың заңды өкілдері, 5) қорғаушы-адвокат, 6) азаматтық жауапкер, 7) жәбірленуші,

      8) азаматтық талапкер, 9) олардың заңды өкілдері, 10) өкілдері

      7. Өтінішхат мәселесінің сипаты: 1) қорғауға құқықты қамтамасыз ету туралы, 2) айқындау туралы

      3) күдікті деп тану туралы, 4) біліктілігі не күшін жою туралы

      күдіктінің іс-әрекеттері, 5) ұсталғанды босату туралы, 6) күшін жою немесе өзгерту туралы

      бұлтартпау шаралары, 7) қамаудан босату туралы, 8) тінту/жеке тінту жүргізу туралы,

      9) ойып алу өндірісі туралы, 10) тұрғын үй-жайлар мен автокөлік құралдарын қарау туралы,

      11) сараптама (зерттеу) тағайындау туралы, 12) сотқа дейінгі іс жүргізуді тоқтату туралы

      (қылмыстық қудалау), 13) мүлікке тыйым салу туралы, 14) үзу туралы

      15) адамдардан жауап алу туралы 16) Өзге де

      8. Сотқа дейінгі тергеп – тексерудің бірыңғай тізілімінің № _____________________

      9. Орындаушы _____________________

      10. Өтінішхаттің орындау мерзімі ________________________

      11. Басшы ____________________________________________________

      Тіркемелер

      12. Файлды таңдаңыз (жүктеу)

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
міндетін атқарушы
2025 жылғы 9 тамыздағы № 99
Бұйрығына 2 қосымша/
  Қылмыстық құқық бұзушылық
туралы өтінішті, хабарламаны
немесе баянатты қабылдау және
тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі
тергеп-тексерулердің бірыңғай
тізілімін жүргізу қағидаларына
22-2-қосымша

      2-УХ нысан

Өтініштерді қарау нәтижелері туралы нысан

      Шешім

      1. Тіркеу нөмірі ___________ (автоматты)

      2. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінің нөмірі _______________________

      3. Өтініштің авторы:

      4. ЖСН ____________________

      5.1 Тегі __________ 5.2 Аты __________

      5.3 Әкесінің аты (бар болған жағдайда) ____________

      6. Телефон ______________.

      7.  е-mail_________________.

      8.  Шешім күні _________.

      9. Шешім: ________ 1) қанағаттандырылды, 2) ішінара қанағаттандырылды, 3) бас тартылды

      10. Жауаптың мәні _________________________________________

      11. ТАӘ (бар болған жағдайда), лауазымы _________________

      Тіркемелер

      Файлды таңдаңыз (жүктеу)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады