"Халықаралық топқа қатысу туралы өтініштің нысанын және оны толтыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 178 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 11 тамыздағы № 439 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 12 тамызда № 36607 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Халықаралық топқа қатысу туралы өтініштің нысанын және оны толтыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 178 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16462 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық топқа қатысу туралы өтініштің нысанын толтыру қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Өтінішті қатысушы мемлекеттік кірістер органына электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық түрде ұсынады.

      Өтінішті ұсыну күні жүйеде қабылданған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде халықаралық топтың қатысушысына жіберілетін электрондық хабарламада көрсетілген, салықтық есептілікті қабылдау және өңдеу жүйесі орталық торабының қабылдаған күні болып табылады.

      Егер есептілікті табыс ету мерзімінің соңғы күні жұмыс күні болмаса, табыс ету күні келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

      Бағдарламалық қамтамасыз ету болмаған не мемлекеттік кірістер органының бағдарламалық қамтамасыз етуінде техникалық ақаулықтар анықталған кезде қатысушы азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы немесе электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы өтінішті электрондық түрде ұсынады. Мұндай жағдайда өтінішті ұсыну күні көрсетілген платформада немесе жүйеде тіркелген күні болып табылады.

      Электрондық форматта өтініш беру мүмкін болмаған жағдайда, қатысушы оны қағаз жеткізгіште ұсынуға құқылы, бұл ретте мұндай мүмкін еместікті растайтын құжаттардың болуы талап етіледі. Растау ретінде осы тармақта көрсетілген жүйелер мен (немесе) платформалардың техникалық қолдау қызметі растаған техникалық ақауы және (немесе) қолжетімсіздігі танылады. Аталған құжаттар қағаз жеткізгіштегі өтінішпен бірге, сондай-ақ олардың электрондық жеткізгіштегі көшірмелерімен бір мезгілде келесі тәсілдердің бірі арқылы ұсынылады:

      1) пошта байланыс ұйымының алғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы;

      2) келу тәртібінде 2 (екі) данада қағаз жеткізгіште ұсынады, оның 1 (бір) данасы мемлекеттік кірістер органдарының қабылдағаны туралы белгісімен қатысушыға қайтарылады.

      Мемлекеттік кірістер органы ұсынылған құжаттарды қарайды және олар алынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қатысушыны қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы, себептері мен осы тармақтың нормасына сілтеме көрсете отырып, жазбаша түрде хабардар етеді.

      Өтініш, егер:

      1) осы Қағидаларда белгіленген мерзімде табыс етілмесе;

      2) белгіленген нысанға сәйкес келмесе;

      3) сәйкестендіру нөмірі көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе;

      4) қаржы жылы көрсетілмесе;

      5) электрондық түрде ұсынған кезде электрондық цифрлық қолтаңбасы болмаса немесе дұрыс болмаса;

      6) осы тармақта көзделген ұсыну тәртібі бұзылса, оның ішінде ұсынудың белгіленген тәсілдерінің кезектілігі сақталмаса және (немесе) оны электрондық түрде ұсыну мүмкін болмағанын растайтын құжаттар ұсынылмаса, табыс етілмеген деп есептеледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады