"Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын бөлу, жұмсау, мониторингтеу және есептілігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 38 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 5 тамыздағы № 176 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 9 тамызда № 36600 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын бөлу, жұмсау, мониторингтеу және есептілігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 38 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31915 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын бөлу, жұмсау, мониторингтеу және есептілігі қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры (бұдан әрі – Қор) – орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды қаржыландыру мақсатында ақша түсімдерін есепке жатқызу және жұмсау үшін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес мемлекеттік қазынашылықта ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі – Қор шоты);";

      3 және 4-тармақтар алып тасталсын;

      6-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 28 маусымдағы № 59 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларына (осы Қағидалардың 10-тармағының 2), 3, 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген орта білім беру объектілері бойынша) сәйкес құжаттарын;";

      16-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "16. Уәкілетті орган Басым тізбе жобасының кейінгі қалыптастырыуын осы Тарауда белгіленген тәртіппен тоқсанына бір реттен артық емес жүзеге асырады.";

      24, 25 және 26-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "24. Қор қаражатын ЖАО шоттарынан пайдалануға байланысты төлемдерді жүргізу Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 272 бұйрығымен бекітілген 2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларынының (бұдан әрі – № 272 Қағида) 6-тарауының 7-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.

      25. Қор шотын және ЖАО шоттарын жабу тәртібі № 272 Қағидалардың 4-тарауының 8-параграфы талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      26. Қор қаражатының жыл басындағы қалдықтары мемлекеттік бюджетке алып қоюға (аударуға) жатпайды.";

      31-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "31. Уәкілетті орган ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде және тиісті қаржы жылы үшін есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде "Бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 262 бұйрығында көзделген нысан бойынша Қор түсімдері мен шығыстары туралы есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.".

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инвестициялық саясат және инфрақұрылымды дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады