"Ұйымдардың жұмыскерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидаларын және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 276 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2025 жылғы 1 тамыздағы № 303 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 7 тамызда № 36591 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұйымдардың жұмыскерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидаларын және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 276 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9510 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 1-тармағының 35) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұйымдардың жұмыскерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидаларында және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ереже";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ұйымдардың қызметкерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидалары және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленген және ұйымдардың қызметкерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту тәртібін және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарды айқындайды.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Ұйымдардың қызметкерлерін оқыту тәртібі және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптар";

      28-тармақта:

      қазақ тіліндегі алтыншы абзац алынып тасталсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;

      28-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарынан басқа, адамдар жаппай жиналатын объектілердің өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн жауапты жұмыскерлер, оның ішінде жекелеген жұмыс учаскелерінің жұмыскерлері өтеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы
К. Турсынбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады